This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматы облысында жол апатынан үндістандық студенттер қаза тапты
Алматы облысында «Алматы – Бішкек» автожолында жантүршігерлік жол апаты болды. Алдын ала мәлімет бойынша, 33 жастағы «Toyota Alphard» автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылған. Жүргізуші оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды.
Үндістанның Астанадағы елшілігінің хабарлауынша, көлікте төрт үнді студенті мен бір турист болған. Қаза тапқан үш адамның екеуі – үндістандық студент. Тағы екі үнді студенті мен бір турист ауыр жарақат алып, жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу жүргізілуде.

🤯3😢1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда мешітте намаз уақытын пайдаланып ұрлық жасаған ер адам ұсталды
Алматы қаласында ер адам мешітке келген жамағаттың намаз уақытын пайдаланып, ұрлық жасаған. Күдікті жамағаттан ұялы телефон, әмиян және басқа да жеке заттарды ұрлап кеткен.
Қазіргі уақытта ол ұсталды. Алатау аудандық полициясының мәліметінше, күдіктінің қылмыстық әрекетінің бірнеше эпизоды дәлелденген. Сондай-ақ оның осыған ұқсас басқа да ұрлықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
https://t.me/sn_kz

🤯4😱1
Белгілі қазақстандық актер
Мұрат Бисенбиннің дүниеден өткені белгілі болды.
Қаралы хабарды оның қызы әлеуметтік желі арқылы жеткізген.
Марқұм 1972 жылғы 11 қазанда дүниеге келген. Ол 2026 жылғы 8 қаңтарда өмірден озды.
Актердің қазасы өнерсүйер қауым мен әріптестері арасында үлкен қайғыға айналды. Әлеуметтік желі қолданушылары марқұмның отбасына көңіл айтып, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.
Мұрат Бисенбин қазақ киносы мен театр өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған актер ретінде көрермен жадында сақталады.

🤯7😢4😐1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Айзат Жұманованың өлімі: Прокурор 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
Талдықорғанда прокурор мас күйде әйелі Айзат Жұманованы қасақана өлтірді деп айыпталған Айбар Жанболатқа 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Тергеу дерегінше, ол әйелін бірнеше сағат бойы ұрып-соғып, алған ауыр жарақаттар салдарынан Айзат көз жұмған.
Сотта айыпталушының кінәсі куәгерлер мен сараптама қорытындыларымен толық дәлелденді. Айбар Жанболат ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылуда.
Видео: ВЫХОД К ПРАВДЕ

🤯4😱1🤬1
Атырауда жоғалған отбасы: күдіктіге іздеу жарияланды
Атырау облысында Жангелді ауылы тұрғындарын өлтіру ісі бойынша 29 жастағы күдіктіге іздеу жарияланды.
Полиция өзге тұлғалардың қатыстылығын да тексеріп жатыр.
Отбасының жоғалғаны туралы хабар 25 желтоқсанда түскен.

😱4👍1
🔹Солтүстік Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
🔹Танымал актер Мұрат Бисенбин қайтыс болды
🔹Атырауда жоғалған отбасы: Жангельдин ауылында ерлі-зайыптыны жерлеу рәсімі өтті
🔹Жамбыл облысында борышын өтеп жүрген сарбаз өз саусағын өзі шауып тастаған
🔹«Кінәмді толық мойындаймын»: Қаза тапқан Айзат Жұманованың күйеуі сотта соңғы сөзін айтты
🔹Алматы облысындағы сұмдық: 13 жастағы қызды 30 жастағы ер адамға тұрмысқа берген
🔹Дәретхана істен шыққан: Air Astana ұшағы Бейжіңге қонуға мәжбүр болды
https://t.me/sn_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
Қазақстанның 15 өңірінде жұма күні дабылды ескерту жарияланды
9 қаңтарда Қазақстанның 15 облысында дабылды ескерту жарияланды. Бірқатар өңірлерде тұман мен көктайғақ күтіледі, кей жерлерде желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Түнгі және таңғы уақытта күрделі ауа райы жағдайлары Атырау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында болжанып отыр. Жекелеген аудандарда төменгі боран мен аздаған қар жаууы ықтимал.
Сондай-ақ тұман Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Алматы облыстарын, Ұлытау, Абай, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Қызылорда және Жетісу облыстарын қамтиды. Қолайсыз ауа райы жағдайлары Алматы, Шымкент, Қарағанды, Атырау, Орал, Петропавл, Қонаев, Жезқазған және Ақтау қалаларында да күтіледі.

👍1🤯1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қызылордада ер адам көршісі мен оның 34 жастағы қызын пышақтап өлтірді
Қайғылы оқиға 8 қаңтарға қараған түні болды. Екеуі де алған жарақатынан көз жұмды.
Күдікті қылмыс орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

😢5
Айзат Жұманованың өлімі: Айбар Жанболат 14 жылға сотталды
Талдықорғанда әйелі Айзат Жұманованы өлтірді деген айып тағылған Айбар Жанболатқа сот үкімі шықты.
Сот оны 14 жылға бас бостандығынан айырды.
Жәбірленуші тараптың өтініші ішінара қанағаттандырылып, сот моральдық шығын ретінде 20 млн теңге және 1,7 млн теңге адвокат шығынын өтеуді міндеттеді.

🤯4👍2
Баласының еміне деп жиналған қаржыны жымқырған ерлі-зайыпты сотталды
Баласын емдеуге деп халықтан ақша жинаған ерлі-зайыпты аса ірі көлемдегі алаяқтық пен ақшаны жылыстату бойынша кінәлі деп танылды. Сот оларды 7 жылға бас бостандығынан айырды және 10 жылға қайырымдылықпен айналысуға тыйым салды. Әйелге кәмелетке толмаған баласына байланысты жаза өтеу 2 жылға кейінге қалдырылды. Ерлі-зайыптының шотына түскен 2,2 млрд теңгенің тек 6,4 млн теңгесі ғана баланың еміне жұмсалған.

😢2🤯1
Питер Фостердің әйелі туыстарына арзан бағаға билет алып келген
Экс-қызметкердің даулы мәлімдемесінен кейін Бас көлік прокуратурасы «Эйр Астана» және «Fly Arystan» компанияларын тексермек.
Әлеуметтік желілерде бұл авиакомпанияларда қаржыны жымқыру және заңдастыруға қатысты қылмыстық іс бар деген ақпарат тараған. Онда басшылықтың нұсқауымен топ-менеджерлердің туыстары мен басқа тұлғаларға авиабилеттер жеңілдікпен сатылғаны айтылған.
Осы деректерді тексеру үшін прокуратура Азаматтық авиация комитетіне тексеру жүргізу туралы талап жолдады.
Қазір сотта FlyArystan-дағы ұрлыққа қатысты іс қаралып жатыр.

😱5🤯1🤬1
🔹Мемлекет басшысы Құрылыс кодексіне қол қойды
🔹Айзат Жұманованың өлімі бойынша айыпталушы 14 жылға сотталды
🔹Ақтөбеде алаяқтық жасап, пара берген әскери қызметкерлер сотталды
🔹Олимпиада чемпионы Ольга Рыпаковаға қатысты жағымсыз жаңалық шықты
🔹Батыс Қазақстанда өртенген үйден екі адамның денесі табылды
🔹«Жын кірген»: Танымал журналист Атыраудағы трагедияға қатысты сұмдық дерекпен бөлісті
🔹Питер Фостердің әйелі туыстарына арзан бағаға билет алып келген
https://t.me/sn_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
RF
Питер Фостердің әйелі туыстарына арзан бағаға билет алып келген Экс-қызметкердің даулы мәлімдемесінен кейін Бас көлік прокуратурасы «Эйр Астана» және «Fly Arystan» компанияларын тексермек. Әлеуметтік желілерде бұл авиакомпанияларда қаржыны жымқыру және…
Air Astana экс-қызметкердің даулы мәлімдемесіне ресми түрде жауап берді
Әуе компаниясы хатта жарияланған, компания қызметкерлерінің ішкі хат алмасуынан алынған үзінділер ретінде ұсынылған суреттердің шынайы, толық және түпнұсқа екенін жоққа шығарды. Мәлімдемеде суреттердің қайдан шыққаны және оның мазмұны тек заңда белгіленген тәртіппен ғана тексерілетіні айтылған.

“Air Astana компаниясы өзінің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін тексерілмеген ақпарат пен материалдардың таратылуын жалғасып жатқан тергеу барысында қоғамдық пікірге қысым жасау әрекеті ретінде қарастырады және өз заңды мүдделерін құқықтық тәсілдермен қорғау құқығын өзінде қалдырады”, – деп атап өтті компания.
https://t.me/sn_kz
😁2🤯2
⚡️ Қайрат Сәтжанов орнынан кетті: Санжар Тәшкенбайдың жеке бапкері ұлттық құраманың тізгінін ұстады
Қазақстан ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне Нұржан Насанов тағайындалды.
«ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысының жетекшілігімен ерлер командасы көптеген халықаралық турнирлерде топ жарып, әлем чемпионатының жүлделерін иеленді. 35 жылдан аса тәжірибесі бар маман денсаулығына байланысты бұл қызметтен бас тартуына тура келді. Қайрат Тұрсынханұлына отандық бокс қауымдастығының атынан алғыс білдіреміз!» - делінген хабарламада.

👍4👏2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Мемлекет адам өзгерген кезде ғана өзгереді»: Жаңа Адамдарға мүше жастардың саны 15 мыңға жеткен
«Жаңа Адамдар» қозғалысының өңірлік жетекшілері қоғамды өзгерткісі келетін жастардың көбейіп келе жатқанын айтты. Қозғалыс мүшелері әлеуметтік жобалар мен науқандарға белсенді қатысып, жастар санасын өзгерту арқылы әлеуметтік мәселелерді шешуге ұмтылады. Мысалы, көшені таза ұстау үшін адамдардың әдетін өзгерту қажет деп есептейді.
Қозғалысқа 18–35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Қазір бөлімшелері 19 облыста жұмыс істейді, әсіресе балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау бағытында белсенді.
Жастар мемлекет пен қоғамның дамуына өз үлестерін қосып келеді.

👍5