Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
Димаш Құдайберген Шахановқа көңіл айтты
Танымал әнші Димаш Құдайберген Мұхтар Шахановтың ұлының қазасына байланысты ақынның шаңырағына арнайы барып, көңіл айтты.
Қайғысына ортақтасып, құран бағыштағанын журналист Азамат Әбілқайыр әлеуметтік желіде жазып, бұл әрекетін өнеге ретінде атап өтті.
https://t.me/sn_kz

👍1🥰1👏1
«Әйелі зорланып, күйеуі асылып қалған»: Ақтөбеде ерлі-зайыптының денесі қала шетінен табылды
Ақтөбеде із-түзсіз жоғалған ерлі-зайыптының денесі қала шетінен табылды. 40 жастағы Аманжол Алмағанбетов асылып тұрған күйінде анықталса, оның әйелі Гүлжахан Шектібаеваның денесінен зорлық белгілері табылған.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары мен сот-медициналық сараптамалар жүргізіліп жатыр.

🤯2😱2😢1
Астанаға мемлекеттік сапармен Түрікменстан президенті келеді
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 24–25 қараша күндері Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Астанаға мемлекеттік сапармен келеді», – делінген Ақорда хабарламасында.
Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізіліп, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту перспективалары талқыланбақ.

👍2😐2
🔹Ресми! Геннадий Головкин World Boxing ұйымының жаңа президенті болады
🔹Жол апаты: Ақмолада су жаңа машиналар тиелген көлік аударылды (ВИДЕО)
🔹«Маңызды келісімге қол қойылады»: Президент Армения Премьер-министрімен келіссөз жүргізді
🔹Қашып кетпекші болған: Астанада шетел азаматынан 120 млн теңге тәркіленді
🔹Танымал футболшы Ұлан Қонысбаев мансабын қайта жалғастырмақ
🔹Ата-ана хиджаб киюден бас тартқан қызын нәжіс аралас сұйықтыққа батырған
🔹Алматы облысында жол апатынан 2 адам мерт болды
https://t.me/sn_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жаңбыр, қар және боран: сенбіге арналған ауа райы болжамы
Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және түнде орталық өңірлерінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» болжамы. Шығыста қатты жауын-шашын күтіледі, солтүстік пен шығыста — төменгі боран, ал орталықта — көктайғақ болады.
Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Сондай-ақ ел бойынша тұман түсіп, жел күшейеді деп болжануда. Дабылды ескерту Астана мен 14 өңірге жарияланды.

Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
23 қарашадан бастап жол жүру ережелеріне өзгерістер енгізіледі
ІІМ жол қозғалысына қатысты негізгі жаңалықтарды түсіндірді.
🔹 Елді мекендерде жүк көліктерінің жылдамдығы 50 км/сағ болып белгіленді.
🔹 Көріну шектеулі жағдайларда (боран, тұман, қар, жаңбыр) жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін колоннамен жүру тәртібі нақтылай түсті. Полицейлер мен жүргізушілердің міндеттері мен әрекет ету тәртібі толық жазылды.
🔹 М2 және М3 санатындағы автобустарға (8-ден көп отыратын орны бар жолаушылар автобустары) аялдамаларда жолаушы отырғызу және түсіруге рұқсат берілді.
🔹 Жолда жұмыс істейтін кезде, ірі және қауіпті жүк, велосипедшілер колоннасын және балаларды тасымалдайтын автобустарды сүйемелдеу кезінде көліктерге тез алынатын (магнитті) сары немесе қызғылт-сары шамдарды қосуға енді арнайы рұқсат қажет емес.
🔹 Жол парағын (путевой лист) электронды форматта қолдануға рұқсат етілді. Сондай-ақ жол белгілері мен сызықтары жаңартылып, көрнекілігі арттырылды.

