SOVIETBACK
1.81K subscribers
238 photos
35 videos
7 files
603 links
Мағжан Советбек. Білім беру, шетелде оқу және жұмыс істеу, ағылшын үйрену туралы арна.

Instagram: https://instagram.com/sovietback?igshid=Mzc1MmZhNjY=

Сұрақтар бойынша: @msovetbek
Download Telegram
Мен 2017-ші және 2021-ші жылдары Ielts reading-тан 9.0 алған болатынмын.

Бұл қатты дайындығымнан емес, сол айтлсқа дейін жылдар бойы көп ақпараттарды, газет-журналдарды оқығанымның көмегі болды.

Ielts reading-тан жоғары ұпай алуға көмектесетін газет-журналдардың тізімін жазайын:

1. National Geographic
2. New Scientist
3. The Wire
4. The Economist
5. The Atlantic
❤5
Ielts-қа жақсы дайындалудың ең нәтижелі жолдардың бірі:

• Кері байланысы бар сайтпен дайындалу:

https://www.ielts-writing.info/EXAM/

Reading-қа қатысты әртүрлі жаттығулар бар. Сайтта дұрыс және қате жауаптың бәрін де көрсетеді. Бұл сіздің дайындығыңызды жеңілдетеді.

• Cambridge practice tests арқылы дайындалу:

https://practicepteonline.com/cambridge-ielts-1-13-tests/

Бұл 100% Айлтстың қиындығына ұқсайды. Яғни Кембриджда қанша ұпай жинасаңыз, Айлтста да дәл сондай ұпай жинай аласыз.
👍6❤3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❤2🙏1
Сіздерге IELTS бойынша кеңестер ұнады ма?

Сіздерге тағы қалай көмектесе алушы едім? Комментке жазыңдар 👀👇
🔥4❤1
Бүгін бассейнге барып жүздім. 3 күн қатарынан келіп жүрмін.

Интенсивті бокс жаттығуларына үйреніп қалғандықтан, бүгін әшейін жүзе алмадым - жаттығу бағдарламасы керек болды.

Гуглға кіріп ағылшынша іздедім - бірінші сілтемені ашып, сол бағдарламамен жаттықтым.

Кейін эксперимент ретінде сондай жаттығуды орысша, қазақша іздеп көрдім - және нәтижесі мені таң қалдырды 😳

Ағылшын тілін білсеңіз, бүкіл әлемнің білімі қолыңызда.

“Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте” деп бекер айтпаған.
👍3❤1
Осы жылдың басында курсымның түлегі маған керемет кітап сыйлады - “Бейсен және Болмыс”. Кітап атақты журналист Бейсен Құранбектің өмірі туралы баяндайды.

Бұл кітапты мен үлкен сүйіспеншілікпен оқып жатырмын, себебі Бейсен ағамыз өз заманының сүйікті қаһарманы, үлгі тұтарлық алып тұлға болды.

Бейсен Құранбектің жүздеген өмірлік оқиғалары арқылы оқырманға оның кшіпейіл, мейірімді, бауырмашыл жаны ашылады. “Нағыз кісілік - кішілікте” деген өмірлік кредомен ғұмыр кешкен.

Еліміздің әр азаматына туған бауырындай махаббатпен қарағаны жүректі жібітеді.

Кітаптағы маған ең ұнаған сөздердің бірі - “Ел сені түсіңе қарап емес, ісіңе қарап танысын”.

Мені де халқым ісім үшін танығанын қалаймын.
❤2👍1
IELTS деген не? 📚

Достар, қазір ағылшын тілін меңгеру өте маңызды. Мектепте ағылшын тілі пəнін қалай оқып жүрсіздер? Араларыңызда қосымша сабаққа баратындар да бар шығар? Олай болса, сендерге IELTS сөзі таныс деп ойлаймын. Қазір Назарбаев университетіне оқуға түсу үшін, магистратураға тапсыру үшін, шетелге шығу үшін, тіпті, жақсы компанияға жұмысқа орналасу үшін де IELTS емтиханының сертификаты керек. Ал IELTS деген не? Оған қалай дайындалу керек? Бүгін осы туралы ақпарат береміз.

IELTS дегеніміз – ағылшын тіліндегі the International English Language Testing System сөзінің қысқарған түрі, ағылшын тілінің халықаралық тестілеу жүйесі деген мағына береді. Осы сынақтың, нәтижесі қаншалықты жоғары болса, соншалықты деңгейде шет елде білім алуға мүмкіндік бар деген сез. Қазір əлемнің 6 000-нан астам жоғары оқу орны, институттар, мемлекеттік мекемелер мен іскерлік ұйымдары IELTS нəтижесін қабылдайды. Əлемде жыл сайын 1 миллионнан астам адам қажетіне қарай IELTS сынағын тапсырады екен.
❤2
IELTS бөлімдері👇

IELTS speaking (сөйлеу), listening (тыңдалым), reading (оқылым) жəне writing (жазылым) бөлімдерінен тұрады.

🗣️Алғашқы бөлім – Speaking (тілдесу, сөйлесу). Бұл бөлімде арнайы ағылшын-тілді маманмен бірге бір немесе бірнеше тақырыпқа орай əңгімелесу керек. Əңгімелесу бөлімі 11-14 минутқа созылады.

Екінші кезеңде белгілі бір тақырып туралы 2-3 минут сөйлеуіңіз керек. Бұл монолог форматында өтіледі.

Үшінші кезеңде алдыңғы кезеңдегі тақырып төңірегінде пікір алмасу болады. Қалған үш модуль бойынша IELTS сынағын тапсырудың жалпы уақыты – 2 сағат 45 минут.

🎧Тыңдау, оқу жəне жазу модульдері бір күнде қатарынан орындалады. Listening (тыңдау) төрт тақырыпқа бөлінген 40 сұрақтан тұрады. Оны орындауға 30 минут уақыт беріледі. 

📖Reading (оқу) жалпы нұсқада үш тақырыпқа бөлінген 40 сұрақ болады. 60 минут уақыт беріледі.

📝Writing (жазу) бөлімінде екі тапсырма болады. Хаттама жəне эссе. Екеуін орындауға ортақ 60 минут беріледі. 

Достарский, IELTS-тың құпиясы – тек қана оқу, еңбектену, дайындалу✅.