2.69K subscribers
1.87K photos
99 videos
3 files
2.63K links
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының телеграмдағы ресми арнасы
Официальный телеграм-канал Бюро национальной статистики АСПР РК

www.stat.gov.kz
www.facebook.com/kazstatgov.kz
https://www.instagram.com/statgov.kz
Download Telegram
🚗Тамыз айында Қазақстанда 159,5 мың автокөлік құралы тіркелді, олардың 15,2 %-ы алғаш рет есепке қойылған. Ең көп тіркеу Алматы қаласына (20,7 мың бірлік), Алматы облысына (15,6 мың бірлік) және Астана қаласына (14,5 мың бірлік) тиесілі.

Тамызда есепке қойылған көліктердің 59,7 %-ның жасы 10 жылдан асқан. Қозғалтқыш көлемі бойынша басым бөлігі (36,3%) 1 500-2 000 см³ аралығында.

2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша елдегі тіркелген автокөлік паркі 6 786,9 мың бірлікті құрады, бір жылдағы өсім – 21,6 %.

Көліктер Алматы қаласында (797,2 мың бірлік) және Алматы облысында (723,9 мың бірлік) ең көп шоғырланған.

Автокөліктердің 91,9 %-ы жеке меншікте, қалғаны заңды тұлғалардың атына тіркелген.
________________
🚗В августе в Казахстане зарегистрировано 159,5 тыс. автотранспортных средств, из них 15,2% – первичная постановка на учет. Больше всего регистраций пришлось на Алматы (20,7 тыс. ед.), Алматинскую область (15,6 тыс. ед.) и Астану (14,5 тыс. ед.).

Среди машин, поставленных на учет в августе, 59,7% старше 10 лет, по объему двигателя 36,3% приходятся на диапазон 1 500–2 000 см³.

На 1 сентября 2025 г. парк зарегистрированных автотранспортных средств в стране составил 6 786,9 тыс. ед., в годовом выражении – рост на 21,6%.

Наибольшая концентрация парка – в Алматы (797,2 тыс. ед.) и Алматинской области (723,9 тыс. ед.).

91,9% автомобилей находятся в частной собственности, остальные зарегистрированы на юридические лица.

QAZSTAT
🤔1
📊Бүгін stat.gov.kz келесі статистикалық ақпарат жарияланады

Электрондық кесте
- Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарында тамақ өнімдерін тұтыну
- Қазақстан Республикасы халқының табыстары мен шығыстары
- Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалар индексі және орташа бағалары

Жарияланым
- Қазақстан Республикасындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы
__________
📊Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована следующая
статистическая информация

Электронная таблица
- Потребление продуктов питания в домашних хозяйствах Республики Казахстан
- Расходы и доходы населения Республики Казахстан
- Индекс цен и средние цены на социально-значимые продовольственные товары в Республике Казахстан

Публикация
- Об инвестициях в основной капитал в Республике Казахстан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚖️Қазақстанда мемлекеттік статистика туралы заң қалай пайда болды?

1990 жылы, Балтық маңы республикаларының тәжірибесіне қарап, Қазақ КСР Мемлекеттік статистика комитеті статистика туралы алғашқы заң жобасын дайындауға кірісті. Бұл күрделі әрі асқан мұқияттылықты талап ететін жұмыс болды, себебі үлкен өзгерістер алдында тұрған ел үшін жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға толықтай көшу қажет болды.

1992 жылғы қаңтарда, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің VII сессиясында еліміз тарихындағы бірінші рет «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік статистика туралы» заң қабылданды.

Бұл заң:
• Мемлекеттік статистика мен есептің біртұтас жүйесін бекітті;
• Барлық заңды және жеке тұлғалардың деректер ұсынуын міндеттеді;
• Статистиканы жалпы мемлекеттік ақпараттық жүйенің бір бөлігі ретінде белгіледі;
• Статистиканың ғылыми әдістемелік негіздері, объективтілік, ашықтық және халықаралық стандарттармен сәйкестік принциптерін анықтады.

Осы заң Қазақстанның жаңа статистикалық жүйесін құруға құқықтық негіз болды. 1992–1993 жылдары алғашқы реформалар енгізілді: баға мониторингінің желісі құрылды, сыртқы экономикалық қызмет статистикасы, жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейі, қаржы статистикасы бойынша жұмыстар басталды, алғаш рет ЖІӨ көрсеткіші есептелді.

Бұл қадам елдің тиімді басқаруы мен дамуы үшін қажетті толыққанды ұлттық статистика жүйесін қалыптастыру жолындағы алғашқы маңызды бетбұрыс болды.
_____________
⚖️Как появился Закон о государственной статистике в Казахстане?

Еще в 1990 году, вдохновившись опытом прибалтийских республик, Госкомстат КазССР начал разрабатывать первый проект закона о статистике. Это был трудный и кропотливый процесс, страна находилась на пороге кардинальных перемен, требовалась полная переориентация с плановой на рыночную экономику.

В январе 1992 года, на VII сессии Верховного Совета Республики Казахстан, был принят первый в истории страны Закон «О государственной статистике в Республике Казахстан».

Этот закон:
• Закрепил единую систему государственной статистики и учета;
• Установил обязательность предоставления данных всеми юридическими и физическими лицами;
• Статистика стала частью общегосударственной информсистемы;
• Определил принципы статистики: научная методология, объективность, открытость и сопоставимость с международными стандартами.

Именно этот закон стал правовой основой для построения новой статистической системы Казахстана. Уже в 1992–1993 гг. были внедрены первые реформы: создана сеть мониторинга цен, началась работа над статистикой внешнеэкономической деятельности, занятости, уровня жизни, финансов и впервые появились расчеты ВВП.

Этот шаг стал началом пути к созданию полноценной национальной системы статистики, необходимой для эффективного управления и развития страны.

#QAZSTAT105
👏4👍1🔥1
📊Бүгін stat.gov.kz келесі статистикалық ақпарат жарияланады

Электрондық кесте
- Қазақстан Республикасындағы үй шаруашылықтарының өндірістік қызметі
- Қазақстан Республикасы халқының табыстарын саралаудың негізгі көрсеткіштері
__________
📊Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована следующая
статистическая информация

Электронная таблица
- Производственная деятельность домашних хозяйств в Республике Казахстан
- Основные показатели дифференциации доходов населения Республики Казахстан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔣Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағының офлайн кезеңі басталады

20 қыркүйектен бастап елімізде ауыл шаруашылығы санағының екінші кезеңі өтеді. Интервьюерлер барлық елді мекенде үй-үйді аралап, деректер жинайды. Жалпы саны шамамен 1,2 млн үй шаруашылығын қамту жоспарланған.

Үй-үйді аралау жұмысына 2,5 мыңнан астам интервьюер жұмылдырылады. Олар айрықша көк түсті формада – жилет пен бейсболкада болады, бейджде жеке басын растауға арналған QR-код орналасады. Егер үй иелері үйінде болмаса, интервьюер байланыс нөмірі көрсетілген хабарландыру қалдырады.

Ұлттық статистика бюросы ақпараттың қауіпсіздігі мен құпия сақталуына кепілдік береді. Барлық жауап заңмен қорғалады, ал деректер тек жалпыланған түрде қолданылады.

Сұрақтар туындаған жағдайда Бюроның байланыс орталығына 1446 нөмірі арқылы хабарласуға болады (жұмыс уақыты 9.00–21.00, қоңырау шалу – тегін).

Толық оқу
_____________________
🔣 В Казахстане стартует офлайн-этап сельскохозяйственной переписи

20 сентября в Казахстане начнется второй этап сельскохозяйственной переписи. Интервьюеры будут проводить подомовой обход во всех населенных пунктах. Всего планируется опросить около 1,2 млн домохозяйств.

В подомовом обходе задействованы более 2,5 тыс. интервьюеров. Они будут работать в отличительной голубой форме – жилетах и бейсболках с бейджами, где размещен QR-код для подтверждения личности. Если хозяев не окажется дома, интервьюер оставит уведомление с контактами для согласования времени следующего визита.

Бюро национальной статистики гарантирует безопасность и конфиденциальность информации. Все ответы респондентов защищены законом, а данные будут использованы в обезличенном виде.

При возникновении вопросов можно получить консультацию в контакт-центре Бюро по телефону 1446, с 9.00 до 21.00 часов (звонок бесплатный).

Читать подробно
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
📊Бүгін stat.gov.kz Қазақстан Республикасында өнімнің (тауарлардың) және шикізаттың жекелеген түрлерінің ресурстары мен пайдаланылуы жайлы электронды кесте шығады
______________
📊Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована электронная таблица о Ресурсах и использовании отдельных видов продукции (товаров) и сырья в Республике Казахстан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏗Құрылыс жұмыстарының көлемі 18,1% артты

2025 жылғы қаңтар-тамыз айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 18,1% өсіп, 4 851 млрд теңгені құрады.

Өсім елдің 18 өңірінде байқалды. Ең жоғары көрсеткіштер Қызылорда (+44,6%), Солтүстік Қазақстан (+41,5%), Батыс Қазақстан (+37,5%), Қостанай (+35,6%), Жетісу (+29,6%) және Түркістан (+27,2%) облыстарында тіркелді.
Атқарылған жұмыстардың негізгі бөлігі жолдар мен метро құрылысына (24,3%), тұрғын емес ғимараттарға (21,8%) және тұрғын үйлерге (13%) тиесілі.

Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы былтырғы қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда 4,5% өсіп, 10 935,3 мың шаршы метрді құрады. Оның ішінде 21,1 мың – жеке үйлер, 1,1 мың – көппәтерлі үйлер, 23 – жатақхана.

Сегіз айда білім беру саласында 145 мың оқушыға арналған 140 мектеп салынды, оның ішінде 55-і ауылдық жерде. Сондай-ақ 4,2 мың орынға арналған мектепке дейінгі 27 (15-і ауылда) ұйым ашылды. Ең көп мектеп Түркістан облысында (21), Астанада (17) және Жамбыл облысында (14) пайдалануға берілді. Жаңа балабақшалардың саны бойынша да Түркістан облысы көш бастап тұр – 8 нысан.

Құрылыс статистикасы
_________________
🏗Объем строительных работ увеличился на 18,1%

В январе-августе 2025 года объем строительных работ вырос на 18,1% и достиг 4 851 млрд тенге. Рост отмечен в 18 регионах страны.

Наибольшие показатели отмечены в Кызылординской (+44,6%), Северо-Казахстанской (+41,5%), Западно-Казахстанской (+37,5%), Костанайской (+35,6%), Жетісу (+29,6%) и Туркестанской (+27,2%) областях.
Основная часть выполненных работ пришлась на строительство дорог и метро (24,3%), нежилых зданий (21,8%) и жилых домов (13%).

Общая площадь введенного в эксплуатацию жилья увеличилась по сравнению с январем-августом 2024г. на 4,5% и составила 10 935,3 тыс. кв.м. По видам жилья 21,1 тыс. – индивидуальные дома, 1,1 тыс. – многоквартирные дома, 23 – общежития.

За восемь месяцев в сфере образования построено 140 школ на 145 тыс. ученических мест, из них 55 – в сельской местности. Также открыто 27 детских садов (15 в селе) на 4,2 тыс. мест. Больше всего школ сдали в Туркестанской области (21), Астане (17) и Жамбылской области (14). По числу новых дошкольных учреждений лидирует Туркестанская область – 8 ед.

Статистика строительства
👍3
📊Бүгін stat.gov.kz келесі статистикалық ақпарат жарияланады

Электрондық кесте
- Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпорындардың қызметі
- Ұлттық компаниялардың қаржы-шаруашылық қызметі

Жарияланым
- Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі
__________
📊Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована следующая
статистическая информация

Электронная таблица
- Деятельность малых предприятий в Республике Казахстан
- Финансово-хозяйственная деятельность национальных компаний

Публикация
- Финансово-хозяйственная деятельность предприятий в Республике Казахстан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🚛Жүк тасымалы 9,8% артты

2025 жылдың қаңтар–тамыз айлары аралығында Қазақстан Республикасында жүк тасымалының көлемі 753 млн тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,8% артты. Барлық көлік түрі арқылы жүк пен багаж тасымалдаудан түскен кіріс 3,7 млрд теңгені құрады.

Өңірлік тұрғыда 2025 жылдың қаңтар–тамыз айларында жүк айналымының өсімі Астана (15,2%) мен Алматы қалаларында (1,5%), Атырау (47,8%), сондай-ақ Жетісу (41,1%) және Абай (30%) облыстарында байқалды.

Көлік түрлері бойынша ең үлкен жүк тасымалы теміржол көлігіне тиесілі - 300,3 млн тонна, бұл 2024 жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда 11,4% көп.

Автомобиль көлігімен тасымал көлемі де 1,8% өсті.

Қомақты өсім құбыр арқылы тасымалдауда да байқалды - 228,1 млн тонна, бұл өткен жылдың деңгейінен 16,5% жоғары.

Әуе көлігі арқылы 19,1 мың тонна жүк тасымалданды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,5% артық.

Теңіз және жағалау көлігі де өсім көрсетті - 30,6%, 2025 жылдың 8 айында 2 485,5 мың тонна жүк тасымалданды.

Көлік статистикасы
————-
🚛Грузоперевозки выросли на 9,8%

В январе-августе 2025 года объем грузоперевозок в Республике Казахстан составил 753 млн тонн, что на 9,8% превышает показатели аналогичного периода прошлого года. Доходы от перевозки грузов и багажа всеми видами транспорта составили 3,7 млрд тенге.

В региональном разрезе в январе-августе 2025 года увеличение грузооборота отмечается в городах Астана (15,2%), Алматы (1,5%), Атырауской области (47,8%), также в областях Жетісу (41,1%) и Абай (30%).

По видам транспорта наибольший объем перевозок пришелся на железнодорожный транспорт – 300,3 млн тонн, что на 11,4% больше, чем за январь-август 2024 года.

Перевозки автомобильным транспортом также выросли на 1,8%.

Значительный прирост наблюдается в трубопроводных перевозках – 228,1 млн тонн, что превышает уровень прошлого года на 16,5%.

Воздушный транспорт перевез 19,1 тыс. тонн груза, что на 7,5% выше показателей аналогичного периода 2024 года.

Морской и прибрежный транспорт показал рост на 30,6%, за 8 месяцев 2025 года перевезено 2 485,5 тыс. тонн груза.

Статистика транспорта
➕Бөлшек сауда көлемі 6,9% өсті

2025 жылғы қаңтар-тамыз аралығында бөлшек сауда көлемі 14 805,9 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,9%-ға артты.

Сауда кәсіпорындары арқылы тауарлардың бөлшек саудада өткізілуі 10 234,3 млрд теңгені құрап, бір жылда 6,3% өсті.
Жалпы бөлшек сауда көлемінде азық-түлік тауарларының үлесі 31,9% болса, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі – 68,1%.

Сауда көлеміндегі ең жоғары өсім азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша байқалды. Атап айтқанда, мотор отыны, автомобильдер, электрлі тұрмыстық техника, фармацевтика өнімдері, азық-түлік тауарлары, сусындар мен темекі өнімдері, тоқыма және шұлық бұйымдары, косметика тауарлары мен жеке гигиена заттары, компьютерлер, перифериялық жабдықтар және бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша сауда артты.

2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша бөлшек сауда кәсіпорындарының (есеп берген кәсіпорындар бойынша) тауар қоры 1 588,2 млрд теңгені құрадып, бұл 56 күндік сауда мөлшері.

Республикадағы бөлшек сауданың ең үлкен үлесі Алматы (32,4%) мен Астана қалаларына (13,8%), Қарағанды (7,3%) және Шығыс Қазақстан облысына (5,6%) тиесілі.
Ішкі сауда
________________________
➕Объем розничной торговли вырос на 6,9%

Объем розничной торговли за январь-август 2025г. составил 14 805,9 млрд тенге, это на 6,9% больше уровня соответствующего периода прошлого года.

Розничная реализация товаров торгующими предприятиями составила 10 234,3 млрд тенге, по сравнению с прошлым годом рост составил 6,3%.
Доля продовольственных товаров в общем объеме розничной торговли составляет 31,9%, непродовольственных товаров – 68,1%.

Наибольший рост объема реализации отмечен по непродовольственным товарам, а именно на предприятиях, реализующих моторное топливо, автомобили, электрические бытовые приборы, фармацевтические товары, продукты питания, напитки и табачные изделия, трикотажные и чулочно-носочные изделия, косметические товары и туалетные принадлежности, компьютеры, периферийное оборудование и программное обеспечение.

На 1 сентября 2025г. объем товарных запасов торговых предприятий (по отчитавшимся предприятиям) в розничной торговле составил 1588,2 млрд. тенге, в днях торговли – 56 дней.

Наибольший удельный вес в общем объеме розничной торговли республики приходится на города Алматы (32,4%), Астана (13,8%), Карагандинскую (7,3%) и Восточно-Казахстанскую (5,6%) области.

Внутренняя торговля
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏1
📊Бүгін stat.gov.kz Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі және орташа бағалары жайлы электронды кесте шығады
_________________
📊Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована электронная таблица по индексу цен и средним ценам на социально-значимые продовольственные товары в Республике Казахстан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▶️Жақында Республикалық «Qazdatathon» байқауы басталады!

1 қазан күні деректермен жұмыс істеу бойынша жыл сайынғы республикалық «Qazdatathon» байқауы басталады!

QazDatathon – бұл үлкен деректермен жұмыс істей алатын және аналитикалық құралдарды қолданатын 2-5 адамнан құралған командалар арасында өтетін сайыс.

Байқауды ұйымдастырушылар – ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы мен «El Umiti» корпоративтік қоры.
Жеңімпаздарға ақшалай жүлделер қарастырылған.

Байқау туралы толық ақпаратты, ережелерді және тіркелу тәртібін datathon.stat.gov.kz ресми сайтынан таба аласыз
_______________
▶️Скоро стартует республиканский конкурс «Qazdatathon»!

1 октября стартует ежегодный республиканский конкурс по работе с данными - «Qazdatathon»!

QazDatathon - это командное соревнование, в котором могут участвовать команды от 2 до 5 человек, которые умеют работать с большими данными и используют аналитические инструменты.

Организаторами конкурса являются Бюро национальной статистики АСПиР РК и Корпоративный фонд «El Umiti».
Победителей ждут денежные призы.

Подробную информацию о конкурсе, правилах и регистрации можно найти на официальном сайте datathon.stat.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5
📈Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 14,3% артты

2025 жылғы қаңтар–тамыз айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 11 543,1 млрд теңгені құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,3 % өскен.

Инвестицияның басты көзі кәсіпорындардың өз қаражаты – 7 320,3 млрд теңге немесе жалпы көлемнің 63,4%. Бюджет қаражаты 23% құрап, өткен жылмен салыстырғанда 42,6% артқан. Банктердің қаржыландыру үлесі – 3,5%.

Инвестиция өсімінің ең жоғарғы көрсеткіші Ақмола облысында (49,3%), Актөбе облысында (38,7%), Астана қаласында (35,8%), Жамбыл облысында (32,4%) және Алматы қаласында (26,1%) байқалды.

Қаражаттың басым бөлігі ғимараттар мен құрылыстардың салынуына және күрделі жөндеуіне бағытталды – 68,3%. Машиналар, жабдықтар және көлік құралдарын алуға жалпы шығынның 27,2% жұмсалған.

Салалар бойынша негізгі капиталға салынған инвестицияның ең көп үлесі өнеркәсіпке (37,3%) тиесілі (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеру – 15,7%, өңдеу өнеркәсібі – 11%), одан бөлек жылжымайтын мүлік операциялары (19,4%), көлік және қойма (18%), білім беру саласы (7,3%) да айтарлықтай үлеске ие.

Инвестициялар статистикасы
____________________
📈Объем инвестиций в основной капитал вырос на 14,3%

В январе–августе 2025 года объем инвестиций в основной капитал составил 11 543,1 млрд тенге, что на 14,3% больше, чем за тот же период 2024 года.

Главным источником остаются собственные средства предприятий – 7 320,3 млрд тенге, или 63,4% от общего объема. Бюджетные средства составили 23% инвестиций и выросли на 42,6% по сравнению с прошлым годом. Доля банковского финансирования составила 3,5%.

Наибольшее увеличение инвестиций отмечено в Акмолинской области (на 49,3%), Актюбинской области (38,7%), городе Астана (35,8%), Жамбылской области (32,4%) и городе Алматы (26,1%).

Большая часть средств направлена на строительство и капитальный ремонт зданий и сооружений – 68,3%. На приобретение машин, оборудования и транспорта приходится 27,2% от общего объема затрат.

Основная доля инвестиций в основной капитал в январе-августе 2025 года приходится на промышленность (37,3%) (в том числе на горнодобывающую промышленность и разработку карьеров – 15,7%, обрабатывающую промышленность – 11%), операции с недвижимым имуществом (19,4%), транспорт и складирование (18%) и образование (7,3%).

Статистика инвестиций
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📣Ауыл шаруашылығы интервьюерлерін sanaq.gov.kz сайты немесе 1446 нөмірі арқылы тексеруге болады

Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағының ең ауқымды – екінші кезеңі жалғасып жатыр. Еліміз бойынша 2,5 мыңнан астам Ұлттық статистика бюросының интервьюері елді мекендерді аралап, аграрлық салаға қатысты деректерді жинап жатыр.

Интервьюерлерді арнайы көгілдір түсті формасынан және бейджі бар қызметтік куәлігінен оңай тануға болады. Бейджде орналасқан QR код арқылы қызметкердің жеке басын бірден тексеруге мүмкіндік бар.

Сонымен қатар интервьюердің куәлік нөмірін sanaq.gov.kz сайтындағы «Интервьюерді іздеу» бөлімінде енгізу арқылы немесе 1446 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалып, ақпаратты нақтылауға болады.

Егер интервьюер келген кезде үйде ешкім болмаса, ол байланыс деректері көрсетілген хабарлама қалдырады. Мамандардың белгіленген мекенжайға бару фактісі GPS жүйесі арқылы тіркеледі. Жалпы, интервьюерлердің жұмысы тұрақты бақылауда. Әрқайсысына сауалнаманы дұрыс жүргізуді қадағалайтын нұсқаушылар бекітілген. Сондай-ақ өңірлерге Ұлттық статистика бюросының жұмыс тобының мүшелері шығып, санақтың жүргізілу тәртібі мен жиналған деректердің объективтілігін тексереді. Күн сайын деректердің сапасы бақылаудан өтеді, мұнда қателіктер анықталса, мысалы, респонденттің мекенжайы дұрыс енгізілмесе немесе көрсеткіштер күмәнді болса, түзетулер жасалады.

Ұлттық статистика бюросы барлық жауаптардың құпия сақталатынын және тек ресми статистиканы қалыптастыру үшін ғана пайдаланылатынын еске салады.

Ауыл шаруашылығы санағының офлайн кезеңі 20 қазанға дейін жалғасады.

Толық оқу
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📣Личность интервьюеров сельхозпереписи можно проверить через сайт или по телефону 1446

В Казахстане продолжается второй, самый масштабный этап сельскохозяйственной переписи. Более 2,5 тыс. интервьюеров Бюро национальной статистики вышли на подворовый обход по населенным пунктам страны для сбора данных о состоянии аграрной отрасли.
Интервьюеров можно легко отличить по специальной голубой форме и служебному удостоверению с бейджем, где размещен QR-код, который позволяет мгновенно проверить личность сотрудника.

Кроме того, удостовериться в личности интервьюера можно на сайте sanaq.gov.kz, введя номер удостоверения в разделе «Поиск интервьюера» или позвонив в единый контакт-центр 1446 и уточнить информацию.

Если во время визита дома никого не окажется, интервьюер оставит уведомление с контактами для обратной связи. Факт посещения адресов интервьюерами фиксируется с помощью GPS-систем. В целом, работа интервьюеров находится под постоянным контролем. За ними закреплены инструкторы, которые следят за корректностью проведения опросов. В регионы выезжают члены рабочей группы Бюро национальной статистики, проверяющие порядок переписи и объективность собранных данных. Ежедневно ведется контроль качества поступающих данных на случай ошибок – будь то некорректный адрес респондента или аномальные показатели.

Бюро национальной статистики напоминает, что все ответы граждан являются конфиденциальными и используются исключительно для формирования официальной статистики.

Офлайн-этап сельхозпереписи продлится до 20 октября.

Читать подробно
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
🔹Өсімдік майларының өндірісі 23,9% артты

2025 жылдың алғашқы 7 айында республикада 521,2 мың тонна өсімдік майы өндірілді. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,9% көп.

Аталған кезеңде өсімдік майының экспорты 37,7% өсті. Қазақстандық майдың негізгі импорттаушысы – ТМД елдері.

Ел ішіндегі сату көлемі осы жылдың 7 айында 193,1 мың тоннаны құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,2% артық болды.
______________________
🔹Производство растительных масел увеличилось на 23,9%


За первые 7 месяцев 2025 года в республике было произведено 521,2 тыс. тонн растительных масел, это на 23,9% больше по сравнению с аналогичным периодом 2024 года.

Экспорт растительных масел за вышеуказанный период вырос на 37,7%. Основными странами-импортерами казахстанского растительного масла являются страны СНГ.

Объем продаж на внутреннем рынке за 7 месяцев текущего года составил 193,1 тыс. тонн, что на 11,2% больше по сравнению с аналогичным периодом прошлого года.

QAZSTAT
👏1
📊Бүгін stat.gov.kz келесі статистикалық ақпарат жарияланады

Электрондық кесте
- Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алғандағы жалдамалы қызметкерлердің жалақысы

Жинақ
- Қазақстан жастары
______
📊Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована следующая
статистическая информация

Электронная таблица
- Заработная плата наемных работников с учетом малых предприятий, занимающихся предпринимательской деятельностью

Сборник
- Молодежь Казахстана
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
📊Құрметті респонденттер, алдағы аптада келесі есептерді тапсыру мерзімі аяқталатынын еске саламыз:

1 қазан
🔷1-П (ай сайынғы)

2 қазан
🔷1-көлік (ай сайынғы)
🔷1-КФХ инвест (тоқсандық)
🔷1-ИС (ай сайынғы)
🔷2-КС (ай сайынғы)
🔷1-инвест (ай сайынғы)
🔷24-сх (ай сайынғы)
🔷3-байланыс (ай сайынғы)

3 қазан
🔷2-сауда (ай сайынғы)
🔷2-сх (астық), (ай сайынғы)
🔷3-сх (майлы), (тоқсандық)
🔷1-Ц (жалға беру), (тоқсандық)

6 қазан
🔷1-КС (ай сайынғы)
🔷1-КС (шағын), (тоқсандық)
🔷1-Ц (қызмет), (тоқсандық)

Статистикалық есептерді ұсына отырып, сіз саланың жай-күйі туралы толық түсініктің қалыптасуына көмектесесіз.

Сіздің деректеріңіз тиімді шешімдер қабылдау барысында шешуші рөл атқарады.

Есепті толтыру барысында туындаған сұрақтарыңызды Бюроның1446 бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ, statgovkz_bot телеграм-ботына және stat.gov.kz сайтындағы онлайн кеңесшіге жолдай аласыз!
_____
📊Уважаемые респонденты, напоминаем, что на этой неделе оканчиваются сроки сдачи следующих отчетов:

1 октября
🔷1-П (ежемесячный)

2 октября
🔷1- транспорт (ежемесячный)
🔷1- КФХ инвест (квартальный)
🔷1- ИС (ежемесячный)
🔷2- КС (ежемесячный)
🔷1- инвест (ежемесячный)
🔷24- сх (ежемесячный)
🔷3- связь (ежемесячный)

3 октября
🔷2-торговля (ежемесячный)
🔷2-сх (зерно), (ежемесячный)
🔷3-сх (масличные), (квартальный)
🔷1-Ц (аренда), (квартальный)

6 октября
🔷1-КС (ежемесячный)
🔷1-КС (малые), (квартальный)
🔷1-Ц (услуги), (квартальный)

Предоставляя статистические отчеты, вы способствуете формированию четкого представления о состоянии отрасли. Ваши данные играют ключевую роль в процессе принятия обоснованных и эффективных решений.

При возникновении вопросов по заполнению отчетов, вы можете обратиться в единый контакт-центр Бюро 1446, а также отправить свое обращение на наш телеграм-бот statgovkz_bot и онлайн-консультанту на сайте stat.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📈Жылжымайтын мүлік операциялары бойынша қызмет көрсету көлемі 35% артты

2025 жылғы қаңтар–маусым айларында жылжымайтын мүлік операциялары саласындағы көрсетілген қызметтердің көлемі 1,4 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,2% артты.

Қызмет құрылымында ең үлкен үлес тұрғын үйді жалға беру (субаренда) және басқару қызметтеріне тиесілі – 681,5 млрд теңге. Айтарлықтай көлем бизнес-орталықтарды, кеңсе ғимараттарын және әкімшілік нысандарды жалға беру мен басқару қызметтерінде де тіркелді – 180,9 млрд теңге. Сауда саласындағы көпфункциялы кешендер мен коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару 136,7 млрд теңгені құрады. Басқа санаттарға кірмейтін жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару көлемі – 106,2 млрд теңге.

Көппәтерлі және жеке тұрғын үйлерді сатып алу-сату операциялары 75 млрд теңгеге жетті. Басқа жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату көлемі 4 млрд теңге болды. Ең төмен көрсеткіш көрме және конференция залдарын жалға беру мен басқару сегментінде тіркелді – 554,8 млн теңге.

Өңірлік тұрғыда көрсетілген қызмет көлемі бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр – 608,8 млрд теңге. Одан кейінгі орындарда Астана – 257,1 млрд теңге және Шығыс Қазақстан облысы – 97,4 млрд теңге.
_____________________
📈Объем услуг операций с недвижимым имуществом вырос на 35%

За январь-июнь 2025 года объем услуг по операциям с недвижимым имуществом составил 1,4 трлн тенге, это на 35,2% больше по сравнению с аналогичным периодом прошлого года.

Наибольшая часть в структуре этих услуг пришлась на аренду (субаренду) и управление жилой недвижимостью – 681,5 млрд тенге. Значительный объем заняла аренда и управление бизнес-центрами, офисными помещениями и административными зданиями – 180,9 млрд тенге. Услуги, связанные с арендой и управлением торговой недвижимостью и многофункциональными комплексами в сфере торговли, составили 136,7 млрд тенге. На аренду и управление прочей недвижимостью, не включенной в другие категории, пришлось 106,2 млрд тенге.

Операции по покупке и продаже многоквартирных и жилых домов составили 75 млрд тенге, а покупка и продажа прочей недвижимости – 4 млрд тенге. Самый низкий объем был зафиксирован в сегменте аренды и управления выставочными и конференц-залами – 554,8 млн тенге.

По региональному распределению, лидером по объему оказанных услуг стал город Алматы с показателем 608,8 млрд тенге. За ним следуют Астана – 257,1 млрд тенге, и Восточно-Казахстанская область – 97,4 млрд тенге.

QAZSTAT
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
📊Бүгін stat.gov.kz келесі статистикалық ақпарат жарияланады

Электрондық кесте
- Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлік

Жарияланым
- І жарты жылдағы Өндіріс әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім
______
📊Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована следующая
статистическая информация

Электронная таблица
- Малое и среднее предпринимательство в Республике Казахстан

Публикация
- Валовой внутренний продукт методом производства за 1 полугодие
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM