𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
958 subscribers
1.02K photos
110 videos
212 files
2.26K links
السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!

📝бот: https://t.me/taammul_bot

‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/tabahhurr

Анонимді сауал жолдау сілтемесі:
🔗t.me/anonaskbot?start=istiftaa
Download Telegram
🖋әш-Шифәә кітабында: Ғұламаларымыз шариғат және әдет тұрғысынан да некенің көптігі мен оны сақтаудың мақтаныш екеніне бір ауыздан келісті. Себебі бұл оның еркектігінің кемелдігі мен саулығына көрсетеді. Ибн 'Аббастың Са'ид ибн Джубейрге (رضي الله عنهما) "Расында, бұл үмметтің ең абзалысының (некесінде) ең көп әйел² болды" деп айтқанындай.

📚әт-Тахқиқ әл-Бәһир.


1] Пайғамбарымызды ﷺ меңзеп айтқаны. Бұл үмметтің деп Сүлеймен Пайғамбар мен оның әкесі Дәуд Пайғамбарды (عليهما السلام) тысқары қалдыру үшін айтты.
2] Пайғамбарымыз ﷺ Аллаһ Тағаладан ең жоғары деңгейде қорыққан және Оны ﷻ ең жоғары деңгейде таныған құл. Сол хәлінде көп әйел алды. Әрине, оның өзіндік даналықтары бар.

Canal:
https://t.me/taammul
У тебя новое анонимное сообщение!

Ассаляму алейкум. Бір кісі көп жыл балалы болмай жәннатта балалы болуды сұрадым дейді. Ол мүмкін бе?

↩️ و عليكم السلام ورحمة الله وبركاته.

Аллаһ Тағала жеңілдік берсін. Балалы болудан күдер үзбегені дұрыс. Аллаһ Тағала кейбір құлдарына қартайған шақтарында да бала сыйлаған. Бұл Аллаһу Тағаланың әмірімен жүзеге асатын нығмет.

Ал енді сауалға келер болсақ "Жәннатта балалы болуы МҮМКІН". Бала сүю үлкен қуаныш екені мәлім. Сол себепті де Пайғамбарымыздан ﷺ "Жәннатта балалы болады ма?" деп сұралған. Пайғамбарымыздан ﷺ жеткен хадис екі түрлі болғандықтан ізгі ғалымдардың да арасында екі түрлі пікір бар. Бір тарабы "Төсек қатынасы болады. Бірақ балалы болмайды. Себебі Имам әл-Қуртубидің (رحمه الله) "әт-Тәзкира би ахуал әл-мәута уә умур әл-әхира" еңбегіндегі Пайғамбарымыздан ﷺ "Расында жәннат тұрғындары балалы болмайды" деген хадисі келді" десе, екінші тарабы "Балалы болады. Себебі Имам әт-Тирмизидің (رحمه الله) жинағында Пайғамбарымыздың ﷺ "Мүмін жәннатта балалы болуды қалаған кезінде, оның құрсақта көтерілуі, босанылуы және ер жетуі¹ бір мезетте өзі қалағанындай² жүзеге асады" деген хадисі келді" дейді. Бірінші көзқарас Таус, Муджаһид және Ибраһим ән-Нәха'и (رحمهم الله) сынды имамдардан да жетті. Ал екінші көзқарасқа қатысты ҺибатуЛлаһ әт-Тәжи әд-Димашқи әл-ханафи (رحمه الله) "Имам әт-Тирмизи хадисін хасан қылғандығы себепті (сол хадиске жараса бала туылады деп санау) лайықтырақ" деп тұжырымдайды. Ал Имам әл-Бухари Исхақ ибн Ибраһимнің (رحمهما الله) "Егер жәннатта балалы болуды қаласа.." деген хадисті толықтырып "..Бірақ қаламайды" деп айтқанын жеткізеді. Осы ақпараттармен қатар Сунән Ибн Мәжаһқа жазылған Хашият әс-Синди, Тухфат әл-әхуази, Рух әл-Ма'ани, әт-Тәфсир әл-Музһири, Имам әл-Бәйқаһидың тахриджі, Имам әл-Асбаһанидің әт-Тәрғибі, Һәннад ибн әс-Сәридің әз-Зуһді сынды еңбектерде де жоғарыдағы пікірлер айтылған. Анығын Аллаһ Тағала жақсырақ білуші. Ол кісіге қатысты Аллаһ Тағала дүниеде де бала сүюін бұйыртсын деп тілейміз.
__

1] Яғни, кемел жасы 30 жасқа жетуі.
2] Ұл н/е қыз болуы деген сияқты басқа да қалауына жараса.

Canal:
https://t.me/taammul
Дақиянустың қызын кедей мен бай айттырып келеді. Ол қызын кедейге ұзатады. Кейін Ескендір одан себебін сұрайды. Сонда Ол "Бай надан болды. Оның түбі кедей болып қалуынан сақтандым. Ал кедей ақылды болды. Оның байлыққа қол жеткізетініне үмітті болдым" деп түсіндіреді.

📚Раби' әл-Әбрар уә Нусус әл-Әхияр.

Canal:
https://t.me/taammul
📌Ең алдымен осы жазбаны оқып шығып, сосын барып төменгі жазбаға өтулеріңіз сұралады.

✅Күйеуі тәрбие үшін әйелін ұруға¹ болатын² жағдайлар:
➖ Ері әйелінен сәнденуін³ сұрағанда, бас тарста,
➖ Ері төсекте бас қосуға шақырғанында әйелі⁴ бас тартса,
➖ Ерінің рұқсатынсыз⁵ ешбір ақысыз⁶ үйінен шығып кетсе,
➖ Намаз оқуды⁷ тастап қойса⁸,
➖Күйеуінің күңін қызғанып ұратын болса⁹,
➖ Егер әйелі ақыл-есі есеймеген¹⁰ баланы жылаған кезінде ұратын болса,
➖ Күйеуін балағаттаса¹¹
➖Бөтен (сырттағы) біреуді балағаттаса,
➖ Махрам емес (бөтен) біреудің алдында жүзін ашса,
➖ Бөтен біреумен сөйлессе,
➖Бөтен біреу дауысын естуі үшін әдейі сөйлесе
➖ Бөтен біреу дауысын естуі үшін күйеуімен жанжалдасса,
➖ Күйеуінің сақалына жабысса,
➖ Күйеуіне "Ей, есек н/е ақымақ" деп айтса,
➖ Күйеуін лағынеттесе,
➖ Үйіндегі¹² бір затты рұқсатсыз беріп жіберсе,
➖ Нәпақасын н/е киімін беруге күйеуінің мүмкіндігі болмай тұрғанына қарамастан талап етіп, әрі табандылық танытып¹³ тұрып алғанында.

📌Барлығының ортақ қағидасы: Қашан әйел адам шариғатты арнайы жазасы белгіленбеген бір айыпты істі істеген кезінде, күйеуіне әйелін та'зир/жаза қылуына болады.
____

1] Бейнеті көрініс табатын деңгейде емес. Яғни сүйегін сындырып, терісіне зиян берместен.
2] "Болатын" яғни, жәйз/рұқсат. Міндетті түрде ұру керек деген сөз емес. Өйткені ері бұл жағдайларда әйелін ұруға міндеттелмеген. Тек ұратын болса, рұқсаты бар деген сөз.
3] Егер шариғат шеңберіндегі сәнденуді талап еткен болса. Егер олай болмаса, онла ұруға ақысы жоқ.
4] Егер әйел хайыз бен нифастан таза болса. Яғни, таза хәлінде еріне жауап беруі міндетінен болып табылады.
5] Мәһр му'аджал/معجل берілгеннен кейін.
6] Ерінің рұқсатынсыз шығуға болатын жағдайлар:
➖ Ата-анасының бірі сырқаттанып, әрі оған қарайласатын ешкім болмаса, онда (тіпті күйеуі тиым салса да) рұқсатынсыз баруына болады. Өйткені сондай жағдайда ата-анасына қарайласу парыз болғандықтан күйеуінің ақысының алдына шығарылады.
➖ Жер сілкінісі н/е басқа себеппен үйдің астында қалып қою қаупі болған кезде,
➖Егер әйел күйеуінің рұқсатынсыз ілім мәжілісіне бару үшін үйден шыққысы келсе, ол рұқсат емес. Әйелдің басында бір қиын жағдай туындаса және күйеуі ол мәселені білсе н/е ғалымдардан сұрап беретін болса, онда оған ерінің рұқсатынсыз үйден шығу рұқсат емес. Ал егер күйеуі жаңағы мәселені білмесе н/е ғалымдардан сұрап бермесе, онда рұқсатынсыз шықса болады.
➖Парыз болған қажылығын сенімді (күйеуінен басқа) махрамымен өтеуге барар кезінде (тіпті күйеуі қарсы болса да).
7] әл-Кәнзде сол риуаятты алға тартты. Ал ән-Ниһаяда рұқсат емес деген риуаятты алға тартты.
8] Тура солай жүніп хәлі мен хайыздан тазаруды/ғұсылды тәрк етсе де (бір риуаят бойынша) ұруына болады.
9] Күйеуінің уағыз-насихатпен түсіндіргенінде құлақ аспаған жағдайда.
10] Себебі (ақылы жоқ) малдың өзін ұру тиым салынған болса, ақылы жетілмеген баланы ұру тіптен тиылған іс.
11] Тіпті күйеуі оны балағаттаған болса да.
12] Егер әдетте/ғұрыпта рұқсатсыз берілмейтін затты берген болса.
13] Себебі өзгеде ақысы бар адам өзгенің иелігінде малы болғанда ғана табанды түрде талап ете алады.

Canal:
https://t.me/taammul
🖋Жақау Дәуренбеков:

Бүгінде бәрін білем дейтіндердің көптігінен білмейтіндердің "Қызыл кітапқа" кіруден басқа амалы қалмай тұр.

📚Ойдауа.
✅Қарыз алушы қарыз берушіге (қарызынан тысқары) бірдеңе беретін болса¹, онда оның сыйлығын қабыл алудың айыптылығы жоқ. Себебі бұл қарыз берілгенде шарт етілмеген, (ол келісімнен тысқары болған) пайда. Егер сақтық танытып алмаған болса, онда ол жақсы (абзал).(Осыған қатысты) Ғалымдарымыз айтты: Қашан сыйлықты қарыз үшін (мысалы қарызды кешіктіріп жатқандығы себепті) бергенін білсе н/е қарыз үшін беріп жатыр ма деген ойда қалса, сол кезде сақтық/тақуалық танытып алмаған болса, абзал. Ал енді қашан қарыз үшін берілмегенін білсе, онда сақтық танытпайды. Себебі берілген сыйлықты қабыл алу мұсылманның мұсылмандағы ақысы. Сондықтан қабыл алудан тосылмайды. Қандай ниетпен беріліп жатқандығына қатысты ілімнің орнына екеуінің арасында қарыз берілгенге дейін (жақындық н/е басқа да себептермен) сыйлық алмасу болатындығы н/е қарыз алушы өз қолы ашық жомарттығымен, мәрттігімен танылғандығы себеп ретінде қарастырылады. Яғни, осы нәрселер оған берілген сыйлық қарыз үшін болмады деген ілімнің орнын басады.

📚Фәтауа Қадый Хан.

1] Шамамен 2012 н/е 2013-ші жылы Алматыда Пәкістан жақта оқып келген бір мәуланамен таныстым. Сол кезде Ол кісіден "Адамдар ескере бермейтін бірақ амал қылуымыз қажет болған бір мәселе үйретіңізші" деп сұрағанымда осы жоғарыдағы мәселені айтып берген еді. Аллаһ Тағала ілімінің пайдасын үзбесін.

Canal:
https://t.me/taammul
▪️Біраз уақыт бұрын тәсмияны әдейі тәрк еткен мұсылманның қолынан бауыздалған мал етінің адалдығы мен арамдығына қатысты шафи'илермен болған хиляфті Имам Кәмал әд-Дин Ибн әл-Һумамның (رحمه الله) "әт-Тахрир фи усул әл-фиқһ" кітабына жазылған шарх Бухарадан шыққан мәзһабымыздың фақиһтарының бірі Мухаққиқ Әмир Бәд Шахтың (رحمه الله) "Тәйсир әт-тахрир" атты еңбегінен қараған едім. Шафи'илердің көңіліне тимесін бірақ олардың қиясын фәсад әл-и'тибар екенін алдыға тартып талқандап тастайтыны бар енді).

Жалпы әт-Тахрир кітабы усул кітаптарының ішіндегі ең негізгілерінен. Оның себебі ішінде усул ғалымдарының қоулдарын ихтиляфтарымен бірге келтіруінде. Әрі бұл еңбек усул муқарана жолымен жазылғандықтан оған мәзһабымыздың фуқаһалары мен қатар шафи'илердің мутакаллимдері де жүгінген. Сонымен қатар Имам Ибн әл-Һумамның (رحمه الله) өз тарджихаттары бар. Оның хикметін Ибн 'Абидиннің (رحمه الله) "әд-Дурр әл-Мухтарға" жазған хашиясында Ибн әл-Һумамнан (رحمه الله) нақл қылған "Ма'қулда ешкімге тақлид қылмаймын" деген сөзінен аңғарамыз. Кімнің мүмкіндігі болса, оқып пайда алғаны жақсы. Былайша айтқанда ханафилерге диспут алаңына қару жарағын сайлап береді. Әрине, мақсатымыз диспут емес, ақиқатта көңіліміз орнымен орнығуы.

Canal:
https://t.me/taammul
мына кітапты қолға тигізу керек енді😍)
❕Егер бір әйелдің 'идда мерзімінде некелескені н/е куәгерлерсіз некелескені анықталса, онда қазыға жүгінбестен ақ ерінен ажыратылады. Яғни, ерлі-зайыпты саналғандардың арасында фәсәд әл-никяһ анықталған жағдайда.

📚әт-Тахқиқ әл-Бәһир.

Canal:
https://t.me/taammul
Шарасыз хәлде қалған адам жегенге тіпті өлексені де таба алмай тұр. Әрі аштан өлу қаупі бар. Осы кезде оған басқа біреу "Менің қолымды н/е менен бір түйір ет кесіп ал да, же" десе, (оны тыңдап) кесіп алып жеуі рұқсат емес. Оның олай бұйырғаны да жарамсыз. Тіпті шарасыз хәлдегі адамға бір түйір етті өз денесінен кесіп алуы да дұрыс емес.

📚Фәтауа Қадый Хан.

Canal:
https://t.me/taammul
Егер әйел жүкті хәлінде жан тапсырғаннан кейін біреудің түсіне еніп "Мен босандым" деп айтатын болса, онда әйелдің қабірі қайта қазылып алынбайды.

📚Фәтауа Қадый Хан.

Canal:
https://t.me/taammul
🖋️Нияз Әбу Румейса:

🔹Негізі мүміндердің аналарының әрбірінің үлгі тұтар қасиеттері бары рас. Бірақ Хадиджа (رضي الله عنها) анамыздың сипаттары, құрбаншылығы, батылдығы, Пайғамбарымызға ﷺ сүйеніш, жәрдемші бола алуы әркез жаңа қырларынан ашылып, таңқалдыра береді. Бұл дін қиыншылықтары келген уақытта, иманның қорғаны оқшаулану болған тұста, сырттағы бұзғыншылықты шаңырағыңнан да тапқың келмеген уақытта, аманат үшін қандай да бір құрбаншылықтарға баруың керек болған сәттерде т.с.с әрқандай ахуалдарда жарыңның Хадиджа (رضي الله عنها) анамыздың Пайғамбарымыздың ﷺ жанына демеу бола алғаны сияқты жаныңнан табылып жатқанында, Аса қамқор, Ерекше мейірімді Аллаһу Тағала Сүйікті Пайғамбарына ﷺ салихалы жұбаймен жабырқатпай жәрдем беруіндегі сырын ұғынғандай боласың..

🔸Жалпы Адам (عليه السلام) атамыз тыныштық мекені болған жан рахаты жәннатта жүрген уақытында сол жәннаттағы күллі нығметті сезіндіре алатын, сол сезінгенді бөлісе алатын, былайша айтқанда соның барлығын сезінуге жетелейтін серігі қажет деп Раббымыз ﷻ Хауа (عليها السلام) анамызды жұп қылып жаратып бермеді ме? Енді ойлаймын небір бүлік жасалып, ар мен қан ақысыз төгіліп, әлсіздер зәбір шегіп, надандар жәбір қылып жатқан жердің ең ластанған қоғамында онсызда жанын қоярға жер таппай жүрген Пайғамбарымызға ﷺ кенеттен келген Хақтың дағуаты себепті Сүйікті Пайғамбарымыздан ﷺ адамдардың барлығы сырт айналғанда, Аллаһтың ﷻ ешбір жаратылысы, тіпті қуатты деген таулардың өзі көтеруден бас тартқан Құранды жүрегіне ұялатқанда, сырттай ғана емес, ішкі жан дүниесінде де жалғызсырап жабырқағанында табиғаты әлсіз жаратылыс болса да жанына жұбаныш бола алған, Аллаһ елшісіне ﷺ деген танымы мен сенімі жеңіп, батыл шешім шығарып, иманын бөлісіп, дін үкіміне берік, дағуатына серік бола алған мүміндердің анасы Хадиджа (رضي الله عنها) әйел затының қадірін арттырып, сыйын сүйсіндіріп кеткендей.

📌Енді әрбір әйел заты ерінің ғана емес, Егесінің ﷻ алдында да қадірлі болғысы келсе, онда Хадиджа (رضي الله عنها) анамыздың өмірінен сабақ алсын. Хадиджа (رضي الله عنها) анамыздың Пайғамбарымызға ﷺ алғаш уахи келген уақытта Оны тыныштандыра алуы, Пайғамбарлығын растау көрінісі, Оған иман келтіріп көрсеткен қолдауының қадірі Раббымыздың ﷻ алдында сондай дәрежеде болды, тіпті Пайғамбарымызға ﷺ Жәбірейл (عليه السلام) келіп, "Уа, Мухаммад! Хадиджаға Аллаһтан ﷻ сәлем жолда!" деді. Сонда Хадиджа (رضي الله عنها) анамыз "Аллаһ әс-Салям және Сәлем Аллаһтан, әрі Жәбірейлге де сәлем болсын!" деп жауап қатқан еді. Міне аспан мен жердегі мәртебесі қандай жоғары болғанының бір көрінісі. Сондықтан да ғалымдарымыз "Кім Аллаһу Тағаланы тапса ол барлығын тапты, ал кім Аллаһу Тағаланы жоғалтса, онда ол барлығын жоғалтты" деп айтады.

❗Ерлер қауымы да өздеріне іздеген жарының бойында аналарымыздың сипаттары болуына аса мән берулері керек.

‼️Әкелер де түсінуі керек нәрсе Аллаһ Тағала Хауа (عليها السلام) анамызды қалай жаратқан болса, тура солай қыз баласын жұбы үшін жаратты. Ол оның табиғатына тән сезім, махаббат. Ол сезім еріне басым болады. Бірақ ол ата-анасына деген құрметтің аздығын көрсетпейді. Бағып қағып, мәпелеп өсірген қызыңыздың өзіңізден де артық жақсы көріп кететін болашақ жарының сіздің алдыңызда да құрмет пен сыйға ие болуын қаласаңыз, онда қызыңыздың жүрегіне ізгілікке деген махаббаттың дәнін егіңіз, оның жемісі өз жүрегін ізгі амалдың иесіне ұсынуы болады. Ал енді хаққа қарсы тәкаппарлық қылмаған адамның қайсы бірінде ізгілікке ұмтылған жанға деген сый мен құрмет болмақ емес? Тауфиқ тек қана Аллаһтан ﷻ.

Canal:
https://t.me/taammul
✅Мәһр төрт нәрсемен толығады. Яғни толыққанды берілуі міндеттеледі. Олар:
➖ төсек қатынасы,
➖ оңаша¹'² қалу³,
➖ әйелге алдыңғы күйеуінен 'идда мерзімін күтуі міндеттелуімен⁴,
➖ ерлі-зайыптылардың бірінің дүниеден озуымен⁵.
____

1] Яғни, ерлі-зайыптылардың бір жерде оларға төсек қатынасына түсуге кедергі келтіретін ештеңенің болмаған күйінде оңаша қалулары. Ол кедергілер хисси, шар'и және таб'и болуы мүмкін. Мысалы;
➖ Хисси себеп: Төсек қатынасына түсетіндей жасқа жетпеген кішкентай болуы н/е екеуінің бірінің бойында төсек қатынасына түссе зияны туындайтын ауруы болуы. Және 'афал/импотенция (пәктігі бұзылмаған қызда импотенция болмайды) сынды дүниелер де хисси себеп болып саналады,
➖ Шар'и себеп: Уақытылы өтеліп жатқан Рамазан айының оразасы (Қаза ретінде өтеліп жатқан Рамазан айының оразасы, нәзір оразасы, кәффарат оразасы және нәпіл оразалар себеп ретінде қарастырылмайды),
➖ Таб'и себеп: Хайыз және нифас қанының молынан келіп жатқан кезі (қаны жоқ кезі себеп ретінде қарастырылмайды), жандарында үшінші бір адамның болуы (егер ол адам есінен танып жатқан, ақыл есі ауысқан, есеймеген бала н/е екеуінің бірінің күңі болмаған болса) және қабаған иттің болуы (жуас ит себеп ретінде қарастырылмайды).

2] (Жоғарыда айтылған сипаттағы) оңаша қалу тек неке сахихта ғана мәһр мен 'идданы міндетті қылады. Яғни, неке сахих болып оңаша қалу фасид (яғни, жоғарыдағы сипаттар сақталмаған) болған кезінде мәһр мен 'идданы міндеттемегені сияқты неке фасидте де олар міндеттелмейді. Жалпы неке фасидте мәһрдің міндетті болуы оңаша қалу н/е екеуінің бірінің дүниеден озуымен емес, тек төсек қатынасының орын алуымен ғана міндетті болады.

3] Бірақ, егер (жігіт) әйелінің талағын онымен оңаша қалуға байлаған болса, онда тек мәһрдің жартысы ғана міндетті болады. Өйткені талақ оңаша қалумен іле шала жүзеге асады. Яғни, төсек қатынасына түсуге үлгеретіндей болмайды. Сондықтан да бұл хәлдегі оңаша қалуы төсек қатынасының орнына жүрмейді. Ал енді осындай суретте 'идда міндетті болады ма дегенге қатысты Хуласат әл-фәтауада "міндетті емес" деп келсе, Тәнуир әл-әбсар ма'а әд-Дурр әл-мухтар кітабында "ихтиятан міндеттеледі" деп келеді.

4] әл-Фәтауа әл-Бәззазияда бұндай жағдай орын алатын он шақты сурет келтірілген. Соның бірі "Бір әйелмен неке сахихпен некелеседі. Араларында төсек қатынасы (н/е оңаша қалу) орын алғаннан кейін талақ береді. Сосын ол әйел 'идда мерзімінде қайта некелеседі. Бірақ төсек қатынасы (н/е оңаша қалу) орын алмастан қайтадан талақ алады. Осы кезде күйеуіне (онымен төсек қатынасына түспесе де (н/е оңаша қалмаса да)) мәһрді кәміл түрде беруі міндетті болады. Бұл Имам Ағзам мен Имам Әбу Юсуфтың (رحمهما الله) көзқарасы бойынша. Жалпы барлық суреттің асылы "Бірінші некедегі төсек қатынасының (н/е оңаша қалудың) орын алуы екінші некеде де төсек қатынасының (н/е оңаша қалудың) орын алуы болып қарастырылады. Сол себепті мәһрдің толық берілуі міндеттеледі.

5] Ерлі-зайыптылардың бірінің дүниеден өтуі мәһрдің толық берілуін міндеттейді. Бұл егер неке сахих болған болса. Жоғарыда айтқанымыздай неке фасидте мәһр тек төсек қатынасының орын алуымен ғана міндеттеледі.

Canal:
https://t.me/taammul
✅Әкесіне баласын¹ ұруға болатын себептер;
➖ намаз оқуды тәрк етсе,
➖ Құран Кәрімді үйренуі үшін,
➖ ілім үйренуі үшін,
➖ әдеп-ахлақ қалыптастыру үшін
Өйткені ата-анаға балаларына қатысты бұл нәрселер парыз болып табылады.

❕Егер баласын² ұр деп басқаға бұйырса, онда бұйырылушыға оның баласын ұруы рұқсат емес. Ұстазы ұратын болса, иелік еткені себепті рүқсат. Себебі әкесі баласының игілігі үшін оны ұстазына табыстайды. Ал жаңағы өзге бұйырылушыға рұқсат болмау себебі оның әрекеті баланың емес, әкесінің игілігі үшін болғандықтан.
____

1] Баласын ұруға ақылы болған нәрседе (қарамағындағы) жетімді де ұруына болады. Оған қатысты келген хабарлар бар.
2] Егер құлын ұр деп бұйырса, ұруға болады. Бірақ азат адамды ұру рұқсат емес.

📚Ғамз 'уюн әл-Басаир.

Canal:
https://t.me/taammul