🔹Павлодар облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты
🔹Оралда көпқабатты үйде адам шошырлық жарылыс болды
🔹Әлемдегі жалпы ахуал әлі де ушығып тұр: Тоқаев БҰҰ-ны реформалаудың маңызына назар аударды
🔹Қазақстанда фонограммаға тыйым салатын жаңа заң қабылданды
🔹ҚТЖ басшысы қазақ тіліндегі сұраққа жауап бере алмай, сынға қалды
🔹Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын тағы да бір мақсатта жұмсауға тыйым салынды
🔹Ресми: Джеки Чан Маңғыстауда фильм түсіретін болды
https://t.me/sn_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
MIND: депутат қылмыс деңгейі туралы деректерді бұрмалады
Maqsut Narikbayev University жанындағы MIND зерттеу орталығы Астана мәслихаты депутатының елордадағы қылмысқа қатысты мәлімдемесіне түсініктеме берді.
Орталықтың айтуынша, депутат MIND зерттеуіне сілтеме жасағанымен, келтірген деректер зерттеу мазмұнына сай келмейді. Керісінше, зерттеу Сарыарқа ауданы мен «Лесозавод» аумағын «қылмыс ошағы» деуге негіз жоқ екенін көрсеткен.
MIND деректерді бұрмалау қоғамдық пікірге кері әсер етуі мүмкін екенін ескертіп, ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға шақырды.

👍1
Ақтөбеде егіздерге ел президенттерінің есімі берілді
Ақтөбелік ата-ана дүниеге келген егіз сәбилеріне ерекше әрі мағыналы есімдер қойды. Балаларға Нұр-Сұлтан және Қасым-Жомарт деген ат берілген. Бұл есімдер еліміздің президенттеріне деген құрмет белгісі ретінде таңдалған.

👍5🤡1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Абылайхан Жүсіпов – әлем чемпионы
Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов 71 келі салмақ дәрежесінде өткен финалдық жекпе-жекте ресейлік Сергей Колденковты 4:1 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов – 2024 жылғы Азия чемпионы. Әуесқой бокстан Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ұйымдастыруымен өтіп жатқан XXIII әлем чемпионаты 2–13 желтоқсан аралығында Дубай қаласында (БАӘ) өтуде.
Бұған дейін Қазақстан қоржынына алтын жүлдені Сәкен Бибосынов пен Оразбек Асылқұлов салған еді.

👍4
Қазақстан боксшылары IBA ұйымдастырған Дубайдағы әлем чемпионатында 1,24 млн доллар табыс тапты
Дубайда өткен бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орын иеленді. Отандастарымыз Ресейге жол беріп, Өзбекстанды артта қалдырды.
Чемпионатта IBA тек жүлдегерлерге ғана емес, ширек финалға шыққан спортшыларға да ақшалай сыйақы тағайындады. Нәтижесінде қазақстандық боксшылардың жалпы табысы 1 240 000 АҚШ долларын құрады.
Әлем чемпиондары Сәкен Бибосынов, Оразбек Асылқұлов және Абылайхан Жүсіпов әрқайсысы 300 мың доллардан алды. Финалист Сабыржан Аққалықовқа 150 мың доллар табысталды. Қола жүлдегерлер Ертуған Зейнуллинов пен Теміртас Жүсіпов 75 мың доллардан иеленді.
Ал ширек финалға дейін жеткен Санатали Төлтаев, Даниял Сабит, Серік Теміржанов және Нұрлан Сапарбай әрқайсысы 10 мың доллардан сыйақы алды.
📸 Серік Сәпиев – Олимпиада чемпионы жерлестері, қарағандылық боксшылар Жүсіпов пен Аққалықовты жеңістерімен құттықтады.

👍2
Сидней жағажайында қарулы шабуыл: кемінде 10 адам мерт болды
Австралияның Сидней қаласындағы жағажайда белгісіз екі адам жиналған жұртқа оқ атты. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қайғылы оқиға салдарынан кемінде 10 адам қаза тапқан.
Құрбандардың арасында балалар мен полиция қызметкерлері де бар екені айтылуда. Оқиға барысында шабуыл жасағандардың бірі оқиға орнында қаза тапса, екіншісі құқық қорғау органдары тарапынан қолға түскен.
Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

🤯3
Қар мен жылдамдығы секундына 30 м/с-қа дейін жететін қатты жел: дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Бүгін Қазақстан Республикасының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады: жауын-шашын түседі, негізінен қар түрінде. Елдің солтүстігі мен орталығында қалың қар жауады. Оңтүстік-шығыста, оңтүстікте және шығыста жаңбыр мен қар түріндегі күшті жауын-шашын күтіледі.
Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, боран және желдің күшеюі болжанады.
Ұлытау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Қостанай облыстарында желдің жылдамдығы секундына 30 м/с және одан да жоғары болады деп күтілуде.
Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Қазақстанның 14 өңірінде дабылды ескерту жарияланды.

👍3
Айбек Смадияров жаңа лауазымға тағайындалды
Ол Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымын иеленді. Бұған дейін Смадияров Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметін атқарған.

🤔3🤯1
Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барады
18–20 желтоқсан күндері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Жапонияға барады. Сапар барысында Мемлекет басшысы император Нарухитомен, Жапонияның премьер-министрімен және елдің іскерлік топтарының өкілдерімен кездесулер өткізеді. Сонымен қатар Президент «Орталық Азия – Жапония» саммитіне қатысады.

Уақыттың ауысуы Қазақстандағы электр энергиясын тұтынуға әсер еткен жоқ
Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың айтуынша, сағаттың ауысуы елдегі электр энергиясын тұтыну деңгейіне айтарлықтай ықпал етпеген. Шығыс Қазақстан облысында (ШҚО) тұрғындар санының артуы мен жаңа нысандардың салынуына қарамастан, тұтыну көлемі небәрі 1%-ға ғана өскен.
Ал Атырау облысында сағат ауыстырылмағанымен, жаңа өндіріс орындарының ашылуына байланысты электр энергиясын тұтыну 13%-ға артқан.
Вице-министрдің мәліметінше, республика бойынша электр энергиясын тұтынудың жыл сайынғы өсімі тұрақты түрде 3–4% деңгейінде сақталып отыр.

🤔2👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстандық ауыл тұрғыны қос аққуды ажалдан арашалап қалды
Ауыл азаматтары жұбынан айырылмай, ұша алмай қалған қос аққуға көмектесті. Видео авторының айтуынша, аналық аққу мұзға жабысып қалып, қалықтай алмаған. Ал аталығы сыңарын тастамай, жылы жаққа ұшпай күткен.
Кадрлардан құтқарған ер адамға аққудың мойнын орап, ризашылығын білдірген сәтін көруге болады. Ауыл тұрғындары қос аққуды қауіпсіз жерге алып барып, уақытша үйлеріне паналатқан.

👏6🔥2
Батыс Қазақстанда үсік шалып үш адам көз жұмды
Батыс Қазақстан облысында қатты боран кезінде жоғалып кеткен үш ер адамның денесі табылды. Полицияның хабарлауынша, олар үсік шалып қайтыс болған.
Қайтыс болғандар – Жәнібек ауданының 57 жастағы тұрғыны, Бөкей ордасы ауданының 25 жастағы тұрғыны және Қазталов ауданының 35 жастағы тұрғыны.
Сондай-ақ Ақжайық ауданының 54 жастағы тұрғыны тірі табылды. Алайда оның аяғы үсіп, жедел түрде Орал қаласындағы ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта Жәнібек ауданының 59 жастағы тұрғынын іздестіру жұмыстары жалғасуда.

😢5
🔹Астана-Көкшетау тасжолында екі көлік соқтығысып, бірнеше адам қысылып қалды
🔹Тоқаев ресми сапармен Жапонияға барады
🔹Президент Айбек Смадияровты жаңа қызметке тағайындады
🔹Жезқазғанда тұрғын үйден өрт шығып, 9 адам шұғыл эвакуацияланды
🔹СҚО-да құс фабрикасында алапат өрт шықты
🔹Батыс Қазақстанда боранда жоғалып кеткен 3 адамның денесі табылды
🔹Маңғыстауда йогурт тиелген жүк көлігі аударылып, жүргізуші тауарды тегін таратқан
https://t.me/sn_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Сейсенбі күні Қазақстанда қар мен боран күтіледі
Қазақстанның барлық он жеті облысында және республикалық маңызы бар қалаларда дабылды ескерту жарияланды.
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін ел аумағының басым бөлігінде қар жауады. Сонымен қатар көктайғақ, боранмен бірге желдің күшеюі және тұман күтіледі.
🔹 Астанада: қар жауып, боран соғады, жолдарда көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін күшейіп, екпіні 25 м/с-қа жетеді.
🔹 Алматыда: түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.
🔹 Шымкентте: күннің екінші жартысында көктайғақ болып, кей уақытта тұман күтіледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.
— Құрметті отандастар! Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Бұл мерекенің еліміз үшін мән-маңызы айрықша. Осы күні халқымыз Қазақстанды егемен ел ретінде дамыту жолында ерікті әрі түпкілікті таңдау жасады.
Тәуелсіздік бәрінен қымбат! Біз бабалар рухына тағзым етіп, өскелең ұрпақ алдындағы тарихи жауапкершілікті сезіне отырып, осы ұстанымға адал боламыз.
Азаматтарымыздың ырысты ынтымағының, өзара қолдауының және жасампаз еңбегінің, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің арқасында Қазақстан Тәуелсіздікті нығайту ісінде елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Қазір бүкіл әлем жылдам өзгеріп жатыр. Түрлі сынақтармен қатар, тың мүмкіндіктерге толы жаңа тарихи дәуір басталды.
Мұндай жағдайда біз жас және озық ойлы ұлт ретінде болашаққа зор үмітпен және нық сеніммен қарап, берекелі бірлігімізді сақтауымыз керек. Еліміздің жаһандық деңгейдегі беделі мен бәсекеге қабілетін арттырып, Қазақстанды көркейген мемлекет ретінде дамыту үшін аянбай еңбек етуіміз қажет.
Қазір жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалардың нәтижесінде зор табысқа жетеміз деп сенемін. Жан-жақты жаңғыруға бағытталған стратегиялық бағдарымыздан ауытқымай, Әділетті, Күшті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құрамыз.
Баршаңызға мол бақыт, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!
Қастерлі Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын, — делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.
👍4🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мексикада Димаштың жанкүйерлері Қазақстанның Тәуелсіздік күнін атап өтті
Dears Мемлекеттік Әнұранды орындап, қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.
Бұл мереке олар үшін ерекше есте қалды, себебі Димаш көптен күткен концертін өткізді.

🔥5👍2
Синоптиктер сәрсенбі күні қолайсыз ауа райы болатынын ескертеді: қар, көктайғақ және жел
Болжамға сәйкес, бүгін елдің басым бөлігінде боранмен бірге қар жауады. Шығыста – қалың қар, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі.
«Қазгидромет» дабылды ескертуді барлық облыстар мен республикалық маңызы бар үш қалада жариялады.
🔹 Астанада: кей уақытта қар, боран, көктайғақ болады. Түнде және таңертең жел күшейіп, екпіні 15–18 м/с-қа дейін жетеді.
🔹 Алматыда: күндіз көктайғақ пен тұман күтіледі.
🔹 Шымкентте: кей уақытта тұман болады.
Қазақстандағы 17 желтоқсанға арналған ауа райы туралы толығырақ сайттан оқыңыз.