Тəуелсіздік мерекесіне арналған елдегі дүкендерді безендіру челленджі кең тарап жатыр
Елорда тұрғыны бастама көтерген мерекелік челленджге еліміздің өзге де кәсіпкерлері белсенді түрде қосылуда.
Көк тумен көмкерілген дүкендер желі қолданушыларының ерекше қолдауына ие болды.
Тіпті кейбір тұрғындар Тәуелсіздік күнін атап өту мақсатында өз подъездерін де әсемдеп қойған.
https://t.me/sn_kz

👏3👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жетісу облысында жол-көлік оқиғасынан 4 адам қаза тапты
10 желтоқсанда Алматы–Өскемен тас жолының 462-шақырымында қайғылы оқиға болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, боран мен көктайғақ жағдайында KIA көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, Toyota автокөлігімен соқтығысқан.
Полицияның хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам оқиға орнында көз жұмған. Тағы төрт жолаушы әртүрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

😢5🥰1
Өскеменде Beeline байланысына қатысты халық наразылығы күшейді
Өскемендегі Beeline сервис-орталықтарында соңғы күндері ұзын-сонар кезек пен ашулы тұрғындардың шағымдары көбейді. Әлеуметтік желіде тараған видеоларда тұрғындар интернеттің баяулығына, қоңыраудың дұрыс қосылмауына және қосымша сервистердің істен шығуына наразы екені анық байқалады.
Көпшілік «байланыс мүлде нашарлады» деп қатты шағымдануда. Пікірлерде Beeline-ды «ең нашар байланыс» деп сынап, тіпті басқа операторға ауысу керек дегендер көп.
Тұрғындардың айтуынша, ай сайынғы төлем жоғары болғанымен, қызмет сапасы нашарлаған. Janymda қосымшасы істемей, тарифті жаңарту мүмкін болмай отыр, ал call-орталықтан да нәтиже жоқ.
Қала тұрғындары компаниядан жедел түсініктеме мен нақты шара күтуде.

😱3🤯1
Пойыздағы төтенше жағдай: Алматыда 10 баланы қоса алғанда 52 адам уланды
Алматыда пойыз ішінде орын алған оқыс жағдайдан 52 адам, оның ішінде 10 бала газға уланып қалды. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқиға орнына дереу 13 жедел жәрдем бригадасы жіберілген.
Медициналық тексерістен соң балалардың 10-ы ауруханаға жатқызылды. Олардың екеуі жансақтау бөлімінде, қалғандары профильдік бөлімшелерде ем қабылдап жатыр.
Басқа зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық ем қабылдау үшін үйлеріне жіберілді. Дәрігерлер ауруханадағы науқастардың жағдайын қатаң бақылауда ұстап отыр.

🤯3
Тоқаев Иран инвесторларын Қазақстанда жаңа өндірістер құруға шақырды
Тоқаев пен Пезешкиан Қазақстан-Иран бизнес форумына қатысып, экономикалық серіктестікті тереңдету бағыттарын талқылады. Форум барысында бірнеше маңызды жайт атап өтілді:
• Қазақстанда бүгінде Иранның 350-ден астам компаниясы табысты жұмыс істеп келеді.
• Қытай мен Еуропа арасындағы жүктердің 85%-ы Қазақстан аумағы арқылы өтеді, бұл еліміздің транзиттік әлеуетін көрсетеді.
• Каспий теңізінің болашағы мен қауіпсіздігі екі ел үшін де стратегиялық маңызға ие.
• Иран – Қазақстанның астық экспорты бойынша негізгі серіктестерінің бірі.
Қос тарап өндіріс, логистика және ауыл шаруашылығы салаларында жаңа бірлескен жобаларды бастауға дайын екендерін білдірді.

👍5
🔹Қазақ-иран байланысының тамыры тереңде жатыр – Тоқаев
🔹Әлемдік футболдың басты трофейі Алматыға жеткізіледі
🔹Алматы-Өскемен тасжолындағы ірі жол апаты: Төрт адам қаза тапты
🔹 Елімізде балабақшаларға жаңа талаптар енгізіледі
🔹«2 бала жансақтау бөлімінде»: Алматыда 50 жолаушы пойызда уланып қалды
🔹16 жасқа толмағандар әлеуметтік желіден шектелмек
🔹Өскеменде Beeline орталығында халық шу шығарды
https://t.me/sn_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
12 желтоқсан: еліміздегі ауа райының жалпы көрінісі
12 желтоқсанда Қазақстанның көп бөлігінде солтүстік-батыс циклонының әсерінен ауа райы құбылмалы болады: қар, кей жерлерде жаңбыр, тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі. Солтүстік, шығыс және таулы аймақтарда боран болуы мүмкін. Батыс пен оңтүстіктің жекелеген өңірлерінде жауын-шашын аралас түсуі ықтимал. Ал шығыс пен оңтүстік-шығыста антициклонның әсерінен күн ашық, бірақ аяз күшейеді. Оңтүстікте ауа райы салыстырмалы түрде жұмсақ, ал солтүстік және шығыс өңірлерде қатты суық сақталады.

👍3
Қазақстанда зейнетақы жинақтарын пайдалануға қатысты жаңа шектеу енгізілді
Енді бұл қаражатты реконструктивті және қалпына келтіру бағытындағы (пластикалық) операцияларға жұмсауға тыйым салынды.
Мұндай шешім стоматология мен офтальмология қызметтеріне қаражат алу тоқтатылғаннан кейін өтініштердің күрт артуына байланысты қабылданды. «Отбасы банкінің» мәліметінше, бұрын бұл мақсатта айына орта есеппен 16 өтініш қаралса, қыркүйекте олардың саны 123-ке, қазанда 1 844-ке, ал қарашада 3 878-ге дейін көбейген.

🤯3😁1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда нәресте саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Ішкі істер министрлігі адам саудасына байланысты бірқатар ауыр қылмыстарды әшкереледі. Тергеу барысында барлығы 39 заңбұзушылық анықталып, оның алтауы кәмелетке толмағандарға қатысты болғаны белгілі болды.
Алматы қаласында жаңа туған сәбилерді заңсыз сату ісімен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Олар әлеуметтік жағдайы қиын жас аналарды қаржылай сыйақы ұсынып, баласын бөгде адамдарға беруге мәжбүрлеген.
Сондай-ақ Ақмола облысында еркін жыныстық қатынасты насихаттаған діни сипаттағы топтың әрекеті әшкереленді. Тінту жұмыстары кезінде діни әдебиеттер, түрлі атрибуттар мен ритуалдық заттар тәркіленді.

🤯4
Қазақстан «Бейбітшілік қозғалысы» бастамасын ұсынды: Тоқаев не айтты?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадта өткен форумда сөйлеп, бірқатар маңызды ұстанымдарды атап өтті. Қазақстан Палестинаның егемен мемлекет ретінде құрылуын қолдайтынын, Ауғанстанға гуманитарлық көмекті тоқтатпау қажет екенін жеткізді.
Сондай-ақ ШЫҰ-ның Еуразиядағы қауіпсіздік пен сенімді нығайтудағы рөліне тоқталып, Ресейдің Аралды құтқару қоры жұмысына байқаушы ретінде қатысуы маңызды екенін айтты. Президент Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылуы аймақтағы тұрақтылықты арттыруға бағытталған қадам екенін де атап өтті.
https://t.me/sn_kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадта өткен форумда сөйлеп, бірқатар маңызды ұстанымдарды атап өтті. Қазақстан Палестинаның егемен мемлекет ретінде құрылуын қолдайтынын, Ауғанстанға гуманитарлық көмекті тоқтатпау қажет екенін жеткізді.
Сондай-ақ ШЫҰ-ның Еуразиядағы қауіпсіздік пен сенімді нығайтудағы рөліне тоқталып, Ресейдің Аралды құтқару қоры жұмысына байқаушы ретінде қатысуы маңызды екенін айтты. Президент Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылуы аймақтағы тұрақтылықты арттыруға бағытталған қадам екенін де атап өтті.
https://t.me/sn_kz
👍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астана тұрғыны ер адамды мұз астынан құтқарып қалды
Астанадағы Есіл өзенінде мұз астына түсіп кеткен адамды қала тұрғыны Азамат Айткен құтқарып қалды.
10 желтоқсанда Марал көпірі маңында серуендеп жүрген ол көмек сұраған дауысты естіп, суға батып бара жатқан 62 жастағы ер адамды дереу шығарып алған.
Ерлігі үшін Азамат алғыс хатпен марапатталды.

👍4👏2
Астанада екі жаңа көпір салынады: әкім кептелісті азайтудың жолдарын айтты
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек жолдағы кептеліс көбіне Есіл мен Нұра аудандарында, әсіресе көпірлерге бағытталған учаскелерде байқалатынын айтты. Осы мәселені шешу үшін қалада екі жаңа көпір салу жоспарланып отыр.
Әкімнің сөзінше, кептелісті азайту мақсатында әкімдік пен мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің жұмыс уақыты 7:30–8:00 аралығына ауыстырылған. Бұл шешім өз нәтижесін берген.
Сонымен қатар, жақын уақытта LRT желісінің іске қосылуы да қала көшелеріндегі көлік қозғалысын жеңілдетуге ықпал етеді.

