RF
1.96K subscribers
9.25K photos
2.65K videos
10.2K links
Download Telegram
Жәнібек Әлімханұлы Эрисланди Ларамен жекпе-жек алдында допинг-тесті оң сынама анықтады

Бұл туралы The Ring инсайдері Майк Коппинджер хабарлады. Допинг сынамасын боксшыларды ерікті түрде тексерумен айналысатын VADA ұйымы алған. Допинг анықталғаннан кейін 6 желтоқсан таңында Сан-Антониода өтуі керек болған жекпе-жек болмауы ықтимал.

https://t.me/sn_kz
🤯3😢1
Қазақстанның көп өңірінде тұман мен көктайғақ күтіледі

Синоптиктер 16 өңірдің тұрғындарын ауа райының күрт өзгеретіні туралы ескертті. Әртүрлі облыстарда тұман, көктайғақ, қар, боран және желдің күшеюі күтіледі. Ұлытау, Қарағанды облысы, Астана, Алматы облысы және бірқатар батыс пен солтүстік өңірлерде түнде және таңертең қою тұман болжануда. Кей жерлерде көктайғақ болады, Жамбыл және Жетісу облыстарының таулы аймақтарында желдің екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді.

Ақмола және Абай облыстарында жауын-шашын мен боран күтіледі, ал кейбір қалаларда, соның ішінде Өскеменде, қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескерту сақталып отыр.

https://t.me/sn_kz
🤯2👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ақтауда 40 ресейлік жолаушы ұшақтан түспей қойды: Pegasus рейсіндегі жанжал

Pegasus-тың Стамбул—Ақтөбе рейсі алдымен 8 сағатқа кешігіп, кейін жоспарланған үш сағаттың орнына алты сағат ұшты. Бірақ ұшақ Ақтөбеге емес, Ақтауға, тіпті әуежайға емес далаға қонған. Экипаж жолаушыларға «рейс аяқталды, түсіңіздер» деп талап еткен.

Алайда 40 ресейлік жолаушы салоннан шықпай қойған.

КГА хабарлауынша, әуе компаниясы жолаушыларға Ақтөбеге жеткізуге қатысты міндеттемелерін растайтын электронды құжат жіберген.

Тараптар келісімге келіп, жолаушылар ұшақты тастап, оларға тұру мен тамақтану ұйымдастырылған.

https://t.me/sn_kz
🤯4😢1
Астанада қаза тапқан фельдшерге арналған аудитория мен ескерткіш жасалмақ

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі хабарлады. Ақмарал Әлназарованың айтуынша, Ұлдана Мырзуанның есімін ұлықтауға бағытталған бірқатар шара әзірленіп жатыр.

Министрлік жедел жәрдем станциясымен бірге Ұлдана білім алған медицина колледжінде оның атымен аталатын арнайы аудитория ашуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар марқұм фельдшердің қабіріне ескерткіш белгі орнатылмақ.

Еске сала кетейік, Астанада тұрғын үйдің қасбеті опырылып, ауыр жарақат алған 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуан қайтыс болған еді.

https://t.me/sn_kz
👍4😢2
Ақтаудағы AZAL ұшағы апатына қатысты тергеу аяқталуға жақын

Бұл туралы вице-премьер Қанат Бозымбаев айтты.

Оның сөзінше, тергеу екі бағытта жүріп жатыр:
• Қылмыстық бөлігі – еліміздің Бас прокуратурасы Ресейдің тергеу органдарымен бірлесіп жүргізуде;
• Техникалық бөлігі – Көлік министрлігінің құзырында.

Бозымбаевтың айтуынша, Көлік министрлігі техникалық тергеудің соңғы кезеңіне жетті. Қазір аэронавигация жүйелерінің лицензиарлары мен өндірушілерінен қорытынды қорытындылар күтілуде.

Министрлік бұл жұмысты биылғы жылы немесе келер жылдың басында аяқтауды жоспарлап отыр.

Еске сала кетейік, AZAL әуе компаниясының ұшағы 2024 жылдың желтоқсанында Ақтау жақын маңда апатқа ұшырап, оқиға себептері әлі анықталып жатыр.

https://t.me/sn_kz
🤔2😢1
⚡️ Мәжіліс қоғамдық орындарда ниқаб киюге тыйым салуды көздейтін заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Ереже алғаш рет бұзылса – ескерту беріледі.

Қайталанса – 43 250 теңге (10 АЕК; 2026 жылы 1 АЕК – 4 325 теңге) айыппұл салынады.

https://t.me/sn_kz
👍3
Қазақстанның 14 өңірінде және Астанада 4 желтоқсанға дабылды ескерту жарияланды

Астанада тұман мен көктайғақ күтіледі. Бірқатар облыстарда жаңбыр мен қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, сондай-ақ түнде және таңертең тұман түседі. Кей өңірлерде желдің екпіні 15–23 м/с-қа дейін күшейеді. Ең қолайсыз ауа райы Абай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында болжануда. Жолдарда тайғақ болып, көріну нашарлауы мүмкін. Синоптиктердің мәліметінше, кей қалаларда күндіз көктайғақ күшейіп, қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Таулы аймақтарда жел бағыты өзгеріп, екпіні артады. Тұрғындарға сақтық шараларын сақтап, ауа райы болжамдарын қадағалау ұсынылады.

https://t.me/sn_kz
👍3
Енді жол полициясы планшеттерден жеке деректерді қарай алмайды

Енді жол полицейлері планшет арқылы жүргізушілердің жеке ақпараттарына қол жеткізе алмайды. Бұрын тәртіп сақшылары ереже бұзған адамның ЖСН нөмірін енгізу арқылы оның тұрғылықты мекенжайын, жұмыс орнын, тіпті телефон нөмірін де көре алатын.

Жаңа тәртіпке сәйкес, планшетте мұндай мәліметтер көрсетілмейді. Полиция қызметкерлері ЖСН-ды тек әкімшілік хаттама толтыру мақсатында ғана енгізе алады. Бұл өзгерісті жүргізушілердің басым бөлігі оң қабылдады.

https://t.me/sn_kz
👍5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шымкентте жұбайына қоқан-лоқы көрсеткен ер адам әкімшілік тәртіппен қамауға алынды

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада бір әйелдің өзге келіншекке қолдау көрсетіп, араша түскені байқалады. Оқиға көпшіліктің назарын аударып, полиция да видеоны тексеруге кіріскен.

Полицейлердің айтуынша, ерлі-зайыптылар арасында тұрмыстық жанжал орын алған. Алайда жәбірленуші тарап шағым жазудан және сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартқан.

Дегенмен ер азаматтың әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық ретінде танылып, ол қамауға алынды, деп хабарлады департамент өкілдері.

https://t.me/sn_kz
👍6🔥1👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда жер сілкінісі болды

Қала тұрғындары жер асты дүмпулерін сезіп, мобильді телефондарынан сейсмикалық белсенділік туралы хабарламалар алған.

Сейсмологтардың мәліметінше, бұл дүмпулер Қытайдың Оңтүстік Синьцзян өңірінде болған магнитудасы 6,1 жер сілкінісімен байланысты.

Қосымша ақпарат нақтыланып жатыр.
🤯4😢1
RF
Алматыда жер сілкінісі болды Қала тұрғындары жер асты дүмпулерін сезіп, мобильді телефондарынан сейсмикалық белсенділік туралы хабарламалар алған. Сейсмологтардың мәліметінше, бұл дүмпулер Қытайдың Оңтүстік Синьцзян өңірінде болған магнитудасы 6,1 жер сілкінісімен…
3 облыста жер сілкінісі тіркелді

ТЖМ мәліметі бойынша, жер дүмпуінің ошағы Қытайда, Алматыдан оңтүстік-шығысқа 277 км жерде болды.

Магнитудасы – 6,7 MPV.

Сейсмикалық күш: Алматы қаласы – 3 балл, Алматы облысы – 2-3 балл, Жетісу облысы – 2 балл.
Жамбыл облысы – 2 балл

https://t.me/sn_kz
😢3
Зейнетақы қаражатын көз ауруларын емдеуге пайдалану рәсімі ресми түрде тоқтатылды

«Отбасы банк» бүгіннен бастап офтальмологиялық қызметтерге өтінім қабылдау жүргізілмейтінін мәлімдеді. Мұндай шешім Денсаулық сақтау министрлігінің БЖЗҚ қаражатын медициналық мақсатта қолдану тәртібіне енгізген өзгерістеріне байланысты қабылданған.

Банк дерегінше, қазір «офтальмология» бағыты бойынша жалпы құны 13,3 млрд теңгені құрайтын 15 808 өтінім қаралуда. Бұған дейін дәл осындай шектеу стоматологиялық қызметтерге де енгізілген еді.

Стоматология өтінімдері тоқтағаннан кейін көз емдеуге жүгінген азаматтардың саны күрт артқаны да айтылды.

https://t.me/sn_kz
👍2
Тоқаев отбасы институтынан мәдениетке дейінгі салаларды қамтитын ауқымды заңға қол қойды

Президент ондаған кодекс пен заңға өзгерістер енгізетін кешенді құжатты бекітті. Өзгерістер білім, мәдениет, отбасы салаларын және балалардың құқықтарын қорғауды күшейтуді қамтиды.

Негізгі назар — балалардың қауіпсіздігі мен құқығын қорғауға бағытталған: енді асырап алу кезінде басымдық алдымен жақын туыстарға беріледі, ал олар болмаған жағдайда — ресми некедегі жұбайларға.

Мәдениет саласында да маңызды түзетулер жасалды: концерттерде фонограмма пайдалануға тыйым салынады (техникалық мүмкіндігі жоқ алаңдар мен тележазбалардан басқа). Сонымен қатар, шығармалардың авторларын медиа мен онлайн-платформаларда міндетті түрде көрсету талабы енгізілді.

Сонымен бірге колледждер мен жоғары оқу орындары рейтингке қойылып, балаларға арналған мекемелерге бақылау күшейтіледі.

https://t.me/sn_kz
👍1
Қазақстанда 5 желтоқсанда ауа райы нашарлайды

Елдің көптеген өңірінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын және екпінді жел күтіледі.

Өңірлер бойынша қысқаша:
• Жетісу: Таулы аудандарда тұман, Алакөлде жел 15–20 м/с.
• Ұлытау: Көктайғақ, тұман; Жезқазғанда да тұман.
• Қарағанды: Көктайғақ, тұман, жел 15–18 м/с.
• Атырау: Солтүстік пен батыста тұман.
• Астана: Көктайғақ.
• Ақмола: Қар, жаңбыр, көктайғақ, бұрқасын, тұман; жел 15–20 м/с.
• Шығыс Қазақстан: Қар, қатты қар, бұрқасын, көктайғақ; жел 15–20 м/с.
• Абай: Қар, жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ, тұман; жел 15–20 м/с.
• Солтүстік Қазақстан: Жаңбыр/қар, көктайғақ, бұрқасын, тұман; жел 15–20 м/с.
• Жамбыл: Тұман, тауда жел 15–20 м/с.
• Қызылорда: Тұман, көктайғақ.
• Қостанай: Көктайғақ және тұман.
• Ақтөбе: Тұман.
• Павлодар: Жаңбыр/қар, бұрқасын, көктайғақ, тұман; жел 15–20 м/с.
• Маңғыстау: Тұман.
• Батыс Қазақстан: Тұман.
• Түркістан: Тұман.
👍1
Геннадий Головкин ресми түрде Халықаралық бокс Даңқ залына енді

Қазақстанның танымал боксшысы Геннадий Головкин 2026 жылғы Халықаралық бокс Даңқ залының тізіміне ресми түрде енгізілді.

Онымен бірге «Заманауи боксшылар (ерлер)» санатына Антонио Тарвер мен Найджел Бенн кірді.
Әйелдер санатында — Наоко Фудзиока және Жакки Нава.

«Қатысушылар емес» санатына жаттықтырушылар Расс Анбер, Джимми Гленн, рефери Фрэнк Каппучино және дәрігер Эдвин Хомански енгізілді.

«Бақылаушылар» санатында журналист Кевин Иоле мен комментатор Алекс Валлау,
ал «Ветерандар» санатында Джимми Клэбби бар.

https://t.me/sn_kz
👍3🔥1
Полиция Мәңгілік алауда ет қуырғандарды іздеп жатыр

Шығыс Қазақстанда тәртіп сақшылары Мәңгілік алауда «кәуап пісірмек болған» адамдарды анықтауға кірісті.

Оқиға туралы жергілікті тұрғын хабар беріп, тамақ қалдықтарын жинап, қоқысқа тастағаннан кейін әкімдікке шағымданған.

Бұл дерек Риддер қаласының полиция бөлімінде тіркеліп, тексеріс жүріп жатыр.

https://t.me/sn_kz
🤯3😱3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда жүргізушінің әрекеті желі қолданушыларын дүрліктірді

Желіде тараған видеода көлік жүргізушісі жолда өте жоғары жылдамдықпен келе жатқанын байқауға болады.

Оқиғаға байланысты Алматы полициясы тексеріс бастағанын хабарлады.

Қазір тәртіп сақшылары жүргізушінің кім екенін анықтап жатыр.

https://t.me/sn_kz
🤯4🤬1😢1💩1
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Мейірім» орденін тағайындау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді

Бұл жаңа марапат әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, қайырымдылық бастамаларға айтарлықтай үлес қосқан кәсіпкерлерге берілетін болады.

Мемлекет басшысы бұл туралы «Алтын сапа» мен «Парыз» сыйлықтарының лауреаттарын және «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының жеңімпаздарын марапаттау барысында айтты.

▪️Қазақстанның ішкі жалпы өнімі алғаш рет 300 млрд доллар межесінен асқалы тұр.

▪️Биыл ел экономикасының өсімі 6%-дан жоғары болады деп күтіледі. Бұл – соңғы он жылдағы ең жоғары нәтиже.

▪️Қазіргі таңда отандық өнімдер 140 елге экспортталады.

https://t.me/sn_kz
👍4🔥1