RF
1.96K subscribers
9.25K photos
2.65K videos
10.2K links
Download Telegram
🌫️ 🌨️ Жауын-шашын, боран және тұман — сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауып, боран күтіледі. Елдің шығысында түнде қалың қар жауады, ал батыс пен оңтүстік-шығыс өңірлерінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болжанып отыр.

Оңтүстікте, солтүстік-батыста және елдің орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді. Елдің көп өңірінде дабылды ескерту жарияланды.

Толығырақ ақпаратты сайттан оқи аласыз.

https://t.me/sn_kz
👍2
Шымкентте 21 жастағы қызды өлтірді деген күдікті қамауға алынды

Шымкент қаласында 21 жастағы қыздың өліміне қатысты күдікті ұсталды. Полицияның мәліметінше, іздеуде жүрген 29 жастағы ер адам табылып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ол қызды пышақтап өлтірді деген күдікке ілінген.

Еске салайық, 11 қаңтар күні кешке Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үйдің маңынан жас қыздың мәйіті табылған болатын. Марқұмның денесінен пышақ жарақаттары анықталған. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

https://t.me/sn_kz
😱6👍1👏1🤬1
Атырауда жоғалған отбасы ісі: тағы бір адамға халықаралық іздеу жарияланды

Атырау облысы Жангелді ауылында жоғалған отбасыға қатысты қылмыстық іс бойынша тағы бір адамға халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы құқық қорғау органдары мәлімдеді.

Бұған дейін полиция отбасы мүшелерін өлтіру фактісі бойынша күдікті ретінде Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғынын — марқұмдардың күйеу баласын — іздеуге алған болатын. Қазіргі уақытта іске басқа адамдардың қатысуы да тексеріліп жатыр.

Еске сала кетейік, 25 желтоқсанда полицияға аталған отбасының жоғалғаны туралы олардың туыстары хабарлаған. Кейіннен отбасының отағасы мен оның жұбайының мәйіті табылды. Тергеу жалғасуда.
🤯6😢1
Тоқаев Ержан Қазыханды АҚШ-пен келіссөздер жүргізу жөніндегі арнайы өкіл етіп тағайындады.

Ол екі ел арасындағы ынтымақтастыққа қатысты маңызды мәселелер бойынша америкалық тараппен ресми келіссөздер жүргізеді.

https://t.me/sn_kz
👍2🤔1
Каспий құбыр консорциумының терминалында тұрған танкерге дрондар шабуыл жасады

Шабуыл салдарынан жарылыс болды, бірақ өрт шықпады, экипаж арасында зардап шеккендер жоқ.

Қазақстан мұнайын тиеу жұмыстары 18 қаңтарға жоспарланған болатын.

Алдын ала бағалау бойынша танкер теңізде жүзуге жарамды, қазіргі уақытта залал көлемін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

https://t.me/sn_kz
🤯4
Астана мен Қазақстанның 11 облысында дабылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» синоптиктері тұман, көктайғақ, боран және қатты жел туралы ескертеді. Елордада түнде және таңертең тұман күтіледі, жолдарда көктайғақ болады.

Күрделі ауа райы жағдайлары Атырау, Маңғыстау, Абай, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Ұлытау, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жетісу және Ақмола облыстарында болжануда. Кейбір өңірлерде қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын, жаяу бұрқасын, желдің екпіні секундына 20–25 метрге дейін жетуі мүмкін.

Сондай-ақ алдағы күндері ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі — кей жерлерде аяз 30–38 градусқа дейін жетеді.

https://t.me/sn_kz
😱4👍1
Блогер Қайсар Қамзаға халықаралық іздеу жарияланды

Қайсар Қамза заңсыз ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдікке ілінді. Ол 5 жыл бойы Telegram-дегі «Қора энтертейнмэнт» жабық арнасын басқарып, азаматтарды онлайн-казиноға тартқан.

Тергеу дерегінше, блогер «Pinco» интернет-казиносынан сыйақы мен пайыздық төлемдер алып, табысын криптоәмиян арқылы жасырған. Оның 182 736,741 USDT көлеміндегі криптоактивтеріне тыйым салынды.

https://t.me/sn_kz
🤯3👍1🤬1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Дайындалып келу керек»: Қошанов вице-министрге ескерту жасады

Мәжіліс отырысында сауда вице-министрі Айдар Әбілдабеков депутаттардың кей сұрақтарына нақты жауап бере алмады. Осыған байланысты Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов вице-министрге ескерту жасап, отырыстарға толық дайындалып келу қажеттігін айтты.

Айдар Әбілдабеков жиында ЕАЭО кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың шығу тегін айқындау туралы заң жобасын таныстырды.

https://t.me/sn_kz
👍4🤯2😁1
Депутат алкоголь өнімдерін сағат 20:00-ден кейін сатуға тыйым салу ұсынды

Депутат Магеррам Магеррамов үкіметке алкоголь өнімдерінің айналымын шектеуге бағытталған бірқатар ұсыныс жолдады. Атап айтқанда, алкогольді сағат 20:00-ден кейін, ал қоғамдық тамақтану орындарында 22:00-ден кейін сатуға тыйым салу ұсынылды. Сонымен қатар алкоголь өнімдерінің онлайн сатылымына толық тыйым енгізу және балабақша мен білім беру мекемелерінің маңында алкоголь саудасын шектеу мәселесі көтерілді.

https://t.me/sn_kz
👍4
Қостанай облысындағы ауруханада хирург терапевтті соққыға жықты

Дәрігерлер арасындағы жанжал 21 желтоқсанда Қостанай облысы Тобыл қаласындағы Қостанай аудандық ауруханасында болған.

Терапевт шұғыл хирургты шап жарығына күдікпен түскен науқасты қарауға кеңеске шақырған. Алдын ала мәлімет бойынша, хирург алдымен телефон арқылы наразылығын білдірген, кейін әріптесін ординаторлық бөлмеге шақырып, оның басы, беті және мойны тұсынан ұрған.

Зардап шеккен дәрігер болған жағдайды жасырмай, полиция шақырып, түсініктеме берген және алған жарақаттарын тіркеу үшін медициналық сараптамадан өткен.

Қостанай облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
😱2
«Балаларым кішкентай»: Түркістанда әкесін соққыға жыққан ер адам жазасын жеңілдетуді сұрады

Түркістан облысында әкесін ұрып өлтірді деп айыпталған 41 жастағы Алмас Садақбаев сотта кінәсін мойындап, жазасын жеңілдетуді сұрады.

“Кешірім өтінемін. Қазір ұяттан басымды көтере алмаймын. Өзім де не болғанын білмеймін. Есімнен адастым. Соттан жазамды жеңілдетуді сұраймын. Кәмелетке толмаған балаларым бар. Әйелім жұмыс істемейді, отбасындағы жалғыз асыраушымын”, – деді ол.

Прокурор 6 жыл 2 айға бас бостандығынан айыруды және айыппұл салуды талап етті. Үкім 15 қаңтарда жарияланады.
🤯2🤬2
15 қаңтарда ауа райы қандай болады

Елдің батысы, солтүстік-батысы, оңтүстігі, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі.

Қалған аймақтарда аяз сақталады, жауын-шашын болмайды.

Республиканың барлық өңірінде жел күшейеді, мұз жабындысы, тұман болады.

16 облыста дабылды ескерту жарияланды.
👍3
Ресейдегі зауытта екі қазақстандық қаза тапты

Қайғылы оқиға "Северсталь" компаниясына қарасты Череповец металлургия комбинатының (ЧерМК) өндірістік алаңында болды.

“Қазіргі уақытта өлім себептері тергеліп жатыр, оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс істеуде. Қызметкерлердің туған-туыстарына және жақындарына қайғыра көңіл айтамыз”, — деп жазылған компания хабарламасында.

https://t.me/sn_kz
😢5🤯1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астанада жекеменшік екі клиниканың басшысы МӘМС қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

Қаржылық мониторинг агенттігі олардың үстінен тергеу жүргізіп жатыр.

2022 жылы Қор мен клиникалар арасында 2,4 млрд теңгеге келісімшарт жасалған. Тергеу дерегінше, басшы медициналық қызмет алмаған пациенттер туралы жалған мәліметтер енгізіп, нәтижесінде 682 млн теңгені заңсыз иемденген.

Қаражаттың 364 млн теңгесі басшы мен жұбайының есепшотына аударылған. Сот шешімімен Испаниядағы үй, Астанадағы пәтер және көлікке тыйым салынды.

https://t.me/sn_kz
🤯3👍1
Атыраудағы отбасы туралы ақпар берген «хакерге» халықаралық іздеу жарияланды

Атырау облысында өзін «хакермін» деп таныстырып, әлеуметтік желіде резонанс тудырған ер адам алаяқтық күдігімен Интерпол арқылы халықаралық іздеуге жарияланды. Полиция оның таратқан мәліметтері шындыққа жанаспайтынын және бұған дейін алаяқтық бойынша төрт қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады.

Айта кетейік, Жангелдин ауылында ерлі-зайыптының өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр: күйеу баласы кісі өлтіруге күдікті ретінде, ал олардың қызы хабар-ошарсыз кеткен адам ретінде халықаралық іздеуде. Полиция азаматтарды тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.

https://t.me/sn_kz
😱4👍1🤯1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Екі сәби ажал құшты: Павлодар облысында алапат өрт болды

Павлодар облысы Ертіс ауылында жеке тұрғын үйден шыққан өрт салдарынан екі бала қаза тапты. Өрт таңғы 8:30 шамасында тіркеліп, үй толықтай жанып кеткен.

Құтқарушылар үш баланы сыртқа шығарғанымен, олардың екеуі ауруханада көз жұмды.

Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталып, оқиғаға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.
😢6🤔1🤯1