👍3🤔1
Астанада құрылыс лифті құлап, үш жұмысшы ауыр жарақат алды
Астанада құрылыс нысанында лифт 5-қабат деңгейінде құлап, үш жұмысшы шамамен 15 метр биіктіктен ауыр жарақат алды. Полиция қауіпсіздік ережелерін бұзу бойынша қылмыстық іс қозғады.
Жағдайлары:
• 1981 ж. ер адам – күрделі отадан кейін жағдайы өте ауыр.
• 1984 ж. ер адам – орташа ауыр.
• 1997 ж. ер адам – ауыр, бірақ тұрақты.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

😱2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Асу Алмабаев UFC турнирінде жеңіске жетті
📍Қазақстандық спортшы Асу Алмабаев Дохада (Катар) өткен UFC Fight Night 265 турнирінде тәжірибелі америкалық, титулға экс-үміткер Алекс Пересті жеңді.
🔹Жеңіл салмақта өткен жекпе-жек үш раундқа жоспарланған еді, алайда мерзімінен бұрын аяқталды — 29 жастағы қазақстандық қарсыласын үшінші раундта жеңді.
Осылайша, Асу Алмабаев кәсіби ММА мансабындағы 23-ші жеңісіне қол жеткізді, ал Алекс Перес үшін бұл — оныншы жеңіліс.

👍3🔥1
🇰🇬 Қырғызстанда бұрынғы шенеуніктер мен күштік құрылымдардың өкілдері ұсталды
Оларды парламент сайлауынан кейін елдегі жағдайды шайқалтпақ болды деп күдіктеп отыр. ІІМ айтуынша, бұл адамдар сайлау нәтижелері шыққан соң елдің оңтүстігінде митинг бастау, кейін оны Бішкекке және басқа өңірлерге тарату арқылы жаппай наразылық туғызуды жоспарлаған. Олар қылмыстық топтардың мүшелерін және спортшыларды да тартқан.
Тінту кезінде олардан қару, оқ-дәрі, гранаталар, іс-қимыл жоспарлары, ақша беру құжаттары, байланыс құралдары, есірткі және шамамен 150 мың доллар табылған.
23 қарашада саясаткер Темірлан Сұлтанбековтың қатысуымен видео тарағаннан кейін елде көптеген тінту мен ұстау болды. Бірнеше белгілі саясаткерлер мен бұрынғы шенеуніктер тергеуге жеткізілді. Тінтулер саясаткерлер мен журналистердің туыстарына да жасалды, оның ішінде бұрынғы президент Атамбаевтың отбасы бар.

🤯2
Тоқаев Головкинді жаңа қызметімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады.

– Бұл – Геннадий Головкиннің ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Даңқты отандасымыз олимпиадалық спорт түрі бойынша халықаралық федерацияны басқаратын Қазақстанның алғашқы өкілі атанды, – делінген құттықтауда.
👏2🔥1
Жауын-шашын, боран және көктайғақ: дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Бүгін Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» болжамы.
Сондай-ақ елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында жаяу боран мен көктайғақ күтіледі.
Республиканың қалған аумақтарында жауын-шашынсыз ауа райы болжануда.
Ел бойынша тұман түсіп, солтүстікте, солтүстік-батыста және шығыста жел күшейеді.
Астана қаласында және 15 өңірде дабылды ескерту жарияланды
https://t.me/sn_kz
Бүгін Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» болжамы.
Сондай-ақ елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында жаяу боран мен көктайғақ күтіледі.
Республиканың қалған аумақтарында жауын-шашынсыз ауа райы болжануда.
Ел бойынша тұман түсіп, солтүстікте, солтүстік-батыста және шығыста жел күшейеді.
Астана қаласында және 15 өңірде дабылды ескерту жарияланды
https://t.me/sn_kz
👍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Абай облысында “ELL QUATY” қаржы пирамидасына салымшылар шамамен 7 млрд теңге құйған
Ұйымдастырушылар кооперативке мүше болуды ұсынып, жарнасын енгізгеннен кейін тұрғын үй мен автокөліктерді пайызсыз бөліп төлеуге беруге уәде еткен. Пирамида әлеуметтік желілерде “Әр отбасыға бақыт!” деген ұранмен жарнамаланған.
Ақшаны заңдастыру мақсатында ұйымдастырушы “QAZ INFO MARKET” деген фирма ашып, салымшылардан түскен қаражатты көрсетілмеген қызметтер ретінде сол компанияға аударып отырған.
Қаржы пирамидасына 1,5 мыңнан астам адам тартылып, жалпы 6,8 млрд теңге салған.
Ұйымдастырушы қамауға алынды, тергеу жүргізілуде.
https://t.me/sn_kz
Ұйымдастырушылар кооперативке мүше болуды ұсынып, жарнасын енгізгеннен кейін тұрғын үй мен автокөліктерді пайызсыз бөліп төлеуге беруге уәде еткен. Пирамида әлеуметтік желілерде “Әр отбасыға бақыт!” деген ұранмен жарнамаланған.
Ақшаны заңдастыру мақсатында ұйымдастырушы “QAZ INFO MARKET” деген фирма ашып, салымшылардан түскен қаражатты көрсетілмеген қызметтер ретінде сол компанияға аударып отырған.
Қаржы пирамидасына 1,5 мыңнан астам адам тартылып, жалпы 6,8 млрд теңге салған.
Ұйымдастырушы қамауға алынды, тергеу жүргізілуде.
https://t.me/sn_kz
🤯2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қызылордада медицина қызметкерлері зейнетке шыға алмай жүр: қауіпті аймақта еңбек ететін мамандар шу шығарды
Медицина қызметкерлері жоғары қауіпті жағдайда жылдар бойы еңбек етсе де, зейнетақы мәселесі шешілмей келеді.
Туберкулезбен ауыратын науқастармен күнделікті байланыста жұмыс істейтін орта буын мамандарының айтуынша, олардың еңбегі елеп-ескерілмей отыр. Санитарлар мен медбикелер ең лас әрі ең ауыр жұмысты атқарады, бірақ зейнетке шығу талабы жеңілдетілмеген.
Қызметкерлер барлық жауапты органдарға бірнеше рет өтініш бергенімен, нақты нәтиже болмағанын айтады. Олар әр күнін қауіппен өткізсе де, әлеуметтік қорғалуы төмен деңгейде қалып отыр. Еңбек жағдайы ауыр мамандар әділдік пен заңды құқықтарының орындалуын талап етуде.
Осы мәселеге қатысты Қызылорда әкімі әлі күнге дейін үнсіз қалып отыр.

🤯1😢1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Депутат ашық жиналыстан тұрғындарды қуып шықты: Атыраудағы шенеуніктер дауға қалды
Атырауда өткен ашық жиналыста депутаттардың тұрғындарды залдан қуып шығуға әрекеттенуі әлеуметтік желіде үлкен сынға ұшырады.
Жиынға келген халық малдың жаппай қырылуына, ветеринариялық бақылаудың жоқтығына және аурудың нақты себебі анықталмағанына қатысты өткір сұрақ қойғанда, депутаттар жауап берудің орнына айғайға басқаны видеодан анық көрінеді.
Тұрғындар «не себепті бақылау болмады, неге ешбір маман дер кезінде араласпады?» деп талап қойғанымен, жергілікті билік өкілдерінің нақты жауабы болмаған. Жиында ветеринария бөлімдері бірде-бір рет утилизацияға қатыспағаны, фермерлердің өздері өлексені өртеп жатқанын халық ашық айтты. Сонымен қатар Атырау базарларында ауру малдың еті сатылғаны жайлы фактілер айтылып, бұл жағдай одан сайын дабыл көтерді. Халық депутаттарды «WhatsApp топтарына да кірмейді, тұрғындармен байланысын мүлде жоғалтқан» деп айыптады.
Жиналыстан тұрғындарды қуып шығу әрекеті шенеуніктердің халықпен диалогқа дайын еместігін айқын көрсетіп, өңірдегі ветеринариялық дағдарысқа деген сенімді одан әрі төмендетті.

🤯2👏1