2.69K subscribers
1.88K photos
99 videos
3 files
2.64K links
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының телеграмдағы ресми арнасы
Официальный телеграм-канал Бюро национальной статистики АСПР РК

www.stat.gov.kz
www.facebook.com/kazstatgov.kz
https://www.instagram.com/statgov.kz
Download Telegram
2026 жылғы 29 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда есепті апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді.

Апта ішінде картоптың бағасы - 2,8%, қызанақ - 2,4%, алма - 1,9%, қияр - 1,2%, сәбіз, қаймақ және қара шай – 0,2%, сондай-ақ тауық еті, қатты және жартылай қатты ірімшік, майлылығы 2-3% айран - 0,1% арзандады.

Есепті аптада ұн, бірінші сұрыпты ұннан пісірілген бидай наны, жылқы еті, сүйекті сиыр еті, сондай-ақ майлылығы 2,2%-дан 6%-ға дейінгі пастерленген, ультрапастерленген және стерильденген сүт бағасы өзгеріссіз қалды.


Толығырақ оқу
По состоянию на 29 июля 2026 года, за отчетную неделю в Казахстане отмечено снижение цен на ряд социально значимых продовольственных товаров.

В течение недели снижение цен зафиксировано на картофель (-2,8%), помидоры (-2,4%), яблоки (-1,9%), огурцы (-1,2%), морковь, сметану, черный чай (по -0,2%), а также мясо кур, сыр (твердый, полутвердый), кефир жирностью 2-3% (по -0,1%).

Цены на муку, пшеничный хлеб из муки первого сорта, мясо конины, говядина с костями, молоко (пастеризованное, ультрапастеризованное, стерилизованное от 2,2% до 6% жирности) за отчетную неделю остались без изменений.

Читать подробно
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы мен Сеул ұлттық университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Құжат демография, статистика, қоғамдық денсаулық сақтау және ғылыми зерттеулер салаларындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізі болады.

Меморандумға ҚР Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев және Сеул ұлттық университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің деканы, профессор Ёнтэ Чо қол қойды.

Толығырақ оқу
👍1
Казахстан и Сеульский национальный университет будут совместно развивать демографические исследования

Бюро национальной статистики АСПиР РК и Высшая школа общественного здравоохранения Сеульского национального университета подписали Меморандум о взаимопонимании. Документ станет основой для долгосрочного сотрудничества в сфере демографии, статистики, общественного здравоохранения и научных исследований.

Меморандум подписали руководитель Бюро национальной статистики АСПиР РК Максат Турлубаев и декан Высшей школы общественного здравоохранения Сеульского национального университета профессор Ёнтэ Чо.

Одним из ключевых направлений сотрудничества станет работа Центра анализа и прогнозирования демографических процессов Бюро национальной статистики. Совместные исследования будут направлены на совершенствование методов демографического анализа и прогнозирования, развитие научной экспертизы и внедрение лучших международных практик.


Читать подробно
👍4😱1
Бүгін stat.gov.kz келесі статистикалық ақпарат жарияланады

Жарияланым
Қазақстан Республикасындағы инфляция туралы
Табыстар әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім (2025 жылғы)
Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық балансы

Электрондық кесте
Қазақстан Республикасында көліктің барлық түрлерімен жүктерді тасымалдау тарифтерінің индекстері ( 2026 жылғы шілде )
__

Сегодня на sta
t.gov.kz будет опубликована следующая статистическая информация

Публикация
Инфляция в Республике Казахстан
Топливно-энергетический баланс Республики Казахстан ( )
Валовой внутренний продукт методом доходов

Электронная таблица
Индексы тарифов на перевозку грузов всеми видами транспорта в Республике Казахстан (июль 2026г.)
2026 жылғы шілде айында инфляцияның айлық деңгейі 0,6% құрады, бұл маусым айындағы көрсеткіштен (0,8%) төмен.

Шілде айында бағаның ең көп төмендеуі маусымдық жеміс-көкөніс өнімдерінің жекелеген түрлерінде тіркелді. Атап айтқанда, қиярдың бағасы 22,6%, қызанақ - 17,7%, сәбіздің бағасы - 5,3%, банан - 4,0%, алма – 2,7%, апельсин - 2,3%, лимон мен картоп – 1,6%-ға арзандады. Сонымен қатар, жұмыртқа 1,4%, арпа жармасы 1,3% төмендеді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында пайдаланылған жеңіл автомобиль бағасы 3,8%, электр еттартқыш 2,2%, кір сабын 1,5%, смартфондар мен көзілдіріктер 1,3%, шаш бояуы 0,7% арзандады.

Жылдық мәнде 2026 жылғы шілдеде инфляция деңгейі 10,2% құрады (2026 жылғы маусымда – 10,3%).

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 11,7%, азық-түлік тауарларының бағасы 10,1%, ақылы көрсетілетін қызметтердің бағасы 9,2% өсті.

Толығырақ оқу
В июле 2026 года инфляция составила 0,6% за месяц, что ниже показателя июня (0,8%).

Основное снижение цен в июле наблюдалось на отдельные виды сезонной плодоовощной продукции. Так, цены на огурцы снизились на 22,6%, помидоры – на 17,7%, морковь – на 5,3%, бананы – на 4,0%, яблоки – на 2,7%, апельсины – на 2,3%, лимоны и картофель – по 1,6%. Также подешевели яйца – на 1,4% и крупа перловая – на 1,3%.
 
Среди непродовольственных товаров подержанные легковые автомобили подешевели на 3,8%, электромясорубки – на 2,2%, хозяйственное мыло – на 1,5%, смартфоны и очки – по 1,3%, краска для волос – на 0,7%.

В годовом выражении инфляция в июле 2026 года составила 10,2% (в июне т.г. - 10,3%).  Цены на непродовольственные товары выросли на 11,7%, продовольственные товары – на 10,1%, платные услуги – на 9,2%.

Читать подробно
Бүгін stat.gov.kz келесі статистикалық ақпарат жарияланады

Электрондық кесте
Қазақстан Республикасында қорғалған топырақта ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін жинау туралы (2026 жылғы II тоқсанға)

Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғалар үшін пошта, курьерлік және байланыс қызметтері тарифтерінің индекстері (2026 жылғы шілде)

__

Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована следующая статистическая информация

Электронная таблица

О сборе урожая сельскохозяйственных культур в защищенном грунте в Республике Казахстан (за II квартал 2026 года)

Индексы тарифов на услуги почтовые, курьерские и связи для юридических лиц в Республике Казахстан (июль 2026г.)
Еркебұлан Иембердиев Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары болып тағайындалды

Меритократия қағидатына сәйкес, ҚР Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның келісімімен ҚР СЖРА төрағасының бұйрығымен Еркебұлан Иембердиев Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Бұған дейін ол Ұлттық статистика бюросының Стратегиялық жоспарлау және әдіснамалық үйлестіру департаментінің директоры қызметін атқарды.

Толығырақ оқу

_________

Еркебулан Иембердиев назначен заместителем руководителя Бюро национальной статистики

В соответствии с принципом меритократии приказом Председателя АСПиР РК по согласованию с Национальной комиссией по кадровой политике при Президенте Республики Казахстан РК Еркебулан Иембердиев назначен заместителем руководителя Бюро национальной статистики АСПиР РК.

До назначения занимал должность директора Департамента стратегического планирования и методологической координации Бюро национальной статистики.

Читать подробно
👍19🔥2
Бүгін stat.gov.kz келесі статистикалық ақпарат жарияланады

Электрондық кесте
Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіп өнімін өндірушілердің баға индекстері мен бағалары
Қазақстан Республикасындағы құрылыстағы баға индекстері мен бағалары
Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығындағы баға индекстері мен бағалар
Қазақстан Республикасындағы халықтың тұрмыс сапасы

__

Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована следующая статистическая информация

Электронная таблица
Индексы цен и цены производителей промышленной продукции в Республике Казахстан
Индексы цен и цены в строительстве в Республике Казахстан
Индексы цен и цены в сельском хозяйстве в Республике Казахстан
Качество жизни населения в Республике Казахстан
Қазақстанда алкогольсіз сусындар өндірісі 17% өсті

2026 жылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда 1,6 млрд литр минералды су мен алкогольсіз сусын өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17%-ға көп.

Ішкі нарықтағы өткізу көлемі 1,7 млрд литрге жетіп, 21% артты. Сонымен қатар алкогольсіз сусындар импорты 29,6% өсіп, 217,1 млн литрді құрады. Ішкі нарықтағы импорттық өнімнің үлесі 11,4% болды.

Экспорттың негізгі бөлігін дәстүрлі түрде қант немесе өзге де тәттілендіргіштер, сондай-ақ хош иістендіргіш және дәмдік қоспалар қосылған сулар мен басқа да алкогольсіз сусындар құрады.

