RF
1.96K subscribers
9.25K photos
2.65K videos
10.2K links
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстандық ауыл тұрғыны қос аққуды ажалдан арашалап қалды

Ауыл азаматтары жұбынан айырылмай, ұша алмай қалған қос аққуға көмектесті. Видео авторының айтуынша, аналық аққу мұзға жабысып қалып, қалықтай алмаған. Ал аталығы сыңарын тастамай, жылы жаққа ұшпай күткен.

Кадрлардан құтқарған ер адамға аққудың мойнын орап, ризашылығын білдірген сәтін көруге болады. Ауыл тұрғындары қос аққуды қауіпсіз жерге алып барып, уақытша үйлеріне паналатқан.

https://t.me/sn_kz
👏6🔥2
Батыс Қазақстанда үсік шалып үш адам көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында қатты боран кезінде жоғалып кеткен үш ер адамның денесі табылды. Полицияның хабарлауынша, олар үсік шалып қайтыс болған.

Қайтыс болғандар – Жәнібек ауданының 57 жастағы тұрғыны, Бөкей ордасы ауданының 25 жастағы тұрғыны және Қазталов ауданының 35 жастағы тұрғыны.

Сондай-ақ Ақжайық ауданының 54 жастағы тұрғыны тірі табылды. Алайда оның аяғы үсіп, жедел түрде Орал қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта Жәнібек ауданының 59 жастағы тұрғынын іздестіру жұмыстары жалғасуда.

https://t.me/sn_kz
😢5
Сейсенбі күні Қазақстанда қар мен боран күтіледі

Қазақстанның барлық он жеті облысында және республикалық маңызы бар қалаларда дабылды ескерту жарияланды.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін ел аумағының басым бөлігінде қар жауады. Сонымен қатар көктайғақ, боранмен бірге желдің күшеюі және тұман күтіледі.

🔹 Астанада: қар жауып, боран соғады, жолдарда көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін күшейіп, екпіні 25 м/с-қа жетеді.

🔹 Алматыда: түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.

🔹 Шымкентте: күннің екінші жартысында көктайғақ болып, кей уақытта тұман күтіледі.

https://t.me/sn_kz
👍2
🇰🇿 Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Біз бірлігімізбен, еркіндігімізбен және ұлттық құндылықтарымызбен мақтанамыз.

Бұл мереке – халқымыздың батылдығы мен еркіндікке ұмтылысының символы🌟
👍5👏1
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.

— Құрметті отандастар! Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Бұл мерекенің еліміз үшін мән-маңызы айрықша. Осы күні халқымыз Қазақстанды егемен ел ретінде дамыту жолында ерікті әрі түпкілікті таңдау жасады.
Тәуелсіздік бәрінен қымбат! Біз бабалар рухына тағзым етіп, өскелең ұрпақ алдындағы тарихи жауапкершілікті сезіне отырып, осы ұстанымға адал боламыз.
Азаматтарымыздың ырысты ынтымағының, өзара қолдауының және жасампаз еңбегінің, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің арқасында Қазақстан Тәуелсіздікті нығайту ісінде елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Қазір бүкіл әлем жылдам өзгеріп жатыр. Түрлі сынақтармен қатар, тың мүмкіндіктерге толы жаңа тарихи дәуір басталды.
Мұндай жағдайда біз жас және озық ойлы ұлт ретінде болашаққа зор үмітпен және нық сеніммен қарап, берекелі бірлігімізді сақтауымыз керек. Еліміздің жаһандық деңгейдегі беделі мен бәсекеге қабілетін арттырып, Қазақстанды көркейген мемлекет ретінде дамыту үшін аянбай еңбек етуіміз қажет.
Қазір жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалардың нәтижесінде зор табысқа жетеміз деп сенемін. Жан-жақты жаңғыруға бағытталған стратегиялық бағдарымыздан ауытқымай, Әділетті, Күшті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құрамыз.
Баршаңызға мол бақыт, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!
Қастерлі Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын, — делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.
👍4🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мексикада Димаштың жанкүйерлері Қазақстанның Тәуелсіздік күнін атап өтті

Dears Мемлекеттік Әнұранды орындап, қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.
Бұл мереке олар үшін ерекше есте қалды, себебі Димаш көптен күткен концертін өткізді.

https://t.me/sn_kz
🔥5👍2
Синоптиктер сәрсенбі күні қолайсыз ауа райы болатынын ескертеді: қар, көктайғақ және жел

Болжамға сәйкес, бүгін елдің басым бөлігінде боранмен бірге қар жауады. Шығыста – қалың қар, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі.

