🔹Түркістан облысында үй өртеніп, 12 адам қаза тапты
🔹Түркістан облысында полицейлер өздеріне оқ атқан ер адамды атып өлтірді
🔹Астанада тағы да жантүршігерлік жол апаты орын алды
🔹Басынан жарақат алған астаналық фельдшер есін жимастан көз жұмды
🔹«Ең кішісі 1 жаста, бес бала бір отбасынан»: Түркістан облысындағы өрт туралы жаңа дерек шықты (ВИДЕО)
🔹Қазақстан мен Эстония 517 млн долларлық келісімдерге қол қойды
🔹Президент қаза тапқан фельдшерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады
https://t.me/sn_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
Дабылды ескерту: 14 облысты тұман, жел және бұрқасын басады
19 қарашаға синоптиктер еліміздің бірден 14 өңірінде дабылды ескерту жариялады. Түнде және таңертең көптеген облыстарда қалың тұман түседі, кей жерлерде желдің екпіні секундына 20 метрге дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында көктайғақ пен боранды қарлы жел (тұмандаған төменгі бұрқасын) күтіледі.
Бұрқасын мен қолайсыз ауа райы Атырау, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарын қамтиды.

🤯4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жетісайдағы өрт бойынша алдын ала қорытынды шықты
Вице-премьер Қанат Бозымбаев Алғабастағы өртке қатысты алдын ала тергеу нәтижесін жариялады. Оның айтуынша, «өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, әзірге қылмыстық құрам анықталмаған.
18 қарашада Түркістан облысындағы өрттен 12 адам, оның ішінде 9 бала көз жұмған. Үш адам жансақтау бөлімінде жатыр.

😢5👍1
Қазақстандықтардың шамадан тыс несие алуын азайту үшін қандай шаралар енгізіледі
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрайымы Мадина Әбілқасымова түсіндірді.
🔹 Кепілсіз несиелерге талаптар қатаңдатылады
— Пайыздық мөлшерлемелер қайта қаралады, қарыз жүктемесін есептеу тәртібі күшейеді.
— 2026 жылдан бастап жаңа норма енгізіледі: егер қарыз адамның табысына шаққанда тым көп болса, жаңа несие берілмейді.
🔹 Қарыздарды коллекторларға сатуға салынған мораторий 2027 жылға дейін ұзартылды
Бұл шара проблемалық қарыз алушылар санын 54%-ға азайтқан.
🔹 Соттан тыс банкроттық рәсімі жеңілдейді
Банктер өздері осы процедураға сәйкес келетін борышкерлерді анықтап, банкрот рәсімдеуді ұсынатын SMS хабарлама жібереді.

👍6🥰1👏1
Астана жұрты қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанмен қоштасты
Астанада басына кондиционер құлап, қаза тапқан 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуанмен қоштасу рәсімі өтті. Марқұмды ерекше құрметпен ақтық сапарға шығарып салды. Оркестр қаралы әуен орындап, оның денесін Қарулы күштердің өкілдері көтеріп жүрді.
Жедел жәрдем қызметкерлері де әріптесіне соңғы құрмет ретінде қоштасу сиренасын қосып, қызметтік борышын атқару үстінде ерлікпен қаза тапқан Ұлдананы еске алды.

😢7
Жалақыны кешіктіретін жұмыс берушілерге өсімпұл енгізу ұсынылды
Бұл ұсынысты Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нартай Сарсенғалиев айтты.
Оның пікірінше, инфляция мен күнкөріс тауарларының қымбаттауы жұмысшылардың өмір сүру деңгейін төмендетіп отыр. Жұмысшылар күнделікті азық-түлікті қарызға алуға мәжбүр. Сондықтан депутат жалақыны кешіктірген жұмыс берушілерге базалық мөлшерлеменің 1,25-тен 5-ке дейінгі көлемінде айыппұл салуды ұсынады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаевтың айтуынша, жалақыны уақтылы төлемейтін жұмыс берушілер қазіргі кезде де Еңбек кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
«Айыппұлдарды көбейту мәселесін біз көтердік, “Атамекен” кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Бұл мәселені “Атамекен” өкілдерімен бірге пысықтап жатырмыз. Олар өсімпұл мөлшерін арттыруға қарсы екенін жеткізді. Себебі барлық жұмыс берушінің ондай мүмкіндігі жоқ – дәл осы уәжді алға тартады. Бірақ біз бұл мәселеге қайта ораламыз», – деді Ертаев.