🤯2👍1
🔹Павлодар облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты
🔹Оралда көпқабатты үйде адам шошырлық жарылыс болды
🔹Әлемдегі жалпы ахуал әлі де ушығып тұр: Тоқаев БҰҰ-ны реформалаудың маңызына назар аударды
🔹Қазақстанда фонограммаға тыйым салатын жаңа заң қабылданды
🔹ҚТЖ басшысы қазақ тіліндегі сұраққа жауап бере алмай, сынға қалды
🔹Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын тағы да бір мақсатта жұмсауға тыйым салынды
🔹Ресми: Джеки Чан Маңғыстауда фильм түсіретін болды
https://t.me/sn_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
MIND: депутат қылмыс деңгейі туралы деректерді бұрмалады
Maqsut Narikbayev University жанындағы MIND зерттеу орталығы Астана мәслихаты депутатының елордадағы қылмысқа қатысты мәлімдемесіне түсініктеме берді.
Орталықтың айтуынша, депутат MIND зерттеуіне сілтеме жасағанымен, келтірген деректер зерттеу мазмұнына сай келмейді. Керісінше, зерттеу Сарыарқа ауданы мен «Лесозавод» аумағын «қылмыс ошағы» деуге негіз жоқ екенін көрсеткен.
MIND деректерді бұрмалау қоғамдық пікірге кері әсер етуі мүмкін екенін ескертіп, ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға шақырды.

👍1
Ақтөбеде егіздерге ел президенттерінің есімі берілді
Ақтөбелік ата-ана дүниеге келген егіз сәбилеріне ерекше әрі мағыналы есімдер қойды. Балаларға Нұр-Сұлтан және Қасым-Жомарт деген ат берілген. Бұл есімдер еліміздің президенттеріне деген құрмет белгісі ретінде таңдалған.

👍5🤡1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Абылайхан Жүсіпов – әлем чемпионы
Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов 71 келі салмақ дәрежесінде өткен финалдық жекпе-жекте ресейлік Сергей Колденковты 4:1 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов – 2024 жылғы Азия чемпионы. Әуесқой бокстан Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ұйымдастыруымен өтіп жатқан XXIII әлем чемпионаты 2–13 желтоқсан аралығында Дубай қаласында (БАӘ) өтуде.
Бұған дейін Қазақстан қоржынына алтын жүлдені Сәкен Бибосынов пен Оразбек Асылқұлов салған еді.

👍4
Қазақстан боксшылары IBA ұйымдастырған Дубайдағы әлем чемпионатында 1,24 млн доллар табыс тапты
Дубайда өткен бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орын иеленді. Отандастарымыз Ресейге жол беріп, Өзбекстанды артта қалдырды.
Чемпионатта IBA тек жүлдегерлерге ғана емес, ширек финалға шыққан спортшыларға да ақшалай сыйақы тағайындады. Нәтижесінде қазақстандық боксшылардың жалпы табысы 1 240 000 АҚШ долларын құрады.
Әлем чемпиондары Сәкен Бибосынов, Оразбек Асылқұлов және Абылайхан Жүсіпов әрқайсысы 300 мың доллардан алды. Финалист Сабыржан Аққалықовқа 150 мың доллар табысталды. Қола жүлдегерлер Ертуған Зейнуллинов пен Теміртас Жүсіпов 75 мың доллардан иеленді.
Ал ширек финалға дейін жеткен Санатали Төлтаев, Даниял Сабит, Серік Теміржанов және Нұрлан Сапарбай әрқайсысы 10 мың доллардан сыйақы алды.
📸 Серік Сәпиев – Олимпиада чемпионы жерлестері, қарағандылық боксшылар Жүсіпов пен Аққалықовты жеңістерімен құттықтады.

👍2
Сидней жағажайында қарулы шабуыл: кемінде 10 адам мерт болды
Австралияның Сидней қаласындағы жағажайда белгісіз екі адам жиналған жұртқа оқ атты. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қайғылы оқиға салдарынан кемінде 10 адам қаза тапқан.
Құрбандардың арасында балалар мен полиция қызметкерлері де бар екені айтылуда. Оқиға барысында шабуыл жасағандардың бірі оқиға орнында қаза тапса, екіншісі құқық қорғау органдары тарапынан қолға түскен.
Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Қар мен жылдамдығы секундына 30 м/с-қа дейін жететін қатты жел: дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Бүгін Қазақстан Республикасының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады: жауын-шашын түседі, негізінен қар түрінде. Елдің солтүстігі мен орталығында қалың қар жауады. Оңтүстік-шығыста, оңтүстікте және шығыста жаңбыр мен қар түріндегі күшті жауын-шашын күтіледі.
Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, боран және желдің күшеюі болжанады.
Ұлытау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Қостанай облыстарында желдің жылдамдығы секундына 30 м/с және одан да жоғары болады деп күтілуде.
Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Қазақстанның 14 өңірінде дабылды ескерту жарияланды.