«Қазгидромет» дабылды ескертуді барлық облыстар мен республикалық маңызы бар үш қалада жариялады.

🔹 Астанада: кей уақытта қар, боран, көктайғақ болады. Түнде және таңертең жел күшейіп, екпіні 15–18 м/с-қа дейін жетеді.

🔹 Алматыда: күндіз көктайғақ пен тұман күтіледі.

🔹 Шымкентте: кей уақытта тұман болады.

Қазақстандағы 17 желтоқсанға арналған ауа райы туралы толығырақ сайттан оқыңыз.

https://t.me/sn_kz
👍2
✈️ Алматы–Астана рейсіндегі Air Astana ұшағында салонда түтін шығып, экипаж апаттық сигнал жариялады.

Ұшақ 07:40-та Алматыға сәтті қонды, зардап шеккендер жоқ.

Себептері анықталуда.

https://t.me/sn_kz
🤯2😱1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
FlyArystan тағы да жолаушыларды әуре-сарсаңға салды

Ақтөбе–Ақтау рейсі FlyArystan компаниясында бірнеше рет кешігіп, жолаушылар тәуліктен аса әуежайда күтуге мәжбүр болды.

Жаңа рейс те орындалмай, компания нақты түсіндірме бермеді.

Әлеуметтік желіде жолаушылар ұшу уақытын ашық жариялауды талап етуде.

https://t.me/sn_kz
🤯3🤬1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандар үшін жазаны күшейтетін заң қабылданды

Қауіпсіз шабуыл үшін – 3 жылға дейін, қауіпті күш қолданғанда – 5–10 жыл, аса ауыр жағдайда – 12 жылға дейін түрме қарастырылған.

Қорқыту әрекеттері үшін айыппұл 200–500 АЕК және 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру көзделген.

https://t.me/sn_kz
👍4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ұшақта шетелдіктер төбелес шығарды

Алматы–Бангкок бағытындағы әуе рейсінде ұшақ бортында жаппай жанжал шықты. Полиция мәліметінше, шетелдік төрт жолаушы ұшақтан түсірілген, олардың екеуі мас күйде болған.

Жолаушылар арасындағы сөзге келу арты төбелеске ұласқан.

Оқиға сәті куәгерлер түсірген бейнежазба арқылы әлеуметтік желілерге тарап кетті.

Кадрлардан бірнеше ер адамның ұшақ салонында жанжалдасып жатқанын көруге болады.

Қылмыстық іс қозғалып, төбелеске қатысқан екі адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

https://t.me/sn_kz
😁3🤯2😢1
Танымал математик, ғалым, академик Асқар Жұмаділдаев халық арасында кеңінен талқыланып жатқан жұлдызды отбасылардың ажырасуы туралы өз ойын айтты. Бұл туралы ол отандық журналистерге берген сұхбаттарының бірінде мәлімдеді.

«Интернетті қарасаң қазақтың басқа жұмысы жоқ сияқты. Біреу-біреумен ажырасып кетіпті, біреу біреумен ойнастық қылып қойыпты. Сондай бір болмайтын әңгіме ғой бәрі. Мен білмеймін, оқымаймын.
Бірақ одан құтыла алмайсың. Ашып қалсаң, тарақан сияқты алдыңнан шыға береді. Қашып құтыла алмайсың, бірақ байқап қарасаңыз, қазақта басқа проблема жоқ сияқты»
👍4
🇰🇿🇯🇵Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды

Қазақстан Президентін Токио қаласының Ханэда халықаралық әуежайында Жапонияның мемлекеттік сыртқы істер министрі Аяно Кунимицу қарсы алды.

Мемлекет басшысы ертең Жапония императоры Нарухитомен және Премьер-министр Санаэ Такаичимен келіссөздер жүргізеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5😁1