2.69K subscribers
1.88K photos
99 videos
3 files
2.64K links
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының телеграмдағы ресми арнасы
Официальный телеграм-канал Бюро национальной статистики АСПР РК

www.stat.gov.kz
www.facebook.com/kazstatgov.kz
https://www.instagram.com/statgov.kz
Download Telegram
📊Бүгін stat.gov.kz Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі және орташа бағалары жайлы электрондық кесте жарияланады
____

📊Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована электронная таблица по индексу цен и средние цены на социально-значимые продовольственные товары в Республике Казахстан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🚗Бір жыл ішінде Қазақстанда электромобильдер саны 1,6 есе артты

Электр тоғының қуатымен жүретін автокөлік құралдарының саны 1,6 есе өсті. 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша олардың саны 12 587 бірлікті құрады, бір жыл бұрын тіркелген электромобильдер саны 7 680 бірлік болған. Бұл автомобильдерге де, жүк көліктеріне, автобусқа да қатысты. Жеңіл автомобильдер арасындағы өсім ең жоғары: олардың саны 7 383-тен 12 119 бірлікке дейін өскен.

Алматы электромобиль саны бойынша көшбасшы болып отыр – қалада мұндай 7 309 автомобиль тіркелген. Одан кейін тоқ күшімен жүретін 1 510 көлігі бар Астана, сондай-ақ Алматы облысы, онда 638 автомобиль электр қуатының көмегімен қозғалады.

Бүгінгі таңда жүк тасушы электромобильдер саны – 338 бірлік, автобустардікі – 130 бірлік.

Көлік статистикасы
__________________________________
🚗За год количество электромобилей в Казахстане увеличилось в 1,6 раза

Число автотранспортных средств, передвигающихся с помощью электричества, выросло в 1,6 раза. По состоянию на 1 декабря 2024 года их количество составило 12 587 единиц, годом ранее число зарегистрированных электромобилей было 7 680 единиц. Это касается как легковых, так и грузовых автомобилей, и автобусов. Особенно заметен рост среди легковых машин: их число увеличилось с 7 383 до 12 119 единиц.

Алматы остаётся лидером по количеству электрокаров – в городе зарегистрировано 7 309 таких автомобилей. За ним следуют Астана с 1510 электромобилями и Алматинская область, где на электричестве передвигается 638 авто.

Число грузовых электромобилей на сегодня составляет 338 ед., автобусов – 130 ед.

Статистика транспорта
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📊Бүгін stat.gov.kz келесі статистикалық ақпарат жарияланады

Электрондық кесте
- Қазақстан Республикасындағы қолда бар дәнді және бұршақ дақылдары
- Қазақстан Республикасында қуаттарды пайдалануға беру туралы
- Халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімділік деңгейі
____
📊Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована следующая статистическая информация

Электронная таблица
- Наличие зерновых и бобовых культур в Республике Казахстан
- О вводе в эксплуатацию мощностей в Республике Казахстан
- Уровень доверия населения к правоохранительным органам и судебной системе
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💊Қазақстанда фармацевтика өнімін өндіру көлемі 171,6 млрд теңгені құрады

2024 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында Қазақстанда негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісінің көлемі құндық шамада 171,6 млрд теңгені құрап, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,8% артты.

Дәрі-дәрмек өндірісінің көлемі нақты мәнде 33,2% өсіп, 167,3 млрд теңгені құрады (2023 жылдың қаңт.-желт. – 125,6 млрд теңге). Өзге фармацевтикалық препараттар өндірісі 13,3% өсіп, 13,1 млрд теңге болды (2023 жылғы қаңт.-желт. – 11,6 млрд теңге).

Қазіргі уақытта Қазақстанда фармацевтика өнімдерін 10 кәсіпорын шығарады.

Өндіріс статистикасы
_____________
💊На 171,6 млрд тенге выпустили фармпродукцию в Казахстане

Объем производства основных фармацевтических продуктов и фармацевтических препаратов за январь-декабрь 2024 года в Казахстане в стоимостном выражении составил 171,6 млрд тенге, это на 21,8% больше чем за аналогичный период 2023 года.

Объем производства лекарств за январь-декабрь 2024 года в натуральном выражении увеличился на 33,2%, достигнув 167,3 млрд тенге (янв.-дек. 2023 г. – 125,6 млрд. тенге). Производство прочих фармацевтических препаратов выросло на 13,3%, составив 13,1 млрд тенге (янв.-дек. 2023г. – 11,6 млрд. тенге).

В настоящее время в Казахстане производством фармацевтической продукции занимаются 10 предприятий.

Статистика промышленного производства
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📣Құрметті респонденттер!

"Ұлттық ақпараттық технологиялар"АҚ сүйемелдейтін серверлік орталық инфрақұрылымындағы ақауға байланысты Респондент кабинетінде тапсырылған есептерге қол қою рәсімі жұмыс істемей тұр.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!

“ҰАТ” АҚ тарапынан жұмыстың қалпына келгені және кабинетте қол қою сервисінің ретке келтірілгені жайлы қосымша хабарланатын болады!
________
📣Уважаемые респонденты!

В связи с техническим сбоем на линии инфраструктуры серверного центра, сопровождаемого АО «Национальные информационные технологии», подписание статистических отчетов недоступно.

Приносим извинения за доставленные неудобства!

О восстановлении работ со стороны АО “НИТ” и сервиса подписания отчетов в кабинете мы сообщим Вам дополнительно!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📊Бүгін stat.gov.kz келесі статистикалық ақпарат жарияланады

Электрондық кесте
- Қазақстан Республикасының өнеркәсіп кәсіпорындарының өнімді тиеп жөнелтуі және қалдықтары
- Қазақстан Республикасындағы қызметтерге өндірушілердің баға индекстері
____
📊Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована следующая статистическая информация

Электронная таблица
- Отгрузка и остатки продукции на предприятиях промышленности Республики Казахстан
- Индексы цен производителей на услуги в Республике Казахстан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📣Құрметті респонденттер, алдағы аптада келесі есептерді тапсыру мерзімі аяқталатынын еске саламыз:

30 қаңтар
🔷1-мәдениет (жылдық)

31 қаңтар
🔷1-Т (еңбек жағдайы), (жылдық)

3 ақпан
🔷1-қалдықтар (жылдық)
🔷2-қалдықтар (жылдық)
🔷1-П (ай сайынғы)
🔷1-ИС (ай сайынғы)
🔷1-көлік (ай сайынғы)
🔷1-инвест (ай сайынғы)
🔷2-сх (астық), (ай сайынғы)
🔷3-байланыс (ай сайынғы)
🔷2-сауда (ай сайынғы)
🔷2-КС (ай сайынғы)
🔷24-сх (ай сайынғы)

Статистикалық есептерді ұсына отырып, сіз саланың жай-күйі туралы толық түсініктің қалыптасуына көмектесесіз. Сіздің деректеріңіз тиімді шешімдер қабылдау барысында шешуші рөл атқарады.

Есепті толтыру барысында туындаған сұрақтарыңызды Бюроның 1446 бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ, statgovkz_bot телеграм-ботына және stat.gov.kz сайтындағы онлайн кеңесшіге жолдай аласыз!
_____________
📣 Уважаемые респонденты, напоминаем, что на этой неделе оканчиваются сроки сдачи следующих отчетов:

30 января
🔷1-культура (годовой)

31 января
🔷1-Т (условия труда), (годовой)

3 февраля
🔷1-отходы (годовой)
🔷2-отходы (годовой)
🔷1-П (ежемесячный)
🔷1-ИС (ежемесячный)
🔷1-транспорт (ежемесячный)
🔷1-инвест (ежемесячный)
🔷2-сх (зерно), (ежемесячный)
🔷3-связь (ежемесячный)
🔷2-торговля (ежемесячный)
🔷2-КС (ежемесячный)
🔷24-сх (ежемесячный)

Предоставляя статистические отчеты, вы способствуете формированию четкого представления о состоянии отрасли. Ваши данные играют ключевую роль в процессе принятия обоснованных и эффективных решений.

При возникновении вопросов по заполнению отчетов, вы можете обратиться в единый контакт-центр Бюро 1446, а также отправить свое обращение на наш телеграм-бот statgovkz_bot и онлайн-консультанту на сайте stat.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏄‍♀️Қазақстанда 45 шынығу және сауығу кешені пайдалануға берілді

2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстанда жалпы аумағы 80,6 мың м² болатын 45 дене шынықтыру және сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Жобаның құны 28,4 млрд теңгені құраған.

Кешеннің көпшілігі Атырау және Жамбыл облыстарында салынған – әрқайсысында 5 кешеннен. Түркістан облысында 4 кешен қолданысқа берілді. Республиканың тағы алты өңірінің (Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарында) әрқайсысында үш-үштен сауықтыру кешені пайдалануға берілді.

Сонымен қатар 2024 жылы жалпы аумағы 8,2 мың м² болатын 13 спорт залы пайдалануға берілді. Олардың жалпы құны 2,8 млрд теңгені құрады. Залдардың басым бөлігі Қызылорда облысында салынды – 4, Түркістан облысы мен Шымкент қаласында – әрқайсысында 3-тен.
___________
🏄‍♀️В Казахстане введено в эксплуатацию 45 физкультурно-оздоровительных комплексов

За январь-декабрь 2024 года в Казахстане введено в эксплуатацию 45 физкультурно-оздоровительных комплексов общей площадью 80,6 тыс. м2 на сумму 28,4 млрд тенге.

Наибольшее количество ФОКов построено в Атырауской и Жамбылской областях – по 5 объектов в каждой. В Туркестанской области открылось 4 комплекса. В других шести регионах республики (Актюбинской, Карагандинской, Костанайской, Павлодарской, Жетісу и Восточно-Казахстанская областях) введено по 3 ФОКа.

Кроме того, в 2024 году в эксплуатацию введено 13 спортивных залов общей площадью 8,2 тыс. м2 на сумму 2,8 млрд тенге. Больше всего залов построено в Кызылординской области – 4, Туркестанской области и Шымкенте – по 3.

QAZSTAT
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❓Есептердің тапсырылу мерзімін қалай білуге болады?

Тапсырылуы тиіс есептердің тізімін көру үшін респондент кабинетіндегі "Жүгіртпе" бөлімін таңдап, статистикалық формаларды уақытында тапсырып отыра аласыз.

👩‍💻 Тағы бір лайфхакты бөліссек, Сіз телеграмдағы statgovkz_bot ботына кіріп, "Статистикалық формалардың тізімі" бөлімін таңдап, БИН-ді енгізіп, мерзімі көрсетілген тізімі бар дайын файлды жүктей аласыз.

Есептер тізімі жыл бойы форма каталогтарының құрылуына байланысты өзгеруі мүмкін екенін есте сақтаңыз.

☝️Статистикалық есептерді ұсына отырып, сіз саланың жай-күйі туралы толық түсініктің қалыптасуына көмектесесіз. Сіздің деректеріңіз тиімді шешімдер қабылдау барысында шешуші рөл атқарады.

📞 Барлық сұрақтарыңызға 1446 нөмірі арқылы байланыс орталығы жауап береді!

________________
❓Как узнать срок сдачи отчетов?

Чтобы посмотреть перечень сдаваемых отчетов вы можете выбрать "Бегунок" в кабинете респондента и отслеживать сроки для своевременной сдачи статформ.

👩‍💻Делимся еще одним лайфхаком, вы можете войти в наш телеграм бот statgovkz_bot, выбрать строку "Перечень статистических форм", набрать свой БИН и загрузить готовый файл с перечнем и сроками.

Отметим, что перечень отчетов может меняться в течение года в связи с формированием каталогов по форме.

☝️Помните, предоставляя статистические отчеты, вы способствуете формированию четкого представления о состоянии отрасли. Ваши данные играют ключевую роль в процессе принятия обоснованных и эффективных решений.

📞Наш контакт-центр 1446 ответит на все ваши вопросы!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6🔥1👏1
🥜Консервіленген және өңделген жаңғақтар өндірісі артты

2024 жылғы қаңтар-қараша аралығында Қазақстанда өңделген және консервіленген жаңғақтар мен жемістер өндірісі 12,2 мың тоннаны құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34% артық.

Осы аралықта өңделген жаңғақтар мен жемістердің импорты да 20,7% артып, 194,9 мың тоннаға жетті (2023 жылғы қаңтар-қараша айларында көрсеткіш 161,5 мың тонна болған). Импортталған өнімнің нарықтағы үлессалмағы 94,1% құрайды.

Өткен жылдың 11 айында ішкі нарықта сатылған өнім көлемі 194,4 мың тонна болды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 25,9% артық.
____
🥜 Увеличилось производство консервированных и переработанных орехов

В Казахстане за период с января по ноябрь 2024 года производство переработанных и консервированных орехов и плодов увеличилось до 12,2 тыс. тонн, что на 34% больше, чем за аналогичный период 2023 года.

Одновременно наблюдается рост импорта переработанных орехов и плодов, который увеличился на 20,7% и составил 194,9 тыс. тонн (в январе-ноябре 2023 года этот показатель составлял 161,5 тыс. тонн). Важно отметить, что удельный вес импортируемой продукции занимает 94,1% ресурсов.

Объем продаж на внутреннем рынке за 11 месяцев прошлого года составил 195,4 тыс. тонн, что на 25,9% больше по сравнению с предыдущим годом.
👍2
📊Бүгін stat.gov.kz келесі статистикалық ақпарат жарияланады

Бюллетень
- Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы дақылдарын жалпы жинау

Электрондық кесте
- Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі және орташа бағалары
____
📊Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована следующая статистическая информация

Бюллетень
- Валовый сбор сельскохозяйственных культур в Республике Казахстан

Электронная таблица
- Индекс цен и средние цены на социально-значимые продовольственные товары в Республике Казахстан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
Қазақстандағы жолаушылар тасымалы

🛣 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында Қазақстанда барлық көлік түрімен 1,7 млрд жолаушы тасымалданды, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,3% артық. Көлік тасымалынан түскен кірістер 1,2 трлн теңгені құрады. Жолаушылар айналымы 82,8 млрд ж-км жетті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 13,8% артық.

🚌 Жолаушылардың басым бөлігі автомобиль және қалалық көлікпен (автобустар, троллейбустар, такси т.б.) тасымалданған. 2024 жылы бұл көлік түрлерімен 1,6 млрд жолаушы тасымалданған (жалпы көрсеткіштің 97,9%), бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 9,4% артық. Жолаушылар тасымалынан түскен кіріс 326,6 млрд теңге болды.

🛤 2024 жылы теміржол көлігімен 20,8 млн жолаушы тасымалданған, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 5,1% артық. Теміржол көлігімен жолаушылар тасымалынан түскен кіріс 117,6 млрд теңгені құрады.
Әуе көлігімен 14,6 млн жолаушы тасымалданған, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,6% артық. Әуе тасымалынан түскен кіріс 818 млрд теңге болды.

🚢 Теңіз және жағалау көлігімен 101,1 мың жолаушы тасымалданған, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп. Бұл тасымалдардан түскен кіріс мөлшері 180,7 млн теңге болды.

🛥Ішкі су көлігімен 231,1 мың жолаушы тасымалданды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 90,9% артық. Мұндағы кіріс көлемі – 543,1 млн теңге.

Көлік статистикасы
______________________
Пассажирские перевозки в Казахстане

🛣За январь-декабрь 2024 года всеми видами транспорта в Казахстане перевезено 1,7 млрд пассажиров, что на 9,3% больше, чем за аналогичный период 2023 года. Доходы предприятий от перевозок составили 1,2 трлн тг. Пассажирооборот достиг 82,8 млрд п-км, что на 13,8% больше, чем в 2023 году.

🚌🚕Больше всего пассажиров перевезено автомобильным и городским транспортом (автобусы, троллейбусы, такси и другие). За 2024 год этими видами транспорта перевезено 1,6 млрд пассажиров (97,9% от общего показателя), что на 9,4% больше, чем годом ранее. Доходы от пассажирских перевозок составили 326,6 млрд тг.

🛤В 2024 году железными дорогами перевезено 20,8 млн пассажиров, что на 5,1% больше, чем в 2023 году. Доходы от пассажирских перевозок железнодорожным транспортом составили 117,6 млрд тг.

✈️Воздушным транспортом перевезено 14,6 млн пассажиров, что на 10,6% больше, чем за аналогичный период 2023 года. Доходы от воздушных перевозок составили 818 млрд тг.

🚢Морским и прибрежным транспортом перевезено 101,1 тыс. пассажиров, что в 2,5 раза больше, чем в 2023 году. Доходы от этих перевозок составили 180,7 млн тг.

🛥Внутренним водным транспортом перевезено 231,1 тыс. пассажиров, что на 90,9% больше, чем в 2023 году. Доходы от этих перевозок составили 543,1 млн тг.

Статистика транспорта
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✂️Қазақстанда шаш қию қызметі қанша тұрады

2024 жылдың желтоқсан айында Қазақстандағы әйелдер шашын қию қызметінің орташа бағасы 3944 теңгені құрады. Аймақтар бойынша ең жоғары орташа баға Алматыда тіркелген – 6066 теңге, ең төменгі баға Семейде – 2500 теңге. Басқа қалаларда шаш қию құны 2,7 мыңнан 4,8 мың теңгеге дейін барады.

Ерлер шаш қию қызметінің орташа бағасы әйелдермен салыстырғанда сәл арзан болып, 2604 теңгені құрады. Алматыда ерлердің шаш қиюы орташа есеппен 3601 теңге тұрады, ал Оралда – 1795 теңге. Басқа қалаларда бағалар 1,9 мыңнан 3,4 мың теңге аралығында.

Жалпы алғанда, жылдық мәнде (2024 жылғы желтоқсан 2023 жылғы желтоқсанға қарағанда) шаштараз бен сұлулық салондарының қызметі 11,6% өскен.

Айта кетейік, 2024 жылдың қаңтар мен қыркүйек айлары аралығында шаштараздар мен сұлулық салондары көрсеткен қызметтердің жалпы көлемі 49,2 млрд теңгені құрады.
______________________
✂️Сколько стоит постричься в Казахстане

В декабре 2024 года средняя стоимость женской стрижки в Казахстане составила 3944 тенге. В разрезе регионов самая высокая средняя цена на стрижку в Алматы – 6066 тенге, а самая низкая в Семее, где цена составляет 2500 тенге. В других городах стоимость стрижки варьируется от 2,7 тыс. до 4,8 тыс. тенге.

Средняя цена мужской стрижки по стране оказалась немного ниже женской и составила 2604 тенге. В Алматы мужская стрижка в среднем обходится в 3601 тенге, а в Уральске – 1795 тенге. В остальных городах цены варьируются от 1,9 тыс. до 3,4 тыс. тенге.

В целом же в годовом выражении (декабрь 2024г. к декабрю 2023 г.) цены на услуги парикмахерских и салонов красоты выросли на 11,6%.

Напомним, в период с января по сентябрь 2024 года парикмахерскими и салонами красоты было оказано услуг на сумму 49,2 млрд тенге.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁1
📊Бүгін stat.gov.kz келесі статистикалық ақпарат жарияланады

Бюллетень
- Қазақстан Республикасындағы инфляция туралы

Электрондық кесте
- Қазақстан Республикасының халық саны
- Қазақстан Республикасында қорғалған топырақта ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін жинау туралы
____
📊Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована следующая статистическая информация

Бюллетень
- Инфляция в Республике Казахстан

Электронная таблица
- Численность населения Республики Казахстан
- О сборе урожая сельскохозяйственных культур в защищенном грунте в Республике Казахстан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📊2025 жылғы қаңтардағы инфляция деңгейі

2025 жылғы қаңтарда айлық мәндегі инфляция деңгейі 1,1% құрады (2024 жылғы желтоқсанда-0,9%). Азық-түлік тауарларының бағасы 1,4%, ақылы қызметтер – 1,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 0,6% өсті.

Жылдық инфляция мәні 8,9% болды. Оның ішінде ақылы қызметтер бағасы 13,8%, азық-түлікке жатпайтын туарлар 8,4%, азық-түлік тауарларының бағасы 5,8% өсті.

Өңірлер ішінде ең жоғары айлық инфляция Атырау облысында тіркелген – 2,2% (орташа республикалық деңгейден 1,1 п.т. жоғары), ең төмені Алматы қаласы мен Түркістан облысында – 0,7%.

Толық оқу
______________
📊Уровень инфляции в январе 2025 года

В январе 2025 года инфляция в месячном выражении составила 1,1% (в декабре 2024г. – 0,9%). Цены на продовольственные товары повысились на 1,4%, платные услуги – на 1,1%, непродовольственные товары – на 0,6%.

В годовом исчислении уровень инфляции составил 8,9%. Цены на платные услуги повысились на 13,8%, непродовольственные товары – на 8,4%, продовольственные товары – на 5,8%.

Среди регионов самая высокая месячная инфляция зарегистрирована в Атырауской области – на 2,2% (выше среднереспубликанского уровня на 1,1 п.п.), самая низкая в городе Алматы и Туркестанской области – 0,7%.

Читать подробно
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 20 286 084 адамды құрады

Оның ішінде:
қала тұрғындары – 12 774 743
ауыл тұрғындары – 7 511 341

Былтырғы жыл басынан бері халық саны 252 242 адамға өсті, оның ішінде табиғи өсім есебінен - 235 078 адамға, көші-қон есебінен 17 164 адамға.

Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Алматы қалаларында, тиісінше 6,91% бен 2,86%, сондай-ақ Шымкент қаласында тіркелді – 2,80%.

Республикалық маңызы бар қалалардан басқа, бір миллионнан астам халқы бар облыстар – Түркістан (2,1 млн), Алматы (1,5 млн), Жамбыл (1,2 млн) және Қарағанды (1,1 млн).

Демографиялық статистика
______________
Численность населения на 1 января 2025 года составила 20 286 084 человек


Из них:
горожане – 12 774 743
сельские жители – 7 511 341

Общий прирост населения составил 252 242 человека, из них за счет естественного прироста на 235 078 человек, миграции – на 17 164 человек.

Самые высокие темпы роста населения зарегистрированы в городах Астана – на 6,91%, Алматы – на 2,86% и Шымкент – на 2,80%.

Кроме городов Республиканского значения, население свыше одного миллиона человек имеют Туркестанская (2,1 млн), Алматинская (1,5 млн), Жамбылская (1,2) и Карагандинская (1,1 млн) области.

Демографическая статистика
🔥3👍1
📣Құрметті респонденттер, алдағы аптада келесі есептерді тапсыру мерзімі аяқталатынын еске саламыз:

4 ақпан
🔷1-КС (ай сайынғы)

7 ақпан
🔷1-Т (еңбек жағдайы), (жылдық)

10 ақпан
🔷12-сауда (жылдық)

Статистикалық есептерді ұсына отырып, сіз саланың жай-күйі туралы толық түсініктің қалыптасуына көмектесесіз. Сіздің деректеріңіз тиімді шешімдер қабылдау барысында шешуші рөл атқарады.

Есепті толтыру барысында туындаған сұрақтарыңызды Бюроның 1446 бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ, statgovkz_bot телеграм-ботына және stat.gov.kz сайтындағы онлайн кеңесшіге жолдай аласыз!
_________
📣 Уважаемые респонденты, напоминаем, что на этой неделе оканчиваются сроки сдачи следующих отчетов:

4 февраля
🔷1-КС (ежемесячный)

7 февраля
🔷1-Т (условия труда), (годовой)

10 февраля
🔷12-торговля, (годовой)

Предоставляя статистические отчеты, вы способствуете формированию четкого представления о состоянии отрасли. Ваши данные играют ключевую роль в процессе принятия обоснованных и эффективных решений.

При возникновении вопросов по заполнению отчетов, вы можете обратиться в единый контакт-центр Бюро 1446, а также отправить свое обращение на наш телеграм-бот statgovkz_bot и онлайн-консультанту на сайте stat.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
📊Бүгін stat.gov.kz Қазақстан Республикасында көліктің барлық түрімен жүктерді тасымалдау тарифтерінің индекстері жайлы электрондық кесте жарияланады
____
📊Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована
Электронная таблица по Индексам тарифов на перевозку грузов всеми видами транспорта в Республике Казахстан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📊Бүгін stat.gov.kz келесі статистикалық ақпарат жарияланады

Электрондық кесте
- Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғалар үшін пошта, курьерлік және байланыс қызметтері тарифтерінің индекстері
- Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығындағы баға индекстері мен бағалар
____
📊Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована следующая статистическая информация

Электронная таблица
- Индексы тарифов на услуги почтовые, курьерские и связи для юридических лиц в Республике Казахстан
- Индексы цен и цены в сельском хозяйстве в Республике Казахстан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏠 Ең көп тұрғын үй қайда берілді?

2024 жылы Қазақстанда пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 2023 жылмен салыстырғанда 6,4% артып, 18 963,4 мың м² құрады.

Оның ішінде:
• 12 120,8 мың м² - көпқабатты үйлер
• 6 653,9 мың м² - жеке тұрғын үйлер
• 179 730 м² - жатақханалар
• 9 030 м² - арнайы үйлер

Өңірлік бөліністе ең көп тұрғын үй елордада пайдалануға берілді - 4,4 млн м² тұрғын үй. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі бойынша екінші орында 2,4 млн м² көрсеткішпен Алматы қаласы тұр. Алайда, 2023 жылмен салыстырғанда Алматыда баспана құрылысының қарқыны 10,3% төмендеген.

Тұрғын үйді пайдалануға берудің ең жоғары қарқыны Түркістан облысында тіркелді, мұнда құрылыс көлемі 27,7% артқан, ал Шымкент қаласындағы өсім - 26,1%.

Тұрғын үйдің негізгі бөлігін, яғни жалпы алаңның 89,5% (16 965,2 мың м²) жеке құрылыс компаниялары орындаған. Осы көлемнің 6 932,8 мың м² халық күшімен салынған.

Құрылыс статистикасы
______________________
🏠Где введено больше всего жилья??

В 2024 году общая площадь введенного в эксплуатацию жилья в Казахстане увеличилась на 6,4% по сравнению с 2023 годом, составив 18 963,4 тыс. м2.

Из них:
12 120,8 тыс. м2 - многоквартирные дома
6 653,9 тыс. м2 - индивидуальные жилые дома
179 730 м2 - общежития
9 030 м2 - специализированные дома

Что касается регионального распределения, то наибольший объем жилья был введен в столице, где введено 4,4 млн м2 жилья. На втором месте по объему введенного в эксплуатацию жилья находится Алматы с показателем 2,4 млн кв. м. Однако, по сравнению с 2023 годом, в Алматы наблюдается снижение на 10,3%.

Самые высокие темпы роста ввода жилья были зафиксированы в Туркестанской области, где объем строительства увеличился на 27,7%, и в городе Шымкент, где рост составил 26,1%.

Основную часть жилья, а именно 89,5% от общей площади (16 965,2 тыс. м2), сдали в эксплуатацию частные застройщики. Из этого объема 6 932,8 тыс. м2 построено населением.

Статистика строительства
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM