2.69K subscribers
1.88K photos
99 videos
3 files
2.64K links
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының телеграмдағы ресми арнасы
Официальный телеграм-канал Бюро национальной статистики АСПР РК

www.stat.gov.kz
www.facebook.com/kazstatgov.kz
https://www.instagram.com/statgov.kz
Download Telegram
Қазақстан ТМД-да бірінші болып туризм статистикасына мобильді деректерді енгізді

Қазақстан ТМД-да туризмнің ресми статистикасына мобильді деректерді енгізген алғашқы ел болды. Бұл тың қадамды Ұлттық статистика бюросы Дүниежүзілік банктің қолдауымен жүзеге асырып отыр. Жоба Мемлекет басшысының деректерді басқаруда жаңашыл тәсілдерді енгізу жөніндегі тапсырмасына сай келеді.

Мобильді позициялау деректерін пайдалану – туристік ағындарды бақылаудың мүлде жаңа деңгейіне жол ашты. Бұл тәсіл азаматтардың нақты қозғалысын тіркеуге мүмкіндік береді: бұған дейін ресми статистикада қамтылмаған бір күндік сапарлар мен қонақүйде тоқтамайтын қысқа мерзімді сапарлар да енді есепке алынады. Осы арқылы туризм деректері анағұрлым нақты әрі жан-жақты бола түсіп, ел ішіндегі қозғалысқа қатысты шынайы көріністі қалыптастырады.

📱 2023 жылғы шілдеден 2024 жылғы шілдеге дейінгі аралықта ұялы байланыс операторларының бірінің деректеріне негізделген жобаның алғашқы нәтижелері бірқатар маңызды қорытынды шығаруға мүмкіндік берді. Мәселен, ішкі туристік сапарлардың 60%-дан астамы бір күндік сапарлар екені анықталды. Туристік белсенділіктің ең жоғары деңгейі жаз мезгілі және мерекелер кезінде – әсіресе Наурыз, Жаңа жыл мен Жеңіс күнінде байқалған. Үйден тыс жерде түнеу саны бойынша рекорд 2024 жылдың 21 наурызында, көктемгі демалыстың кезінде тіркелген. Астаналықтар қашықтықтағы айырмашылыққа қарамастан, көбінесе Ақмола облысы мен Алматыға барған. Жыл мезгілдеріне байланысты туристік белсенділіктің үш есеге дейін құбылуы туризмді дұрыс жоспарлауға жаңа мүмкіндіктер береді.

Толық оқу
_________________
Казахстан первым в СНГ внедрил мобильные данные в статистику туризма

Казахстан стал первой страной в СНГ, внедрившей мобильные данные в официальную статистику туризма. Этот прорывной шаг реализуется Бюро национальной статистики при поддержке Всемирного банка и соответствует поручениям Главы Государства о внедрении инновационных подходов в управлении данными.

Использование данных мобильного позиционирования позволяет выйти на новый уровень мониторинга туристических потоков: фиксируются реальные перемещения людей, включая однодневные поездки и визиты без размещения, которые ранее не учитывались в традиционной статистике. Благодаря этому, статистика становится точнее, охватывает большее количество событий и даёт объективную картину туристической активности.

📱Предварительные результаты проекта, реализованного на базе данных одного из сотовых операторов за период с июля 2023 по июль 2024 года, уже позволили сделать важные выводы. Выяснилось, что более 60% внутренних поездок – это однодневные визиты. Самый высокий туристический поток наблюдался в летние месяцы и в период праздников – особенно на Наурыз, Новый год и День Победы. Рекорд по числу ночёвок вне дома зафиксирован 21 марта 2024 года, в разгар весенних каникул. Жители Астаны чаще всего выбирали поездки в Акмолинскую область и Алматы, несмотря на различия в удалённости. Существенная сезонность, с трёхкратной разницей между пиковыми и наименее активными месяцами, открывает новые возможности для планирования в сфере туризма.