👍5🔥1👏1🤔1
ЖРВИ мен тұмау өршіді: 132 мектеп онлайн форматқа ауыстырылды
Бұл деректерді бас мемлекеттік санитариялық дәрігер брифингте жариялады.
Ең көп қашықтан оқытуға ауыстырылған сыныптар Жамбыл облысында тіркелген.
Сонымен қатар, Қостанай облысында 12 мектептің 168 сыныбы, Ақмола облысында 3 мектептің 21 сыныбы, ал Қарағанды облысында 1 мектептің 20 сыныбы онлайн оқыту форматына ауыстырылған.
https://t.me/sn_kz
Бұл деректерді бас мемлекеттік санитариялық дәрігер брифингте жариялады.
Ең көп қашықтан оқытуға ауыстырылған сыныптар Жамбыл облысында тіркелген.
«Республика бойынша 132 мектептің 1469 сыныбы қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Астана қаласында – 24 мектептің 182 сыныбы, ШҚО-да – 57 мектептің 204 сыныбы, Абай облысында – 21 мектептің 276 сыныбы, Жамбыл облысында – 14 мектептің 598 сыныбы», – деді Сархат Бейсенова.
Сонымен қатар, Қостанай облысында 12 мектептің 168 сыныбы, Ақмола облысында 3 мектептің 21 сыныбы, ал Қарағанды облысында 1 мектептің 20 сыныбы онлайн оқыту форматына ауыстырылған.
https://t.me/sn_kz
🤯6👏1😢1
🔹«Әділетсіздік жиі кездеседі»: Асхат Аймағамбетов жалақы теңсіздігін сынға алды
🔹Тоқаев Ішкі істер министріне бірқатар тапсырма берді
🔹«Нәтиже көріп отырған жоқпыз»: Бектенов Жетісайдағы өрттен кейін министрлер мен әкімдерге нақты тапсырма берді
🔹Боксшылар арасындағы дау: Балауса Мұздыман Ангелина Лукасты сотқа бермек
🔹Ақтөбеде әйелімен ренжісіп қалған ер адам аялдаманы сындырып тастады
🔹Түркістан облысындағы өрт кезінде 12 адам терезедегі тордың кесірінен шыға алмай қалған
🔹«Бала тұншықты ғой»: Абай Бегейдің құдағиы елде жоқ ырым жасап сынға қалды (ВИДЕО)
https://t.me/sn_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
20 қарашаға арналған ауа райы болжамы: еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз, жауын-шашынды күн күтіледі
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр түріндегі жауын-шашынды, тұрақсыз ауа райы күтіледі.
Солтүстікте жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік, шығыс және оңтүстік-батыста антициклон әсерінен жауын-шашынсыз болады.
Елдің көптеген өңірінде тұман түсіп, солтүстік, батыс, шығыс және оңтүстік-шығыста жел күшейеді.
20–22 қараша аралығында Астана мен Алматыда ауа температурасы күрт төмендеп, Шымкентте жылы ауа райы сақталады.

👍4
Солтүстік Қазақстанда 34 жастағы әйел астық қоймасына құлап, көз жұмды
Ақжар ауданында элеватор аумағында 34 жастағы әйел жұмысшы құлап, астық ағынының астында қалып қаза тапты.
Оқиға куәгерлері құтқарушыларды шақырғанымен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.
Полиция еңбек қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуына байланысты қылмыстық іс қозғап, тергеу бастады.

😱4🤯1
Жеңілдігі бар кредит алып берем деп алдаған азамат сотталды
Астанада тұрғындарды жеңілдігі бар кредит алып берем деп алдаған азамат сотталып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. 16 адам жалпы 4 млн теңге шығынға ұшыраған.
Күдікті өзін ұлттық компания қызметкерімін деп таныстырып, несие алуға көмектесемін деп сендірген. Материалдық шығын өндіріліп, үкім заңды күшіне енді. Прокуратура азаматтарға ресми ақпарат арқылы тексеруге кеңес берді.

🤯3🤬1
Рұқсатсыз пранкке тыйым: жаңа тәртіп енгізілмек
Елімізде адамдарды алдын ала келісімсіз пранкке түсіруге тыйым салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Мәдениет министрі Аида Балаева мәлімдеді. Оның айтуынша, мәселе пранк-роликтер мен жасырын камераға түсірілімдерге қатысты, себебі азаматтар мұндай жағдайларға жиі шағымданады. Қазір арнайы жұмыс тобы құрылып, кімдерді, қандай жағдайда және қалай түсіруге болатыны нақтылайтын жаңа ережелер әзірленуде.
Журналистер бұл бастама шенеуніктерді қорғауға бағытталған деп сынаған еді. Алайда Балаева шенеуніктердің жеке өмірі онсыз да шектеулі екенін айтып, мәселе жеке тұлғаларды қорғау мен жалпы тәртіп орнатуда екенін жеткізді.

👍4👏1🤩1
🏠 Қазақстанда жеңілдетілген пәтерлерге өтінім қабылдау басталды
Кезекте тұрған азаматтар үшін 4 қалада пәтер брондау басталды. Барлығы таза әрленген.
Кімдер өтінім береді:
• І және ІІ топ мүгедектері
• Мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылар
• Көпбалалы отбасылар
• Жесір әйелдер
• Жетім және қамқорлықсыз қалған балалар
• ҰОС және ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлер
Қалалар бойынша:
• Петропавл – 2 кешен:
• 90 пәтер (1–3 бөлме), бағасы 230 000 тг/м², брондау 24 қарашаға дейін
• 72 пәтер, 230 000 тг/м², таңдау 20 қараша – 5 желтоқсан
• Түркістан – 34 пәтер, 220 000 тг/м², өтінім 25 қарашаға дейін
• Тобыл (Қостанай обл.) – 44 пәтер, 253 584 тг/м², брондау 27 қарашаға дейін
• Орал – 1 бөлмелі 1 пәтер, 226 350 тг/м², брондау 28 қарашаға дейін

👍3🤔1
🔹Астанаға Армения Премьер-министрі Никол Пашинян келді (ВИДЕО)
🔹Тоқаев Ерлан Қаринге парламенттік жүйені жаңғырту бойынша нақты ұсынымдар әзірлеуді тапсырды
🔹Қазақстанда адамдарды рұқсатсыз фото-видеоға түсіруге тыйым салынбақ
🔹Қазақстанда кім әскерге шақырылмайтыны белгілі болды
🔹«Әскерде әлімжеттік жоқ»: Қорғаныс министрі тілшінің сұрағына күлкімен жауап берді (ВИДЕО)
🔹Семейде қаңтар айынан бері ірің басқан жертөлелер: әкімдік үш апта бойы мәселені шеше алмады
🔹«Қызым болғанын қалаймын»: Актер Рүстем Жаныаманов алғаш рет отбасы туралы айтты
https://t.me/sn_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанның 14 облысында дабылды ескерту жарияланды
21 қарашада елдің басым бөлігінде тұман, көктайғақ, жауын-шашын және боран күтіледі. Әсіресе Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды және Ақмола облыстарында жағдай қиындай түспек — кей жерлерде қатты жауын-шашын, төменгі боран және секундына 20–23 метрге дейін жететін екпінді жел болжанады.
Астана, Алматы, Түркістан, Павлодар, Өскемен, Қостанай және Петропавл қалаларында түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астанаға келген Пашинян қазақша әнге видео түсірді
Армения премьер-министрі Никол Пашинян Астанада қазақ тіліндегі әнмен жаңа бейнеролик жариялады. Бұған дейін ол Земфираның әніне түсірілген көңілді видеосымен әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, көпшіліктің назарын аударған болатын.
Бұл жолы саясаткер Bayansulu орындайтын “Aua rai” композициясын таңдап, кешкі Астананың көркем көрінісін көрсетті.
Айта кетсек, Армения Үкіметінің басшысы Қазақстанға кеше ресми сапармен келген еді.

👍3😁2
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
Димаш Құдайберген Шахановқа көңіл айтты
Танымал әнші Димаш Құдайберген Мұхтар Шахановтың ұлының қазасына байланысты ақынның шаңырағына арнайы барып, көңіл айтты.
Қайғысына ортақтасып, құран бағыштағанын журналист Азамат Әбілқайыр әлеуметтік желіде жазып, бұл әрекетін өнеге ретінде атап өтті.

👍1🥰1👏1