2.69K subscribers
1.87K photos
99 videos
3 files
2.63K links
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының телеграмдағы ресми арнасы
Официальный телеграм-канал Бюро национальной статистики АСПР РК

www.stat.gov.kz
www.facebook.com/kazstatgov.kz
https://www.instagram.com/statgov.kz
Download Telegram
📍 Алматыда ресми статистиканы қалыптастыруда мобильді позициялау деректерін пайдалану жөніндегі өңірлік семинар өз жұмысын бастады.

Үш күн бойы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Индонезияның статистика органдарының өкілдері көші-қон, туризм және халықтың ұтқырлығын талдауда мобильді деректерді қолданудың үздік халықаралық тәжірибелерін талқылайды.

Семинар статистика және үлкен деректер саласындағы тәжірибе алмасу мен өңірлік ынтымақтастықты нығайтудың маңызды алаңына айналады.

Толығырақ оқу
📍 В Алматы стартовал региональный семинар по использованию данных мобильного позиционирования для формирования официальной статистики.

В течение трех дней представители статистических ведомств Казахстана, Кыргызстана, Таджикистана, Узбекистана, Азербайджана и Индонезии обсудят лучшие международные практики применения мобильных данных для анализа миграции, туризма и мобильности населения.

Семинар станет площадкой для обмена опытом и укрепления регионального сотрудничества в сфере статистики и больших данных.

Читать подробно
👏🏻Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтаймыз!

Еліміздің әрбір жетістігінің артында халық игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген жандар тұр. Сіздердің қызметтеріңіз үлкен жауапкершілікті, адалдықты, біліктілік пен әділдікті және ел мүддесіне деген шынайы жанашырлықты талап етеді.

Мемлекеттің өркендеуіне қосып жүрген сүбелі үлестеріңіз, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған қажырлы еңбектеріңіз және қоғамға қызмет етудің биік құндылықтарына деген берік ұстанымдарыңыз үшін алғыс білдіреміз.

Кәсібилік, отаншылдық және «Адал азамат» деген абыройлы ат сіздерді жаңа белестерге жетелеп, толағай табыстар мен игі бастамаларға қанаттандырсын.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, еңбектеріңізге толағай табыс, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге жаңа жетістіктер тілейміз!
👏🏻Поздравляем с Днём государственного служащего!

За каждым достижением страны стоят люди, которые ежедневно работают на благо общества. Ваш труд требует высокой ответственности, принципиальности и искренней преданности своему делу.

Спасибо за ваш вклад в развитие государства, за стремление делать жизнь граждан лучше и за верность высоким ценностям служения обществу. Пусть профессионализм, патриотизм и доброе имя «Адал азамат» открывают новые возможности, вдохновляют на большие свершения и ведут к заслуженным успехам.

Крепкого здоровья, благополучия, уверенности в своих силах и новых побед на благо страны!
👍2
Қазақстанның ішкі саудасы тұрақты өсім көрсетуде

2026 жылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның ішкі сауда саласында тұрақты оң динамика сақталды. «Сауда» саласының нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,6% құрады.

Есепті кезеңде көтерме сауда көлемі 19,6 трлн теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,5% артты. Бұл көрсеткіш елдегі сауда белсенділігінің өсуіне және экономикалық белсенділіктің нығаюына елеулі үлес қосты.

Бөлшек сауда саласында да оң үрдіс жалғасуда. 2026 жылдың алғашқы бес айында бөлшек сауда көлемі 9 трлн теңгені құрап, нақты мәнде 3,6% өсті.

Сауда көлемі бойынша жетекші өңірлер қатарында Алматы (жалпы көлемдегі үлес салмағы – 34,5%) және Астана (13,9%) қалалары, сондай-ақ Атырау (11,5%) және Қарағанды (6,1%) облыстары мен Шымкент қаласы (5%) бар.
Внутренняя торговля Казахстана сохраняет устойчивый рост

По итогам января-мая 2026 года внутренняя торговля Казахстана продемонстрировала положительную динамику.

Индекс физического объема отрасли «Торговля» составил 105,6% к аналогичному периоду прошлого года.

Объем оптовой торговли достиг 19,6 трлн. тенге, увеличившись на 6,5% по сравнению с аналогичным периодом прошлого года, что обеспечило основной вклад в рост торговой активности страны.

Положительная динамика сохраняется и в розничном сегменте. За пять месяцев объем розничной торговли составил 9 трлн. тенге, увеличившись на 3,6% в сопоставимых ценах.

Лидирующие позиции по объемам торговли занимают города Алматы (доля 34,5% в общем объеме) и Астана (13,9%), а также Атырауская (11,5%), Карагандинская области (6,1%) и г. Шымкент (5%).
Бюро мемлекеттік қызметшілер күнін атап өтті


Ұлттық статистика бюросында ҚР Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Іс-шара барысында жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілер ант қабылдап, салаға еңбегі сіңген қызметкерлер марапатталды.

Толығырақ оқу

__


В Бюро отметили День государственного служащего

В Бюро состоялось торжественное собрание, посвященное Дню государственного служащего РК.

В рамках мероприятия прошли церемония принятия присяги вновь принятыми государственными служащими и награждения сотрудников.

Читать подробно
ҚАЗАҚСТАН ЭЫДҰ-НЫҢ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКАЛЫҚ САЯСАТ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

22-23 маусым күндері ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев ЭЫДҰ-ның Статистика және статистикалық саясат жөніндегі комитетінің 23-отырысына қатысты.

Іс-шара аясында М. Тұрлыбаев Қазақстанның ЭЫДҰ-мен бірлескен жұмысы туралы ақпарат ұсынды.

Атап айтқанда, ЭЫДҰ сарапшылар тобының қатысуымен Қазақстанның ұлттық статистикалық жүйесіне жүргізілген үш жылдық шолу жұмысының іс жүзінде аяқталуға жақын екені, оның қорытындысы бойынша ресми статистиканы дамытудағы елеулі прогресс оң бағаланғаны туралы хабарлады.

Сондай-ақ Қазақстан 2025 жылы қосылған ЭЫДҰ-ның адал статистикалық тәжірибе жөніндегі ұсынымын орындау бағытында Бюро тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар атап өтілді.

Толығырақ оқу
👍5
КАЗАХСТАН ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ЗАСЕДАНИИ КОМИТЕТА ОЭСР ПО СТАТИСТИКЕ И СТАТИСТИЧЕСКОЙ ПОЛИТИКЕ

22-23 июня руководитель Бюро национальной статистики АСПиР РК Максат Турлубаев принял участие в 23-м заседании Комитета ОЭСР по статистике и статистической политике.

В рамках данного мероприятия руководитель БНС Максат Турлубаев представил информацию о совместной работе Казахстана с ОЭСР. В частности, он проинформировал участников о том, что совместно с командой экспертов ОЭСР практически завершен 3-летний Обзор национальной статистической системы Казахстана, по итогам которого получены положительные отзывы о достигнутом прогрессе в развитии официальной статистики.

Отдельно была отмечена проводимая работа БНС в рамках исполнения Рекомендации ОЭСР по надлежащей статистической практике, к которой Казахстан присоединился в 2025 году.

Читать подробно
👍7
Ұлттық статистика бюросы пайдаланушылармен байланысты нығайтуда

Ұлттық статистика бюросы ресми статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен кезекті онлайн-сессия ұйымдастырды.

Кездесу барысында Бюро мамандары өз жұмысының негізгі бағыттарын таныстырып, қатысушыларды өзекті статистикалық көрсеткіштермен таныстырды. Еңбек ақы статистикасы мәселелеріне, сондай-ақ инфляцияны есептеу және статистикалық процестерді жетілдіруде баламалы дереккөздерді пайдалануға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар қатысушыларға ғылыми зерттеулер мен талдамалық жұмыстар жүргізу үшін дербестендірілмеген түрде статистикалық дерекқорларды ұсыну мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.

Толығырақ оқу
Бюро продолжает диалог с пользователями

Бюро национальной статистики провело очередную онлайн-сессию с пользователями официальной статистической информации.

В ходе встречи специалисты Бюро представили ключевые направления своей работы и ознакомили участников с актуальными статистическими показателями. Отдельное внимание было уделено вопросам статистики оплаты труда, а также использованию альтернативных источников данных при расчете инфляции и совершенствовании статистических процессов.

Кроме того, участникам рассказали о возможностях предоставления статистических баз данных в деидентифицированном виде для проведения научных исследований и аналитической работы.

Читать подробно
👍2
Бүгін stat.gov.kz келесі статистикалық ақпарат жарияланады

Жарияланым
- Қазақстан Республикасы халқының табыстарын саралаудың негізгі көрсеткіштері
- Қазақстан Республикасы халқының шығыстары мен табыстары

Электрондық кесте
- Қазақстан Республикасының халқы тұтынатын тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы туралы (2025 жыл)
- Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі және орташа бағалары
- Қазақстан Республикасы үй шаруашылықтарының шығыстары мен табыстары
- Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарында тамақ өнімдерін тұтыну

__

Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована следующая статистическая информация

Публикация
- Основные показатели дифференциации доходов населения Республики Казахстан
- Расходы и доходы населения Республики Казахстан

Электронная таблица
- Об энергетической ценности продуктов питания, потребляемых населением Республики Казахстан (2025г.)
- Индекс цен и средние цены на социально-значимые продовольственные товары в Республике Казахстан
- Расходы и доходы домашних хозяйств Республики Казахстан
- Потребление продуктов питания в домашних хозяйствах Республики Казахстан
👩‍🎓👨🏻‍🎓Бюроның 8 қызметкері Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсті

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2026-2027 оқу жылына арналған магистратура мен докторантураға алдын ала қабылдау нәтижелерін жариялады.

Конкурстық іріктеуден сәтті өткендердің қатарында Ұлттық статистика бюросының сегіз қызметкері бар.

Бюро қызметкерлерінің 6 магистратураға, тағы 2 докторантура бағдарламасына оқуға түсті.

Әріптестерімізді конкурстық іріктеуден сәтті өтуімен құттықтаймыз!

Толығырақ оқу
👨🏻‍🎓👩‍🎓8 сотрудников Бюро поступили в Академию государственного управления при Президенте РК

Академия государственного управления при Президенте РК подвела итоги предварительного зачисления в магистратуру и докторантуру на 2026–2027 учебный год. В числе успешно прошедших конкурсный отбор восемь сотрудников Бюро национальной статистики.

Из числа сотрудников Бюро 6 человек поступили по программе магистратуры, еще 2 по программе докторантуры.

Поздравляем коллег с успешным прохождением конкурсного отбора!

Читать подробно
ҚАЗАҚСТАНДА БІР АПТА ІШІНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ БІРҚАТАРЫ АРЗАНДАДЫ

2026 жылғы 24 маусымдағы жағдай бойынша есепті аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді.

Ең көп арзандаған өнім – қызанақ, оның бағасы 5,5% төмендеді. Сондай-ақ І санаттағы жұмыртқа (-1,3%), қияр (-1,3%), пастерленген сүт (-0,2%), майлылығы 2-3% айран (-0,2%), майлылығы 5-9% сүзбе (-0,2%), қара шай (-0,2%), сондай-ақ ажарланған күріш және балғын, салқындатылған және мұздатылған балық, қаймақ, алма және ас тұзының бағасы (әрқайсысы -0,1%) төмендеді.

Өңірлер бөлінісінде дефляциялық үрдіс еліміздің бірқатар қалаларында байқалды. Бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы баға деңгейі Қонаевта (-0,5%), Көкшетауда (-0,4%), Павлодарда (-0,3%), Шымкентте, Атырауда және Петропавлда (әрқайсысы -0,2%) төмендеді. Ал Қостанай, Қызылорда, Семей, Тараз және Өскемен қалаларында бағалар өткен апта деңгейінде сақталды.

Толығырақ оқу
ЗА НЕДЕЛЮ В КАЗАХСТАНЕ СНИЗИЛИСЬ ЦЕНЫ НА РЯД СОЦИАЛЬНО ЗНАЧИМЫХ ПРОДОВОЛЬСТВЕННЫХ ТОВАРОВ

По состоянию на 24 июня 2026 года, за отчетную неделю в Казахстане отмечено снижение цен на ряд социально значимых продовольственных товаров.

Наиболее заметно подешевели помидоры – на 5,5%. Также зафиксировано снижение цен на яйца I категории (-1,3%), огурцы (-1,3%), пастеризованное молоко (-0,2%), кефир жирностью 2–3% (-0,2%), творог жирностью 5–9% (-0,2%), черный чай (-0,2%), а также на шлифованный рис, свежую, охлажденную и мороженую рыбу, сметану, яблоки и соль (по -0,1%).

В региональном разрезе дефляционная динамика отмечена в ряде городов страны. Общий уровень цен на социально значимые продовольственные товары за неделю снизился в Конаеве (-0,5%), Кокшетау (-0,4%), Павлодаре (-0,3%), Шымкенте, Атырау и Петропавловске (по -0,2%). В Костанае, Кызылорде, Семее, Таразе и Усть-Каменогорске цены сохранились на уровне предыдущей недели.


Читать подробно
🏔Қазақстанның туристік саласы тұрақты өсімді көрсетуде

2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келді, ал шетелге шыққан Қазақстан азаматтарының саны 2,47 млн адамды құрады (2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға 15,7 млн шетелдік келген, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 3,1% көп).

Шетелдік қонақтардың негізгі ағынын дәстүрлі түрде көршілес елдер қалыптастырады. Ең көп келуші Өзбекстаннан – 1,1 млн адам. Одан кейін Қырғызстан – 723,5 мың адам және Ресей – 564,7 мың адам.

Толығырақ оқу
Туристическая отрасль Казахстана демонстрирует уверенный рост

По итогам первого квартала 2026 года Казахстан принял 3 млн иностранных путешественников, а количество выехавших за рубеж граждан Казахстана составило 2,47 млн человек (по итогам 2025 года Казахстан посетили 15,7 млн иностранных посетителей, что на 3,1% больше по сравнению с аналогичным периодом 2024 года).

Основной поток иностранных посетителей по-прежнему формируют соседние страны. На первом месте находится Узбекистан, откуда прибыло 1,1 млн человек. Далее следуют Кыргызстан - 723,5 тыс. человек и Россия ­­- 564,7 тыс. человек.

Читать подробно
Бүгін stat.gov.kz келесі статистикалық ақпарат жарияланады

Жарияланым

Қазақстан Республикасындағы еңбек бойынша негізгі көрсеткіштер
Қазақстан Республикасында атмосфералық ауаны қорғаудың жай-күйі туралы
Өндіріс әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім

Электрондық кесте

Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметі туралы
Қазақстан Республикасындағы көрсетілген қызметтердің көлемі туралы
Қазақстан Республикасындағы көрсетілген IT-қызметтердің көлемі туралы
Жалдамалы қызметкерлердің жалақысы (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алумен)

__

Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована следующая статистическая информация


Публикация

Основные показатели по труду в Республике Казахстан
О состоянии охраны атмосферного воздуха в Республики Казахстан
Валовой внутренний продукт методом производства

Электронная таблица

О деятельности сельскохозяйственных кооперативов в Республике Казахстан
Об объемах оказанных услуг в Республике Казахстан
Об объемах оказанных IT-услуг в Республике Казахстан
Заработная плата наемных работников (с учетом малых предприятий, занимающихся предпринимательской деятельностью)
Құрметті респонденттер, алдағы аптада келесі есептерді тапсыру мерзімі аяқталатынын еске саламыз:

1 шілде
🔹1-П, (ай сайынғы)

2 шілде
🔹1-КФХ инвест, (тоқсандық)
🔹1-ИС, (ай сайынғы)
🔹2-КС, (ай сайынғы)
🔹1-инвест, (ай сайынғы)
🔹1-көлік, (ай сайынғы)
🔹24-сх, (ай сайынғы)
🔹3-байланыс, (ай сайынғы)

3 шілде
🔹2-сауда, (тоқсандық)
🔹2-сх (астық), (ай сайынғы)
🔹3-сх (майлы), (тоқсандық)
🔹1- Ц (жалға беру), (тоқсандық)


Сіздің деректеріңіз тиімді шешімдер қабылдау барысында шешуші рөл атқарады.

Есепті толтыру барысында туындаған сұрақтарыңызды Бюроның1446 бірыңғай байланыс орталығына хабарласа аласыз!
________
Уважаемые респонденты, напоминаем, что на этой неделе оканчиваются сроки сдачи следующих отчетов:

1 июля
🔹1-П, (ежемесячный)

2 июля
🔹1-КФХ инвест, (квартальный)
🔹1-ИС, (ежемесячный)
🔹2-КС, (ежемесячный)
🔹1-инвест, (ежемесячный)
🔹1-транспорт, (ежемесячный)
🔹24-сх, (ежемесячный)
🔹3-связь, (ежемесячный)

🔽🔽🔽