Читать подробно
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📊Бүгін stat.gov.kz келесі статистикалық ақпарат жарияланады

Жарияланым
- Қазақстан Республикасы халқының табыстары мен шығыстары

Электронды кесте
- Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпорындардың қызметі
- Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарында тамақ өнімдерін тұтыну
____________________
📊 Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована следующая статистическая информация

Публикация
- Расходы и доходы населения Республики Казахстан

Электронная таблица
- Деятельность малых предприятий в Республике Казахстан
- Потребление продуктов питания в домашних хозяйствах Республики Казахстан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌐Бюро басшысы Мақсат Тұрлыбаев Женевада өткен Еуропалық статистиктер конференциясының 73-сессиясында сөз сөйледі

Женевада өтіп жатқан Еуропалық статистиктер конференциясының 73-ші пленарлық сессиясы аясында Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев «Қазақстанда үй шаруашылықтарына сауалнама жүргізудегі өзгерістер мен жаңашылдықтар» тақырыбында баяндама жасады.

Мақсат Тұрлыбаев статистиканың тиімділігін арттыру үшін Қазақстан қазірдің өзінде деректерді жинау мен өңдеудің жаңа тәсілдерін енгізіп жатқанын атап өтті. Үй шаруашылықтарын дәстүрлі іріктеп зерттеумен қатар, Бюро салық қызметінің, зейнетақы қорының, банк транзакцияларының және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің электрондық жүйелерінің әкімшілік деректерін пайдаланып келеді.

Бюро басшысы сондай-ақ медианалық табысты анықтау үшін «Отбасының цифрлық картасы» деректерін қолданудың алғашқы табысты тәжірибелері туралы айтып берді, бұл әлеуметтік қолдаудың неғұрлым нақты бағытталуына ықпал етеді. Қазақстанның жетекші банктерімен жүргізілген эксперименттік зерттеулер банк транзакциялары деректерінің дәстүрлі зерттеулермен салыстырмалылығын растады, бұл халықтың кірістері мен шығыстары статистикасын қалыптастыру үшін жаңа перспективалар ашады.

Естеріңізге сала кетейік, Женевада 16-18 маусым аралығында Еуропалық статистиктер конференциясының (CES 2025) 73-ші сессиясы өтіп жатыр, онда ресми статистиканы дамытудың негізгі бағыттары талқылануда. Сондай-ақ конференция алаңында Қазақстанның статистика бюросы Сербия республикасының статистика басқармасымен статистика саласындағы әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

Толық оқу
______________________
🌐Глава Бюро Максат Турлубаев выступил на 73-й сессии Конференции европейских статистиков в Женеве

В рамках 73-й пленарной сессии Конференции европейских статистиков, проходящей в Женеве, руководитель Бюро национальной статистики Максат Турлубаев представил доклад на тему «Изменения и нововведения в проведении опросов домашних хозяйств в Казахстане»

Максат Турлубаев подчеркнул, что для повышения эффективности статистики Казахстан уже внедряет новые подходы к сбору и обработке данных. Наряду с традиционными выборочными обследованиями домашних хозяйств, Бюро активно использует административные данные из КГД, пенсионного фонда, банковских транзакций и электронных систем Министерства труда и социальной защиты населения.

Глава Бюро также рассказал о первых успешных практиках применения данных «Цифровой карты семьи» для определения медианного дохода, что способствует более адресному предоставлению социальной поддержки. Экспериментальные исследования с ведущими банками Казахстана подтвердили высокую сопоставимость данных банковских транзакций с традиционными обследованиями, открывая новые перспективы для формирования статистики доходов и расходов населения.

Напомним, в Женеве с 16 по 18 июня проходит 73-я сессия Конференции европейских статистиков (CES 2025), где обсуждаются ключевые направления развития официальной статистики. Также на площадке конференции статофис Казахстана заключил меморандум о партнерстве в области статистики со Статистическим управлением Республики Сербия.

Читать подробно
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5
📊Бүгін stat.gov.kz келесі статистикалық ақпарат жарияланады

Электронды кесте
- Қазақстан Республикасындағы үй шаруашылықтарының өндірістік қызметі
- Қазақстан Республикасы үй шаруашылықтарының шығыстары мен табыстары
- Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі және орташа бағалары
____________________
📊 Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована следующая статистическая информация

Электронная таблица
- Производственная деятельность домашних хозяйств в Республике Казахстан
- Расходы и доходы домашних хозяйств Республики Казахстан
- Индекс цен и средние цены на социально-значимые продовольственные товары в Республике Казахстан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🍎🥙 Азық-түлік өнімдерін тұтыну

Бюро тұрмыс деңгейі бойынша 12 мың үй шаруашылығы арасында жүргізілген іріктемелі зерттеу нәтижесінде І тоқсандағы азық-түлік тұтыну көрсеткіші бойынша жиналған деректерді жариялады.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұтынудың ең жоғары өсімі жемістер (+3,5%), балық және теңіз өнімдері (+2,2%) бойынша байқалды.

Азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша халықтың жан басына шаққандағы орта есеппен бір айда тұтынуы: картоп – 3,7 кг, 1-сұрыпты ұннан жасалған бидай наны – 2,3 кг, сиыр еті – 2 кг, алма – 1,6 кг, құмшекер – 1,5 кг, күріш – 1,3 кг, шикі сүт – 0,9 л, жұмыртқа – 17,1 дана, макарон өнімдері – 0,9 кг, енді ауланған немесе салқындатылған балық – 0,6 кг құрады.

Өңірлер арасында нан өнімдері мен жармаларды тұтыну көрсеткіші Түркістан облысында ең жоғары (жан басына шаққанда айына 14,1 кг), ең аз тұтыну Маңғыстау облысында (жан басына шаққанда айына 7,9 кг).

Толық оқу
____________________
🍎🥙О потреблении продуктов питания

Бюро опубликовало данные по потреблению продуктов питания за I квартал 2025 года, полученные по результатам выборочного обследования среди 12 000 домашних хозяйств по уровню жизни.
По сравнению с соответствующим периодом прошлого года наибольший рост в потреблении наблюдается по фруктам (+3,5%), рыбе и морепродуктам (+2,2%).

Потребление по отдельным видам продуктов питания на душу населения в среднем в месяц составило: картофеля – 3,7 кг, хлеба пшеничного из муки 1 сорта – 2,3 кг, говядины – 2 кг, яблок – 1,6 кг, сахара-песка – 1,5 кг, риса – 1,3 кг, молока сырого – 0,9 л, яиц – 17,1 штук, макаронных изделий – 0,9 кг, рыбы свежей или охлажденной – 0,6 кг.

Среди регионов больше всего хлебопродуктов и круп потребляют в Туркестанской области (14,1 кг/на человека в месяц), меньше всего в Мангистауской области (7,9 кг/на человека в месяц).

Читать подробно
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Женевада ЭЫДҰ-ның Статистика және статистикалық саясат жөніндегі комитетінің 22-сессиясы өтті

Қазақстан Ұлттық статистика бюросының басшысы Максат Тұрлыбаев Женевада өткен ЭЫДҰ-ның Статистика және статистикалық саясат жөніндегі комитетінің (CSSP) 22-сессиясына қатысты. Бұл – қазіргі ресми статистиканың алдында тұрған жаңа сын-қатерлерді талқылауға арналған маңызды халықаралық кездесу.

Жиынның алғашқы тақырыптарының бірі – Ұлттық шоттар жүйесінің (СНС-2025) жаңартылған нұсқасын және Төлем балансының жаңа басшылығын (BPM) енгізу мәселесі болды. Бұл құжаттар цифрландыру, жаһандану, халықтың әл-ауқаты мен орнықты даму секілді жаһандық үрдістерді ескере отырып әзірленген. Сессия барысында стандарттарды іске асыру жолдары, ұлттық және халықаралық үйлестіру, сондай-ақ жаңа тәсілдерді енгізу кезінде туындауы мүмкін қиындықтар талқыланды.

Толық оқу
______________________
В Женеве состоялось 22-е заседание Комитета по статистике и статистической политике ОЭСР

Руководитель Бюро национальной статистики Казахстана Максат Турлубаев принял участие на 22-м заседании Комитета по статистике и статистической политике ОЭСР (CSSP) в Женеве. Заседание стало ключевой международной площадкой для обсуждения актуальных вызовов, стоящих перед официальной статистикой.

Одной из первых тем совещания стала реализация новой версии Системы национальных счетов (СНС-2025) и Руководства по платежному балансу. Обновления направлены на отражение глубинных трансформаций в мировой экономике: цифровизация, глобализация, учет благосостояния и устойчивости. Обсуждались как общие подходы к внедрению, так и потенциальные трудности, включая необходимость синхронизации сроков перехода между странами и поддержки со стороны международных организаций.

Читать подробно
📊Бүгін stat.gov.kz келесі статистикалық ақпарат жарияланады

Электрондық кесте
- Қазақстан Республикасында өнімнің (тауарлардың) және шикізаттың жекелеген түрлерінің ресурстары мен пайдаланылуы
- Қазақстан Республикасы халқының табыстарын саралаудың негізгі көрсеткіштері
- Қазақстан Республикасындағы орта және ірі кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметі

Жарияланым
- Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарының қаржылық-шаруашылық қызметі
- Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының қаржылық-шаруашылық қызметі
____________________
📊 Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована следующая статистическая информация

Электронная таблица
- Ресурсы и использование отдельных видов продукции (товаров) и сырья в Республике Казахстан
- Основные показатели дифференциации доходов населения Республики Казахстан
- Финансово-хозяйственная деятельность средних и крупных предприятий в Республике Казахстан

Публикация
- Финансово-хозяйственная деятельность организаций образования в Республике Казахстан
- Финансово-хозяйственная деятельность организаций здравоохранения и социального обслуживания населения в Республике Казахстан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏠Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 5,7% өсті

2025 жылдың қаңтар-мамыр аралығында 12 мың тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде 567 көппәтерлі үй, 11 430 жеке үй және 16 жатақхана.

Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,7% өсіп, 6 021,3 мың шаршы метрді құрады, оның ішінде:
3 854,7 мың ш.м. – көппәтерлі үйлер
2 126,7 мың ш.м. – жеке үйлер

Енгізілген тұрғын үй көлемі бойынша көш бастап тұр:
Астана – 1 505,4 мың ш.м.
Алматы – 1 138,8 мың ш.м.
Алматы облысы – 463 мың ш. м

Былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда ең көп өсім Түркістан облысында (+25,5%), Шымкентте (+23,4%) және Алматы облысында (+20,4%) байқалды.

Тұрғын үйдің басым бөлігі – 5 663,3 мың ш.м. немесе 94,1% жеке құрылыс мекемелерімен салынған, оның ішінде 2 175,3 мың ш.м. халықтың өз күшімен.

Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі бес айда 15,4% өсіп, 2 001 млрд теңгені құрады. Өсім еліміздің 18 өңірінде тіркелді.

Құрылыс статистикасы
________________
🏠Общая площадь введённого жилья выросла на 5,7%

За январь-май 2025 года в эксплуатацию введено 12 тыс. жилых зданий, из них 567 –многоквартирные дома, 11 430 индивидуальных и 16 общежитий.

Общая площадь введённого жилья выросла на 5,7% по сравнению с аналогичным периодом 2024 года и составила 6 021,3 тыс. кв. м, в том числе:
3 854,7 тыс. кв. м – многоквартирные дома
2 126,7 тыс. кв. м – индивидуальные дома

По объёму введённого жилья лидируют:
Астана – 1 505,4 тыс. кв. м,
Алматы – 1 138,8 тыс. кв. м,
Алматинская область – 463 тыс. кв. м.

По сравнению с аналогичным периодом прошлого года наибольший рост наблюдается в Туркестанской области (+25,5%), Шымкенте (+23,4%) и Алматинской области (+20,4%).

Большая часть жилья – 5663,3 тыс.кв.м или 94,1% сдана в эксплуатацию частными застройщиками, из них населением 2175,3 тыс.кв.м.

В целом объём строительных работ за пять месяцев вырос на 15,4% и составил 2 001 млрд тенге. Рост зафиксирован в 18 регионах страны.

Статистика строительства
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіңірген еңбегіңіз, жұмысқа деген адалдығыңыз үшін алғыс білдіреміз. Сіздер еліміздің алға басуының бірден-бір себепкерісіздер.
Отансүйгіш, кәсіби маман, адал азамат деген абыройлы атқа лайық бола беріңіздер.

Дендеріңізге саулық, әр күніңізге сәттілік, қуаныш тілейміз!
______________
🇰🇿С Днём государственного служащего!

Спасибо за ваш труд, честность и преданность делу. Благодаря вам развивается наша страна. Пусть патриотизм, профессионализм и доброе имя «Адал азамат» всегда будут с вами.

Желаем здоровья, удачи и радости в каждом дне!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥3👍2👏1
📣Құрметті респонденттер, алдағы аптада келесі тоқсандық есептерді тапсыру мерзімі аяқталатынын еске саламыз:

24 маусым
🔷1-ЦП (орман)

25 маусым
🔷А-008
🔷1-ЦП (балық)

Статистикалық есептерді ұсына отырып, сіз саланың жай-күйі туралы толық түсініктің қалыптасуына көмектесесіз. Сіздің деректеріңіз тиімдішешімдер қабылдау барысында шешуші рөл атқарады.

Есепті толтыру барысында туындаған сұрақтарыңызды Бюроның 1446 бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ, statgovkz_bot телеграм-ботынажәне stat.gov.kz сайтындағы онлайн кеңесшіге жолдай аласыз!
_____________
📣Уважаемые респонденты, напоминаем, что на этой неделе оканчиваются сроки сдачи следующих квартальных отчетов:

24 июня
🔷1-ЦП (лес)

25 июня
🔷А-008
🔷1-ЦП (рыба)

Предоставляя статистические отчеты, вы способствуете формированию четкого представления о состоянии отрасли. Ваши данные играют ключевую роль в процессе принятия обоснованных и эффективных решений.

При возникновении вопросов по заполнению отчетов, вы можете обратиться в единый контакт-центр Бюро 1446, а также отправить свое обращение на наш телеграм-бот statgovkz_bot и онлайн-консультанту на сайте stat.gov.kz
📊Бүгін stat.gov.kz келесі статистикалық ақпарат жарияланады

Электрондық кесте
- Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі
-Ұлттық компаниялардың қаржы-шаруашылық қызметі
_______
📊 Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована следующая статистическая информация

Электронная таблица
- Финансово-хозяйственная деятельность предприятий в Республике Казахстан
- Финансово-хозяйственная деятельность национальных компаний
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤝 ЭЫДҰ Қазақстанға экологиялық-экономикалық есепті дамытуға көмектеседі

Астанада ЭЫДҰ сарапшыларының қатысуымен семинар жұмысы жалғасуда. Іс-шараның негізгі мақсаты экономика мен қоршаған ортаның өзара іс-қимылын мониторингтеу құралдарын дамыту, атап айтқанда – атмосфераға таралатын шығарындылар шотын жетілдіру және Қазақстан үшін энергетикалық ресурстар ағындарының шотын қалыптастыру.

Толық оқу
___________________
🤝ОЭСР помогает Казахстану развивать эколого-экономический учёт

В Астане продолжает свою работу семинар с участием экспертов ОЭСР. Ключевой целью мероприятия является развитие инструментов мониторинга взаимодействия экономики и окружающей среды, в частности – совершенствование Счета выбросов в атмосферу и формирование Счета потоков энергетических ресурсов для Казахстана.

Читать подробно
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⏳Қазақстандықтардың орташа жасы - 32,3 жас

2024 жыл басындағы деректер бойынша Қазақстан халқының орташа жасы 32,3 жасты құрады. Соңғы бес жылда көрсеткіш 31,9 жастан өскен.

Ерлердің орташа жасы - 30,7 жас, әйелдердікі - 33,9 жас.
Өңірлер бөлінісінде ең төменгі орташа жас Түркістан облысында - 27,7 жас, сондай-ақ Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласында - 27,8 жастан.

Ең жоғары орташа жас Солтүстік Қазақстан облысында - 39,2 жас, Шығыс Қазақстан облысында - 38,9 жас және Қостанай облысында - 38 жас.
Қала халқының орташа жасы ауылдық жерлерге қарағанда жоғары – тиісінше 32,7 және 31,7 жас.

Демографиялық статистика
_____________________
⏳Средний возраст казахстанцев – 32,3 года

По данным на начало 2024 года, средний возраст населения Казахстана составил 32,3 года. За последние пять лет показатель вырос с 31,9 года.

Средний возраст мужчин составляет 30,7 года, женщин – 33,9 года.
В разрезе регионов наиболее низкий средний возраст отмечен в Туркестанской области – 27,7 лет, а также в Мангистауской области и городе Шымкент – по 27,8 лет.

Наиболее высокий средний возраст отмечен в Северо-Казахстанской области – 39,2 года, Восточно-Казахстанской области – 38,9 лет и Костанайской области – 38 лет.

Средний возраст городского населения выше, чем в сельской местности – 32,7 и 31,7 лет соответственно.

Демографическая статистика
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔2😁1
📊Бүгін stat.gov.kz Қазақстан Республикасындағы еңбек құнының индексі жайлы электрондық кесте жарияланады
_______
📊 Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована электронная таблица по индексу стоимости труда в Республике Казахстан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎲Қазақстанда 251 ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 251 ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істеген, бір жылда олардың саны 9,1% артты.

Өңірлер бөлінісінде демалыс орындарының ең көп саны Түркістан облысында (32 бірлік), Шымкент қаласында (29 бірлік) және Қарағанды облысында (28 бірлік).

2024 жылы ойын-сауық және демалыс саябақтарына 15,5 млн адам барған. Барушылар санының ең көбі Астана (3,2 млн келу), Шымкент (2,7 млн келу) және Алматы (2,5 млн келу) қалаларында байқалған.

Меншік нысаны бойынша демалыс саябақтарының 29%-ы мемлекеттік меншікте, 69,3%-ы жеке меншікте және 1,5%-ы шетелдік меншікте.

Демалыс орындарының 131 ашық аспан астында, 120 орын ғимарат ішінде орналасқан. Ауылдық жерлерде 51 ойын-сауық және демалыс орны жұмыс істейді, бұл жалпы көрсеткіштің – 19,1%.

Демалыс орындарында аттракциондар мен ойын автоматтары түріндегі сауық құруға арналған 3 923 нысан бар.
_________________________
🎲 В Казахстане работает 251 парк развлечений и отдыха

По итогам 2024 года в Казахстане работает 251 парк развлечений и отдыха, за год их количество выросло на 9,1%.

В разрезе регионов самое большое количество парков в Туркестанской области (32 ед.), городе Шымкент (29 ед.) и Карагандинской области (28 ед.).

В 2024 году парки развлечений и отдыха посетили 15,5 млн раз. Больше всего посещений отмечено в городах Астана (3,2 млн посещений), Шымкент (2,7 млн посещений) и Алматы (2,5 млн посещений).

По форме собственности 29% парков находится в государственной собственности, 69,3% – в частной и 1,5% – в иностранной собственности.

Из общего числа 131 парк расположен под открытым небом, 120 – в помещениях. В сельской местности действует 51 парк, что составляет 19,1% от общего количества.

Всего в парках расположено 3 923 объекта для развлечений в виде аттракционов и игровых автоматов.
📊Бүгін stat.gov.kz Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі және орташа бағалары жайлы электрондық кесте жарияланады
_______
📊 Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована электронная таблица по Индексу цен и средним ценам на социально-значимые продовольственные товары в Республике Казахстан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📊Бүгін stat.gov.kz келесі статистикалық ақпарат жарияланады

Электрондық кесте
- Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметі туралы
- Қазақстан Республикасының халқы тұтынатын тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы туралы

Жарияланым
- 2025 жылғы 1-тоқсан бойынша Өндіріс әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім
- Қазақстан Республикасындағы еңбек бойынша негізгі көрсеткіштер
_____________
📊 Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована следующая статистическая информация

Электронная таблица
- О деятельности сельскохозяйственных кооперативов в Республике Казахстан
- Об энергетической ценности продуктов питания, потребляемых населением Республики Казахстан

Публикация
- Валовой внутренний продукт методом производства за 1 квартал 2025 года (отчетные данные)
- Основные показатели по труду в Республике Казахстан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👰🏻‍♀️🤵🏻‍♂️Тамыз – неке қию үшін ең танымал ай

2015-2024 жылдар аралығындағы деректерге сәйкес, Қазақстан Республикасында некенің көпшілігі тамыз айында тіркеліп келеді. Соңғы он жылда бұл айда орта есеппен жыл сайын 14,9 мың неке қиылған. Ең жоғары көрсеткіш 2016 жылы тіркелген – 16,9 мың неке.

2015 пен 2022 жылдар аралығында шілде мен қыркүйек те неке қию үшін жиі таңдалатын айлардың қатарында болды. Алайда соңғы екі жылда қыркүйекке қарағанда маусым айы басым түскен. Мәселен, 2024 жылы маусымда 11,6 мың, ал қыркүйекте 10,8 мың неке тіркелген.

Осылайша, 2023 жылдан бастап маусым, шілде және тамыз айлары неке тіркелетін ең танымал айларға айналды.

Ең аз неке саны қаңтар айында тіркелген – соңғы он жылдың ішінде бес рет дәл осы ай ең төменгі көрсеткішке ие болған. Мамыр да неке саны бойынша төмен деңгейде қалып келеді.

Соңғы он жылдағы ең төменгі айлық көрсеткіш 2020 жылдың сәуірінде, пандемия кезінде тіркелді – ол кезде барлығы 3,8 мың неке ғана қиылған.
_______________________
👰🏻‍♀️🤵🏻‍♂️Август остаётся самым популярным месяцем для заключения браков

Согласно данным за 2015-2024 годы, наибольшее число зарегистрированных браков в Республике Казахстан традиционно приходится на август. В среднем за десятилетний период в этом месяце регистрируется около 14,9 тыс. браков. Наибольшее значение было зафиксировано в 2016 году – 16,9 тыс. браков за август.

В период с 2015 по 2022 годы к числу наиболее популярных месяцев также относились июль и сентябрь. Однако в последние два года сентябрь уступил свои позиции июню. Так, в 2024 году в июне было зарегистрировано 11,6 тыс. браков, тогда как в сентябре – 10,8 тыс.

Таким образом, начиная с 2023 года, июнь, июль и август стали тремя наиболее активными месяцами по числу заключённых браков.

Наименьшее количество браков регистрируется в январе – в 5 из последних 10 лет он занимал последнее место по этому показателю. Май также стабильно входит в число месяцев с наименьшим числом регистраций.

Минимальное месячное значение за последние 10 лет зафиксировано во время пандемии – в апреле 2020 года было зарегистрировано всего 3,8 тыс. браков.

QAZSTAT
📊Бүгін stat.gov.kz келесі статистикалық ақпарат жарияланады

Электронды кесте
- Қазақстан Республикасында тауарлар мен қызметтерді өткізу көлемі
- Қазақстан Республикасында көрсетілген IT-Қызметтердің көлемі туралы

Жарияланым
- 2025 жылдың 1 тоқсанындағы кірістер әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім
- Қазақстан Республикасындағы атмосфералық ауаны қорғаудың жай-күйі туралы
- Қазақстан Республикасы халқының жан басына шаққандағы орташа номиналды ақшалай табыстары
_________
📊 Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована следующая статистическая информация

Электронная таблица
- Объем реализации товаров и услуг в Республике Казахстан
- Об объемах оказанных IT- услуг в Республике Казахстан

Публикация
- Валовой внутренний продукт методом доходов за 1 квартал 2025
- О состоянии охраны атмосферного воздуха в Республике Казахстан
- Среднедушевые номинальные денежные доходы населения Республики Казахстан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM