ЖАУЫНГЕР
9.41K subscribers
2.24K photos
147 videos
529 links
👊 Бұл – өз жігіттеріне сенетіндерге арналған канал!
«ЖАУЫНГЕР» — бұл қазақстандық ММА-ның жүрегі: видео, талдаулар, эксклюзивтер және біз бірге өсіріп, қолдап жүрген жауынгерлер.
YouTube арнамыз: https://www.youtube.com/@SullaHufu
Download Telegram
🔥 МАХАЧЕВ ТОПУРИЯМЕН АҚ ҮЙДЕГІ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ДАЙЫН

🇷🇺 UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Ислам Махачев, егер ұйым «Эль Матадорды» келесі қарсылас ретінде бекітсе, титулын Илия Топуриядан қорғауға дайын екенін мәлімдеді.

🎯 Сонымен қатар, ресейлік спортшы 14 маусымда Ақ үйдің маңында өтетін мерекелік турнирге қатысудан бас тартпайтынын аңғартты.

🗣 «Маған бұл идея ұнайды. Егер UFC мұны қаласа — ал мен көптеген ММА жанкүйерлерінің бұл айқасты көргісі келетінін білемін — мен дайынмын. Ақ үй — келесі жекпе-жегімді өткізуім мүмкін ареналардың бірі. Алда Рамазан айы келе жатыр, мен бір ай жаттықпаймын, содан кейін біртіндеп дайындықты бастап, Ақ үйдегі турнирде немесе басқа күні өнер көрсетуге дайын боламын», — деді ресейлік файтер сербиялық Telegraf басылымына берген сұхбатында.

🥊 Махачевтің айтуынша, ол тек Топуриямен шектеліп қалмайды және лига кімді қарсы шығарса, сонымен де жұдырықтасуға ниетті.

🗣 «Менің дивизионымда титулдық жекпе-жекке лайықты үміткерлер көп. Маған UFC-де жаңа мақсат берілуі керек, сондықтан мен жай ғана күтіп жүрмін», — деп түсіндірді ұйымның үздік файтері.

✍️ Бұған дейін әлемдегі ең мықты лиганың басшысы Дана Уайт Америка тәуелсіздігінің 250 жылдығына арналған мерекелік шараның карды осы аптаның соңына дейін жасақталатынын хабарлаған болатын.

❓ Қалай ойлайсыз, Махачев үшін ең тиімді нұсқа — Топурия ма?

#нашбоец #Махачев #топурия #ufc #мма
🔥 УАЙТ АҚ ҮЙДЕГІ UFC ТУРАЛЫ: МҰНДАЙ ЕШҚАШАН ҚАЙТАЛАНБАЙДЫ

🇺🇸 Әлемдегі ең мықты лиганың басшысы Дана Уайт нық сенімді: Ақ үйде өтетін UFC-дің мерекелік турнирі барлық үмітті ақтап, ұйым тарихындағы ең ауқымды оқиғаға айналады.

🎯 UFC президентінің айтуынша, турнирдің карды осы аптада толықтай жасақталып бітеді.

🗣 «Бұл — қайталанбас, өз түріндегі жалғыз оқиға. Мұндай дүние енді ешқашан болмайды. Біз тіпті Оңтүстік көгалдағы ағаштарды ескере отырып, визуалды жоспарын жасап қойдық. Күн батқанға дейін оның қай жерде тұратынын дәл біліп отырамыз. Барлық логистика дайын, біз бұл турнирдің UFC тарихындағы ең көп қаралым жинайтын кеш болатынына сенімдіміз».

🥊 Уайт сонымен қатар бұл дода жаңа аудиторияны тартып, тек жанкүйерлер үшін емес, файтерлер үшін де тарихи сәт болатынын атап өтті.

🗣 «Спортшылар аренаға Сопақ кабинеттен шығады. Көптеген журналистер, тіпті жанкүйерлердің өзі Ақ үйде ешқашан болмаған. Ал файтерлер туралы айтпаса да болады. Бұл біздің мансабымыздағы ең ерекше кеш болмақ. Біз бір істі қолға алсақ, мен оны кең ауқымда жасағанды ұнатамын. Бұл шынымен де өзгеше дүние болады», — деді Уайт MMA Fighting басылымына берген сұхбатында.

📍 АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына арналған мерекелік турнир 14 маусымда өтеді.

❓ Қалай ойлайсыз, бұл кеш Уайт уәде бергендей UFC тарихындағы ең ірі шоуға айнала ма?

#нашбоец #данауайт #трамп #ufc #мма
👍1
😮 ШАРА БУЛЛЕТ: ТОПУРИЯНЫҢ БАРЛЫҚ ҚАРСЫЛАСТАРЫ ҚАРТАЙҒАН

💬 UFC-дің орта салмақтағы файтері Шарабутдин Магомедов жеңіл салмақ чемпионы Илия Топурияның деңгейі мен оның қарсыластары туралы ой бөлісті.

🗣 «Оның өзі жаман файтер емес, жақсы. Бірақ белбеуге дейінгі жолын қарасаңыз — ол жерде түсініксіз файтерлермен төрт-бес жекпе-жек өткізді. Ал нағыз мықты қарсыластармен кездескенде, олардың бәрінің "шаңы шығып", дәуірі өтіп кеткендер еді. Меніңше, Чарльз Оливейраның беті қайтқан. Макс Холлоуэй — мықты қарсылас, бірақ оның да басы бұрынғыдай емес, соққыны көп өткізіп қойған және төбелестен біршама шаршаған. Волкановски де баяғы деңгейінде болмады», — деді Шара Магомед Исмаиловқа берген сұхбатында.

📌 Бұған дейін Арман Царукян да Топурияның өз шыңынан (пик) өтіп кеткен файтерлермен жұдырықтасқанын айтқан болатын.

❓ Шара мен Арманның пікірімен келісесіз бе?

#нашбоец #шарабуллет #топурия #ufc #мма
👎3❤1
🔥 ЖҰМАҒАЗЫ RIZIN-ДЕГІ ЖАҢА ЖЕКПЕ-ЖЕГІН ӨТКІЗЕДІ

⚡️Қазақстандық файтер Нұрхан Жұмағазының (10-1) қарсыласы жапондық Тэнья Ёсимура (5-2) болады. Жекпе-жек 12 сәуірде Жапонияның Фукуока қаласында өтетін RIZIN LANDMARK 13 турнирінде жоспарланған.

🇰🇿 Нұрхан лигадағы дебютін өткен жылдың қараша айында жасады. Сол кезде ол қарсыласын бірінші раундтың алғашқы минутында-ақ қылқындыру әдісімен жеңген болатын. Қазіргі уақытта отандасымыз бес жеңістік серияда келе жатыр. Жұмағазы мансабындағы 10 жеңістің 9-ын мерзімінен бұрын аяқтаған (6 нокаут және 3 сабмишен).

🇯🇵 21 жастағы жапондық соңғы кездесуін 2025 жылдың желтоқсанында өткізіп, қарсыласын бірінші раундта сабмишенмен ұтты. Ол барлық жекпе-жектерін Pancrase лигасында өткізген. Соңғының алдындағы кездесуінде жеңіл салмақ белбеуі үшін таласып, үшінші раундта мерзімінен бұрын жеңіліп қалған еді.

❓ Сіздердің болжамдарыңыз қандай?

#нашбоец #жұмағазы #ёсимура #rizin #мма
🧐 КОРМЬЕ ЦАРУКЯННЫҢ НЕГЕ ТЫС ҚАЛҒАНЫН ТҮСІНДІРДІ

🇺🇸 Жеңіл салмақтағы UFC уақытша белбеуі үшін Пэдди Пимблетт пен Джастин Гейджи арасында өткен жекпе-жектен кейін екі апта жарым уақыт өтті. Лиганың бұрынғы чемпионы әрі комментаторы Даниэль Кормье Арман Царукянды титулдық бәйгеге қоспау туралы шешімді қолдады.

🗣 «Топурия мен Гейджидің біріктіруші жекпе-жегі Ақ үйдегі турнир сияқты ауқымды кардтың бір бөлігі болуға лайықты. UFC Пэдди Пимблетт пен Джастин Гейджи арасында айқас ұйымдастырды, егер Пимблетт жеңгенде, Илиямен титул үшін төбелесетін жаңа жұлдызымыз болар еді. Бірақ Джастин Гейджи жеңіске жетті, енді бізде уақытша титулға ие америкалық файтер бар және маусым айында Ақ үйде өтетін жекпе-жек күтіп тұр.

Бұл кез келген жағдайда ұтымды жоба болды. Шынымды айтсам, мұны қалай байқамай қалғанымызға таңғаламын. Барлығы: «Неге бұл жігіт? Неге Арман емес?» — деді. Енді бәрі түсінікті бола бастады. Өйткені Гейджиде белбеу бар, демек Ақ үйдегі турнир алдында титулы бар америкалықымыз дайын. Қалай болғанда да, бұл жоспар іске асты. Енді мен үшін бұл қисынды көрінеді», — деді Кормье өзінің YouTube-арнасындағы видеосында.

ℹ️ Джастин Гейджи Илия Топурияның келесі қарсыласы бола ма, ол жағы әлі белгісіз. Бірақ UFC басшысы Дана Уайт 14 маусымда өтетін мерекелік турнирдің кардын осы аптаның соңына дейін толық жариялауға уәде берді.

❓ Царукян үшін бұл әділетті ме, әлде спорт тағы да саясат пен шоуға жол берді ме?

#нашбоец #царукян #кормье #ufc #мма
🔝 САЛАМАТ ИСБУЛАЕВ PFL ТОП-5-КЕ ЕНДІ

📈 Дебюттік жекпе-жегіндегі сенімді жеңісінен кейін қазақстандық файтер PFL рейтингінде жартылай жеңіл салмақ дәрежесі бойынша бесінші орынға тұрақтады. Ең қызығы — Саламат бірінші раундта-ақ мерзімінен бұрын жеңген Хесус Пинедо үшінші орында қалып қойды.

🤔 Лига тарапынан қабылданған түсініксіз шешім. UFC-де әдетте жеңілген спортшыны рейтингте бірден жеңімпаздан кейінгі сатыға қояды. Сондықтан Исбулаевты үшінші, ал Пинедоны төртінші орынға жайғастыру әлдеқайда қисынды болар еді.

🏆 Қазіргі уақытта бұл салмақ дәрежесінде чемпиондық белбеу бос тұр. Өткен жылдың желтоқсанында Мовлид Хайбулаев оң нәтиже көрсеткен допинг-сынамасы үшін титулынан айырылған болатын. Айта кетерлігі, тамыз айында өткен Гран-при финалында ол дәл осы Пинедоны жеңген еді.

❓ Саламат Қазақстаннан шыққан алғашқы PFL чемпионы атана ма?

#нашбоец #исбулаев #саламатисбулаев #pfl #мма
🔥 ВАН МЕН ТАЙРА UFC 327 ТУРНИРІНІҢ БАСТЫ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНДЕ КЕЗДЕСУІ МҮМКІН

🏆 Аса жеңіл салмақтағы қазіргі чемпион Джошуа Ван мен жапондық Тацуро Таира арасындағы титулдық бәсеке 11 сәуірге жоспарланған UFC 327 турнирінің кардын толықтыруы ықтимал.

🎯 Инсайдер Кевин К.-ның мәліметінше, қос файтер де жекпе-жекке ауызша келісім беріп, оның өтетін орнын мақұлдаған.

📊 Ван осы уақытқа дейін 18 жекпе-жек өткізіп, 16 жеңіске (сегізі — нокаутпен) қол жеткізген және екі рет жеңіліс тапқан.

🥊 Таираның ММА-дағы еншісінде 18 жеңіс (алтауы — нокаутпен) және бар болғаны бір жеңіліс бар.

❓ Осындай жекпе-жектің болатынына сенесіз бе? Таира чемпионды тоқтата ала ма?

#нашбоец #ван #тайра #ufc #мма
❤2
🔥 СТРИКЛАНД: «ЧИМАЕВТЫ ТЕК МЕН ҒАНА ЖЕҢЕ АЛАМЫН»

🇺🇸 Бір аптадан кейін отандасы Энтони Эрнандеске қарсы үміткерлік жекпе-жек өткізетін Шон Стрикланд нық сенімді — UFC-дің орта салмақтағы қазіргі чемпионы Хамзат Чимаевты тақтан тайдыра алатын тек өзі.

🗣 «Бұл үлкен айқас болады. Чимаевты жеңе алатын жалғыз адам мен шығармын. Мен «Флаффидің» (Эрнандестің) күресі Чимаевтан жақсы екеніне шын сенемін. Оның стилі мен қарқыны бес раундтық қашықтықта басымдық береді, бірақ тік тұрып төбелесуде (стойкада) Чимаев мықтырақ, сондықтан төрешілердің шешімімен жеңіп кетуі мүмкін.

Жалпы, UFC-дің Чимаевқа қатысты әрекеттері маған оғаш көрінеді. Сіздер жылына бір рет төбелесетін, өзін Мадонна сияқты ұстайтын жігітті таққа отырғызып қойдыңыздар. Ол белбеуін қорғауға мәжбүрлегенше сол лауазымда жайбарақат отыра береді.

Оған төбелесудің де қажеті жоқ. Жігітке «Гелендвагендер» сыйлайды, оны ақшаға көміп тастады. Тіпті жекпе-жекке шығамын деген күннің өзінде, соңғы сәтте қандай да бір «жұмбақ жарақаттың» шықпасына ешқандай кепілдік жоқ», – деді америкалық файтер ESPN MMA-ге берген сұхбатында.

📍 Стрикланд пен Эрнандес арасындағы орта салмақтағы кездесу 21 ақпанда Хьюстонда өтетін UFC Fight Night 267 турнирінің басты оқиғасы болмақ.

❓ Стрикланд Чимаевты жеңе ала ма?

#нашбоец #стрикланд #чимаев #ufc #мма
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔥ЖӘНІБЕК ТЫНЫШТЫҚ — ALASH PRIDE ЧЕМПИОНЫ

💥13 ақпанда Ақтөбе қаласында Alash Pride 118 турнирі өтті. Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық файтер Жәнібек Тыныштық екінші раундта Гаджимурад Гасангусейновты нокаутқа түсірді.

🏆Осылайша, жергілікті спортшы аса жеңіл салмақта лиганың уақытша чемпионы атанды. Жәнібектің жаңа рекорды: 8-0. Ал Гаджимурад мансабындағы бесінші жеңілісіне ұшырады: 13-5.

❓Отандасымыздың өнеріне қандай баға бересіз?

#нашбоец #тыныштық #еркінкүш #alashpride #мма
❤4
😬 ТОМ АСПИНАЛЛДЫҢ ММА-ДАҒЫ БОЛАШАҒЫНА ҚАУІП ТӨНІП ТҰР

⚡️Көз жанарына қатысты мәселелерге байланысты спорттық мансабы үлкен сұрақ астында тұрған UFC-дің ауыр салмақтағы чемпионы Том Аспиналл қазіргі жағдайда ММА қауымдастығының көрсетіп отырған қарым-қатынасына көңілі толмайтынын білдірді.

🗣 «Мен ММА-ны жақсы көруді ешқашан тоқтатпаймын, бірақ бұл бизнесті жек көремін. Меніңше, файтерлердің орнын басу оңай және индустрия кез келген мүмкіндікте мұны саған сездіріп отырады. Тіпті, болашақ өміріңе әсер ететін тыйым салынған соққы алсаң да, олар үшін бәрібір. Басқаларға да солай», – деді британдық ауыр салмақ иесі Пэтси Кэрроллға берген сұхбатында.

🥊 Сирил Ганмен болған жекпе-жекте алған жарақаттан кейін салдары өте ауыр болып тұр: қозғалысты бақылау қиындаған, хабарлама оқығанда көз ауырады, бағытты күрт өзгерткенде бас айналады, координация мен қарапайым лапамен жұмыс істеудің өзі қиынға соғуда. Кейде ол балаларымен ойнай алмайды, көлік жүргізе алмайды және өзгелердің көмегіне мұқтаж.

ℹ️ Сыбыстарға қарағанда, UFC басшылығы Аспиналлға белбеуді босатуды ұсынған. Чемпионның жауабы — тек ұйымнан жұмыстан шығарылған жағдайда ғана. Әзірге ресми растау жоқ, бірақ шиеленіс күшейіп келеді.

❓ Денсаулығы бәске тігіліп тұрғанда, файтерден титулдан бас тартуды талап ету әділетті ме?

#нашбоец #аспиналл #томаспиналл #ufc #мма
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔥 РИЗАБЕК АЙТМҰХАН – SUPER 4 WRESTLING ЧЕМПИОНЫ

🇰🇿 Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан Бішкекте өткен халықаралық турнирде сенімді түрде алтын иеленді. Жеңісі үшін ол 10 000 доллар сыйақы алды.

🎯 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Айтмұхан ресейлік Алихан Кцоевқа еш мүмкіндік қалдырмай, 3:0 есебімен жеңіске жетті және чемпиондық титулды еншіледі.

🥊 Финалға барар жолда біздің балуан Болгария өкілі Ахмед Батаевты 7:5 есебімен қапы қалдырды.

📍 Еске сала кетейік, бұған дейін аталған коммерциялық турнирде Ресей өкіліне қарсы финалдық белдесуді Азамат Дәулетбеков өткізген болатын. Жеңілісіне қарамастан, Дәулетбеков 5 000 доллар табыс тапты.

💬 Келесі жарыс — Мұхамет Мало атындағы еске алу турнирі (25 ақпан – 1 наурыз, Тирана).

❓ Ризабек бұл турнирде де алтын ала ма?

#нашбоец #Айтмұхан #ризабек #күрес #еркінкүрес
🔥2
🔥 РУЗМАТОВ NAIZA 81 ТУРНИРІНДЕ «КАННСКИЙДІ» ЖЕҢДІ

⚡️ 14 ақпанда Қостанайда NAIZA 81 турнирі өтті. Кештің басты оқиғасы жартылай орта салмақтағы жекпе-жек болды: Самандар Рузматов (6-1) пен Қанат Құлмағанбетов (9-8) өзара мықтыны анықтады.

👊🏻 Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен астаналық файтер жеңіске жетті. Самандар бұл жеңісін туған күнін тойлап жатқан жиені Аркадийге арнады.

👀 Жекпе-жектен кейін октагонға жеңіл салмақтағы белбеуге бұрынғы үміткер Тамирлан Саралапов шықты. Ол жартылай орта салмаққа ауысып, осы турнирде жеңіске жеткен болатын. Самандар мен Тамирлан «көз арбасу» рәсімін өткізіп, бірнеше жекпе-жек бұрын Рамазан Гасанов босатқан жартылай орта салмақтағы вакантты белбеу үшін жұдырықтасуға келісті.

❓ Жекпе-жек сіздерге ұнады ма? Кім жаңа чемпион атанады?

#нашбоец #рузматов #каннскийфестиваль #naiza #мма
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔥 ХАМИТОВ АЛАНДЫ ЖЕҢІП, ШАРА БУЛЛЕТКЕ ҮНДЕУ ТАСТАДЫ

🇰🇿 Қазақстандық файтер Қуат Хамитов Батумиде өткен GFC 36 x GBC 4 турнирінде сәтті өнер көрсетіп, ұзақ үзілістен кейін маңызды жеңіске жетті.

🎯 Жартылай орта салмақтағы кездесуде Хамитов үш раундтық дистанцияны толық өткеріп, бразилиялық Алан Силваны төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен сенімді түрде жеңді. Бұл қазақстандықтың кәсіби мансабындағы 28-ші жеңісі. Қазіргі рекорды: 27-8-2.

