SOVIETBACK
1.82K subscribers
238 photos
35 videos
7 files
603 links
Мағжан Советбек. Білім беру, шетелде оқу және жұмыс істеу, ағылшын үйрену туралы арна.

Instagram: https://instagram.com/sovietback?igshid=Mzc1MmZhNjY=

Сұрақтар бойынша: @msovetbek
Download Telegram
🔥 ҚЫЗДАРҒА АРНАЛҒАН АРНАЙЫ ЖЕҢІЛДІК – СОҢҒЫ КҮН! 🔥

Қыздар, егер ағылшын үйренуді көптен бері жоспарлап жүрсеңіз – бүгін бастау үшін ең керемет мүмкіндік!

Тек 8 наурызда ғана сіз үшін 40% жеңілдік бар! 🎉

✅ 6 айда 2 деңгейге жоғарылайсыз
✅ Cambridge әдісі – жылдам нәтиже!
✅ Жаңа формат: топта аз адам, көбірек практика!

📅 Онлайн – 6 студентке дейін
📅 Офлайн Алматы – 8 студентке дейін

Бұл соңғы жеңілдік күні, ертең бәрі қымбатырақ болады. Қазір жазылып үлгеріңіз!

📩 Жазылу үшін менеджерге жазыңыз: https://wa.me/+77056578678
👏1
Сәлем, достарски ❤️‍🔥

17 жасымда мен Назарбаев Университетіне түскім келді.

Қатты қорқыныш пен күмәнмен алғаш рет IELTS емтиханына тіркелдім. Деңгейім low upper-intermediate болса да, 2 ай бойы тынымсыз дайындалып, нәтижесінде 7.5 балл жинадым 😍

Егер мен қалай дайындалғаным, қандай ресурстар қолданғаным және осы нәтижеге не көмектескені қызық болса — бүгін Tiktok-тағы тікелей эфирге қосылыңыз!

Эфир қазақ тілінде өтеді.
12 сәуір, 17:00

Сілтеме
👍3❤1
Сәлем, достарски!

Long time no see!
Осы каналды жүргізбегелі көп уақыт болды. Бірақ жалғастыруға жақсы себеп таптым - мен өз қазақшамды жаңа деңгейге шығару үшін арнайы challenge бастамақшымын!
🔥2👍1
Мен өз қазақшамды 15 күнде байқарлықтай жақсартқым келеді!

Ол үшін арнайы 15×15 challenge бастаймын:

15 күн бойы мен күніне 15 минуттан 6 жаттығу орындаймын:
– Аудиокітап тыңдау - 15 мин
– Кітап оқу - 15 мин
– Пост жазу - 15 мин
– Дауыстап оқу - 15 мин
– Shadowing жасау - 15 мин
– Жаңа сөздерді жаттау - 15 мин

Және күнде сағат 15:15-те Instagram-да тікелей эфирге шығып, челендждің қалай өтіп жатқанын бөлісіп отырамын!

Бұл челенджді ертең, 29 шілде бастамақшымын!
Оны кез келген тілді дамыту үшін қолдануға болады — тіпті ағылшыныңызды жақсартқыңыз келсе, менімен бірге орындай аласыз!

Егер сіз де бірге жасағыңыз келсе, осы каналда мен нақты қандай материалдармен жұмыс істеймін, қандай қадамдар жасаймын — бәрін бөлісіп отырамын. Ағылшын үйренушілерге пайдалы ресурстар да болады!

Қатысу тегін!

Ертең бастаймыз 🔥
👍9🔥6❤4
What’s up everybody?

130 адам challenge-ға қызығып қосылғанына өте қуаныштымын!

Менімен бірге challenge орындайтындар - 🔥

Орындауға әлі дайын емес, бірақ қолдайтындар - ❤️
🔥10❤5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
👍4
15 х 15 Challenge бағдарламасы:
❤5👍2
SOVIETBACK
15 х 15 Challenge бағдарламасы:
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Таңертең ояна салып, 15 минут күнделік жүргіздім - іштегі ойымды ақтардым.

Сосын тауға шығамын деп, жол-жөнекей аудиокітабымды тыңдадым, shadowing істеп те үлгердім.

Осылай түске дейін жарты challenge орындап тастадым 🤓
🏆7
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
👍4
Бүгін 15.15-те Listening - тыңдау дағдысын дамыту жолдары жайлы тікелей эфир өткіземін.

Эфир қысқа, 15 минут өтеді, Instagram-да өткіземін.

Сіздерге осы тақырыпта не қызық?
💯5
2 минутта бастаймыз!

Instagram Live

https://www.instagram.com/sovietback?igsh=M3E5MnU2eWVwZXJs&utm_source=qr
👍1
Эфир қалай өтті? Кім көрді?
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
👏2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Кейде жатар кезде кітап оқығанда бейтаныс сөздерді бірден аударғым келмей, астын сызып қоямын. Келесі күні қайта оралып аударатындай.

Бүгінгі сөз жаттауға арналған 15-минутымды осы сөздердің мағынасын іздеуге жұмсаймын :)
❤4
Сөздерді осылай Quizlet-ке тіркеймін.

Сөз жаттауға қатысты маңызды ережелер бар, кейін сіздерге қалай жасайтынымды көрсетемін.
Бүгін мен алтауынан бесін орындадым.

Соңғысын - кітап оқу - бітірейін десем, діңкем құрып, шаршап тұрмын 😓 Не оқығанымды түсініп тұрған жоқпын.

Бұл да маған сабақ: кешкіге қалдырма. Таңертең өзім айтсам да, толық орындай алмадым.

Сіздерге де шындығымды көрсеткім келді: бұл өмір, біз адамбыз, бізде шаршау деген болады.

Бәрібір бүгін тыңдаудан 15 минуттан асырдым - 45 минут тыңдаған шығармын. Ал кітапты ертең қуып жетемін.

Good night everyone 💤
👏5👍2❤1
Morning everyone!

Бүгін таңертең өзімді сәл онша еместей сезіндім. Кеше бекер емес шаршаппын - қалпымда өзгеріс бар, мүмкін вирус. Сол үшін бүгін спортқа бармадым.

Босаған уақытты challenge-қа пайдаландым: төртеуін орындап үлгердім!
Бүгін 15.15-те тікелей эфирде Reading Skills туралы сөйлесеміз!

- Reading дамыту жолдары
- Extensive Reading vs. Intensive Reading: қайсысы жақсы
- ағылшын үйренушілер кітаптарды қай жерден тауып оқи алады?
- Reading List - керек нәрсе ме?
👍3❤2