2.69K subscribers
1.87K photos
99 videos
3 files
2.63K links
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының телеграмдағы ресми арнасы
Официальный телеграм-канал Бюро национальной статистики АСПР РК

www.stat.gov.kz
www.facebook.com/kazstatgov.kz
https://www.instagram.com/statgov.kz
Download Telegram
📊Бүгін stat.gov.kz келесі статистикалық ақпарат жарияланады

Электрондық кесте
- Қазақстан Республикасының өнеркәсіп кәсіпорындарындағы өнімдерді жөнелту және олардың қалдықтары
- Қазақстан Республикасындағы қызметтерге өндірушілердің баға индекстері
______
📊Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована следующая статистическая информация

Электронная таблица
- Отгрузка и остатки продукции на предприятиях промышленности Республики Казахстан
- Индексы цен производителей на услуги в Республике Казахстан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
📣Құрметті респонденттер, алдағы аптада келесі есептерді тапсыру мерзімі аяқталатынын еске саламыз:

3 қараша
🔷29-сх (жылына бір рет)
🔷2- сауда (ай сайынғы)
🔷1- П (ай сайынғы)
🔷1- ИС (ай сайынғы)
🔷2- КС (ай сайынғы)
🔷1- инвест (ай сайынғы)
🔷24-сх (ай сайынғы)
🔷2-сх (астық), (ай сайынғы)
🔷3-байланыс (ай сайынғы)
🔷1-көлік (ай сайынғы)

Статистикалық есептерді ұсына отырып, сіз саланың жай-күйі туралы толық түсініктің қалыптасуына көмектесесіз.

Сіздің деректеріңіз тиімді шешімдер қабылдау барысында шешуші рөл атқарады.

Есепті толтыру барысында туындаған сұрақтарыңызды Бюроның1446 бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ, statgovkz_bot телеграм-ботына және stat.gov.kz сайтындағы онлайн кеңесшіге жолдай аласыз!
_____
📣Уважаемые респонденты, напоминаем, что на этой неделе оканчиваются сроки сдачи следующих отчетов:

3 ноября
🔷29-сх (один раз в год)
🔷2- торговля (ежемесячный)
🔷1- П (ежемесячный)
🔷1- ИС (ежемесячный)
🔷2- КС (ежемесячный)
🔷1- инвест (ежемесячный)
🔷24-сх (ежемесячный)
🔷2-сх (зерно), (ежемесячный)
🔷3-связь (ежемесячный)
🔷1-транспорт (ежемесячный)

Предоставляя статистические отчеты, вы способствуете формированию четкого представления о состоянии отрасли. Ваши данные играют ключевую роль в процессе принятия обоснованных и эффективных решений.

При возникновении вопросов по заполнению отчетов, вы можете обратиться в единый контакт-центр Бюро 1446, а также отправить свое обращение на наш телеграм-бот statgovkz_bot и онлайн-консультанту на сайте stat.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
🛒Қазақстанда 9 айда 266 минимаркет пайдалануға берілді

2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Қазақстанда жалпы ауданы 43 мың шаршы метр болатын 266 минимаркет пайдалануға берілді. Олардың нақты құны 16,1 млрд теңгені құрады.

Пайдалануға берілген минимаркеттердің басым бөлігі Түркістан (35 нысан) және Атырау облыстарында (32 нысан).

Сонымен қатар, 9 айдың ішінде жалпы ауданы 63,7 мың шаршы метр болатын 90 супермаркет пайдалануға берілді, олардың жалпы құны 34,5 млрд теңгені құрады. Супермаркеттердің көпшілігі Шымкент қаласында (31) және Жамбыл облысында (19) ашылды.
___________
🛒За 9 месяцев в Казахстане ввели в эксплуатацию 266 минимаркетов

За январь-сентябрь 2025 года в Казахстане было введено в эксплуатацию 266 минимаркетов общей площадью 43 тыс. квадратных метров. Фактическая стоимость введенных объектов составила 16,1 млрд тенге.

Наибольшие объемы ввода минимаркетов наблюдаются в Туркестанской области, где было введено в эксплуатацию 35 объектов и Атырауской области - 32 объекта.

