Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Жаңа Конституцияның жобасына, мазмұнына қарасақ, адамның қоғам мен мемлекеттің дамуындағы орны айқын көрсетілген. Бұны Конституцияның Преамбуласынан бастап бүкіл архитектурасынан көруге болады».
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Статья, направленная на минимизацию политического потенциала религии, ни в коем случае не стремится к построению атеистического государства… Казахстан с большим уважением относится к религии».
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✍1
11 наурыз күні Астанада Парламент депутаттары, саясаттанушылар, академиялық қауымдастық өкілдері, журналистер мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен «Конституциялық реформа және қоғамдық диалог: келешекке бағдар» атты сарапшылар алаңы өтті. Іс-шара барысында қатысушылар жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін және орнықты мемлекеттің институционалдық архитектурасын қалыптастыруға бағытталған өзгерістерді талқылады.
Талқылау аясында білімге негізделген қоғамды дамыту, білім беру жүйесін жетілдіру, инновацияларды қолдау және азаматтардың цифрлық құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері ерекше назарда болды.
Bilim Group компаниясының негізін қалаушы әрі жетекшісі, халықаралық «Қазақ тілі»қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы Конституция қоғамның құндылықтарын айқындайтын стратегиялық құжат екенін атап өтті.
Оның айтуынша, қазіргі әлемде экономикалық өсімнің басты көзі табиғи ресурстар немесе капитал емес, білім мен адам капиталы болып отыр.
«Конституция– тек құқықтық нормалардың жиынтығы емес. Ол қоғам қабылдаған құндылықтардың көрінісі және ұлттың болашақ даму бағытын айқындайтын стратегиялық құжат. Бүгінде мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігі білім мен зияткерлік әлеуетке тікелей байланысты», – деді сарапшы.
Ол қазіргі кезеңде ғылым мен технологияның қарқынды дамуы экономиканың жаңа моделін қалыптастырып жатқанын атап өтті. Әлем елдері арасындағы бәсеке тек тауар нарығында ғана емес, білім, ғылым және технология саласында да күшейіп келеді. Университеттер, ғылыми зертханалар мен технологиялық компаниялар экономикалық өсімнің негізгі драйверлеріне айналуда.
Сарапшының пікірінше, Финляндия, Оңтүстік Корея және Сингапур сияқты елдердің тәжірибесі білім мен технологияға негізделген даму стратегиясының тиімді екенін көрсетеді.
Сонымен қатар әлемде цифрлық трансформация қарқын алып келеді. Жасанды интеллект, үлкен деректер және цифрлық платформалар экономика мен қоғам құрылымын өзгертіп жатыр. Бұл өз кезегінде азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғау, дербес деректердің қауіпсіздігі және цифрлық теңсіздік мәселелерін өзекті етеді.
Рауан Кенжеханұлының айтуынша, жаһандық өзгерістер аясында Қазақстан үшін де жаңа мүмкіндіктер ашылып отыр.
«Қазақстанның басты артықшылығы – табиғи ресурстар мен адам капиталының үйлесімі. Ендігі міндет – табиғи байлықты технологиялық және зияткерлік капиталға айналдыру», –деді ол.
Сарапшының пікірінше, бұл бағытта Конституцияның рөлі ерекше. Жаңа конституциялық өзгерістер адам капиталын дамытуға, білім мен ғылымды қолдауға, инновацияларды ынталандыруға және азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғауға басымдық береді.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда әлемде «білім ұлттарының» дәуірі басталып келеді. Қазақстанның да осындай мемлекеттердің қатарына қосылуына толық мүмкіндік бар.
«Жаңа Конституция табиғи байлықты зияткерлік капиталға айналдыруға және қоғамды білімге негізделген даму жолына бағыттауға мүмкіндік береді», – деп түйіндеді сарапшы.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Талқылауға Парламент депутаттары, саясаттанушылар, академиялық қауымдастық өкілдері, журналистер және қоғам қайраткерлері қатысты.
___
В обсуждении приняли участие депутаты Парламента, политологи, представители академического сообщества, журналисты и общественные деятели.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Проект новой Конституции формирует стратегическую основу развития Казахстана как общества знаний, где ключевым ресурсом становится интеллектуальный потенциал граждан. Об этом заявил руководитель общественного фонда «Мир Евразии» Эдуард Полетаев, выступая на экспертной платформе «Конституционная реформа и общественный диалог: формируя будущее».
Экспертная площадка объединила депутатов Парламента, политологов, представителей академического сообщества, журналистов и общественных деятелей. Участники обсудили ключевые положения проекта Основного закона и институциональные изменения, формирующие архитектуру устойчивого государства.
По словам Эдуарда Полетаева, в общественных дискуссиях конституционные реформы часто рассматриваются прежде всего через призму перераспределения полномочий между ветвями власти. Однако значение Конституции значительно шире.
«В современном мире Конституция выполняет не только институциональную, но и ценностную функцию. Она задаёт стратегическую рамку развития общества и государства», — отметил эксперт.
В этом контексте особое значение имеет закрепление в проекте Конституции направлений, связанных с развитием науки, образования, культуры и интеллектуального потенциала общества.
Полетаев напомнил, что если в индустриальную эпоху главными ресурсами развития считались территория, природные богатства и производственные мощности, то в XXI веке ситуация изменилась.
«Сегодня ключевым фактором развития становится способность общества создавать, распространять и использовать знания. Именно поэтому интеллектуальный потенциал общества превращается в один из главных источников устойчивого развития государства», — подчеркнул он.
По мнению эксперта, стратегическое значение имеет закрепление в Конституции свободы научного и технического творчества, поскольку развитие науки и образования становится важным фактором не только социального прогресса, но и национальной безопасности.
«Страны, обладающие развитой научной и технологической базой, демонстрируют значительно более высокий уровень устойчивости в условиях глобальной конкуренции», — отметил Полетаев.
Эксперт также обратил внимание на человекоцентричный характер проекта Основного закона.
«Мы наблюдаем переход от модели управления ресурсами к модели развития человека и человеческого потенциала. Сегодня успех страны во многом определяется уровнем человеческого капитала — знаниями, талантами и достижениями её граждан», — подчеркнул эксперт.
Не менее важным направлением становится цифровая трансформация, которая требует адаптации государственных институтов к новым технологическим реалиям.
По словам Полетаева, эти подходы нашли отражение и в конкретных положениях проекта Конституции. В преамбуле документа подчёркивается ориентация государства на ценности культуры, образования, науки и инноваций, а среди основополагающих принципов деятельности Республики Казахстан закреплены ценности труда, прогресса и знаний.
Кроме того, Конституция гарантирует свободу слова, научного, технического и художественного творчества, а интеллектуальная собственность находится под защитой закона.
«Закрепление этих норм в Основном законе создаёт более благоприятные условия для развития науки и инноваций и усиливает роль научного сообщества в решении ключевых задач социально-экономического развития страны», — отметил эксперт.
По его мнению, новая Конституция формирует долгосрочную основу конкурентоспособности и устойчивого развития Казахстана, закрепляя модель государства, в которой знания, образование и интеллектуальный потенциал общества становятся ключевыми ресурсами прогресса.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«В этой связи для меня это большая радость, что вопросы инноваций, человеческого капитала, образования, науки становятся одним из главных смыслов новой Конституции, ее стратегическим приоритетом и базовыми ценностями».
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1👏1
11 наурыз күні Астанада Парламент депутаттарының, саясаттанушылардың, академиялық қауымдастық өкілдерінің, журналистер мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен «Конституциялық реформа және қоғамдық диалог: келешекке бағдар»атты сараптамалық алаң отырыс өтті.
Қатысушылар жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін және тұрақты мемлекет архитектурасын қалыптастыруға бағытталған институционалдық өзгерістерді талқылады. Қоғамның білімге негізделген дамуы, инновациялар және азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Алғашқы панельдік сессия жаңа Конституция институттарына арналды. Сессия модераторы Мәжіліс депутаты Айдос Сарым болды. Пікірталас барысында сарапшылар жаңа Конституция жобасындағы институционалдық өзгерістерді және олардың саяси жүйенің тұрақтылығына ықпалын қарастырды.
Саясаттанушы Андрей Чеботарев Конституциялық реформаның мемлекеттік жүйенің институционалдық негіздерін нығайтуға бағытталғанын атап өтті.
– Сонымен қатар жаңа Конституция шешім қабылдау үдерісіне қоғамның қатысу тетіктерін кеңейтуді көздейді. Халық кеңесін, қоғамдық кеңестерді, жергілікті қауымдастықтардың жиындары мен басқосуларын қамтитын қоғамдық диалог пен сараптаманың көпдеңгейлі жүйесі қалыптасуда, – деп өз пікірін білдірді сарапшы.
Жалғасы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Марат Шибутов жаңа Конституция жобасының азаматтардың саяси өмірге қатысуын қалай кеңейтетіні туралы талдау ұсынды.
«Құрылтайдағы партиялық өкілдіктің кеңеюі және Қазақстан Халық кеңесінің рөлінің артуы саяси өкілдіктің неғұрлым теңгерімді жүйесін қалыптастырады. Бұл шешім қабылдау процесіне қоғамдық және саяси акторлардың көбірек қатысуына ықпал етіп, саяси жүйенің институционалдық тұрақтылығын нығайтады», – деп атап өтті М. Шибутов.
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Негізгі заң жобасы адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайтуға бағытталғанын атап өтті.
– Құжатта жеке тұлғаны қорғаудың бірқатар жаңа тетіктері бекітіледі. Оның ішінде азаматтардың Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндіктерін кеңейту, адвокатураның рөлін күшейту, сондай-ақ халықаралық тәжірибеде қолданылатын «Миранда ережесіне» ұқсас құқықтық нормаларды енгізу қарастырылған. Бұл ереже ұсталған адамдарға олардың құқықтарын міндетті түрде түсіндіруді көздейді, – деп атап өтті А. Құспан.
Саясаттанушы Талғат Қалиев өз сөзінде Конституциялық реформа тұрақтылығы көбіне жеке тұлғалық факторға сүйенген саяси жүйе моделінен ережелерге, рәсімдерге және өкілеттіктердің теңгеріміне негізделген неғұрлым институционалдық жүйеге көшу үрдісін көрсететінін айтты.
«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова жаңа Конституцияның өзегін құндылықтар, соның ішінде қоғамдық диалог пен сөз бостандығы құндылықтары құрайтынын атап өтті.
– Бізде сөз бостандығы бар екенін, цензураға тыйым салынғанын білеміз. Яғни плюрализм кеңістігі қамтамасыз етілген, белгілі бір мәселелерге әртүрлі көзқараспен қарау мүмкіндігі бар. Бұл қоғамдық диалогқа қатысты барлық институттарға да таралады, – деді қоғам белсендісі.
Журналист және сарапшы Нұрбек Матжани сөз бостандығы мен жауапкершілік мәселелеріне тоқталды.
– Жаңа Конституция әр адамның өз көзқарасын еркін білдіру құқығын бекітеді, сонымен қатар азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін, сондай-ақ жеке өмірін қорғаудың құқықтық тетіктерін де қарастырады, – деп атап өтті сарапшы.
Ол негізгі кепілдіктердің қатарында цензураға тікелей конституциялық тыйым салынуын, сондай-ақ ғылыми, техникалық және көркем шығармашылық еркіндігінің бекітілуін атап өтті.
Жалғасы⬇️

Білім беру, инновациялар және цифрлық құқықтар мәселелеріне арналған екінші панельдік сессияның модераторы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов болды.
Қатысушылар конституциялық реформаның адами капиталды, ғылымды, инновацияларды және цифрлық ортаны дамытуға ықпалын талқылады.
Сессия барысында саясаттанушы Ғазиз Әбішев жаңа Конституция жобасында мемлекеттің және білім беру жүйесінің зайырлы сипатын бекітудің маңызын атап өтті.
«Бұл ережелер ар-ождан бостандығы мен зайырлы мемлекет қағидаты арасындағы тепе-теңдікті сақтауға, сондай-ақ дінді саясаттандырудың алдын алуға және қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған», – деп атап өтті Ғ. Әбішев.
Maqsut Narikbayev University профессоры Марат Ахмади қазіргі жағдайда адами капиталдың басты стратегиялық ресурсқа айналып отырғанын атап өтті.
Сарапшының пікірінше, Конституцияда ғылымды, білім беруді және инновацияларды дамыту басымдықтарын бекіту Қазақстанның білім экономикасына көшуіне және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға институционалдық негіз қалыптастырады.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек технологиялық серпіліс өңірлік, географиялық, технологиялық және экономикалық теңсіздікті күшейтіп, белгілі бір теңгерімсіздіктер туғызғанын айтты.
– Осыған байланысты инновациялар, адами капитал, білім мен ғылым мәселелерінің жаңа Конституцияның негізгі мәндерінің біріне айналып, оның стратегиялық басымдықтары мен базалық құндылықтары ретінде қарастырылып отырғаны мен үшін үлкен қуаныш, – деп атап өтті С. Нұрбек.
Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева жаңа Конституция жобасы адам мен бала құқықтарын қорғау жүйесін күшейтетінін атап өтті.
«Құжатта отбасыны, ана мен баланы қолдаудың қосымша кепілдіктері бекітіліп, мемлекеттік саясаттың адамға бағытталған сипаты айқын көрсетіледі», – деді Динара Зәкиева.
Осыған ұқсас пікірді Bilim Group компаниясының негізін қалаушы Рауан Кенжеханұлы да білдірді. Оның айтуынша, XXI ғасырда қоғам дамуының негізгі факторы – оның интеллектуалдық әлеуеті
«Білім, ғылым және инновацияларды дамыту білім қоғамының негізін қалыптастырады, ол тұрақты экономикалық өсудің басты көзіне айналады», – деп атап өтті Рауан Кенжеханұлы.
Саясаттанушы Эдуард Полетаев қазіргі Конституция тек құқықтық қана емес, сонымен қатар стратегиялық функцияны атқаратынын, оның ұзақ мерзімді мемлекеттік дамудың құндылықтық аясын анықтайтынын айтты.
Сараптамалық платформа қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа Конституция Қазақстанның әрі қарайғы дамуының институционалдық және құндылықтық негіздерін қалыптастыратынын, оның адам құқықтарын нығайтуға, білім қоғамын дамытуға және мемлекеттік жүйенің тұрақтылығын жаһандық өзгерістер жағдайында арттыруға бағытталғанын атап өтті.