Есепті кезеңде осы өнім түрінің экспорты 172,8 млн литрге жетіп, ақшалай көлемі 75,5 млн АҚШ долларын құрады.

Толығырақ оқу
В Казахстане производство безалкогольных напитков выросло на 17%

По итогам января–мая 2026 года в Казахстане произведено 1,6 млрд литров минеральной воды и безалкогольных напитков, что на 17% больше по сравнению с аналогичным периодом прошлого года.

Объем реализации на внутреннем рынке достиг 1,7 млрд литров, увеличившись на 21%. При этом импорт безалкогольных напитков вырос на 29,6% и составил 217,1 млн литров. Доля импортной продукции на внутреннем рынке составила 11,4%.

Основную долю экспорта традиционно составили воды с добавлением сахара или других подслащивающих либо вкусо-ароматических веществ и прочие безалкогольные напитки. За отчетный период поставки данной продукции достигли 172,8 млн литров на сумму 75,5 млн $.

Читать подробно
Қазақстанда бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары арзандады

2026 жылғы 5 тамыздағы жағдай бойынша, есепті аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары бойынша бағаның төмендеуі байқалды.

Апта ішінде қияр (-2,4%), ақ қырыққабат (-2,1%), қызанақ, картоп (-1,7%), сүйексіз сиыр еті (-0,4%), алма (-0,3%), қарақұмық жармасы (-0,2%), қаймақ (-0,1%) бағалары төмендеді.

Бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан, сүйекті сиыр еті, тауық еті, құс еті, ет фаршы, сүзбе, айран және шай бағалары есепті аптада өзгеріссіз қалды.

Толығырақ оқу
За неделю в Казахстане снизились цены на ряд социально значимых продовольственных товаров

По состоянию на 5 августа 2026 года, за отчетную неделю в Казахстане отмечено снижение цен на ряд социально значимых продовольственных товаров.

В течение недели снижение цен зафиксировано на огурцы (-2,4%), капусту белокочанную (-2,1%), помидоры, картофель (-1,7%), говядину бескостную (-0,4%), яблоки (-0,3%), крупу гречневую (-0,2%), сметану (-0,1%).

Цены на пшеничный хлеб из муки первого сорта, говядину с костями, кур, мясо кур, мясной фарш, творог, кефир и чай за отчетную неделю остались без изменений.

Читать подробно
Қазақстанда Абай есімді 19 мыңға жуық адам бар


10 тамыз – Абай күні аталып өтеді. Осыған орай ұлы ақынның есіміне қатысты қызықты статистиканы ұсынамыз.

Бүгінде Қазақстанда Абай есімді 18 961 адам тұрады. Бұл есім ең көп таралған өңірлер – Астана қаласы (2 186 адам), Түркістан облысы (2 008 адам) және Алматы қаласы (1 740 адам).

Абай есімді ең үлкен жастағы қазақстандық 1932 жылы туған. Ал бұл есімді иеленгендердің арасында 30-34 жас аралығындағы азаматтар саны басым – 3 267 адам.

Абай есімі жаңа туған сәбилерге де жиі қойылады. Биылғы жылдың алғашқы жартысында 91 балаға осы есім берілген.

Қазақстанда Абай есімді 9 әйел тіркелген. Сонымен қатар Ибраһим, Ибрагим және Ибрахим есімдерін иеленген 37 844 адам бар.

Ұлы ақынның есімі еліміздің географиялық атауларында кеңінен көрініс тапқан. Қазіргі таңда Абай есімімен 1 облыс, 1 қала, 3 аудан және 26 ауыл аталады.
В Казахстане проживает почти 19 тысяч человек с именем Абай

10 августа в Казахстане отмечается День Абая. К этой дате рассказываем несколько интересных фактов об имени великого поэта.

В Казахстане насчитывается 18 961 человек, носящий имя Абай. Наибольшее количество жителей с этим именем зарегистрировано в Астане 2 186 человек, Туркестанской области 2 008 человек и Алматы - 1 740 человек.

Самый старший казахстанец с именем Абай родился в 1932 году. Наиболее многочисленной является возрастная группа 30–34 года - 3 267 человек.

Имя Абай продолжает пользоваться популярностью и сегодня. Только за первое полугодие текущего года его получили 91 новорождённый.

Несмотря на то, что имя традиционно считается мужским, в Казахстане зарегистрированы 9 женщин с именем Абай.

Кроме того, в стране проживает 37 844 человека с именем Ибраһим, включая варианты написания Ибрагим и Ибрахим.

Имя поэта широко представлено и на карте страны. В честь Абая названы 1 область, 1 город, 3 района и 26 сел.
👍2
Бүгін stat.gov.kz келесі статистикалық ақпарат жарияланады

Жарияланым
Қазақстан Республикасы халқының көші-қоны (2026 жылғы қаңтар-маусым)
Қазақстан Республикасы халқының табиғи қозғалысы

Электрондық кесте
Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіп өнімін өндірушілер бағасының базалық индексі
Қазақстан Республикасындағы тұтыну бағасының индексі және туынды көрсеткіштері (2026 жылғы шілде)
Қазақстан Республикасындағы жекелеген тауарлар мен қызметтердің бөлшек сауда бағасы
Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй нарығындағы баға индекстері мен бағалар (2026 жылғы шілде)

__

Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована следующая статистическая информация

Публикация
Миграция населения Республики Казахстан
Естественное движение населения Республики Казахстан

Электронная таблица
Индекс потребительских цен и производные показатели в Республике Казахстан (июль 2026 года)
Розничные цены на отдельные товары и услуги в Республике Казахстан
Индексы цен и цены на рынке жилья в Республике Казахстан (июль 2026г.)
Базовый индекс цен производителей промышленной продукции в Республике Казахстан
Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 4,9% азайды

2026 жылғы шілде айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 37 158 мәміле тіркелген. 2026 жылғы маусыммен салыстырғанда (39 053) мәмілелер саны 4,9%-ға азайды.

Мәмілелер саны бойынша Алматы (7 263 – 19,5%) және Астана (6 999 – 18,8%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 688 – 7,2%) көш бастап тұр. Ұлытау облысында ең аз көрсеткіш – 311 мәміле (0,8%) тіркелген.

2026 жылғы маусыммен салыстырғанда ең жоғарғы өсім Шымкент (+14,2%) қаласында, Батыс Қазақстан (+14%) және Жамбыл (+11,5%) облыстарында тіркелді.

Ең үлкен төмендеу Маңғыстау (-33,7%), Қарағанды (-28,7%) және Түркістан (-22,4%) облыстарында орын алды.

Толығырақ оқу
Количество сделок купли-продажи жилья уменьшилось на 4,9%

В июле 2026 года зарегистрировано 37 158 сделок купли-продажи жилья. По сравнению с июнем 2026 года, когда было зарегистрировано 39 053 сделки, показатель снизился на 4,9%.

Наибольшее количество сделок пришлось на города Алматы (7 263, или 19,5%) и Астана (6 999, или 18,8%), а также Карагандинскую область (2 688, или 7,2%). Наименьший показатель зафиксирован в области Ұлытау, где зарегистрирована 311 сделка, или 0,8% от общего числа.

По сравнению с июнем 2026 года наибольший рост в июле отмечен в городе Шымкент (14,2%), Западно-Казахстанской (14%) и Жамбылской (11,5%) областях. Наиболее существенное снижение зафиксировано в Мангистауской (-33,7%), Карагандинской (-28,7%) и Туркестанской (-22,4%) областях.

Читать подробно
Өткен жылы сұлулық саласында 127,3 млрд теңгенің қызметі көрсетілді

Өткен жылы Қазақстанда сұлулық саласында көрсетілген қызметтердің көлемі 127,3 млрд теңгені құрады. Оның ең үлкен үлесі шаштараз қызметтеріне тиесілі - 67,5 млрд теңге. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 5,3%-ға артық.

Маникюр мен педикюрді қоса алғанда, косметикалық қызметтердің көлемі 7,5 млрд теңгені құрады.

Сұлулық салондары көрсететін өзге де қызметтердің көлемі 52,3 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде адамның өңделмеген шашына қатысты қызметтер де бар.

Сұлулық саласының дамуы қалалармен қатар ауылдық жерлерде де байқалады. 2025 жылы ауылдардағы шаштараз қызметтерінің көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 4,2%-ға өсіп, 34,3 млрд теңгеге жетті.

Сонымен қатар, ауылдық жерлерде сұлулық салондарының өзге де қызметтерінің көлемі 1,9 млрд теңгені, ал косметологиялық қызметтердің көлемі 814,9 млн теңгені құрады.