2.69K subscribers
1.87K photos
99 videos
3 files
2.63K links
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының телеграмдағы ресми арнасы
Официальный телеграм-канал Бюро национальной статистики АСПР РК

www.stat.gov.kz
www.facebook.com/kazstatgov.kz
https://www.instagram.com/statgov.kz
Download Telegram
📈Қазақстанда жолаушылар тасымалы 11,9% артты

2025 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Қазақстанда барлық көлік түрімен 1 591,3 млн жолаушы тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,9% артық.

Жолаушы айналымы 74,3 млрд жолаушы-километрді құрап, 8,3% өсті. Көлік тасымалдарынан түскен табыс 1,2 трлн теңге болды.

🚌Жолаушылардың негізгі бөлігі – 98,1% автомобиль және қала ішіндегі тасымалдар (автобустар, троллейбустар, такси және басқа да көлік түрлері) үлесінде. 2025 жылдың 10 айында 1 561,5 млн жолаушы тасымалданып, өткен жылмен салыстырғанда 12,2% артты. Бұл сегменттен түскен табыс 406,3 млрд теңгені құрады.

🚕Такси қызметтерін 10 айда 137,1 млн жолаушы пайдаланды, өткен жылмен салыстырғанда өсім - 2,4 есе.

🚞Теміржол көлігі 16,3 млн жолаушы тасымалдады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,7% аз. Табыс мөлшері 120,3 млрд теңге болды.

🛫Әуе көлігі 13 млн жолаушы тасымалдап, өсім 6,1% құрады. Әуе тасымалдарынан түскен табыс 741,8 млрд теңге болды.
________________
📈На 11,9% выросли пассажирские перевозки в Казахстане

За январь-октябрь 2025 года всеми видами транспорта в Казахстане перевезено 1 591,3 млн пассажиров, это на 11,9% больше, чем за аналогичный период прошлого года.

Пассажирооборот достиг 74,3 млрд пассажиро-километров, увеличившись на 8,3%. Доходы предприятий от перевозок составили 1,2 трлн тенге.

🚌Основная доля пассажиров – 98,1% приходится на сегмент автомобильных и городских перевозок (автобусы, троллейбусы, такси и др.). За 10 месяцев 2025 года перевезено 1 561,5 млн пассажиров – на 12,2% больше, чем годом ранее. Доходы составили 406,3 млрд тенге.

🚕Услугами такси воспользовались за 10 месяцев 137,1 млн пассажиров, в сравнении с прошлым годом рост составил 2,4 раза.

🚞Железнодорожный транспорт перевез 16,3 млн пассажиров, что на 6,7% меньше, чем годом ранее, доходы – 120,3 млрд тенге.

🛫Воздушный транспорт перевез 13 млн пассажиров, рост – на 6,1%, доходы от авиаперевозок составили 741,8 млрд тенге.

QAZSTAT
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мақсат Тұрлыбаев ҚР Парламенті Сенаты жанындағы «Талдау мектебінде» дәріс оқыды

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев «Талдау мектебі. Қарағанды» тыңдаушыларына дәріс оқыды.

Бюро басшысы өз сөзінде Ұлттық статистика бюросының жұмысы қалай ұйымдастырылғанын, деректерді жинау мен өңдеудің негізінде қандай қағидаттар жатқанын, сондай-ақ олардың сапасы мен сенімділігі қалай қамтамасыз етілетінін егжей-тегжейлі айтып берді. Оның баяндамасындағы негізгі аспектілердің бірі статистиканы цифрландыруға назар аудару болды.

Спикер еліміздің ақпараттық инфрақұрылымының маңызды элементіне айналып, бірыңғай цифрлық кеңістікте деректерді ретке келтіруге және тиімді басқаруға көмектесетін «е-Статистика» жүйесінің рөлін атап өтті.

Дәріс туралы
___________________
Максат Турлубаев выступил в «Школе аналитики» при Сенате Парламента РК

Руководитель Бюро национальной статистики АСПиР РК Максат Турлубаев выступил лектором для слушателей «Школы аналитики. Караганды».

В своей лекции Глава Бюро рассказал подробно, как организована работа Бюро национальной статистики, какие принципы лежат в основе сбора и обработки данных, а также как обеспечивается их качество и достоверность. Одним из ключевых аспектов его выступления стало внимание к цифровизации статистики.

Спикер подчеркнул роль системы «е-Статистика», которая помогает упорядочивать и эффективно управлять данными в едином цифровом пространстве, становясь важнейшим элементом информационной инфраструктуры страны.

О лекции
👍6👏3
🐟Қазақстанда салқындатылған және мұздатылған балық өндірісі артты

2025 жылдың қаңтар–қазан аралығында нақты мәнде 36,2 мың тонна салқындатылған және мұздатылған балық өндірілді. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,6 мың тоннаға көп. Жалпы өндіріс өткен жылдың қаңтар–қазан айларымен салыстырғанда 18,4% өсті.

Консервіленген балық, уылдырық және оның баламаларын өндіру көлемі де аталған кезеңде 18,6% артты. Егер биылғы жылдың 10 айында қазақстандық өндірушілер 12,3 мың тонна өнім шығарса, өткен жылдың осындай кезеңінде бұл көрсеткіш 10,4 мың тоннаны құраған.

2025 жылдың екінші тоқсанында балық және теңіз өнімдерін орташа тұтыну бір адамға шаққанда тоқсанына 3,5 кг болды. Оның ішінде жаңа ауланған немесе салқындатылған балық - 2,3 кг, мұздатылған балық - 0,3 кг, майшабақ - 0,2 кг, консервіленген балық - 0,1 кг.

Өңірлер арасында балық өнімдерін ең жоғары тұтыну Солтүстік Қазақстан облысында байқалды - тоқсанына жан басына шаққанда 5,7 кг. Ақмола облысында - 5,6 кг, Атырау облысында - 5 кг, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында - 4,9 кг-нан. Ең төмен көрсеткіш Шымкентте тіркелді - тоқсанына жан басына 1,1 кг.
______________
🐟В Казахстане выросло производство охлажденной и мороженой рыбы

За январь-октябрь 2025 года в натуральном выражении было произведено 36,2 тыс. тонн свежей, охлаждённой или мороженой рыбы, что на 5,6 тыс. тонн больше, чем за аналогичный период 2024 года. Производство по сравнению с январем-октябрем прошлого года выросло на 18,4%.

Объем выпуска консервированной рыбы, икры и ее заменителей также увеличился за указанный период на 18,6%. Если за 10 месяцев текущего года казахстанские производители изготовили 12,3 тыс. тонн продукции, то за тот же период прошлого года - 10,4 тыс. тонн.

Напомним, во втором квартале 2025 года среднее потребление рыбы и морепродуктов составило 3,5 кг на человека в расчете на квартал. На долю свежей или охлажденной рыбы пришлось 2,3 кг на человека, мороженой - 0,3 кг, сельди - 0,2 кг, консервированной рыбы - 0,1 кг.

Среди регионов наибольшее потребление наблюдалось в СКО - 5,7 кг на душу населения/в квартал, в Акмолинской области - 5,6 кг, Атырауской области – 5 кг, Костанайской и Западно-Казахстанской областях - по 4,9 кг. Наименьшее потребление в Шымкенте - 1,1 кг на человека в квартал.

QAZSTAT
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📱Қазақстанда ұялы байланыс абоненттерінің саны 4,9% өсті

2025 жылдың қаңтар-қазан айларында ұялы байланыс абоненттерінің саны 27 321 мыңға жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,9% артты.

Интернетке қосылған абоненттер саны 19 318 мыңды құрап, былтырғы көрсеткіштен 2,8% жоғары болды.

Айта кетейік, соңғы төрт жылда ұялы байланыс абоненттерінің саны шамамен 3 млн көбейді, 2021 жылы 24 280 мың болса, 2025 жылы 27 321 мыңға жетті.
_________________________
📱Число абонентов сотовой связи в Казахстане выросло на 4,9%

За январь-октябрь 2025 года число абонентов сотовой связи достигло 27 321 тыс., что на 4,9% больше, чем за аналогичный период прошлого года.

Число абонентов с доступом к интернету составило 19 318 тыс., что на 2,8% выше показателя прошлого года.

Отметим, что за 4 года, количество абонентов сотовой связи выросло почти на 3 млн единиц, с 24 280 тыс. в 2021 году до 27 321 тыс. в 2025 году.

QAZSTAT
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❔ЭҚЖЖ бойынша ең жиі қойылатын сұрақтарға дайындалған жауаптарды ұсынамыз. Мұнда сіз іздеу кезінде бірнеше сәйкес код шыққанда не істеу керектігін, негізгі ЭҚЖЖ қалай ауыстырылатынын, қосымша кодты қосу немесе алып тастау жолдарын білесіздер. Сондай-ақ ақпараттық жүйелердегі деректердің қашан жаңартылатынын және әртүрлі жүйелерде мәліметтер сәйкес келмеген жағдайда қалай әрекет ету керектігін түсіндіріп өттік.
___________
❔Представляем вам ответы на самые часто задаваемые вопросы по ОКЭД. Вы узнаете, что делать, если при поиске выходит сразу несколько подходящих кодов, как правильно заменить основной ОКЭД, добавить или удалить вторичный. Мы также пояснили, в какой срок обновляются данные в информационных системах и как поступить при несоответствии сведений между ними.

QAZSTAT
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📊Бүгін stat.gov.kz келесі статистикалық ақпарат жарияланады

Электронды кесте
- Қазақстан Республикасында өнімнің (тауарлардың) және шикізаттың жекелеген түрлерінің ресурстары мен пайдаланылуы
- Қазақстан Республикасындағы көрсетілген қызметтердің көлемі туралы

Жарияланым
- Қазақстан Республикасының білім беру саласында көрсетілген қызметтер көлемі
- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында көрсетілген қызметтер көлемі

Жинақ
- Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаны қорғау
- Қазақстан өңірлері жылнамасы
____
📊 Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована следующая статистическая информация

Электронная таблица
- Об объемах оказанных услуг в Республике Казахстан
- Ресурсы и использование отдельных видов продукции (товаров) и сырья в Республике Казахстан

Публикация
- Об объеме оказанных услуг в области здравоохранения и предоставления социальных услуг
- Объем оказанных услуг в сфере образования Республики Казахстан

Сборник
-Охрана окружающей среды в Республике Казахстан
- ежегодник Регионы Казахстана
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📊Бүгін stat.gov.kz келесі статистикалық ақпарат жарияланады

Электронды кесте
- Қазақстан Республикасында көліктің барлық түрлерімен жүктерді тасымалдау тарифтерінің индекстері
- Қазақстан Республикасының халық саны

Жарияланым
- Қазақстан Республикасындағы инфляция туралы
____
📊 Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована следующая статистическая информация

Электронная таблица
- Численность населения Республики Казахстан
- Индексы тарифов на перевозку грузов всеми видами транспорта в Республике Казахстан

Публикация
- Инфляция в Республике Казахстан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📣Құрметті респонденттер, алдағы аптада келесі ай сайынғы есептерді тапсыру мерзімі аяқталатынын еске саламыз:

2 желтоқсан
🔷1- көлік
🔷1- ИС
🔷2-КС
🔷1-инвест
🔷24-сх
🔷3-байланыс

3 желтоқсан
🔷2-сауда
🔷2-сх (астық)

4 желтоқсан
🔷1- КС

Статистикалық есептерді ұсына отырып, сіз саланың жай-күйі туралы толық түсініктің қалыптасуына көмектесесіз.

Сіздің деректеріңіз тиімді шешімдер қабылдау барысында шешуші рөл атқарады.

Есепті толтыру барысында туындаған сұрақтарыңызды Бюроның1446 бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ, statgovkz_bot телеграм-ботына және stat.gov.kz сайтындағы онлайн кеңесшіге жолдай аласыз!
_____
📣Уважаемые респонденты, напоминаем, что на этой неделе оканчиваются сроки сдачи следующих ежемесячных отчетов:

2 декабря
🔷1- транспорт
🔷1-ИС
🔷2-КС
🔷1-инвест
🔷24-сх
🔷3-связь

3 декабря
🔷2-торговля
🔷2-сх (зерно)

4 декабря
🔷1- КС

Предоставляя статистические отчеты, вы способствуете формированию четкого представления о состоянии отрасли. Ваши данные играют ключевую роль в процессе принятия обоснованных и эффективных решений.

При возникновении вопросов по заполнению отчетов, вы можете обратиться в единый контакт-центр Бюро 1446, а также отправить свое обращение на наш телеграм-бот statgovkz_bot и онлайн-консультанту на сайте stat.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💳Қазақстан Республикасындағы инфляция

2025 жылғы қарашада жылдық инфляция қарқыны баяулап, 12,4% болды (2025 жылғы қазанда – 12,6%).

ТБИ құрылымы:
Азық-түлік тауарлары – +13,4%
Ақылы қызметтер – +12,3%
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар – +11,2%

Айлық инфляция деңгейі 0,8% құрады. Бір ай ішінде азық-түлік тауарларының бағасы 1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,9%, ақылы қызметтер 0,3% өскен.

Толығырақ оқу
__________
💳Инфляция в Республике Казахстан

В ноябре 2025 года уровень годовой инфляции замедлился и составил 12,4% (в октябре 2025 года – 12,6%)

Структура ИПЦ:
Продовольственные товары – +13,4%
Платные услуги – +12,3%
Непродовольственные товары – +11,2%

Месячный уровень инфляции составил 0,8%, за месяц уровень цен продовольственных товаров повысился на 1%, непродовольственных товаров – на 0,9%, платных услуг – на 0,3%.

Читать подробно
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📊Бүгін stat.gov.kz Қазақстан Республикасындағы орналастыру орындарының қызметі туралы электронды кесте жарияланады
____
📊 Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована Электронная таблица О деятельности мест размещения в Республике Казахстан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📈Қазақстан Дүниежүзілік банктің статистикалық тиімділік көрсеткіштері рейтингінде 21 позицияға көтерілді

Қазақстан Дүниежүзілік банктің статистикалық тиімділік көрсеткіштері рейтингінде 217 елдің ішінде 44-орынға ие болды. Алдыңғы жылмен салыстырғанда (2023 жылы – 65-орын) көрсеткіш бірден 21 позицияға жоғарылаған.

Дүниежүзілік банк жыл сайын ресми түрде танылған халықаралық дереккөздер негізінде қалыптастырылатын статистикалық тиімділік көрсеткіштері (Statistical Performance Indicators – SPI) рейтингін жариялайды. Бұл рейтингте әлемдік даму туралы өзекті әрі нақты мәліметтер қамтылады, соның ішінде ұлттық, өңірлік және жаһандық бағалаулар бар.

Соңғы деректерге сәйкес, Қазақстанның ұлттық статистикалық жүйесі 100 мүмкін балдан 84,9 балл жинады. Жалпы көрсеткіштің өсуіне келесі құрамдас бөліктердің жақсаруы әсер еткен: «Деректерді пайдалану» – +10, «Дереккөздер» – +10,2, «Деректер инфрақұрылымы» – +10 және «Деректерді ұсыну қызметтері» – +1,1 балл.

Толық оқу
___________
📈Казахстан поднялся на 21 позицию в рейтинге Всемирного банка по показателям статистической эффективности

Казахстан занял 44-е место из 217 стран в рейтинге Всемирного банка по показателям статистической эффективности, улучшив результат сразу на 21 позицию по сравнению с предыдущим годом (65-е место в 2023 году).

Всемирный банк ежегодно публикует рейтинг по показателям статистической эффективности (The Statistical Performance Indicators – SPI), который формируется на основе официально признанных международных источников. Он содержит актуальные и точные данные о мировом развитии, включая национальные, региональные и глобальные оценки.

По последним данным, национальная статистическая система Казахстана получила 84,9 балла из 100. Рост общего показателя произошел за счет улучшения компонентов «Использование данных» – +10, «Источники данных» – +10,2, «Инфраструктура данных» – +10 и «Услуги по предоставлению данных» – +1,1 балла.

Читать подробно
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4🔥4👏1
📊Бүгін stat.gov.kz Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғалар үшін пошта, курьерлік және байланыс қызметтері тарифтерінің индекстері туралы электронды кесте жарияланады
____
📊 Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована Электронная таблица по Индексам тарифов на услуги почтовые, курьерские и связи для юридических лиц в Республике Казахстан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗺Меймандарды орналастыру орындарының қызметі

Биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстандағы меймандарды орналастыру орындары 7,8 млн адамды қабылдаған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,4% көп.

Меймандардың басым бөлігі Алматы (1,8 млн), Астана (1,1 млн), сондай-ақ Алматы және Ақмола облыстарының (әрқайсысы 530 мың адам) қонақүйлерінде орналасқан.

Қонақтардың 48,6% мейрамханасы бар қонақүйлерде, 27% мейрамханасы жоқ қонақүйлерде, ал 14% коттедждер, шағын үйлер мен пәтер түріндегі тұру орындарында тоқтаған.

Барлық келушілердің ішінде 13,9% – шетел азаматтары, оның ішінде қонақтардың 53,6% Қазақстанға жеке мақсатпен, қалғаны іскерлік сапармен келген.

Елге келген шетелдіктердің басым бөлігі Ресейден (333,3 мың адам), Қытайдан (182,7 мың адам) және Үндістаннан (93,4 мың адам) болды.

Елімізде қонақтарды орналастырумен айналысатын объектілердің саны 4 499, онда барлығы 95 035 нөмір бар.
Қаңтар-қыркүйек айларында барлық тұру орындары көрсеткен қызмет көлемі 268 млрд теңгені құрады.
_______________________
🗺Деятельность мест размещения

7,8 млн посетителей приняли места размещения в Казахстане за 9 месяцев этого года, что на 12,4% больше, чем годом ранее.

Больше всего гостей приняли отели городов Алматы (1,8 млн), Астана (1,1 млн), Алматинской и Акмолинской областей (по 530 тыс. человек).

48,6% всех гостей остановилась в гостиницах с рестораном, еще 27% обслужено гостиницами без ресторанов, третьим по популярности стали места размещения в виде коттеджей, домиков и квартир – 14% посетителей.

Из общего числа обслуженных посетителей 13,9% являются иностранными гостями, из них 53,6% посетили Казахстан в личных целях, остальные – деловых.

В разрезе стран больше всего гостей за январь-сентябрь местами размещения принято из РФ (333,3 тыс.), Китая (182,7 тыс.) и Индии (93,4 тыс.)

Количество объектов, занимающихся размещением посетителей, составило 4 499 единиц, в них насчитывается 95 035 номеров. Всего объем оказанных услуг за 9 месяцев всеми видами мест размещения составил 268 млрд тг.

QAZSTAT
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📊Бүгін stat.gov.kz Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға индексі және орташа бағалары туралы электронды кесте жарияланады
____
📊 Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована Электронная таблица по Индексу цен и средним ценам на социально-значимые продовольственные товары в Республике Казахстан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥3