RF
1.96K subscribers
9.25K photos
2.65K videos
10.2K links
Download Telegram
Тоқаев Астананы дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту жөніндегі кеңесте елорданың барлық аудандары бірдей жайлы болуы тиіс екенін айтты. Қала халқының ресми саны 1,6 млн адамға жеткенін атап өтті.

Президент Smart City жобасын жедел аяқтауды тапсырды. Жақын уақытта Жедел басқару орталығы іске қосылып, бейнебақылау мен қалалық қызметтер бір орталықтан басқарылатын болады.

Сондай-ақ Тоқаев ЛРТ желісін ұзарту, Қабанбай батыр даңғылында екі деңгейлі жол салу және Тәуелсіздік даңғылын ұзарту ұсыныстарын қолдады.

Жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі, көлік тұрақтарының жетіспеушілігі және құрылыс компанияларының жауапкершілігіне ерекше назар аударылды. Қазіргі таңда Астанада үш ауысыммен оқытатын мектеп қалған жоқ.
👍1
25 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Қазақстан аумағының басым бөлігінде қар жауып, боран соғады. Елдің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр мен қар) күтіледі. Ал оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің күшеюі ықтимал.

Сондай-ақ Астана, Алматы қалаларында және 15 облыста дабылды ескерту жарияланды.
👍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда қоғамдық көлікте болған оқиға көпшіліктің ашу-ызасын тудырды.

Әлеуметтік желіде тараған видеода жолаушылардың талап етуінен кейін егде жастағы әйелдің автобустан түсіріліп кеткені көрінеді.

Куәгерлердің айтуынша, автобус салонында жағымсыз иіс шыққан. Осыған байланысты кейбір жолаушылар жүргізушіден тыныс алу мүмкін емес екенін айтып, қарт әйелді көліктен түсіруді талап еткен. Нәтижесінде егде жастағы жолаушы аязды күні аялдамалардың бірінде жалғыз қалдырылған.

https://t.me/sn_kz
🤯4😐2
Алматыда бұрын сотталған ер адам әйел мен оның 6 жастағы қызын өлтірді

Алматы қаласында бұрын кісі өлтіру қылмысы үшін сотталған ер адам әйел мен оның 6 жастағы қызын өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Сот мәліметінше, айыпталушы марқұм әйелмен шамамен алты ай бойы таныс болған. Қыркүйек айында олардың арасында тұрмыстық жанжал шығып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталған.

Ер адам әйелді ұрып өлтірген. Кейін оның кәмелетке толмаған қызы мен қарт анасына да шабуыл жасаған. Ауыр жарақат алған 6 жастағы қыз бірнеше күннен кейін ауруханада көз жұмды. Ал қарт әйелге шұғыл ота жасалып, оның өмірі сақталып қалды.

Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін мойындамаған. Алайда жүргізілген сот-медициналық сараптама қылмыстың дәл осы адамның қатысуымен жасалғанын растаған.

Анықталғандай, ер адам бұған дейін де кісі өлтіргені үшін сотталып, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған.

https://t.me/sn_kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астанада марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның құрметіне ескерткіш тақта орнатылды

Ашылу рәсіміне Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, марқұмның анасы, туыстары және жедел жәрдем қызметкерлері қатысты. Министр Ұлдананың «Даналық» колледжін үздік бітіріп, Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясында адал еңбек еткенін атап өтті. Сондай-ақ оның есімі отандық медицина тарихында қалатынын айтты.

https://t.me/sn_kz
6 жасар қызды зорлаған: Түркістан облысында жасөспірім 10 жылға сотталды

Түркістан облысында кәмелетке толмаған балаға қарсы ауыр қылмыс жасаған жасөспірім сотталды. Тергеу мәліметінше, оқиға 2025 жылдың шілде айында болған. Айыпталушы жәбірленушіні көшеден алдап алып кетіп, көпірдің астына апарған.

Сотта жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, күш қолданғаны анықталды. Сотталушы өз кінәсін толық мойындамай, жазаны жеңілдетуді сұрағанымен, оның кінәсі жәбірленуші мен куәлардың айғақтарымен, сондай-ақ сот сараптамасының қорытындысымен дәлелденді.

Нәтижесінде сот жасөспірімді 10 жылға бас бостандығынан айырып, жәбірленушіге моральдық зиян үшін 8 миллион теңге өтемақы өндіру туралы шешім шығарды.

https://t.me/sn_kz
👍4
Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағы берілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді
🔥5👏1
16 облыста тұман, боран және қатты жел күтіледі

Қазақстанда 26 желтоқсанға байланысты бірден 16 өңірде дабылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағында тұман, қар, боран, көктайғақ және қатты жел күтіледі.

Кейбір облыстарда жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде түседі. Желдің екпіні кей жерлерде секундына 23–28 метрге дейін жетуі мүмкін, ал таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда одан да күшейеді.

Әсіресе Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл және Ұлытау облыстарында ауа райы қолайсыз болады деп болжануда. Алматы, Шымкент, Қарағанды, Семей, Өскемен және басқа да қалаларда тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.

https://t.me/sn_kz
👍2🤯1
Отшашу ойыны оқыс оқиғаға ұласты: Түркістан облысында екі бала жарақат алды

Жаңа жыл мерекесі басталмай жатып, Түркістан облысында пиротехникалық бұйымдарды қолдану салдарынан екі жасөспірім жарақат алды. Оқиға Сарыағаш ауданында тіркелген.

Алдын ала мәліметке сәйкес, балалар отшашуды ересектердің қадағалауынсыз пайдаланған. Соның салдарынан олар әртүрлі деңгейдегі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі таңда балалардың өміріне қауіп жоқ, барлық қажетті ем-дом көрсетілуде.

Осы жағдайға байланысты облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналар мен заңды өкілдерді балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беріп, пиротехникалық заттарды қолдануға жол бермеуге шақырады.

https://t.me/sn_kz
🤯4😢1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«АрселорМиттал Теміртаудан» 1,8 млрд теңгенің мүлкі ұрланды

Қаржы мониторингі агенттігі «АлбаСтройДор» ЖШС директоры С.Кимге қатысты іс қозғаған.

Тергеу мәліметінше, ол зауыт аумағына еркін кіріп-шығу мүмкіндігін пайдаланып, домна шлагы мен шойынды заңсыз шығаруды ұйымдастырған. Бұл іске күзет қызметінің де қатысы бар.

Нәтижесінде 31 мың тоннадан аса өнім ұрланған. Күдікті екі айға қамауға алынды.
🤯1
Lufthansa ұшағы Алматыда шұғыл қонды

Мюнхен – Бейжің бағытымен ұшып келе жатқан Lufthansa әуе компаниясының рейсі Алматы әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды. Бұған ұшу кезінде жолаушылардың бірінің денсаулығы күрт нашарлап, есінен танып қалуы себеп болған.

Ұшақ қонған бойда бортқа әуежайдың медициналық қызметі мен қалалық жедел жәрдем бригадасы келді. Дәрігерлер тексеру барысында жолаушының әуе кемесі қонбай тұрып көз жұмғанын анықтады. Алдын ала мәлімет бойынша, шетелдік азаматтың өліміне жедел жүрек жеткіліксіздігі себеп болған. Ұшақ жанармай құйылғаннан кейін сағат 07:56-да Бейжіңге қарай жолын жалғастырды. Полиция оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады.

https://t.me/sn_kz
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстандық файтер алғашқы жеңісін марқұм қызына арнады

Қазақстандық жекпе-жек шебері Елдар Отарәлі Naiza лигасындағы алғашқы жеңісін өмірден өткен қызына арнады. Бұл туралы лига әлеуметтік желіде әсерлі видеомен бөлісті.

Спортшының айтуынша, жекпе-жекке шығу ол үшін оңай болмаған. Себебі дәл осы күні, 2020 жылы, оның төрт жасар қызы дүниеден өткен.

«Бүгін октагонға шығу өте қиын болды. Осы күні төрт жасында қызымнан айырылған едім. Қызым, сені жақсы көремін», — деді Елдар Отарәлі жекпе-жектен кейін.

Айта кетейік, бұл сәт көпшіліктің жүрегін елжіретіп, жанкүйерлер тарапынан қолдау мен жылы лебізге ие болды.
😢5
Келесі жылы мүгедектігі бар жандарға төленетін жәрдемақы өседі

Келесі жылы Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға төленетін жәрдемақы 55 мыңнан 102 мың теңгеге дейін өседі, орташа мөлшері – 78 822 теңге.

Жаңа әлеуметтік-құқық қорғау моделі енгізіліп, жұмысқа орналастыру мен әлеуметтік қызметтер сапасын арттыру көзделеді.

2025 жылғы желтоқсанға дейін 543,1 мың адам жәрдемақы алды, төлемдерге 467,2 млрд теңге жұмсалды.

https://t.me/sn_kz
👍5
«Менің атым Қожа» фильмінің басты кейіпкерін сомдаған Нұрлан Сегізбаев өмірден өтті

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті актер, сценарист әрі кинодраматург Нұрлан Сегізбаев өмірден озды. Қаралы хабарды Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі ресми түрде жариялап, марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, барша қазақстандықтарға қайғыра көңіл айтты.

Министрлік хабарламасында Нұрлан Санжарұлының қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан айтулы тұлға екені атап өтілді. Ол саналы ғұмырын шығармашылық жолға арнап, ұлттық руханиятқа қызмет етті, кейінгі ұрпаққа құнды мәдени мұра қалдырды.

Өнерсүйер қауымға ол ең алдымен режиссер Абдолла Қарсақбаевтың әйгілі «Менің атым Қожа» көркем фильміндегі басты кейіпкер бейнесі арқылы кеңінен танылды. Бұл рөл Нұрлан Сегізбаевты қазақ киносының тарихында өзіндік қолтаңбасы бар актер ретінде қалыптастырды. Оның сомдаған экрандық бейнелері отандық өнер шежіресінде айрықша орын алады.
😢4😱3🤯1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Еркебұлан Тоқтар Ташкенте өтіп жатқан бокс кешінде Өзбекстандық жұлдыз Тимур Никулинді бірінші раунда нокаутқа жіберді

Құттықтаймыз 👏🇰🇿

#ЕркебұланТоқтар #ТимурНикулин #Ташкент #Бокс
👏8👍5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
1,3 млрд теңгеден астам салықтан жалтарған азамат шетелден елге қайтарылды

Алматы қаласында 2023–2024 жылдары коммерциялық ұйымды басқарған азамат мемлекетке ірі көлемде салық төлемеді деген күдікке ілінді. Тергеу мәліметінше, ол нақты орындалмаған жұмыстар үшін жалған шот-фактуралар рәсімдеу арқылы заңсыз схема құрған.

Нәтижесінде мемлекетке келтірілген шығын көлемі шамамен 1,3 млрд теңгені құраған. Күдікті 2025 жылдың қыркүйек айында Грузия аумағында ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетейік, осы қылмыстық іс бойынша оның серіктестерінің бірі биыл сәуір айында сот үкімімен бас бостандығынан айырылған.

https://t.me/sn_kz
😱1
⚠️ WhatsApp аккаунтыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады

Бас прокуратура WhatsApp қолданушыларына маңызды ескерту жасады. Алаяқтар Facebook немесе WhatsApp-тың ресми хабарламасына ұқсас жалған хабарламалар таратады. Мұндай хабарламаларда күмәнді сілтеме болады.

Сілтемені ашқан кезде жалған сайтқа өтесіз, онда сізден телефон нөміріңізді және SMS арқылы келген кодты енгізу сұралады. Егер осы деректерді енгізсеңіз, алаяқтар сіздің WhatsApp аккаунтыңызға толық қол жеткізе алады.

Өзіңізді қорғау үшін белгісіз сайттарға ешқашан SMS-код енгізбеңіз, екі факторлы аутентификацияны міндетті түрде қосыңыз және күмәнді хабарламаларға сенбеңіз.

https://t.me/sn_kz
👍1