Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыйлық жолдады
Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ілиясов Дональд Трампқа сенім грамотасын тапсырғаннан кейін тараптар қысқаша әңгімелесті.
АҚШ президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы лебізін білдіріп, оны халықаралық үдерістерді терең меңгерген тәжірибелі мемлекет қайраткері ретінде бағалады.
Сондай-ақ Трамп Мемлекет басшысына Ақ үйдің символикалық кілті мен қолтаңбасы қойылған бейсболка сыйлап, қараша айындағы кездесуден алған әсерін бөлісті.
https://t.me/sn_kz

🔥4👍1😁1
💸 Доллар бағамы бір тәулікте шамамен 5 теңгеге төмендеді
Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы 1 доллар үшін 510,18 теңгені құрады.

🤯3👍1🤔1
Бүгінгі күннің басты жаңалықтары
🔹Тоқаев прокуратура мен күштік құрылымның бір топ қызметкеріне пәтер кілтін табыстады
🔹Шығыс Қазақстанда жүк көлігі аударылып кетті
🔹Үкімет отырысы: Олжас Бектенов Бухгалтерлер одағының ұсынысын қолдады
🔹Алматы жұрты аңыз адам Асанәлі Әшімовпен қоштасып жатыр
🔹Ерболат Досаев тағы бір лауазымды қызметке тағайындалды
🔹«Оқытушыны пышақтаған»: Алматыдағы студенттің әрекетіне қатысты тың дерек шықты
🔹Алматыда қараша айында жоғалған ер адам өлі табылды

Бүгін еліміздің басым бөлігінде боран соғып, көктайғақ болады
"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, көптеген өңірде қарлы боран тұрады.
Еліміздің солтүстігінде, батысында және оңтүстік-батысында қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын болады.
Сондай-ақ, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз құрғақ ауа райы күтіледі.
Бүкіл республика бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел болады.

👍2
Тоқаев жас ақын-жазушыларды марапаттады
Биыл жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлық:
«Проза» номинациясы бойынша «Тергеуші» туындысы үшін Арман Әлменбетке;
«Поэзия» номинациясы бойынша «Құмдағы хикая» өлеңдер жинағы үшін Саян Есжановқа;
«Драматургия» номинациясы бойынша «Ақ киіз» драмалық шығармасы үшін Бауыржан Мұстафиевке;
«Балалар әдебиеті» номинациясы бойынша «Жазда атамның ауылында...» өлеңдер жинағы үшін Асылан Тілегеновке берілді.

👍3👏1
🎄 Жаңа жылда қалай демаламыз?
2026 жылдың қаңтарында қазақстандықтар 12 күн демалады.
Жаңа жылға байланысты ресми демалыс күндері – 1–2 қаңтар. Осыған орай, 5 күндік жұмыс аптасында істейтіндер қатарынан 4 күн демалады.
Сонымен қатар, 7 қаңтар – православтық Рождество мерекесі.

👍4🥰1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Маған қазақ тілі керек емес»: Шымбұлақтағы мейрамханада мемлекеттік тіл аяққа тапталды
Алматыдағы Шымбұлақ мейрамханасында қазақ тілінде қызмет көрсетуге қатысты дау шықты.
Әкімші куәгерге дөрекі жауап беріп, «Қазақша сөйлеуге міндетті емеспін» деп жауап берген. Оқиға қоғамдық орында болып, авторды қуып шығаруға дейін барған.
Полиция шақырылып, туристер күтуге мәжбүр болған.
Жазба авторы мұны жеке мәселе емес, мемлекеттік тілді құрметтеу әр азаматтың міндеті екенін атап өтті.

🤯5🤬2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Павлодар облысында оқушыларға вейп сатқан қылмыстық топ ұсталды
Павлодар облысында электронды темекі өнімдерін заңсыз сатқан топтың әрекеті әшкере болды. Тергеу мәліметінше, қылмыстық топ тауарларды үш интернет-дүкен арқылы ұсынып, сатып алушыларға курьерлік қызметпен жеткізіп отырған.
Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, заңсыз айналымнан жалпы құны 400 миллион теңгеден асатын 53 мыңнан астам вейп және оған қатысты өнімдер тәркіленді.
Сот санкциясына сәйкес қылмыстық табысқа алынған үш автокөлікке тыйым салынып, іске қатысы бар төрт адам қамауға алынды.

👍1
Тоқаев Астананы дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту жөніндегі кеңесте елорданың барлық аудандары бірдей жайлы болуы тиіс екенін айтты. Қала халқының ресми саны 1,6 млн адамға жеткенін атап өтті.
Президент Smart City жобасын жедел аяқтауды тапсырды. Жақын уақытта Жедел басқару орталығы іске қосылып, бейнебақылау мен қалалық қызметтер бір орталықтан басқарылатын болады.
Сондай-ақ Тоқаев ЛРТ желісін ұзарту, Қабанбай батыр даңғылында екі деңгейлі жол салу және Тәуелсіздік даңғылын ұзарту ұсыныстарын қолдады.
Жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі, көлік тұрақтарының жетіспеушілігі және құрылыс компанияларының жауапкершілігіне ерекше назар аударылды. Қазіргі таңда Астанада үш ауысыммен оқытатын мектеп қалған жоқ.

🔹Президент Астанада жаңа әуежай салуды тапсырды
🔹Алматыда мектеп оқушылары теракт туралы хабарлама берген
🔹Сауда министрі жаңажылдық дастарханға 120 мың теңге жұмсайтынын айтты
🔹«Өз анасы жоқ па?»: Алматыда жүргізуші қарт әжейді автобустан түсіріп жіберген
🔹Нұрлан имам сұмдық мәлімдеме жасады
🔹Джеки Чан қысқы Олимпиада ойындарының алауын алып өтті
🔹«Автобус жүріп кеткен»: Алматыда әйел құлап, омыртқасын сындырып алды

25 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Қазақстан аумағының басым бөлігінде қар жауып, боран соғады. Елдің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр мен қар) күтіледі. Ал оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің күшеюі ықтимал.
Сондай-ақ Астана, Алматы қалаларында және 15 облыста дабылды ескерту жарияланды.

👍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда қоғамдық көлікте болған оқиға көпшіліктің ашу-ызасын тудырды.
Әлеуметтік желіде тараған видеода жолаушылардың талап етуінен кейін егде жастағы әйелдің автобустан түсіріліп кеткені көрінеді.
Куәгерлердің айтуынша, автобус салонында жағымсыз иіс шыққан. Осыған байланысты кейбір жолаушылар жүргізушіден тыныс алу мүмкін емес екенін айтып, қарт әйелді көліктен түсіруді талап еткен. Нәтижесінде егде жастағы жолаушы аязды күні аялдамалардың бірінде жалғыз қалдырылған.

🤯4😐2
Алматыда бұрын сотталған ер адам әйел мен оның 6 жастағы қызын өлтірді
Алматы қаласында бұрын кісі өлтіру қылмысы үшін сотталған ер адам әйел мен оның 6 жастағы қызын өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Сот мәліметінше, айыпталушы марқұм әйелмен шамамен алты ай бойы таныс болған. Қыркүйек айында олардың арасында тұрмыстық жанжал шығып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталған.
Ер адам әйелді ұрып өлтірген. Кейін оның кәмелетке толмаған қызы мен қарт анасына да шабуыл жасаған. Ауыр жарақат алған 6 жастағы қыз бірнеше күннен кейін ауруханада көз жұмды. Ал қарт әйелге шұғыл ота жасалып, оның өмірі сақталып қалды.
Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін мойындамаған. Алайда жүргізілген сот-медициналық сараптама қылмыстың дәл осы адамның қатысуымен жасалғанын растаған.
Анықталғандай, ер адам бұған дейін де кісі өлтіргені үшін сотталып, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған.

Астанада марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның құрметіне ескерткіш тақта орнатылды
Ашылу рәсіміне Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, марқұмның анасы, туыстары және жедел жәрдем қызметкерлері қатысты. Министр Ұлдананың «Даналық» колледжін үздік бітіріп, Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясында адал еңбек еткенін атап өтті. Сондай-ақ оның есімі отандық медицина тарихында қалатынын айтты.

6 жасар қызды зорлаған: Түркістан облысында жасөспірім 10 жылға сотталды
Түркістан облысында кәмелетке толмаған балаға қарсы ауыр қылмыс жасаған жасөспірім сотталды. Тергеу мәліметінше, оқиға 2025 жылдың шілде айында болған. Айыпталушы жәбірленушіні көшеден алдап алып кетіп, көпірдің астына апарған.
Сотта жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, күш қолданғаны анықталды. Сотталушы өз кінәсін толық мойындамай, жазаны жеңілдетуді сұрағанымен, оның кінәсі жәбірленуші мен куәлардың айғақтарымен, сондай-ақ сот сараптамасының қорытындысымен дәлелденді.
Нәтижесінде сот жасөспірімді 10 жылға бас бостандығынан айырып, жәбірленушіге моральдық зиян үшін 8 миллион теңге өтемақы өндіру туралы шешім шығарды.

👍4
🔹Тоқаев Бауыржан Момышұлына ресми түрде «Халық қаһарманы» атағын берді
🔹Елена Рыбакинаға қатысты сүйінші жаңалық шықты
🔹2026 жылы Астанада жүргізушісіз таксилер пайда болмақ
🔹Қызы өзінің туған анасын өлтірген: Алматыда 11 жыл бұрын жасалған қанды қылмыс ашылды
🔹Шұғыл! Министрлік зейнетақы алушыларға қатысты мәлімдеме жасады
🔹Астанада марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның құрметіне ескерткіш тақта орнатылды
🔹Павел Дуров өзінен бала туғысы келетін әйелдерге ұсыныс айтты
https://t.me/sn_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
16 облыста тұман, боран және қатты жел күтіледі
Қазақстанда 26 желтоқсанға байланысты бірден 16 өңірде дабылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағында тұман, қар, боран, көктайғақ және қатты жел күтіледі.
Кейбір облыстарда жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде түседі. Желдің екпіні кей жерлерде секундына 23–28 метрге дейін жетуі мүмкін, ал таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда одан да күшейеді.
Әсіресе Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл және Ұлытау облыстарында ауа райы қолайсыз болады деп болжануда. Алматы, Шымкент, Қарағанды, Семей, Өскемен және басқа да қалаларда тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.

👍2🤯1