2.7K subscribers
1.88K photos
99 videos
3 files
2.64K links
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының телеграмдағы ресми арнасы
Официальный телеграм-канал Бюро национальной статистики АСПР РК

www.stat.gov.kz
www.facebook.com/kazstatgov.kz
https://www.instagram.com/statgov.kz
Download Telegram
🎓Бюро қызметкерлері шетелде білім алу мүмкіндіктерімен танысты

Бүгін Бюрода «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы Әділ Құсмановпен кездесу өтті. Іс-шара барысында «Болашақ» бағдарламасындағы маңызды өзгерістер, сондай-ақ шетелде білім алу және тағылымдамадан өту мүмкіндіктері талқыланды.

Толық оқу
__________
🎓Сотрудники Бюро ознакомились с перспективами обучения за рубежом

Сегодня в Бюро прошла встреча с председателем правления АО «Центр международных программ «Болашак» Адилем Кусмановым. В ходе мероприятия обсуждались важные изменения в программе «Болашак», а также новые возможности, связанные с обучением и зарубежными стажировками.

Читать подробно
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📊Бүгін stat.gov.kz келесі статистикалық ақпарат жарияланады

Электрондық кесте
- Қазақстан Республикасында өнімнің (тауарлардың) және шикізаттың жекелеген түрлерінің ресурстары мен пайдаланылуы
- Қазақстан Республикасындағы санаторий-курорттық қызмет (Қазақстан Республикасындағы санаторлық-курорттық ұйымдарының қызметі)
______
📊Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована следующая статистическая информация

Электронная таблица
- Ресурсы и использование отдельных видов продукции (товаров) и сырья в Республике Казахстан
- Санаторно-курортная деятельность в Республике Казахстан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌇Қазақстанда қанша қала бар

Қазақстанда қала мәртебесі 90 елді мекен бар, соңғы жыл ішінде олардың саны бір бірлікке артқан. Алматы облысында облыстық маңызы бар жаңа қала пайда болды. Жалпы облыстық маңызы бар қалалар саны - 39, аудандық маңызы барлар - 38, Республикалық маңызы бар қала - 3.

Өңірлік бөліністе қалалардың ең көп саны Ақмола облысында – 11 бірлік, сондай-ақ Ақтөбе және Қарағанды облыстарының әрқайсысында 8 бірліктен.

2025 жылғы 1 қаңтарға аумақтық бірліктер қатарында 195 аудан, 29 кент, 2160 ауылдық округ және 6 179 ауыл бар.
________________________
🌇Сколько городов в Казахстане

В Казахстане статус города имеют 90 населенных пунктов, и за последний год их число увеличилось на одну единицу. Новый город областного значения появился в Алматинской области. В целом, 39 городов имеют областное значение, 48 – районное значение, 3 города – республиканское значение.

В разрезе регионов наибольшее количество городов находится в Акмолинской области – 11 единиц, а также в Актюбинской и Карагандинской областях – по 8 единиц в каждой.

На 1 января 2025 года в числе территориальных единиц насчитывается 195 районов, 29 поселков, 2160 сельских округов и 6 179 сел.

QAZSTAT
👩‍⚕️ Қазақстанда 333 ұйым емдік-сауықтыру қызметін көрсетеді

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстанда санаторлық-курорттық қызметпен айналысатын 333 ұйым жұмыс істейді.

Емдеу және медициналық оңалту ұйымдарының ең көп саны Түркістан облысында орналасқан – 117 ұйым, екінші орында Алматы қаласы – 34 ұйым, үшінші орында Алматы облысы – 22 ұйым.

Барлық емдік-сауықтыру ұйымдарының 287 - шағын кәсіпорындар, 38 - орта кәсіпорындар, 8 - ірі кәсіпорындар.

Меншік түрлері бойынша 86,5% немесе 288 ұйым жеке меншікке, 44 ұйым (13,2%) мемлекеттік меншікке, 1 ұйым шетелдік меншікке жатады.
_______________
👩‍⚕️ В Казахстане функционирует 333 организации, предоставляющие услуги восстановительного лечения

Количество санаторно-курортных организаций на 1 января 2025 года в Казахстане составило 333 организации.

Наибольшее количество учреждений восстановительного лечения и медицинской реабилитации расположено в Туркестанской области – 117 организаций, на втором месте город Алматы с 34 организациями, на третьем – Алматинская область с 22 организациями.

Из общего числа организаций восстановительного лечения и медицинской реабилитации 287 единиц являются малыми предприятиями, 38 – средними и 8 – крупными.

По формам собственности 86,5% или 288 организаций находятся в частной собственности, 44 (13,2%) – в государственной и 1 – в иностранной собственности.

QAZSTAT
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
📣Құрметті респонденттер, алдағы аптада келесі есептерді тапсыру мерзімі аяқталатынын еске саламыз:

25 ақпан
🔷1-балық (жылдық)
🔷1-инновация (жылдық)
🔷Э-коммерция (жылдық)
🔷7-ТПЗ (жылдық)

26 ақпан
🔷1-газ (жылдық)
🔷1-мұнай (жылдық)
🔷1-көмір (жылдық)

3 наурыз
🔷2-КС (жылдық)
🔷1-ИС (жылдық)
🔷1-көлік (айсайынғы)
🔷1-П (ай сайынғы)
🔷1-ИС (ай сайынғы)
🔷2-КС (айсайынғы)
🔷1-инвест (ай сайынғы)
🔷24-сх (ай сайынғы)
🔷2-сх (астық), (ай сайынғы)
🔷3-байланыс (ай сайынғы)
🔷2-сауда (ай сайынғы)

Статистикалық есептерді ұсына отырып, сіз саланың жай-күйі туралы толық түсініктің қалыптасуына көмектесесіз. Сіздің деректеріңіз
тиімді шешімдер қабылдау барысында шешуші рөл атқарады.

Есепті толтыру барысында туындаған сұрақтарыңызды Бюроның
1446 бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ, statgovkz_bot телеграм-ботына және stat.gov.kz сайтындағы онлайн кеңесшіге жолдай аласыз!
_
📣Уважаемые респонденты, напоминаем, что на этой неделе оканчиваются сроки сдачи следующих
отчетов:

25 февраля
🔷1-рыба (годовая)
🔷1-инновация (годовая)
🔷Э-коммерция (годовая)
🔷7-ТПЗ (годовая)

26 февраля
🔷1-газ (годовая)
🔷1-нефть (годовая)
🔷1-уголь (годовая)

3 марта
🔷2-КС (годовая)
🔷1-ИС (годовая)
🔷1-транспорт, (ежемесячный)
🔷1-П, (ежемесячный)
🔷1-ИС, (ежемесячный)
🔷2-КС, (ежемесячный)
🔷1-инвест, (ежемесячный)
🔷24-сх, (ежемесячный)
🔷2-сх (зерно),(ежемесячный)
🔷3-связь, (ежемесячный)
🔷2-торговля, (ежемесячный)

Предоставляя статистические отчеты, вы способствуете формированию четкого представления о состоянии отрасли. Ваши данные играют ключевую роль в процессе принятия обоснованных и эффективных решений.

При возникновении вопросов по заполнению отчетов, вы можете обратиться в единый контакт-центр Бюро 1446, а также отправить свое обращение на наш телеграм-бот statgovkz_bot и онлайн-консультанту на сайте stat.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🧈Сары май өндірісі артты

Қазақстанда сары май өндірісінің көлемі 2024 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,7% ұлғайды. Осылайша, қазақстандық кәсіпорындар 32,5 мың тонна өнім шығарды, 2023 жылы бұл көрсеткіш 31,1 мың тонна болған.

Өнім экспорты 2,3 есе өскен, егер 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда 1,7 мың тонна болса, бір жылдан кейін 4,2 мың тонна сары май экспортталған. Былтыр қазақстандық май Ресейге, Түрікменстанға, Арменияға және Қырғызстанға жіберілген.

Импорт болса 28,8% төмендеп, 2024 жылы 6,5 мың тоннаны құрады. Ішкі нарықтағы импортталған өнім үлесі 16,7% құрады. Сары май Франция, Иран, Ресей, Қырғызстан, Беларус, Украина, Өзбекстан, Финляндия, Литва, Польша, Пәкістан және Түркиядан жеткізілген.

2024 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша ішкі нарықта 34,8 мың тонна сары май сатылды.

Жылдық мәнде сары майдың орташа бағасы 13% қымбаттаған, 2025 жылғы қаңтарда Қазақстан бойынша өнімнің бір келісінің орташа бағасы – 4 471 теңге. Өңірлер арасында ең жоғары орташа баға Ақтауда тіркелді – 6 298 тг/кг, ең төмені Түркістанда – 3 796 тг/кг.
_____________________________
🧈Увеличилось производство сливочного масла

Объёмы производства сливочного масла в Казахстане с января по декабрь 2024 года по сравнению с аналогичным периодом 2023 года увеличилось на 4,7%. Так, за это время казахстанские предприятия выпустили 32,5 тыс. тонн продукции, тогда как в 2023 году было произведено 31,1 тыс. тонн сливочного масла.

Экспорт вырос в 2,3 раза: если в январе-декабре 2023 года экспортировано 1,7 тыс. тонн, в 2024 году – 4,2 тыс. тонн. Казахстанское масло в прошлом году экспортировалось в Россию, Туркменистан, Армению и Кыргызстан.

Импорт сливочного масла снизился на 28,8%, составив более 6,5 тыс. тонн в 2024 году. Доля импортной продукции на внутреннем рынке составила 16,7%. Сливочное масло доставлялось из Франции, Ирана, России, Кыргызстана, Беларуси, Украины, Узбекистана, Финляндии, Литвы, Польши, Пакистана и Турции.

По итогам 12 месяцев 2024 года на внутреннем рынке реализовано 34,8 тыс. тонн сливочного масла.

Сливочное масло в годовом выражении подорожало на 13%, в январе 2025 года средняя цена по Казахстану составила 4 471 тенге за килограмм. При этом самая высокая средняя цена зарегистрирована в Актау – 6298 тг/кг, низкая в городе Туркестан – 3 796 тг/кг.

QAZSTAT
💱Қазақстанда қанша тауар биржасы бар?

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 8 тауар биржасы жұмыс істеген. Олардың басым бөлігі елордада тіркелген – 3 бірлік. Алматы мен Шымкентте әрқайсында 2 биржа жұмыс істейді, ал Батыс Қазақстан облысында бір биржа бар. 2023 жылмен салыстырғанда биржалардың жалпы саны 2 бірлікке кеміген.

Өткен жылы елдегі жалпы биржадағы сауда көлемі 19 739 бірлікті құрады, бұл бір жыл бұрынғы жылмен салыстырғанда 37% аз. 2024 жылы тауар биржаларына 336 мүше тіркелген, ал жасалған биржалық мәмілелердің саны 29 866 бірлікке жеткен.

Негізгі сауда жасалған тауарлар - минералды өнімдер, ондағы мәмілелер саны - 11 553 бірлік. Екінші орында – әртүрлі өнеркәсіптік тауарлар (8 770 бірлік), үшінші орында – портландцемент, балшықты-топырақты цемент және басқа да цемент түрлері, олардың сауда көлемі 6 495 бірлікті құрады.
______________
💱Сколько товарных бирж в Казахстане

По итогам 2024 года количество товарных бирж составило 8 единиц. Максимальное их число зарегистрировано в столице – 3 единицы. В Алматы и Шымкенте работают по 2 биржи, а в Западно-Казахстанской области функционирует одна. По сравнению с 2023 годом общее число бирж уменьшилось на 2 единицы.

Общее количество биржевых торгов в стране за прошлый год составило 19 739 единиц, что на 37% меньше, чем годом ранее. В 2024 году зарегистрировано 336 членов товарных бирж, а количество совершенных биржевых сделок достигло 29 866 единиц.

Основным товаром, с которым проводились сделки, стали минеральные продукты, объем сделок с ними составил 11 553 единицы. На втором месте по числу сделок – различные промышленные товары (8 770 единиц), а на третьем – цементные изделия, включая портландцемент, цемент глиноземистый и другие виды цементов, с объемом 6 495 единиц.

Внутреняя торговля
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🚜Ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі өсті

2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстанда астық жинау комбайндарының өндірісі 3,2% артып, 1088 бірлікті құрады.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы тракторларының өндірісі де ұлғайды. Есепті кезеңде қазақстандық өндірушілер 6 421 трактор шығарған, бұл алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 18,9% көп (5 402 трактор).

Жалпы алғанда, Қазақстандағы машина жасау өндірісі 9,7% артты. 2024 жылға қарай елде машина жасау саласында 320 кәсіпорын жұмыс істеген.
______________
🚜Увеличение производства сельхозтехники

За январь-декабрь 2024 года производство зерноуборочных комбайнов в Казахстане увеличилось на 3,2% и составило 1088 единиц.

Кроме того, наблюдается рост производства тракторов для сельского и лесного хозяйства. В отчетном периоде казахстанские производители выпустили 6 421 трактор, что на 18,9% выше показателя аналогичного периода прошлого года (5 402 трактора).

В целом, машиностроение в Казахстане увеличилось на 9,7%. На 2024 год в стране функционировало 320 предприятий, занимающихся машиностроением.
👍1
📊Бүгін stat.gov.kz Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі және орташа бағалары жайлы электрондық кесте жарияланады
____
📊Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована электронная таблица об индексе цен и средние цены на социально-значимые продовольственные товары в Республике Казахстан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🐠Балық пен теңіз өнімдерінің бағасы

2025 жылдың қаңтарында балық пен теңіз өнімдерінің бағасы жылдық мәнде 9,1% өсті. Жаңа ауланған немесе салқындатылған балық бағасы 6,9%, мұздатылған балықтың бағасы 7,7%, өңделген және консервіленген балық өнімдерінің бағасы 11,9% артты.

2024 жылдың үшінші тоқсанында балық пен теңіз өнімдерінің орташа тұтыну мөлшері жан басына шаққанда тоқсанына 3,5 кг құрады. Өңірлер бөлінісінде ең жоғары тұтыну Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді – жан басына 5,9 кг, Ақмола облысында – 5 кг, Батыс Қазақстан облысында – 4,6 кг, сондай-ақ Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында – әрқайсысында 4,5 кг. Тұтыну мөлшерінің ең азы Шымкент қаласында – жан басына 1,1 кг.
___________
🐠Цены на рыбу и морепродукты

В январе 2025 года цены на рыбу и морепродукты в годовом выражении выросли на 9,1%. Стоимость свежей или охлажденной рыбы увеличилась на 6,9%, мороженой – на 7,7%, переработанной и консервированной рыбной продукции – на 11,9%.

В третьем квартале 2024 года среднее потребление рыбы и морепродуктов составило 3,5 кг на человека в расчете на квартал. Среди регионов наибольшее потребление наблюдалось в СКО - 5,9 кг на душу населения, Акмолинской области – 5 кг, ЗКО - 4,6 кг, также в Костанайской и Восточно-Казахстанской областях - по 4,5кг в каждой. Наименьшее потребление зафиксировано в Шымкенте – 1,1 кг на человека в квартал.
👍1
📊Бүгін stat.gov.kz келесі статистикалық ақпарат жарияланады

Электрондық кесте
- Қазақстан Республикасындағы көрсетілген қызметтердің көлемі туралы
- Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер көрсету саласында көрсетілген қызметтердің көлемі туралы
- Қазақстан Республикасындағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы

Бюллетень
- Қазақстан Республикасының ұйымдары және дара кәсіпкерлері көрсеткен қызметтер көлемі
- Тұрғын үй қоры туралы
______
📊Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована следующая статистическая информация

Электронная таблица
-
Об объемах оказанных услуг в Республике Казахстан
- Объем оказанных услуг в области здравоохранения и предоставления социальных услуг
- Величина прожиточного минимума в Республике Казахстан

Бюллетень
- Объем оказанных услуг организациями и индивидуальными предпринимателями Республики Казахстан
- О жилищном фонде
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏠2024 жылы тұрғын үй қорының жалпы ауданы 434,3 млн м2 құрады

Оның ішінде:
287,1 млн м2 – қалалық жерде
147,2 млн м2 – ауылдық жерде

Жалпы тұрғын үйлердің саны 2,5 млн бірлікті құрады. Оның 2,2 млн – жеке үйлер болса, 306 мыңы – көппәтерлі үйлер (6 млн пәтері бар).

Тұрғын үйлердің ең көп саны Түркістан және Алматы облыстарында, тиісінше 340 мың және 282 мың бірліктен. Қалалық елді мекендердің арасында тұрғын үйлердің көп бөлігі Алматы қаласында – 171 мың бірлік, ауылдық елді мекендер арасында Түркістан облысында – 263 мың бірлік.

Тұрғын үй қорының статистикасы
____________________________
🏠Общая площадь жилищного фонда за 2024 год составила 434,3 млн м2

Из них в:
287,1 млн м2 – городской местности
147,2 млн м2 – сельской местности

Количество жилых домов в 2024 году составило 2,5 млн единиц. Из них 2,2 млн – индивидуальные дома
306 тыс. – многоквартирные дома (где 6 млн квартир).

Самое большое количество жилых домов в Туркестанской и Алматинской областях, по 340 тыс. и 282 тыс. единиц соответственно. Среди городских населенных пунктов самое большое количество жилья в городе Алматы – 171 тыс. единиц, среди сельской в Туркестанской области – 263 тыс. единиц.

Статистика жилищного фонда
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📊Бүгін stat.gov.kz келесі статистикалық ақпарат жарияланады

Бюллетень
- Қазақстан Республикасындағы инфляция туралы

Электрондық кесте
- Қазақстан Республикасының халық саны
____
📊Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована следующая статистическая информация

Бюллетень
- Инфляция в Республике Казахстан

Электронная таблица
- Численность населения Республики Казахстан
📣Құрметті респонденттер, алдағы аптада келесі есептерді тапсыру мерзімі аяқталатынын еске саламыз:

3 наурыз
🔷1-КС (ай сайынғы)

11 наурыз
🔷1-СХ (жылдық)

Статистикалық есептерді ұсына отырып, сіз саланың жай-күйі туралы толық түсініктің қалыптасуына көмектесесіз. Сіздің деректеріңіз
тиімді шешімдер қабылдау барысында шешуші рөл атқарады.

Есепті толтыру барысында туындаған сұрақтарыңызды Бюроның
1446 бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ, statgovkz_bot телеграм-ботына және stat.gov.kz сайтындағы онлайн кеңесшіге жолдай аласыз!
_
📣Уважаемые респонденты, напоминаем, что на этой неделе оканчиваются сроки сдачи следующих
отчетов:

4 марта
🔷1-КС (ежемесячный)

11 Марта
🔷1-СХ (годовой)

Предоставляя статистические отчеты, вы способствуете формированию четкого представления о состоянии отрасли. Ваши данные играют ключевую роль в процессе принятия обоснованных и эффективных решений.

При возникновении вопросов по заполнению отчетов, вы можете обратиться в единый контакт-центр Бюро 1446, а также отправить свое обращение на наш телеграм-бот statgovkz_bot и онлайн-консультанту на сайте stat.gov.kz
👍2
📈2025 жылғы ақпандағы инфляция деңгейі

2025 жылғы ақпанда тұтыну бағаларының айлық индексі үдей түсіп, 1,5% құрады (қаңтарда – 1,1%)

🔹ТБИ құрылымындағы өсім:
ақылы қызметтер – 2,1%
азық-түлік тауарлары - 1,5%
азық-түлік емес тауарлар - 1%

🗣Өңірлер бөлінісінде ең жоғары айлық инфляция Астанада – 2,9% (орташа республикалық деңгейден 1,4 п.т. жоғары), ең төмені – Абай және Қызылорда облыстарында, әрқайсысында 0,7%.

Жылдық мәнде ақпан айының инфляциясы - 9,4%

🔹ТБИ құрылымында бағаның көтерілуі:
ақылы қызметтер – 14,1%
азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 8,7%
азық-түлік тауарлары – 6,5%

Баға статистикасы
______________________
📈Инфляция за февраль 2025 года

В феврале 2025 года месячный индекс потребительских цен ускорился и составил 1,5% (в январе т.г. – 1,1%)

🔹В структуре ИПЦ рост составил:
платные услуги – 2,1%
продовольственные товары – 1,5%
непродовольственные товары – на 1%

🗣Среди регионов самая высокая месячная инфляция зарегистрирована в Астане – 2,9% (выше среднереспубликанского уровня на 1,4 п.п.), самая низкая в областях Абай и Кызылординской -по 0,7%.

В годовом исчислении инфляция в феврале 2025 года составила 9,4%

🔹В структуре ИПЦ цены повысились:
платные услуги – на 14,1%
непродовольственные товары – на 8,7%
продовольственные товары – на 6,5%

Статистика цен
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📊Бүгін stat.gov.kz Қазақстан Республикасында көліктің барлық түрімен жүкті тасымалдау тарифтерінің индекстері жайлы электрондық кесте жарияланады
____
📊Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована электронная таблица по индексам тарифов на перевозку грузов всеми видами транспорта в Республике Казахстан
🪧Жарнама саласында көрсетілген қызметтер көлемі ұлғайды

2024 жылғы қаңтар-желтоқсан кезеңінде жарнамалық қызмет және нарық конъюнктурасын зерттеу саласындағы қызметтер көлемі 760,5 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда ақшалай мәнде 50% артық.

Жарнама агенттіктері 642,8 млрд теңгеге қызмет көрсетті, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 43,8% артық.

Бұқаралық ақпарат құралдары 51,5 млрд теңгеге жарнама орналастырды, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,6 есе көп (2023 жылдың қаңтар-желтоқсанында - 11,1 млрд теңге).

Нарық конъюнктурасын зерттеу және қоғамдық пікірді зерделеу бойынша 66,1 млрд теңгеге қызмет көрсетілді, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,4% артық.

Өңірлік бөліністе қызметтердің ең көп көлемі Алматыда көрсетілген - 663,3 млрд теңге, бұл нарықтың жалпы көлемінің 87% асады.
____________
🪧Объем оказанных услуг в сфере рекламы увеличился

За период январь-декабрь 2024 года объем услуг в области рекламной деятельности и исследования конъюнктуры рынка составил 760,5 млрд тенге, что на 50% больше в денежном выражении по сравнению с аналогичным периодом 2023 года.

Рекламные агентства оказали услуги на 642,8 млрд тенге, что на 43,8% больше, чем годом ранее.

Средства массовой информации разместили рекламу на сумму 51,5 млрд тенге, что в 4,6 раза больше по сравнению с тем же периодом 2023 года (в январе-декабре 2023 года - 11,1 млрд тенге).

По исследованию конъюнктуры рынка и изучение общественного мнения оказано услуг на 66,1 млрд тенге, что на 35,4% больше, чем за аналогичный период 2023 года.

В региональном разрезе наибольший объем услуг оказан в Алматы - 663,3 млрд тенге, это свыше 87% от общего объема рынка.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📊Бүгін stat.gov.kz келесі статистикалық ақпарат жарияланады

Электрондық кесте
- Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғалар үшін пошта, курьерлік және байланыс қызметтері тарифтерінің индекстері
- Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығындағы баға индекстері мен бағалар
____
📊Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована следующая статистическая информация

Электронная таблица
- Индексы тарифов на услуги почтовые, курьерские и связи для юридических лиц в Республике Казахстан
- Индексы цен и цены в сельском хозяйстве в Республике Казахстан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
📊Бүгін stat.gov.kz келесі статистикалық ақпарат жарияланады

Электрондық кесте
- Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі және орташа бағалары
- Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіп өнімін өндірушілердің баға индекстері мен бағалары
- Қазақстан Республикасындағы құрылыстағы баға индекстері мен бағалары
____
📊Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована следующая статистическая информация

Электронная таблица
- Индекс цен и средние цены на социально-значимые продовольственные товары в Республике Казахстан
- Индексы цен и цены производителей промышленной продукции в Республике Казахстан
- Индексы цен и цены в строительстве в Республике Казахстан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💐Қазақстан гүлді қай елдерден импорттайды?
Былтырғы қаңтар-желтоқсан аралығында Қазақстан жалпы сомасы 93,5 млн АҚШ долларына 12,3 мың тонна кесілген гүл мен гүл түйнегін импорттады. Салыстырып өтсек, 2023 жылы гүл импорты ақшалай мәнде 61,2 млн долларды құраған (8,2 мың тонна).

Былтыр гүлдер әлемнің 53 елінен, негізінен Еуропа, Оңтүстік Америка және Африка елдерінен әкелінген.

2024 жылы гүлдердің ең ірі жеткізушілері: Эквадор - 6,4 мың тонна, Нидерланд - 2,3 мың тонна, Қытай - 1,1 мың тонна, Колумбия - 978 тонна және Кения - 975 тонна болды.

Айта кетейік, аталған кезеңде Қазақстан ТМД елдеріне гүл шоқтарын жасауға арналған 1,5 мың тонна кесілген гүл мен гүл түйнегін экспорттаған.
_______________
💐Из каких стран импортирует Казахстан цветы?

За период с января по декабрь прошлого года Казахстан импортировал 12,3 тыс. тонн срезанных цветов и бутонов на общую сумму 93,5 млн долларов США. Для сравнения, в 2023 году стоимость импорта цветов составила более 61,2 млн долларов (8,2 тыс. тонн).

Цветы были ввезены в Казахстан из 53 стран мира, преимущественно из Европы, Южной Америки и Африки.

Крупнейшими поставщиками цветов в 2024 году стали: Эквадор - 6,4 тыс. тонн, Нидерланды - 2,3 тыс. тонны, Китай - 1,1 тыс. тонн, Колумбия - 978 тонн и Кения - 975 тонн.

Отметим, что за указанный период Казахстан экспортировал в страны СНГ 1,5 тыс. тонн срезанных цветов и бутонов для букетов.

Qazstat
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1😁1🤔1