𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
958 subscribers
1.02K photos
110 videos
212 files
2.26K links
السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!

📝бот: https://t.me/taammul_bot

‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/tabahhurr

Анонимді сауал жолдау сілтемесі:
🔗t.me/anonaskbot?start=istiftaa
Download Telegram
✅ Көп қойылып жатқан сауал: Құрбан шалуы уәжіп болмаған адам қой сатып алса, онда оған сол қойды құрбандыққа шалуы уәжіп болып қалады ма? Және оның барлық етін таратуы керек пе? Өзіне жеуіне болмайды деп жатыр ғой.


📌 Шәмс әл-Әиммә әл-Халуани: "Мәзһаб имамдарымыздың заһир риуаятында ондай жағдайда құрбан шалу уәжіп болмайды" дейді. Сондай-ақ Шәмс әл-Әиммә әс-Сарахи да өз шархында осы көзқарасқа ишара етеді.

Ал Шейх әл-Ислам Жауаһир Задаһ Китаб әл-Удхияның шархында: "Мәзһаб имамдарымыздың заһир риуаятында ондай жағдайда құрбан шалу уәжіп болады" деп жеткізеді.

Фәтуа сол уәжіп болады деген көз қараспен берілді. Яғни сатып алуымен өзіне нәзір қылып алған іспетті болды деген мағынада. Бірақ имамдарымыз бірауыздан келіскен мәселе "Егер бір адам "Аллаһ үшін мына қойды құрбан шаламын" деп тілімен айтпастан тек жүрегінде сол қойды құрбандыққа шаламын депниет етсе, онда оған ол қойды құрбандыққа шалуы уәжіп болмайды" деген хәл.

Нәзір іспетті міндетті болды деген сөз нәзірдің етінің үкімін де алады деген сөз емес. Яғни, тілімен айтып нәзір етпегені себепті сатып алуымен құрбандыққа шалуы міндетті болған қой етінен өзінің жеуі адал. Себебі ол әдеттегі нәзір құрбандығы емес.

Оған келген міндеттілік нәзір себепті емес, құрбандыққа деп сатып алу әрекеті арқылы жүзеге асты. Сондықтан бұл жерде айырмашылық бар. Аллаһу Тағала жақсырақ білуші. Баршаңыздың құрбандықтарыңызды қабыл етіп, күнәларыңыздан тазартсын!

Canal:
https://t.me/taammul
Егер тілімен айтып нәзір қылса, иә, онда әңгіме сол сіз естіген сияқты құрбандығының етінен өзіне жеуіне болмайтындығы Имам Мухаммадтан (رحمه الله) жеткен.

Мысалы байлығы себепті құрбан шалуы міндетті болған адам өз құрбандығының етінен жесе болады ғой. Тура солай кедейге де болады.

Егер бай адам нәзір қылса, онда оған екі құрбандық уәжіп. Бірі байлығы себепті, ал екіншісі нәзірі себепті. Ал кедей адам нәзір қылса, онда бір қой ғана. Ал енді Құрбан айт күндері байып кетіп жатса, байлығы себепті екінші құрбандық міндетті болады.


Сауалдағы мәселеде кедей адамның құрбандыққа деген ниетімен сатып алған малы жоғалып кетсе, онда оған оның орнына басқа малды құрбандыққа шалуы міндетті емес. Егер сатып алуындағы міндеттілік нақ нәзір мәселесіндегі міндеттіліктей болғанда еді онда оған басқа малды құрбандыққа шалмайынша нәзірі мойнынан түспеген болар еді. Аллаһу Тағала жақсырақ білуші.
🔹قُلۡ إِنَّ صَلَاتِی وَنُسُكِی وَمَحۡیَایَ وَمَمَاتِی لِلَّهِ رَبِّ ٱلۡعَـٰلَمِینَ.


🔸"Менің намазым да, өзге құлшылықтарым да, тіршілігім де, өлімім де әлемдердің Раббысы Аллаһқа арналады" де.


🖋️ Әр жылы Құрбан айт мерекесі келуімен осы аятты жиі естиміз. Осы аяттың төңірегінде бір ойыммен бөлісейін. Өміріңе өзгеріс келуіне себеп болуын Раббымыздан ﷻ үміт етемін.

- Өз өмірім, өзім білемін;
- Өз қатыным, өзім білемін;
- Өз балам, өзім білемін;
- Өз денсаулығым, өзім білемін;
- Өз көлігім, өзім білемін;
- Қызтекелер болса анау "өз артым, өзім білемін" деп жүр. Айта берсек соңы жоқ өзі білгіштердің арасында "өз басым, өзім білемін" деп орамалға орана алмай, "өз иегім, өзім білемін" деп сақал қоя алмай сүріп жатқан өмір ағысы.

🔹Иә, дұрыс-ақ! Өзінікі болғасын өзі біледі ғой енді. Бірақ бұл нәрсе бір тарапта сен, екінші тарапта өзге тұлға тұрған уақытта. Ал енді, қашан бір тарапта сен, екінші тарапта Раббыңның ﷻ әмірі тұратын болса, онда өзің білмекке салынуға ақың жоқ. Раббың ﷻ жақсырақ білуші. Қалай дұрыс болса, солай іс қылуды бұйырды. Сенің білуің керек болғаны-әр нәрсемен болған мәмілеңде Раббыңа ﷻ бойұсынушылық жасауың. Сен және сендегі нәрсенің барлығы-Раббыңның ﷻ мүлкі. Күллі нәрсе Оның ﷻ иелігінде. Тіпті қажетіңді өтейтін кезде де "өз қажетімді қалай өтесем де өзім білемін" деп өктемсіме. Себебі Аллаһ елшісі ﷺ әжетханадағы қажеттің қалай өтелуі керектігін де көркем бейнеде көрсетіп кетті. Денсаулық сенікі, бірақ ол-аманат. Қатын, бала-шаға, мал-мүлік сенікі бірақ олар да аманат. "Олармен не істесең де өз қалауыңда" деп жайыңа қалдырылмадың. Олармен болған мәмілеңде Раббыңның ﷻ бекіткен шариғаты бар. Және солардың ақысында сол құқықтарды сақтау-сақтамауыңнан сұраласың.

🔸Сен мүліксің. Сен құлсың. Ұлы Раббың ﷻ сенімен не қыламын десе де ақылы. Және не қылмаса да саған зұлымдық қылған болмайды. Бірақ соған қарамастан Өте үстем болған Раббың ﷻ саған сондай көркем мәміле жасайды. Ал сен Раббыңның ﷻ саған бағындырған құлдары мен мал-мүлкіне қатысты сондай тәкаппарлықпен зұлымдық жасайсың. Олардың ақысына қол сұғып, құқығын таптайсың. Аллаһ Ұлық. Баршамызды рақымына бөлесін. Көкірек көздерімізді ашсын.

🔹Жоғарыдағы аятты Құрбан айт мерекесі кезінде ғана емес, өміріңіздің әр сәтінде ескеріп, "Өмірімді Раббымның ﷻ жолында Оның ﷻ бойұсынушылығына арнауға толық ақылымын. Өзім де, өзімдегі де барлығы Раббым ﷻ үшін. Сондықтан Раббыма ﷻ тиесілі болған өз өмірімді өзім білемін" деп айтқаның орынды болмақ. Қурайдың өзін Құдайсыз сынбайды деп Раббысының ﷻ ұлықтылығын тани алған ұлы адамдардың ұрпағынан бола тұра, менмендіктің шырмауында осынша адасушылыққа бет бұруың өте қате іс екенін уақытында ұғына біл!
#НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul
السلام عليكم ورحمة الله وبركاته!
Аллаһу Тағала ұлы қылған Құрбан айт мерекесі құтты болсын!
Зұлымның үстінен әділдік орнайтын күн - жапа шегушінің зұлымдықты көрген күнінен де ауыр..
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
шәкірттерің осыдан кейін түсінбесе точно әтәт қылу жәйз болады)
✅Қоғамды дінмен тәрбиелеу қараңғылыққа алып барады деп жүргендер, сондай тәрбиемен көнерген қоғам иелерінің мына түсінігіне не айта алады екен?

▫️أول بدعة ظهرت قول الناس الطريق الطريق.


▪️Алғаш шыққан бидғат - адамдардың: "Жол! Жол!" деп айтуы еді (Мирқат әл-Мәфәтих).


Яғни, адамдардың тәрбиесі сондай деңгейде болған еді. Ешкімде жол сұрауға мәжбүрлік болмаған. Себебі әрбірі өз тарапынан өзгеге зиян келтірмеуге талпынған. Уақыт өте адамдар діннен жырақтап, тәрбиелері бұзылып, әдептен жұрдай болған кездерінде солай жол сұрауға қажеттілік туындады. Аллаһу Тағаланың дініне толығымен қайтпайынша әркімнің аңсаған бейбітшілігі өз деңгейінде орнамайды.
#НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul