❓БҰЛ КАНАЛДЫ ЖҮРГІЗЕТІН КІМ ӨЗІ?)
Барлығына сәлем, достар!
Менің есімім Мағжан Советбек, және мен бұл каналды жүргіземін.
Канал оқырмандарының арасында мені танымайтындар бар екен, сол үшін өзімді таныстырғым келіп тұр.
Мен Алматыда туып өстім, бүгін де сол қалада тұрамын. Мен ағылшын тілін онлайн үйретемін.
Бұл резюме сияқты көрінуі мүмкін, бірақ мен сіздермен мақтан тұтатын кейбір жетістіктерімді бөліскім келеді.
👨✈️2020 жылдан 2023 жылға дейін Dixi School мектебінің директоры болғанмын және сол уақытта 800-ден астам оқушыға IELTS емтиханына дайындалуға көмектестім.

❤12
👨🏻🎓Мен Назарбаев Университетінің түлегімін және Цинхуа Университетінде Менеджмент магистрі дәрежесін алдым. Бұл мен үшін өмірімді өзгерткен тәжірибе болды.
Бірақ мен - тек қана менің академиялық және кәсіби жетістіктерім емес. Бос уақытымда мен бокспен айналысқанды 🥊және ән айтқанды 🎤ұнатамын.
🤳Мен блог жүргізуге құмармын және @sovietback блогымда өз ойларым мен идеяларымды бөлісемін. Онда мен басқаларды өз армандарын орындауға шабыттандырамын деп үміттенемін.
🫂Ең бастысы - мен басқаларға көмектесуге ұмтыламын, ал ағылшын тілін үйрету - адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгерту тәсілі.
🇺🇸Мен жаңа тілді үйренудің қаншалықты қиын болатынын білемін, сондықтан мен өз студенттерім үшін жылы шырайлы, қолдау көрсететін және тәрбиелейтін оқу ортасын құруға тырысамын.
🇰🇿Мен 2 жыл бойы блогымды орысша жүргіздім. Биыл, мінеки, қазақ тіліне ауыстым.
Қазақ тіліне көшкеніме қуаныштымын және тіл мұғалімі ретіндегі жолым оқырмандарыма әсер етіп, адамдарды өз әлеуетін толық ашуға шабыттандырады деп сенемін.

👍15❤4
🤓Менің осы хикаямды бақылап жүргендеріңіз үшін рахмет және мен сізбен жақынырақ танысуды асыға күтемін.
❤9🥰2
🚨Керемет жаңалық!
Шварцман Стипендиясына өтінімдер қабылдауы ашық!
Шварцман Стипендиаты ретінде мен бұл бағдарламаның қандай өмірлік тәжірибе ұсынатынын білемін.
Қытайдың астанасы Бейжіңде орналасқан Schwarzman Scholars бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас көшбасшыларға Қытай мәдениетіне енуге, жаһандық перспективаға ие болуға және қазіргі заманның ең өзекті мәселелерін шешу дағдыларын дамытуға бірегей мүмкіндік береді.
Schwarzman Scholars - Қытайдың Бейжің қаласындағы Цинхуа Университетінде мемлекеттік саясат, экономика немесе халықаралық қатынастар бойынша бір жылдық магистратура бағдарламасы.
Стипендияның құны 200 000 доллармен есептеледі. Сіз дұрыс оқыдыңыз, екі жүз мың.
Бағдарлама өте бәсекеге қабілетті және жыл сайын 4000 үміткердің ішінен тек 130 стипендиат таңдалады, соның ішінде Гарвард, Йель, Кембридж және Оксфорд түлектерінің үздіктері.

🔥8👍4
Ойланыңызшы: олар тіпті сұхбаттасуға үміткерлердің басқа қаладан келуін төлеп береді! Менің сұхбатым Лондонда өтті және бұл керемет тәжірибе болды.
Сонымен, егер сіз once-in-a-lifetime мүмкіндік іздесеңіз және әлемдік көшбасшылардың эксклюзивті желісіне қосылғыңыз келсе, дәл қазір Schwarzman Scholars бағдарламасына тапсырыңыз!
Сілтеме: https://www.schwarzmanscholars.org/admissions/application-instructions/

👍5❤3
Сіз неге шетелде оқығыңыз келеді?
Әркімнің өз оқиғасы бар.
Есіңізде болса, мен Цинхуадағы Schwarzman Scholars бағдарламасында оқыдым. Мен бұл стипендияны ұтқан екінші қазақстандық болдым. Бірінші болып ұтқан Әлібек Нұркеш есімді жігіт болды (ол да Назарбаев Университетінде оқыды, меннен 2 курс жоғары).
Ол түскен кезде Қазақстанның барлық газеттері "қазақстандық студент американдық миллиардер стипендиясын жеңіп алды" деген жаңалықты жариялады. Сол кезде мен бұл бағдарлама қызық көрінді :)
Кейінірек мен Гарвард, Кембридж, Оксфорд, Йель және басқа да элиталық университеттердің түлектері де сол жерде оқитындарын білдім.
Университетте мен дебатқа жиі қатыстым. Менің дебаттағы кумирым Бо Сео (ол да Гарвард түлегі) Шварцман стипендиаты екенін білгенде, мен тапсырамын деп шештім. Артқа жол жоқ.
Сіз шетелде неге оқығыңыз келеді? Комментке жазыңыз :)

👍9🔥2
Бүгін менің жақын досымның қызын роддомнан күтіп алдық. Досым қызды болды, ал мен кіндік әке атандым 😍
Американдықтар баланың дүниеге келуін “miracle of life” (өмірдің ғажайыбы) дейді. Енді ғана неге екенін тусіндім.
Мен досымның аузынан түсіп қалғандай сәбидің түрін көріп, бала - өмірдің жалғасы екеніне куә болдым. Бір өмір екінші өмірді бастайды.
Баланың дүниеге келгенін осыға дейін бірнеше рет көрсем де, бұл менің жақын досымның қызы (енді менің де) болғандықтан бұл ақиқат
маған бүгін ерекше анық ашылды. Очкиімді біреу сүртіп бергендей.
Барлық оқырмандарыма, өзіме де, осындай бақыт сезінуді тілеймін. Аман болыңыздар.

❤21👍2🥰2
Мен екі күн қатарынан роддомға бардым 😂
Әке атанған екі қымбатты досымды құттықтаймын! Кезінде бірге ойын ойнап, бірге бала болып жүрген достарымның есеюін көру маған үлкен қуаныш сыйлайды.
Мен олардың жаңа туған нәрестелерін қолында ұстағанын көргенде, олар нағыз еркектерге айналғанына таңдандым. Достарымның әрқашан отбасыларының қажеттіліктерін бірінші орынға қоятын, сүйіспеншілікке толы және қамқор әкелер болатынын білемін.
Мен олар үшін өзімді бақытты және қуанышты сезінсем де, маған: "енді сенің кезегің, давай” дегенде, мен, бойдақ болып, аздап қысым сеземін 😅 Бірақ достарымның балаларына деген сүйіспеншілігі мен адалдығын көріп, мен де, Алла бұйыртса, солай сезінгім келеді.
Достарыма, маған әке болудың бақытын көрсетіп, отбасының маңыздылығын еске салғандары үшін рахмет айтамын. Тағы да құттықтаймын. Балаларыңның дендері сау, жасы ұзақ, жолдары ашық болсын.

👍10❤3🥰1
Құрметті мұсылман қауым, Ораза Айт қабыл болсын 🤲
Биылғы Рамазан айы мен үшін қандай болғанын сендермен бөліскім келіп тұр .
Бұл менің екінші рет ұстаған оразам және мен үшін Рамазан - рухани кемелдену айы. Мұсылман ретінде, мен үшін бұл сәл жақсырақ адам болуға мүмкіндік. Осы айда сәл болсын, көбірек мейірімді, ойлы және саналы болуға тырыстым.
Ораза ұстау - бұл қиын немесе қорқатын нәрсе емес екеніне көзім жетті. Бұл сіздің ақыл-ойыңыз бен рухыңызды сіздің денеңізден жоғары көтеретін жаттығу. Ал ауызашар мен сәресі кезіндегі тамақтану (тек тамақ емес, жақындарыңмен сол сәтті бөлісу) басқа айлардағы әдеттегі тамақтанумен салыстырғанда үш есе көп қуаныш әкеледі.
Рамазан айында маған ерекше ұнайтыны - мұсылман қауымын біріктіруі. Бұл бірлікті, бір-бірімізге жақын екенімізді сезінетін уақыт.
Өмірімде бар нәрсем үшін Аллаға тәубе. Мен келесі Рамазанды асыға күтемін.
Сіздерге және отбасыларыңызға өмірдегі бар жақсылықты тілеймін 😊

❤13👍3🥰2
❗️DIXI SCHOLARSHIPS ОҚЫРМАНДАРЫНА АРНАЛҒАН ХАБАРЛАМА
Достар, мен сіздермен Dixi Scholarships Telegram арнасы туралы сөйлескім келіп тұр.
Мен бұл арнаны алғаш бастаған кезде қазақстандықтарға қолжетімді гранттар, стипендиялар және тағылымдамалар туралы ақпаратты бөліскім келді. Бұл арна отандастарыма шетелде оқу немесе жұмыс істеу армандарына жетуге көмектесу тәсілі болды.
Уақыт өте келе мен өзімнің шынайы құмарлығым - білім алу, шетелде оқу және ағылшын тілі туралы жеке ойларым мен тәжірибемді бөлісу екенін түсіндім.
Және мен тек қана гранттардың справочнигына айналғым келмейді.
Мен барлығыңызбен тереңірек байланыс орнатып, өз өмірімді, ойлауымды, тұлға ретінде даму жолымды сіздермен бөліскім келеді.
Сондықтан мен Dixi Scholarships-ті SOVIETBACK атты жеке арнаға айналдыруды шештім.

👍21❤6👎3🥰3🔥1
Осы сәттен бастап мен білім беру, шетелде оқу және ағылшын үйрену тақырыптары бойынша өз ойларымды, әңгімелерімді және пайдалы ақпаратты бөлісетін боламын.
Сіз менің соңымнан еріп, осы сапарға қосыласыз деп үміттенемін.
Осы уақытқа дейін қолдауыңыз үшін көп рахмет және мен болашақта барлығыңызбен жақсырақ танысуды асыға күтемін.
Ізгі ниетпен,
Мағжан Советбек

❤29🔥6👏2🥰1
SOVIETBACK pinned «Осы сәттен бастап мен білім беру, шетелде оқу және ағылшын үйрену тақырыптары бойынша өз ойларымды, әңгімелерімді және пайдалы ақпаратты бөлісетін боламын. Сіз менің соңымнан еріп, осы сапарға қосыласыз деп үміттенемін. Осы уақытқа дейін қолдауыңыз үшін…»
🇰🇿2 жыл каналымды орысша жүргізіп, неге биыл мен қазақша жүргіземін деп шештім?
Dixi Scholarships (бұл каналдың бұрынғы атауы) ашылған сәттен бері 2 жыл бойы орысша жүргізілді. Канал тілі неге ауысқаны көп адамға қызық. Осы постымда жауап беремін.
Предысториядан бастайын. Мен 2020 жылы Сингапурдағы жұмысымды тастап, Қазақстанға оралдым. Сол жылы Dixi School атты онлайн мектебімді аштым. 7 елден 800 ден астам адамды IELTS емтиханына дайындадым.
2 жылдан астам мектебімнің блогын, және осы каналды тек орысша жүргіздім. Инстаграмда 22 мың, Тиктокта 70 мың, осы каналда кезінде 7 мың оқырманым болды - көбі ТМД елдерінен. Өзім Алматыдағы орыс гимназиясын бітіргендіктен, ойымды орысша жеткізу оңайырақ көрінді.
Бірақ биылдан бастап блогымды қазақша жүргізуді шештім. Оған түрткі болған - Нью-Йорктағы бір оқиға.
Жаңа жылда мен досым Мадиярды (Columbia University-да оқиды, Болашақ стипендиаты) көріп келуге Нью Йоркқа бардым. Сол жерде Мадияр мені Данияр және оның өмірсерігі Сандуғаш деген кісілермен таныстырды.

❤15👍4🔥4