SOVIETBACK
1.81K subscribers
238 photos
35 videos
7 files
603 links
Мағжан Советбек. Білім беру, шетелде оқу және жұмыс істеу, ағылшын үйрену туралы арна.

Instagram: https://instagram.com/sovietback?igshid=Mzc1MmZhNjY=

Сұрақтар бойынша: @msovetbek
Download Telegram
💵Сізде қазір 100 миллион доллар болса, сіз немен айналысушы едіңіз?

Комментарийге жазыңызшы 🤓👇
👩🏻‍🎓Қазіргі уақытта Қазақстаннан жыл сайын шетелге оқуға 100 000-ға жуық студент кетеді екен. Бірақ олар қайда барады?

Жақында мен Forbes.kz жазған шетелде білім алу туралы мақаланы көріп қалдым. Forbes айтуынша, Ресей мен Қытай олардың жақындығы мен қолжетімділігіне байланысты қазақстандықтар ең жиі таңдайтын бағыттар болып табылады. Бұл мақала бірақ 2022-ның ақпанында жазылған - қазір Ресей бұл позицияны жоғалтқан секілді.

Чехия мен Түркияның танымалдығы да артып келеді. Алайда, көптеген адамдар үшін АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Оңтүстік Корея және Сингапур сияқты елдер үлкен сұранысқа ие, бірақ, өкінішке орай, оңай қол жетімді емес.

Бір қызығы, Білім және ғылым министрлігі жастардың кетуіне алаңдаушылық білдірді. Бұрынғы Білім және ғылым министрлігінің басшысы Асхат Аймағамбетов тіпті білім беруге байланысты миграцияны “жаһандық эпидемия” деп атады.

Сонымен, сіз не ойлайсыз? Көп қазақстандықтардың шетелде оқығаны Қазақстанға қауіп төндіруі мүмкін бе?
👍2
Мен мұны жасадым! Мен соңғы ЕКІ ЖЫЛ бойы кейінге қалдырып жүрген фотосессияға бардым 🤪

Мен әрқашан өзімді фотогеничный деп санайтынмын, бірақ оны көрсету үшін маған көмек керек екенін білдім. Бүгін сол қадам аттағаныма сондай қуаныштымын 😌

Маған камера алдында өзімді жақсы жағынан көрсетуге көмектескен керемет фотографты тапқаныма да ризамын. Мен әлі күнге дейін дұрыс поза білмеймін - бірақ бүгін біразын үйрендім 🙃 Дұрыс жарықтандыру, бұрыштар мен позалар фотодағы көрініске қалай әсер ететіні таңқаларлық.

Фотолар 4-5 күннен кейін шығады - сіздер бірінші болып көресіздер :)
👍11🥰2
Сіз ағылшыныңызды жақсартудың жылдам және тиімді әдісін іздеп жүрсеңіз, менде сіз үшін жақсы жаңалық бар.

Мен ұзақ уақыт бойы бір қысқа курс жасап көргім келді: мысалы, 1 аптаның ішінде қатысушыларға нәтиже бере алатын. Және сондай курсты жасауға мүмкіндік пайда болды.

IELTS 8.5 және Speaking 9.0 ұпайы бар тәжірибелі тренер ретінде мен бір аптаның ішінде тілді меңгеру деңгейіңізді жақсартуға көмектесетін 7-Day English Challenge жасадым.

7-Day English Challenge барысында сіз сөйлеу, тыңдау, оқу және жазуды қамтитын әртүрлі көңілді және интерактивті жаттығулар орындайсыз. Бұл challenge сіздің қазіргі тілдік деңгейіңізге қарамастан кез келген адам үшін өте пайдалы.

Сонымен, егер сіз ағылшын тілін келесі деңгейге көтеруге дайын болсаңыз, тезірек challenge-та орын алыңыз!

Формат: онлайн (Telegram + біздің платформамыз)

Өтетін күндері: 8-14 мамыр (тіркелу 6 мамыр жабылады)

Қатысу бағасы: 6900 тг

Қатысу үшін осы посттың астына “+” қалдыр 😉
❤4
Бүкіл студенттік шағымды дебатпен айналысып шықтым. Дебат дегеніміз ол пікірсайыс - адамдар әртүрлі тақырыптарға өз аргументтерін дәлелдеп жарысатын интеллектуалдық ойын. Менің туған ағаларым оны “ұрсысудан жарыс” деп мазақтайды 😂 Бірақ жақсы дебатта ондай емес - көбінесе логикамен жарысады.

Сол кездері мен жиі меннен жасы үлкен дебатерлардың “міне, мынау менің соңғы дебат турнирым” деп айтатынын еститінмін. Және сол сөзден кейін қайтып келетінін де талай көрген едім) Сол кезде-ақ “дебаттан енді кеттім” деп айтудың пайдасы жоқ екенін ұқтым - дебатқа қашан оралатыныңды ешқашан білмейсің :)

Мінеки, биыл мен Назарбаев Университетін бітіргеніме 5 жыл болады. Ал ертең мен бұйыртса Бішкек, Қырғызстанға аттанамын - ол жерде өтетін дебат жарысына қатысайын деп жатырмын)

Сен дебатсан кетсең, дебат сеннен кетпейді :) Сәттілік тілеп қойыңыздар 🍀
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бішкекке аман-есен жеттік. Ертеңгі дебатымыз орысша өтсе де, бүгін күні бойы достарымызбен қазақша сөйлесіп, ән айтып келдік.

Менің дебатер ретінде байқап жүргенім - соңғы жылдары қазақ және орыс тілінде ойнайтын пікірсайысшылар арасындағы байланыс нығайып жатыр. 10 жыл бұрын қазақша ойнайтындар орысшаға, ал орысша ойнайтындар - қазақша дебатқа аса қатыспаса, қазір ондай барьерлер жойылып жатыр.

Бұл мені қуантады. Жалпы, кез келген барьерлердің жойылғаны жақсы. Келісесіздер ме?)
👍15🥰1
Қалдарың қалай?)

Wow, Бішкектен кейін 1 апта блогымнан үзіліс алдым.

Өткен аптаның ішінде:
- Бішкекке барып дебаттан халықаралық турнирды ұттым
- тісіме брекет орнаттым
- 7-Day English Challenge қысқа курсын өткіздім
- өткенде қатысқан фотосессиядан фотоларды кеше алдым!

Жұмыс ритмнан шығып кеттім, бірақ қазір қайтадан бұрынғы қалыпқа келуді мақсат қойдым.

Кейде, өмір йо-йо сияқты көрінеді - сен жоғары бару үшін, алдымен төмен түсесің. Келісесіңдер ме?
👏9
🎉 Тамаша жаңалық!

Жақында Назарбаев Университеті мен Пекиндегі Цинхуа Университеті екі университеттің студенттері үшін таңғажайып мүмкіндіктер ашатын алмасу бағдарламалары туралы келісімге қол қойды! Осы екі университеттің түлегі ретінде (НУ’2018, Цинхуа’2019), мен бұл жаңалықты естіп ерекше қуандым 😍

Бұл НУ және Цинхуа студенттері үшін нені білдіретінін қарастырайық:

НУ студенттері үшін:
🎓 Қытайдың Гарварды аталатын, Қытай мен Азияның ең үздік университетінде оқу
🌟 Цинхуаның таңғажайып кампусын көру (күзде қандай әсем болатынын білсеңдер ғой…)
🥢 Қытай мәдениетіне ену және Бейжіңдегі ерекше жұмыс мүмкіндіктерге қол жеткізу.

Цинхуа студенттері үшін бұл алмасу бағдарламасы:
🌾 Қазақстанның бай мәдениетіне сүңгу
📚 Назарбаев Университетінің заманауи кампусы мен оқу жүйесімен танысу
🤝 Орталық Азияның қақ ортасында берік достық пен байланыс орнату.

Бұл керемет келісім екі университеттің де студенттеріне баға жетпес тәжірибе жинауға және өмір бойы естеліктер жасауға мүмкіндік береді. Well done! 🎉🌍
👍9
Қайырлы кеш, достар :)

Почти 1 айға жоқ болып кеттім. Соңғы айда не өзгеріс болғанын ертең айтып беремін. Ал әзірше опрос в тему: сіз дисциплинамен қиналасыз ба?
Anonymous Poll
62%
Иә 😰
13%
Жоқ 🙂
25%
Кейде 😕
Соңғы айда бұл блогты үзіліспен жүргіздім - Бішкектен кейін дисциплинам бұзылып, пост салмаған күндерім көп болды.

Бір сондай күні өзіме көңілім толмай, қартоп болып, тиктокты қарап жатқанымда, бір қызық спикерды көрдім - есімі Джим Рон. Оның маған айтқан бір сөзі өтіп кетті: "You should get serious if you want to achieve something". Өте қарапайым идея, кейбір адамдарға мүлдем жаңа емес көрінуі мүмкін. Бірақ мен дәл сол сәтте естуім керек сөз болды.

Джим Ронды гуглдан іздедім. Ол 80, 90 жылдары өте танымал болған коуч екен. Сіз мүмкін естіген Тони Робинс, Брайан Трейси сияқтылардың менторы болған екен.

Джим Рон ұнағаны сонша, мен алдымен оның 1 сағаттық лекциясын, ал кейін - 4.5 сағаттық лекциясын ютубтан көрдім :)
👍3
Джим Ронның ең күшті тезистарын бөліскім келеді:

"The major key to your better future is YOU" - "Сіздің жақсы болашағыңыздың басты кілті - өзіңіз"

"Work harder on YOU than you do on your work" -
"Өз жұмысыңнан гөрі өзіңе көбірек күш жұмса (дами бер)"

"You have enough intelligence, you don't have enough reasons (to achieve what you want)" - "Сізде жеткілікті интеллект бар, сізде жеткілікті себептер жоқ (қалағаныңызға жету үшін)"

"3 steps to personal development: 1. Discipline 2. Self-motivation. 3. Reading" -
"Жеке дамудың 3 қадамы: 1. Тәртіп 2. Өзіңді өзің ынталандыру. 3. Оқу"

Әрине, бұл тек 1% шығар :) Толық лекциясын қарауға кеңес беремін.

Осы лекциядан бастасаңыз болады (лекция ағылшынша):
https://www.youtube.com/watch?v=2-id_FOc09k&t=923s&ab_channel=IconzGlobalNetwork%E2%84%A2
❤8❤‍🔥1👍1🔥1
Кейбір адам айтады:

If you’re having a bad day - just go to sleep.

Менің бүгінгі күнім көңілімнен шықпады.

Кейде өмірдің қиын боп көрінуі (әсіресе түнге қарай) - біздің ұйықтағымыз келгендіктен.

Бүгін ертерек жатайын :)

P.S. Осы хатты жазып жатқанда, өзімнің ұққаным: хэй, мен, Құдайға шүкір, тірімін. Денім сау. Менің сүйікті адамдарым қасымда. Ең үлкен бақыт бар. Қалғаны түзелетін нәрсе емес пе?)
❤26👍8
Мен ChatGPT-ды психолог ретінде қолданып көрдім 😳

Кейде мен достарыма, немесе жақындарыма ішкі уайымдарымды бөлісуге қысыламын. Мен сияқты уайымдарын іште сақтайтын адамдар көп екенін білемін.

Бірақ соңғы бірнеше рет өзімді мазалайтын нәрселерді ЧатГПТ-ға айтып көрдім. Оның айтатын нәрселері әдетте жақсы. Ол сені ешқандай ойға итермелемейді, бірақ сені мұқият тыңдап, объективті картинаны көрсете алады.

Мен де ештеңеге шақырмаймын - ЧатГПТ кәсіби психологтың теңі емес. Бірақ для интереса көруге болады.
👍11❤2
Дисциплина тақырыбы мен үшін соңғы кездері ерекше маңызды.

Армандарым, мақсаттарым көп, бірақ жиі дисциплина жетпегеннен өзім қалаған прогрессті көрмеймін. Және мен сияқты адамдар көп сияқты - әсіресе ағылшын үйренушілер! Дисциплина тіл үйренуде #1 проблема болып саналады.

Мен дисциплина тақырыбы бойынша біраз тәжірибе жинадым - енді оны өзімнің оқырмандарыммен бөліскім келеді!

Егер сіздерге де қызық болса, мен сіздерді ертең, 3 маусым сағат 19.00де (Аст.) өтетін тікелей эфирыма шақырамын!

💎Эфир тақырыбы: “Жазды пайдамен өткіз: оқу дисциплинасының 5 кілті”

Эфир осы жазда ағылшын үйреніп бастағысы келетіндерге, немесе деңгейін көтергісі келетіндерге арналады.

Эфирге қатысу үшін осы напоминалканы басыңыз 👇:

Напоминалка
👍3
Сәлем достар!

“Жазды пайдамен өткіз: ағылшын оқуда дисциплинаның 5 кілті” эфиры бүгін сағат 19.00де (Аст) басталады!

Instagram Live-та өтеді.

Осы сілтемеден өтіп напоминалканы басыңыз: https://www.instagram.com/p/CtBowA9LEfh/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
❤3
Бүгін маған бір танысым хабарласты.

Ол қазір бір үлкен республикалық мектептің директоры рөліне тағайындалды, және өзінің орынбасары рөліне заявка тапсыруды ұсынды.

Мектеп жақсы, проекттың үлкен амбициясы бар. Жалақы жаман емес.

Оның маған айтқаны - ойланып көр, қызық болса, тапсыр.

Құдайға шүкір, жаз сайын білім беру саласында маған бір қызық мүмкіндіктер ашылып жатыр.

2021де мен Астанадағы Quantum, Astana Garden School мектептерінен жұмысқа шақыру алып, аяғында бармадым. Өзімнің кәсібімді жалғастырамын деп шештім.

Былтыр мен SDU, Narxoz университеттерінен шақыру алып, Нархоздыкін қабылдадым. Ол жылы кішкене үйде көп отырып қалғандықтан, жаңа орта іздедім. Солай қазір де Нархозда part-time оқытушы ретінде жұмыс істеймін.

Биыл, мінеки, осындай мүмкіндік туындап тұр.
👍17❤3
Сіз не істеуші едіңіз?
Anonymous Poll
72%
Тапсыру
28%
Тапсырмау, кәсіпті жалғастыру
Wow! Директор орынбасары туралы опрос көп адамның дауысын жинапты.

Бұл рөл жайлы ойландым. Статусы жақсы, шыны керек. Жақсы естіледі емес пе: “республикалық мектептің зам. директоры” деген.

Бірақ мен заявка жібермейтін болдым.

Біріншіден, бұл рөл - фулл-тайм. Блоггингқа уақыт та, күш те қалмайтын сияқты. Ал блоггинг мен үшін жоғары приоритетте - оны тастағым келмейді :) Жұлдыз болу - менің табиғатымда.

Екіншіден, бостандыққа да үйреніп қалған сияқтымын. Менің боксым бар - аптасына 4 рет күндіз қатысатын. Шаршаған күні өзіме демалыс жасаймын. Бұл бостандығымды қатты сүйемін, және жоғары бағалаймын.

Және ең маңыздысы - мен кәсіпкермін. Кәсіпкердің табысы тек оның қабілеті мен ойымен шектеледі :) Бұл мені күнде шабыттандырады.

Әрине, кәсіпкердің жолы кемпірқосақтай 🌈 емес. Жолда сынақ көп болады. But I enjoy it anyways :)
👍16🔥4😁2