2.69K subscribers
1.87K photos
99 videos
3 files
2.63K links
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының телеграмдағы ресми арнасы
Официальный телеграм-канал Бюро национальной статистики АСПР РК

www.stat.gov.kz
www.facebook.com/kazstatgov.kz
https://www.instagram.com/statgov.kz
Download Telegram
Спорт саласында көрсетілген қызмет көлемі 21,3 пайызға артты

Бүгін - Дүниежүзілік адал ойын күні.

БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен бұл күн спорттағы адалдық, достық пен ашықтық қағидаттарын насихаттайды. Бұл бастама 2013 жылы Panathlon ұйымының іс-шараларынан бастау алып, Fair Play халықаралық қозғалысының қолдауымен кең тарады.

Осы атаулы күнде спорт саласының дамуына назар аударайық.

2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында спорт, демалыс және ойын-сауық саласында көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 878,1 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21,3 пайызға көп.

Соның ішінде спорт саласындағы өзге қызмет түрлері - 159,4 млрд теңге, фитнес-клубтардың қызметі - 79,7 млрд теңге, спорт клубтарының қызметі - 67,3 млрд теңге, спорт нысандарын пайдалану - 46,7 млрд теңге, ойын-сауық саябақтарының қызметі - 34,0 млрд теңге болды.

Ал ең үлкен үлес - 55,3 пайыз немесе 485 млрд теңге демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыруға қатысты өзге қызмет түрлеріне тиесілі.
Айта кетейік, аймақтар бойынша ең көп қызмет көлемі Алматы қаласында тіркелді - 379,8 млрд теңге. Одан кейін Астана қаласы - 135,5 млрд теңге және Алматы облысы – 38,7 млрд теңгені құрайды.
👍1
Объёмы оказанных услуг в области спорта выросли на 21,3%
 
Сегодня - Всемирный день честной игры.
Учреждённый Генеральной Ассамблеей ООН, этот день напоминает о честности, дружбе и инклюзивности в спорте. Инициатива началась в 2013 году с мероприятий Panathlon и поддерживается международными организациями Fair Play.

В этот день давайте посмотрим, как развивается спорт и услуги в этой сфере.

За январь-декабрь 2025 года объем оказанных услуг в области спорта, организации отдыха и развлечений составил 878,1 млрд тенге, что в сопоставимых ценах на 21,3% больше, чем за аналогичный период 2024 года.
 
Среди них объемы услуг по прочей деятельности в области спорта составили 159,4 млрд тг, деятельности фитнес-клубов - 79,7 млрд тг, спортивных клубов - 67,3 млрд тг, эксплуатация спортивных сооружений - 46,7 млрд тг, деятельность развлекательных парков - 34,0 млрд тг.
 
Но основная доля - 55,3% (485 млрд тг) услуг в этой области приходятся на прочие виды деятельности по организации отдыха и развлечений.

В региональном разрезе наибольший объём услуг пришёлся на г. Алматы - 379,8 млрд тенге. В тройку лидирующих регионов также вошли Астана (135,5 млрд тенге) и Алматинская область (38,7 млрд тенге).
Бүгін stat.gov.kz келесі статистикалық ақпарат жарияланады

Электрондық кесте
- Қазақстан Республикасында өнімнің (тауарлардың) және шикізаттың жекелеген түрлерінің ресурстары мен пайдаланылуы (2026 жылғы қаңтар-наурыз)
- Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың инновациялық қызметі туралы
__

Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована следующая статистическая информация

Электронная таблица
- Ресурсы и использование отдельных видов продукции (товаров) и сырья в Республике Казахстан (январь-март 2026г.)
- Об инновационной деятельности предприятий в Республике Казахстан
Бюрода аумақтық департаменттер басшыларының қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Отырыста ұлттық статистика жүйесін одан әрі реформалаудың негізгі бағыттары қарастырылды. Атап айтқанда, ресми статистиканың сапасын арттыру, статистикалық бизнес-процестерді жетілдіру, заманауи цифрлық шешімдерді енгізу, сондай-ақ аумақтық бөлімшелер қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Толығырақ оқу
___

В Бюро состоялось расширенное заседание коллегии с участием руководителей территориальных департаментов.

На заседании были рассмотрены ключевые направления дальнейшего реформирования национальной статистической системы, включая повышение качества официальной статистики, совершенствование статистических бизнес-процессов, внедрение современных цифровых решений, а также повышение эффективности деятельности территориальных подразделений.

Читать подробно
👍1
Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі артты

2026 жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша ірімшік пен сүзбе өндірісі 38,8% өсті. Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында 15,3 мың тонна ірімшік пен сүзбе өндірілген, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,2 мың тоннаға көп.

Сонымен қатар импорт көлемінің төмендеуі байқалады: ол 10,1% азайып, 9,4 мың тоннаны құрады (2025 жылдың қаңтар-наурызында бұл көрсеткіш 10,5 мың тонна болған). Импорттық өнімнің үлесі жалпы ресурстар көлемінің 38,2% құрайды.

Экспорт 20,2% қысқарған. 2026 жылдың алғашқы үш айында 382,2 тонна ірімшік пен сүзбе экспортталды.

Аталған кезеңде ішкі нарықтағы сатылым көлемі 24,4 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,7% өскен.
Производство сыра и творога в Казахстане увеличилось

По итогам первых трех месяцев 2026 года производство сыра и творога выросло на 38,8%. В январе-марте текущего года было произведено 15,3 тыс. тонн сыра и творога, что на 4,2 тыс. тонн больше по сравнению с аналогичным периодом 2025 года.

При этом наблюдается снижение импорта: он уменьшился на 10,1% и составил 9,4 тыс. тонн (в январе–марте 2025 года этот показатель составлял 10,5 тыс. тонн). Удельный вес импортируемой продукции составляет 38,2% от общего объема ресурсов.

Экспорт также сократился на 20,2%. За первые три месяца 2026 года было экспортировано 382,2 тонны сыра и творога.

Объем продаж на внутреннем рынке за этот период составил 24,4 тыс. тонн, что на 15,7% больше по сравнению с аналогичным периодом прошлого года.
👍1
Бүгін stat.gov.kz келесі статистикалық ақпарат жарияланады

Электрондық кесте
- Қазақстан Республикасындағы байланыс, пошта және курьерлік қызмет кәсіпорындары жұмысының негізгі көрсеткіштері
- Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі және орташа бағалары
__

Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована следующая статистическая информация

Электронная таблица
- Основные показатели работы предприятий связи, почтовой и курьерской деятельности в Республике Казахстан
- Индекс цен и средние цены на социально-значимые продовольственные товары в Республике Казахстан
👍1
Бюро қызметкерлері ауыл шаруашылығы мен жер пайдалану салаларындағы климаттық шараларды бағалауға мүмкіндік беретін NEXT құралы бойынша ФАО ұйымдастырған оқытудан өтті.

Тренинг барысында олар ұлттық климаттық саясатта қолдану үшін парниктік газдар шығарындыларын (CO₂, CH₄, N₂O) есептеу, көміртек қорларын бағалау және жерді тұрақты пайдалану әдістері бойынша практикалық дағдыларды игерді.

Толығырақ оқу

______

Сотрудники Бюро прошли обучение ФАО по инструменту NEXT, который позволяет оценивать климатические меры в сельском хозяйстве и землепользовании.

На тренинге они освоили расчет выбросов парниковых газов (CO₂, CH₄, N₂O), оценку углеродных запасов и методы устойчивого земледелия для применения в национальной климатической политике.
Читать подробно
👍1
Бүгін stat.gov.kz келесі статистикалық ақпарат жарияланады

Жарияланым
- Қазақстан Республикасындағы еңбек қызметіне байланысты жарақаттану және кәсіптік аурулар туралы (2025ж.)
- Қазақстан Республикасындағы электрондық коммерция туралы
Электрондық кесте
- Қазақстан Республикасындағы лизингтік қызмет туралы (2025 жыл)
__

Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована следующая статистическая информация

Публикация
- О травматизме, связанном с трудовой деятельностью, и профессиональных заболеваниях в Республике Казахстан (2025 г.)
- Об электронной коммерции в Республике Казахстан (2025г.)
Электронная таблица
- О лизинговой деятельности в Республике Казахстан
Құрметті респонденттер, 1 маусым келесі есептерді тапсыру мерзімі аяқталатынын еске саламыз:

🔷2-Т (еңбекақы), (жылына бір рет)
🔷1-П, (ай сайынғы)

Статистикалық есептерді ұсына отырып, сіз саланың жай-күйі туралы толық түсініктің қалыптасуына көмектесесіз. Сіздің деректеріңіз тиімді шешімдер қабылдау барысында шешуші рөл атқарады.

Есепті толтыру барысында туындаған сұрақтарыңызды Бюроның 1446 бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ, statgovkz_bot телеграм-ботына және stat.gov.kz сайтындағы онлайн кеңесшіге жолдай аласыз!
Уважаемые респонденты, напоминаем, что 1 июня оканчиваются сроки сдачи следующих отчетов:

🔷2-Т (оплата труда), (один раз в год)
🔷1-П, (ежемесячный)

Предоставляя статистические отчеты, вы способствуете формированию четкого представления о состоянии отрасли. Ваши данные играют ключевую роль в процессе принятия обоснованных и эффективных решений.

При возникновении вопросов по заполнению отчетов, вы можете обратиться в единый контакт-центр Бюро 1446, а также отправить свое обращение на наш телеграм-бот statgovkz_bot и онлайн-консультанту на сайте stat.gov.kz
Құрметті түлектер мен ата-аналар!

Сіздерді шын жүректен ең маңызды әрі толқынысқа толы мерекелердің бірі - мектеп бітіру күнімен құттықтаймыз!

Бүгін түлектер үшін соңғы қоңырау соғылып, мүмкіндіктер, жаңалықтар мен үлкен жетістіктерге толы жаңа өмірдің есігін ашты.


2025/26 оқу жылында жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар саны 3,9 миллионнан асты. Бұл - соңғы 25 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Оқушылар саны ең көп өңірлер қатарында Түркістан және Алматы облыстары, сондай-ақ Алматы қаласы көш бастап тұр.

Осындай маңызды деректердің барлығын статистика саласының мамандары саралап, ел өміріне қатысты мәліметтерді жинап, өңдейді. Бұл ақпараттар Қазақстанның дамуына қажетті шешімдер қабылдауға негіз болады.
Қазіргі таңда статистика мен деректерді талдау саласындағы мамандықтарға сұраныс артып келеді. Бұл бағыттағы мамандарды еліміздің жетекші жоғары оқу орындары даярлайды. Сонымен қатар, Бюро Қазақстан университеттерімен тығыз байланыс орнатып, білікті мамандар дайындау бағытында жұмыс жүргізуде. Бүгінде осы мақсатта 16 ынтымақтастық туралы меморандум жасалған.

Егер түлектердің арасында болашақ мамандығын әлі таңдамаған жастар болса, статистика және деректерді талдау саласына назар аударуға кеңес береміз.

Сіздерге сенімділік, шабыт, толағай табыс және жарқын болашақ тілейміз!
Дорогие выпускники и их родители!

От всей души поздравляем вас с одним из самых важных и трогательных событий - окончанием школы!

Сегодня для выпускников прозвенел последний звонок, открывая двери в новую жизнь, полную возможностей, открытий и больших побед.

Численность учащихся в общеобразовательных школах на 2025/26 год составляет более 3,9 миллиона учеников. Это самый высокий показатель за последние 25 лет. Больше всего школьников обучается в Туркестанской и Алматинской областях, а также в городе Алматы.

Все эти данные анализируют специалисты в сфере статистики. Они собирают и обрабатывают важную информацию о жизни страны, которая помогает принимать решения для развития Казахстана.

Сегодня профессии, связанные со статистикой и анализом данных, становятся все более востребованными на рынке труда. Специалистов в этой сфере готовят ведущие ВУЗы страны, а Бюро активно сотрудничает с университетами Казахстана. На сегодняшний день заключено 16 меморандумов о сотрудничестве для подготовки квалифицированных специалистов.

Если кто-то из выпускников еще выбирает будущую профессию, рекомендуем обратить внимание на сферу статистики и анализа данных.

Желаем вам уверенности в себе, вдохновения, успехов и счастливого будущего!
Қазақстан Республикасында 2025 жылы 2024 жылмен салыстырғанда өндірістегі жарақаттану деңгейі 5,8 % төмендеп, 2 328 жазатайым оқиға тіркелді.

Өндірісте жарақаттанудың ең жоғары деңгейі Шығыс Қазақстан облысында сақталуда. 2025 жылы бұл өңірде 287 жазатайым оқиға тіркелді, бұл жалпы көрсеткіштің 12,3 % құрайды.

Екінші орында Қарағанды облысы тұр, онда өндірісте 277 адам зардап шекті, бұл жалпы жазатайым оқиғалардың 11,9 %.

Толығырақ оқу

_____

Уровень травматизма в Казахстане за 2025 год по сравнению с 2024 годом снизился на 5,8 % и составил 2 328 несчастных случаев.

Наиболее высокий уровень производственного травматизма сохраняется в Восточно-Казахстанской области. В 2025 году в регионе зафиксировано 287 несчастных случаев, что составляет 12,3 % от общего числа.


На втором месте находится Карагандинская область, где на производстве пострадали 277 человек, или 11,9 % от общего количества несчастных случаев.

Читать подробно
Бүгін stat.gov.kz сайтында Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы туралы электрондық кесте жарияланады.

____

Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована электронная таблица о валовом выпуске продукции (услуг) сельского, лесного и рыбного хозяйства сельскохозяйственных производителей Республики Казахстан.
Мақсат Тұрлыбаев V Еуразиялық экономикалық форумда Қазақстан статистикасының жасанды интеллект пен Big Data негізіндегі цифрлық трансформациясын таныстырды.

Өз сөзінде ол мемлекеттік статистиканың дәстүрлі есептіліктен нақты уақыт режиміндегі жедел аналитикаға көшіп жатқанын атап өтті.

Негізгі шешімдердің қатарында - инфляцияны есептеу кезінде миллиондаған баға бақылауларын өңдеуге арналған AI технологиялары, сондай-ақ мобильді позициялау мен веб-парсингті баламалы дереккөздер ретінде пайдалану бар.

Сонымен қатар пайдаланушыларға арналған цифрлық сервистер, оның ішінде аналитикалық чат-боттар мен Бірыңғай байланыс орталығының шешімдері таныстырылды.

Толығырақ оқу
👍3
Максат Турлубаев на V Евразийском экономическом форуме представил цифровую трансформацию статистики Казахстана на базе ИИ и Big Data.

В своем выступлении он отметил переход государственной статистики от традиционной отчетности к оперативной аналитике в режиме реального времени.

Среди ключевых решений - применение ИИ для обработки миллионов ценовых наблюдений при расчете инфляции, а также использование мобильного позиционирования и веб-парсинга как альтернативных источников данных.

Отдельно были представлены цифровые сервисы для пользователей, включая аналитические чат-боты и решения Единого контакт-центра.

Читать подробно
Құрметті пайдаланушылар!

Сіздерді демографиялық, еңбекке ақы төлеу статистикасын қалыптастыру, тұтыну бағалары индексін қалыптастыру кезінде баламалы деректер көздерін пайдалану мәселелеріне арналған онлайн-сессияға қатысуға шақырамыз. Сондай-ақ сессия барысында иесіздендірілген түрдегі дерекқорларды алу шарттары туралы ақпарат ұсынылады.

Онлайн-сессия ағымдағы жылғы 25 маусымда сағат 11:00-де зум сілтемесі бойынша өтеді.

_______________

Уважаемые пользователи!

Приглашаем вас принять участие в онлайн-сессии по вопросам формирования демографической статистики, статистики оплаты труда, использования альтернативных источников данных при формировании индекса потребительских цен. Так же будет представлена информация об условиях получения баз данных в деидентифицированном виде.

Онлайн сессия состоится по зум ссылке 25 июня текущего года в 11:00.
👍3