Кроме того, за 9 месяцев было введено 90 супермаркетов общей площадью 63,7 тыс. квадратных метров, общая стоимость которых составила 34,5 млрд тенге. Большее количество новых супермаркетов открыто в городе Шымкенте (31) и Жамбылской области (19).
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1
📊Бүгін stat.gov.kz келесі статистикалық ақпарат жарияланады

Электрондық кесте
- Қазақстан Республикасының негізгі қорлары
- Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі және орташа бағалары
______
📊Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована следующая статистическая информация

Электронная таблица
- Основные фонды Республики Казахстан
- Индекс цен и средние цены на социально-значимые продовольственные товары в Республике Казахстан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1
📊Қазақстанда деректерді жинау 105 жыл ішінде қалай өзгерді

Бір ғасырдан астам уақыт ішінде Қазақстанның ұлттық статистикасы қағаз сауалнамалар мен арифмометрлерден бастап планшеттерге, парсингке және жасанды интеллект жүйелеріне дейінгі жолдан өтті. Өзгергені тек құралдар ғана емес, деректерге деген көзқарас та болды. Қазіргі таңда статистика – шешім қабылдау мен жоспарлаудың негізі.

ХХ ғасырдың басында деректерді жинау толығымен қолмен жүргізілді: сауалнамалар қағазға толтырылып, мәліметтер қолмен өңделді. 1950-жылдары арифмометрлер, кейін табуляторлар мен алғашқы ЭЕМ-дер орнатылған есептеу станциялары пайда болды. Бұл деректерді өңдеу процесін жылдамдатқанымен, деректерді жинау әлі де қағаз түрінде жүргізілді.

1991 жылдан кейін Қазақстан өзінің ұлттық статистика жүйесін құрды. Халықаралық стандарттар енгізіліп, электрондық форматқа көшу басталды. Деректер базалары мен онлайн есептілік пайда болып, «Е-Статистика» жүйесі іске қосылды. Мәліметтер салық және көші-қон қызметтері, сондай-ақ АХАТ органдары сияқты басқа мемлекеттік жүйелерден келіп түсе бастады.

Бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен 19 интеграция жүзеге асырылған, ал пайдаланылатын әкімшілік дереккөздердің саны 36-ға жетті.

Респонденттердің 94% статистикалық есептілікті онлайн түрде тапсырады. Үй шаруашылықтары арасындағы сауалнамалар планшеттер арқылы жүргізіледі, интернет-дүкендердегі парсинг бағаны нақты уақыт режимінде алуға мүмкіндік береді, ал фискалдық чектерден алынған деректер тұтынушы тауарлардың құнын бақылауға жағдай жасайды.

Қазіргі заманғы технологиялар деректерді автоматты түрде жинауға мүмкіндік беріп, неғұрлым дәл және өзекті көрініс береді. Жасанды интеллект қателерді анықтауға және қосымша шығынсыз дәлдікті арттыруға көмектеседі.
__________________
📊 Как изменился сбор данных в Казахстане за 105 лет

За более чем век национальная статистика Казахстана прошла путь от бумажных анкет и арифмометров до планшетов, парсинга и систем искусственного интеллекта. Менялись не только инструменты, но и сам подход к данным. Сейчас статистика — это основа для принятия решений и планирования.

В начале XX века сбор данных был полностью ручным, анкеты заполнялись на бумаге, а обработка велась вручную. В 1950-х появились арифмометры, затем табуляторы и машиносчетные станции с первыми ЭВМ. Это ускорило обработку, однако сам сбор оставался бумажным.

После 1991 года Казахстан сформировал собственную статистическую систему. Были внедрены международные стандарты, начался переход к электронному формату. Появились базы данных и онлайн-отчетность, запущена система «Е-Статистика».

Данные стали поступать из других государственных систем – налоговой и миграционной служб, органов РАГС. Сегодня реализовано 19 интеграций с информационными системами госорганов, а количество используемых административных источников достигло 36. 94% статотчетности от респондентов поступает онлайн.

Опросы среди домохозяйств проводятся с помощью планшетов, парсинг интернет-магазинов позволяет получать цены в реальном времени, а данные из фискальных чеков отслеживать стоимость потребительских товаров.

Современные технологии делают сбор данных автоматическим, это дает более точную и актуальную картину. Искусственный интеллект помогает выявлять ошибки и повышать точность без дополнительных затрат.

#Qazstat105
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5🔥2
📊Бүгін stat.gov.kz келесі статистикалық ақпарат жарияланады

Жинақ
- Қазақстанның статистикалық жылнамасы
- Қазақстанның әйелдері мен ерлері
______
📊Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована следующая статистическая информация

Сборник
- Статистический ежегодник Казахстана
- Женщины и мужчины Казахстана
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1
🖥Бюро қызметкерлері халықаралық GSIM статистика моделін қолдану бойынша оқудан өтті

БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының сарапшылары ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының қызметкерлері үшін семинар өткізіп, онда GSIM статистикалық ақпарат моделінің қолданылу ерекшеліктерін айтып, таныстырылымын жүргізді.

GSIM халықаралық стандарты статистикалық ақпаратты жүйелеуге және басқаруға мүмкіндік береді. Бұл стандарт көптеген ұлттық статистика кеңселерінде қолданылады және заманауи цифрлық статистика жүйелерінің негізін қалайды.

Толық оқу
_____
🖥Сотрудники Бюро прошли обучение по применению международной статистической модели GSIM

Эксперты Европейской экономической комиссии ООН провели семинар для сотрудников Бюро национальной статистики АСПиР РК, на котором представили и подробно разъяснили особенности применения Общей статистической информационной модели – GSIM.

Международный стандарт GSIM помогает систематизировать и управлять статистической информацией. Он используется многими национальными статистическими службами и лежит в основе современных цифровых статистических систем.

Читать подробно
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥2
📊Бүгін stat.gov.kz келесі статистикалық ақпарат жарияланады

Электрондық кесте
- Қазақстан Республикасында қорғалған топырақта ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін жинау туралы
- Қазақстан Республикасында көліктің барлық түрлерімен жүктерді тасымалдау тарифтерінің индекстері

Жарияланым
- Қазақстан Республикасындағы инфляция туралы
__
📊Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована следующая статистическая информация

Электронная таблица
- О сборе урожая сельскохозяйственных культур в защищенном грунте в Республике Казахстан
- Индексы тарифов на перевозку грузов всеми видами транспорта в Республике Казахстан

Публикация
- Инфляция в Республике Казахстан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥2
📊 Бүгін stat.gov.kz Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғалар үшін пошта, курьерлік және байланыс қызметтері тарифтерінің индекстері туралы электрондық кесте жарияланады
__________
📊Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована электронная таблица об индексе тарифов на услуги почтовые, курьерские и связи для юридических лиц в Республике Казахстан
🤝Қазақстан мен Қытай үй шаруашылықтарын зерттеу саласындағы статистика бойынша ынтымақтастықты нығайтуда

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросына Қытай Халық Республикасының Статистика басқармасының делегациясы іссапармен келді. Сапардың мақсаты – үй шаруашылықтарын зерттеу, халықтың өмір сүру деңгейі мен жұмыспен қамтылуын бағалау әдістемесі мен статистикасы саласында тәжірибе алмасу.

Бұл сапар кәсіби өзара іс-қимылды нығайтуға, үздік тәжірибелермен танысуға және статистикалық бақылауларды ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін дамытуға бағытталған. Бағдарлама аясында кездесулер, әдістемелік тәсілдердің таныстырылымдары, қолданылып жүрген құралдар мен технологияларды талқылау, сондай-ақ Қазақстанда үй шаруашылықтарын зерттеу тәжірибесімен танысу жоспарланған.

Кездесу туралы оқу
___________________
🤝Казахстан и Китай укрепляют сотрудничество в сфере статистики по обследованию домохозяйств

Бюро национальной статистики АСПиР РК с рабочим визитом посетила делегация Статистического управления Китайской Народной Республики, прибывшая для обмена опытом в области обследований домашних хозяйств и методологии оценки уровня жизни и занятости населения.

Визит направлен на укрепление профессионального взаимодействия, изучение лучших практик и развитие эффективных подходов к организации статистических наблюдений. В рамках программы запланированы встречи, презентации методологических подходов, обсуждение применяемых инструментов и технологий, а также ознакомление с практикой проведения обследований домашних хозяйств в Казахстане.

Читать о визите
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4🔥2
🏆«Өзгеріс көшбасшылары» байқауының жеңімпаздары анықталды

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы мемлекеттік статистика саласындағы «Өзгеріс көшбасшылары» байқауының қорытындысын шығарды. Бұл байқау – талантты мамандарды анықтауға, статистика қызметін жетілдіруге және мемлекеттік статистика жүйесінде кадр резервін қалыптастыруға арналған алаң.

Биылғы жылы байқауға орталық аппараттың, аумақтық және ведомстволық бөлімшелердің қызметкерлерінен 14 өтінім түсті. Олардың ұсынған жобалары статистикалық процестерді цифрландыру мен тиімділігін арттыруға бағытталған.

Биылғы байқау жеңімпаздары:
I орын – Нұрсұлтан Қасымбеков, баға статистикасы департаментінің бас сарапшысы. Ол статистика мен машиналық оқытуды қолдана отырып, деректер сапасын автоматты түрде тексеруге арналған гибридті жүйе әзірледі.
II орын – Дария Әзімбаева, Павлодар облысы Ақсу қаласы бойынша статистика басқармасының жетекші маманы. Ол жасанды интеллектіні пайдалану арқылы нақты деректер негізінде әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді болжау моделін ұсынды.
III орын – Әлия Қалқина, Павлодар облысы бойынша статистика департаментінің кадрлық басқару қызметінің бас маманы.

Әріптестерімізді құттықтаймыз!

Конкурс туралы
_________
🏆Определены победители конкурса «Лидеры изменений»

Бюро национальной статистики АСПиР РК подвело итоги конкурса «Лидеры изменений в области государственной статистики». Конкурс стал площадкой для выявления талантливых специалистов, совершенствования статистической деятельности и формирования кадрового резерва в системе государственной статистики.

В этом году на конкурс поступило 14 заявок от сотрудников центрального аппарата, территориальных и подведомственных подразделений. Участники представили проекты, ориентированные на цифровизацию и повышение эффективности статистических процессов.

Победителями конкурса в этом году стали:
I место – Нурсултан Касымбеков, главный эксперт Департамента статистики цен.
Разработал гибридную систему для автоматической проверки качества данных с применением статистики и машинного обучения.
II место – Дария Азимбаева, ведущий специалист Управления статистики по г. Аксу (Павлодарская область). Она предложила модель прогнозирования социально-экономических показателей на основе реальных данных с использованием ИИ.
III место – Алия Калькина, главный специалист Службы управления персоналом Департамента статистики по Павлодарской области. Разработала подход к повышению эффективности управления персоналом через HR-аналитику и интерактивный дашборд.

Мы поздравляем наших коллег!

О конкурсе

#QAZSTAT105
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥6👍4
📊Бүгін stat.gov.kz келесі статистикалық ақпарат жарияланады

Электрондық кесте

- Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіп өнімін өндірушілердің баға индекстері мен бағалары
- Қазақстан Республикасындағы құрылыстағы баға индекстері мен бағалары
- Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығындағы баға индекстері мен бағалар
__
📊Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована следующая
статистическая информация

Электронная таблица

- Индексы цен и цены производителей промышленной продукции в Республике Казахстан
- Индексы цен и цены в строительстве в Республике Казахстан
- Индексы цен и цены в сельском хозяйстве в Республике Казахстан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1
🏆Қазақстандықтардың шығындарын талдаған жоба «Qazdatathon» байқауының жеңімпазы атанды

М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының «Datathink» командасы республикалық «Qazdatathon» байқауының жеңімпазы атанды. Команда әлеуметтік жәрдемақылардың үй шаруашылықтарының шығын құрылымына әсерін бағалау тақырыбындағы жұмысын ұсынды.

Жыл сайын өтетін деректер аналитикасы байқауының финалына барлығы 10 команда қатысты. Қатысушылар халықтың өмір сүру деңгейі, еңбек нарығы және тұрғын үй жағдайлары бойынша синтетикалық деректер жиынтығымен, сондай-ақ 2021 жылғы Ұлттық халық санағының нәтижелерімен жұмыс істеді.

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!
________________
🏆 Проект по анализу расходов казахстанцев стал победителем конкурса по работе с данными «Qazdatathon»

Команда студентов «Datathink» Казахстанского филиала МГУ им. М.В. Ломоносова стала победителем республиканского конкурса «Qazdatathon», она представила работу по оценке влияния социальных пособий на структуру расходов домашних хозяйств.

Всего в финале ежегодного конкурса по аналитике данных участвовало 10 команд. Участники работали с синтетическими наборами данных по уровню жизни населения, рынка труда и жилищных условий, а также с результатами Национальной переписи населения 2021 года.

Мы поздравляем победителей!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥2👍1
Forwarded from АСПИР 🇰🇿
📊 Астанада «Ұлттық статистикалық жүйелерді цифрлық трансформациялау» атты халықаралық форум өз жұмысын бастады

Бүгін Астанада Қазақстан мемлекеттік статистикасының 105 жылдық мерейтойына орай «Ұлттық статистикалық жүйелерді цифрлық трансформациялау» атты халықаралық форумның ашылуы өтті. Форумға Қытай, Сингапур, Грузия, Венгрия, Индонезия, Сербия және ТМД елдерінің статистика қызметтерінің басшылары мен өкілдері қатарынан 150-ден астам қатысушы жиналды. Сондай-ақ іс-шараға халықаралық ұйымдардың – БҰҰ, БҰҰ ЕЭК, ЭЫДҰ, Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, ЮНИДО, ЮНФПА өкілдерімен қатар мемлекеттік органдардың, ғылыми және сараптамалық қауымдастықтың өкілдері қатысып жатыр.

Форум статистиканы цифрландырудың заманауи үрдістеріне, деректердің сапасы мен құндылығына, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесіне «үлкен деректер» мен жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелеріне арналады.

Форумның пленарлық отырысын аша отырып, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев еліміздің Тәуелсіздік жылдарында статистика саласы жоспарлы экономиканың есеп жүйесінен БҰҰ, ЭЫДҰ, ХВҚ және басқа да ұйымдардың халықаралық стандарттарына толық сәйкес келетін заманауи жүйеге дейінгі ауқымды даму жолынан өткенін атап өтті.

«Статистика – ашықтық пен сенімнің кепілі. Мерейтой – бұл тек қорытынды шығару ғана емес, жаңа белестерді айқындау мүмкіндігі. Халықаралық ынтымақтастықтың арқасында қазақстандық статистика алдағы уақытта да жаһандық міндеттерді шешуге елеулі үлес қоса беретініне сенімдімін», – деді Агенттік Төрағасы.


ТМД Мемлекетаралық статистика комитетінің төрағасы Константин Лайкам әлемдік статистика қауымдастығы ақпараттық ортаның дамуы мен қоғамдық өмірдегі өзгерістерге байланысты күрделі сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отырғаны жайлы айтты.  

«ТМД Статистика комитетінің атынан қазақстандық әріптестерімізді мерейтоймен шын жүректен құттықтаймын және форумды жоғары деңгейде ұйымдастырғандары мен жылы қабылдаулары үшін ризашылығымды білдіремін. Қазақстандық статистиктер мол тәжірибе жинақтады, және оның ТМД елдері үшін пайдалы боларына сенімдімін. Тек бірлескен күш-жігер арқылы біз жаһандық сын-қатерлерге тиімді жауап беріп, статистиканы халқымыздың игілігі үшін пайдалана аламыз», - деді өз құттықтау сөзінде.


Форум бағдарламасына ұлттық статистика жүйелерінің цифрлық трансформациясы, деректер сапасын арттыру, үлкен деректер мен жасанды интеллектіні пайдалану, сондай-ақ статистика пайдаланушыларымен тиімді коммуникация мәселелеріне арналған сессиялар енгізілген.

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев форумда Бюроның цифрлық трансформация жөніндегі көзқарасын таныстырды.

«Біздің мақсатымыз – деректерді жинау, өңдеу және талдауды бірыңғай платформада біріктіретін цифрлық экожүйе қалыптастыру. Бұл статистиканың дәлдігін арттыруға, өзгерістерге жедел ден қоюға және қоғам үшін ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді М. Тұрлыбаев.


Форумды ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы мен ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитеті бірлесіп ұйымдастырды.
👍2
Forwarded from АСПИР 🇰🇿
👍1