🥊 Қуат үшін бұл өткен жылдың қазан айында ресейлік Анатолий Бойконы тізе бүктіргеннен бергі ММА ережесі бойынша алғашқы жекпе-жегі болды. Ал Силва бұған дейінгі кездесуінде Моасир Рошаны сабмишнмен жеңген болатын. Бразилиялықтың жаңа рекорды: 19-12-1.

🗣 Жекпе-жектен кейін Хамитов октагонға ауыр жарақатпен шыққанын мәлімдеді:
«Мен мұнда жарақатпен шықтым — жекпе-жекке бір күн қалғанда тіпті жүре алмай қалдым... Мен егде тартсам да, "Шара Буллетке" үндеу тастағым келеді. Сенің қарап отырғаныңды білемін. Біз сені осында, Bellagio-да күтеміз. Бас тарту қабылданбайды! Мұнда су бар — сенің қарақшыларың жүзіп келе алады. Сосын Bellagio-ны кім басып алатынын көреміз!»

❓ Хамитовқа дәл қазір Шарамен жекпе-жек керек пе?

#нашбоец #Хамитов #шарабуллет #ufc #мма
👍2
🔥 АБДЕЛЬ-АЗИЗ: МАХАЧЕВТІҢ ҚАРСЫЛАСЫ НАҒЫЗ ЖАРТЫЛАЙ ОРТА САЛМАҚ ӨКІЛІ БОЛАДЫ

🇷🇺 Қазіргі чемпион Ислам Махачев келесі жекпе-жегінде Илиа Топуриямен емес, UFC-дің жартылай орта салмақтағы үздік файтерлерінің бірімен кездеседі. Бұл туралы оның менеджері Али Абдель-Азиз мәлімдеді.

🗣 «Анық айта кетейін: Джастин Гейджи келесі кезекте жеңіл салмақтағы даусыз титул үшін жұдырықтасады. Егер Топурия қаламаса, Джастин келесі кезекте кім болса, сонымен толыққанды титул үшін таласады. Ал егер Ислам Топурияны сабап алғысы келсе, оның қайда және қашан болатынын өзі шешеді. Бірақ Исламның келесі жекпе-жегі міндетті түрде нағыз жартылай орта салмақ өкіліне қарсы болады», – деп жазды Абдель-Азиз әлеуметтік желіде.

🥊 Бұған дейін Махачев 14 маусымда Ақ үйде (White House) өтетін мерекелік турнирде Топуриямен жұдырықтасу идеясы өзіне ұнайтынын айтқан болатын.

ℹ️ Жартылай орта дивизиондағы негізгі үміткерлердің қатарында — Камару Усман, Майкл Моралес және Иэн Мачадо Гэрри бар. Сонымен қатар, Топурия үш апта бұрын Пэдди Пимблетті жеңіп, жеңіл салмақта уақытша титулды иеленген Гейджимен белбеулерді біріктіру жекпе-жегін өткізуі тиіс.

❓ Ислам Махачевтің келесі қарсыласы ретінде кімді көргіңіз келеді — Усманды ма, Моралесті ме, әлде Гэрриді ме?

#нашбоец #Махачев #топурия #ufc #мма
👎1
🔥 ТОПУРИЯНЫҢ БАПКЕРІ: ИЛИЯ ЦАРУКЯНДЫ НОКАУТҚА ТҮСІРЕДІ

🇪🇸 Жеңіл салмақтағы UFC-дің жеңілмеген чемпионы Илия Топурияның бапкері — Хави Климент — «Матадор» мен 70 келіге дейінгі дивизион рейтингінің екінші нөмірі Арман Царукян арасындағы ықтимал жекпе-жек туралы пікір білдірді.

🗣 «Арман — Топуриямен жекпе-жекке шығу үшін барын салып жүрген жігіт. Дегенмен, Царукян UFC-де бірнеше қателік жіберді, енді Дана оны сол үшін жазалап жатыр. Арман біртіндеп үміткерлер қатарына қайта оралуда. Топурия мен Царукян жекпе-жегінің идеясы тартымды естіледі, біз бұл кездесуден бас тартпаймыз. Шын мәнінде, біз онымен жұдырықтасқымыз келеді.

Бірақ Арманның бойынан Илияны жеңе алатындай күш көріп тұрған жоқпын. Топурия оны менталды түрде әбден қажытар еді. Ол Илияны жеңуге тырысады, бірақ қолынан ештеңе келмейді. Бұл — ММА, күрес емес. Мұнда сені соққыға жығады. Арман Илияның деңгейінде емес. Топурияның Царукянды нокаутқа түсіргенін көреміз бе? Әрине», — деп Клименттің сөздерін Abc.es порталы келтіреді.

❓ Топуриядан болатын нокаут — шынайы сценарий ме, әлде Климент өзіне тым сенімді ме? Қалай ойлайсыз?

#нашбоец #Топурия #царукян #ufc #мма
👍2❤1
🔥 ACA VS HARDCORE: ТЕҢ ТҮСТІ

🇷🇺ACA лигасының вице-президенті Асланбек Бадаев пен Hardcore басшысы Анатолий Сульянов арасындағы екі жылға созылған текетірес өз мәресіне жетті. Бірақ жеңімпаз анықталған жоқ.

🥊 Мәскеудегі Ground Zero Championship турнирінің басты жекпе-жегі екі раундқа созылып, тең аяқталды. Регламент өте қатал болды: мұнда төрешілер шешімі қарастырылмаған, тек мерзімінен бұрын (нокаут немесе қылқындыру) жеңіске жету керек еді.

🎯 Белдесу барысында Бадаев белсендірек көрінді: үнемі қысым көрсетіп, екінші раундта екі рет тейкдаун жасады. Алайда басымдықты толық пайдалана алмады.

🛡 Сульянов болса, керісінше, тек қорғанысқа иек артты — қарсыласын жақындатпай, қашықтықты бақылауда ұстауға тырысты.

🗣 Финалдық сиренадан кейін эмоциялар бәрін айтып тұрды: Бадаевтың нәтижеге көңілі толмағаны анық байқалса, Сульянов керісінше, барынша риза кейіп танытты.

💥 Жекпе-жектен соң жаңа мәлімдеме жасалды: Сульянов келесі қарсыласы ретінде Александр Шлеменконы көргісі келетінін айтып, оны Ground Zero-ның екінші турниріне қатысуға шақырды.

❓ Бұл шынайы спорт па, әлде хайп үшін жасалған ба?

#нашбоец #бадаев #сульянов #аса #грэпплинг
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥 ТОПУРИЯ VS ГЕЙДЖИ — АҚ ҮЙДЕГІ МЕЙН-ИВЕНТ ПЕ?

🇺🇸 UFC жеңіл салмақ чемпионы Илия Топурия мен осы дивизионның уақытша чемпионы Джастин Гейджи арасындағы жекпе-жекті 14 маусымға жоспарланған Ақ үйдегі турнирдің басты оқиғасы ретінде қарастыруда. Шоу АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай ұйымдастырылмақ.

🗞 Бұл туралы испаниялық журналист Альваро Кольменеро хабарлады. Оның мәліметінше, матчмейкерлер бұл айқасты тарихи кештің мейн-ивентіне қоюды көздеп отыр.

🥇 Илия Топурия кәсіби мансабында әлі жеңіліс дәмін татпаған, жеңіл салмақ титулының иегері және қазірдің өзінде ұйымның ең көп талқыланатын чемпиондарының бірі.

⚡️ Джастин Гейджи бұған дейін UFC-дің уақытша чемпионы болған және әлі де 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ең қауіпті файтерлердің бірі санатында.

ℹ️ Бұл мәлімет Ислам Махачевтің менеджері Әли Абдель-Азиздің сөздерімен үндеседі. Ол жартылай орта салмақ чемпионының қарсыласы нағыз жартылай орта салмақ өкілі болатынын, бірақ ол Топурия емес екенін айтқан еді.

❓ Сіз үшін қай жекпе-жек қызықтырақ?

#нашбоец #Топурия #Гейджи #ufc #мма
👍1
🔥 ДАНА УАЙТ: АҚ ҮЙДЕГІ UFC ТУРНИРІНІҢ КАРДЫ ДАЙЫН

✅ UFC боссы Дана Уайт мерекелік шараның барлық жекпе-жектері белгіленгенін растады.

🗣 «Бізде екі нұсқа бар. Матчмейкинг процесі басталып кетті. Ақ үйдегі турнирдің кардын өткен аптада бекіттік. Бұдан артық ештеңе айтпаймын», — деді UFC президенті Zuffa Boxing 03 турнирінен кейінгі баспасөз мәслихатында.

ℹ️ Сыбыстарға қарағанда, турнирдің басты жекпе-жектері Илия Топурия — Джастин Гейджи және Ислам Махачев — Иэн Гэрри болуы мүмкін.

❓ Турнирде қандай жекпе-жектерді көргіңіз келеді?

#нашбоец #топурия #махачев #ufc #мма
🧨 ҚУАТ ХАМИТОВ ТАҒЫ ДА ҚР ҰҚК-НІ СЫНҒА АЛДЫ

📣 Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов (28-8-2) ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жұмысын сынға алды.

🗞 ҰҚК өткен жылы Ресей жағында Украинаға қарсы соғысып жатқан «Вагнер» ЖӘК жауынгерлеріне 10 мотоцикл сыйлаған комик Нұрлан Сабуровқа қатысты тексеріс жүргізуде. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандық комикке Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салынған болатын.

🗣 «Нұрлан Сабуров бауырымыздың ақшасы бар, жағдайы көп. Ондай жағдайымен Дубайға да кетіп қалса болады ғой. Соны енді: "Қазақстан Отаным ғой, туған жерім ғой" деп келді. Дубайдың орнына Алматыны таңдап жатса, туған елін таңдап жатса, сендер енді тексеріспен, болмайтын нәрсеге тиісіп жатсыңдар. Кішкене адамгершілік деген нәрсе болу керек, жігіттер, олай болмайды ғой. Қазақтарға жау керек жоқ, біз бір-бірімізге жаумыз. Қайда бара жатырмыз деп кішкене ойлану керек»,- деп мәлімдеді файтер өзінің Instagram парақшасында.

ℹ️ Бұған дейін Хамитов ҰҚК-ге үндеу жасап, ведомствоны оның жекпе-жектерін тоқтатудан гөрі маңыздырақ істермен айналысуға шақырған еді.

🥊 14 ақпанда Хамитов Батумиде жекпе-жек өткізіп, бразилиялық Алан Сильваны төрешілердің шешімімен жеңген болатын.

❓ «Найманның» сөзімен келісесіз бе?

#нашбоец #хамитов #сабуров #кнб #қуатхамитов
ВИДЕО ЗДЕСЬ: https://www.youtube.com/watch?v=bO_vDU_opTs

📹ГОРЯЧИЙ РЕПОРТАЖ С NAIZA 81: НОКАУТЫ, САБМИШЕНЫ И ВЫЗОВЫ

📍14 февраля в Костанае прошел турнир NAIZA 81 редакция “Наш БОЕЦ” посетила турнир и засняла интервью с победителями турнира.

🤝В главном бою вечера Самандар Рузматов победил Каната Кулмагамбетова и провел битву взглядов с Тамирланом Саралоповым. Бойцы договорились провести бой за вакантный пояс полусреднего веса.

✊Дебют звезд кулачки в октагоне NAIZA: Адильжан “Адос” Сандибеков и Торгынбек “Тор” Амиров одержали победы в своих поединках и поделились впечатлениями от выступления в клетке.

🏠Первые шаги медийных бойцов: Чингиз Жусупов и Нияз Каримсаков. Два начинающих бойца выступили на домашнем турнире и порадовали местную публику удачными выступлениями.

❓Какой бой турнира вам понравился больше всего?

#нашбоец #naiza #naiza81 #найза #мма