Қонды ма екен бағыма бақ белгісіз,
Бірақ оның қонғанына жалғыз белгі - Сіз! #НиязӘбуРумейса
Canal: https://t.me/taammul
▪️ Бір адам құрбандыққа шалынатын малды сатып алып, басқа біреуге оны союды тапсырды. Ал сойған адам әдейі "БисмиЛләһ" айтпай сойды. Мұндай жағдайда малды сойған адам тапсырыс берушіге (малдың иесіне) сол қойдың құнын өтеуі тиіс. Сосын тапсырыс беруші (иесі) ол ақшасына басқа қой сатып алып, оны құрбандыққа шалады және оның етін садақа етеді, бірақ өзі одан жемейді.
📚Маджма' әд-доманат.
Canal: https://t.me/taammul
📚Маджма' әд-доманат.
Canal: https://t.me/taammul
✅ Қазір дүниенің сәндігі көздің жауын алып, майын тамызған таңдамыз. Қайбір ортаға бас сұғып, құлақ түрмесеңіз де елдің қолындағы мал мүліктің жыры. Осы нәрсенің қынжылтатыны бар еді.. Қазір ғана сүйікті тәпсір кітабым مفاتيح الغيب -тан осыған қатысты дөп басып айтылған Имам ар-Разидің (رحمه الله) сөздеріне куә бола сала үзіндісімен бөліскенді жөн көрдім. Мінекей:
Тақуалар залымдардың ғимараттары мен пасықтардың киіміне, көлігіне қызыға қараудан өздерін қатаң тыйды. Өйткені олар бұл нәрселерді басқалар қызығып қарауы үшін істейді. Ал енді кімде-кім сол нәрселерге көзін салса, онда солардың мақсатына қол жеткізуіне ортақтасқан және солардың ары қарай да сол істерін жалғастыруына себепкер болған іспетті саналады (сөз соңы).. СубханаЛлаһ! Қоғам болып пасықтық пен азғындық иелерін шеттете алмағандықтан көз алдымызда олардың саны артып, зияны ұлғайып жатыр. Олардың иелігіндегі заттың өзіне емес, соны иелік етудегі табыс жолына зер салып, сол тараптан қарай алғанымызда қаншама кесірдің алдын алмақ екенбіз. Сол себепті ұстамды болайық! "Жаман жолға жетелейтін көз - өртке ұқсайды" демекші, аңғарып, не аңғармай болсын қоғамға зиянкес қауымның жәрдемшісі болып қалудан сақтанайық, құрметтілерім! #НиязӘбуРумейса

▫️Адамдардың сөзінен: "Кім Аллаһ Тағаланың ісінде болса, Аллаһ Тағала оның ісінде болады".
📚مفاتيح الغيب.
Canal: https://t.me/taammul
💠وَلَا تَمُدَّنَّ عَيْنَيْكَ إِلَىٰ مَا مَتَّعْنَا بِهِۦٓ أَزْوَٰجًۭا مِّنْهُمْ زَهْرَةَ ٱلْحَيَوٰةِ ٱلدُّنْيَا لِنَفْتِنَهُمْ فِيهِ ۚ وَرِزْقُ رَبِّكَ خَيْرٌۭ وَأَبْقَىٰ
💠Ол кәпірлердің бір бөлігіне оларды сынау үшін берген дүниедегі тіршіліктің жылтыраған сән-салтанатына қызығып көзіңді сүзбе! Раббыңның (өзіңе нәсіп еткен) нығметі мен ақиретте беретін ризық-несібесі әлдеқайда қайырлы һәм баянды (мәңгілік) болмақ ("Таһа", 131).
Аяттағы оларға дүниенің сынақ үшін берілгендігінің бірнеше түсіндірмесін келтірген Имам ар-Рази (رحمه الله):
✅ Ал үшінші түсіндірмеде Кәлби мен Муқатил былай деген: "Бұл - олардың жауапкершілігін (міндетін) күшейту үшін". Себебі дүниенің өзінде бола тұрып, одан бет бұрып, Аллаһ Тағалаға бет түзеу - дүниеден мүлде мақрұм болған кездегі бет бұрудан әлдеқайда қиын. Сондықтан да кедейлердің Аллаһ Тағалаға қызмет етіп, Оған жалбарынып, мұқтаждықпен мойынсұнуы байларға қарағанда көбірек болады. Сондай-ақ кімге дүние берілсе, соған байланысты көптеген міндеттер мен сынақтар жүктеледі; егер ол дүниеге ие болмағанда, ол міндеттер де оның мойнына жүктелмес еді. Өйткені күнә жасауға күші жететін адам үшін, олардан тыйылу - әлсіз, кедей адамға қарағанда әлдеқайда ауыр. Міне, осы тұрғыдан алғанда, дүниенің көп болуы - міндет пен жауапкершіліктің күшеюі болып саналады.
📚مفاتيح الغيب.
Canal: https://t.me/taammul
➖'Иса бну Мәрьям (عليه السلام):
Дүниені Құдай етіп алмаңдар, әйтпесе ол сендерді өзіне құл етіп алады.
📚مفاتيح الغيب.
Canal: https://t.me/taammul
➖ Әбу әд-Дәрда (رضي الله عنه):
Дүние - үйі жоқтың баспанасы, малы жоқтың мүлкі. Ал онда (дүниеде мал-мүлікті) жинайтындар ақылы болмағандар.
📚مفاتيح الغيب.
Canal: https://t.me/taammul
➖Хасан әл-Басри (رحمه الله):
Адамдардың ақымақтығы болмағанда, дүние сөзсіз қирар еді.
📚مفاتيح الغيب.
Canal: https://t.me/taammul
✅ Мешітте қайыр сұраушыларға садақа беруге болады ма? - деген сауалға Имам Бәдр әд-Дин әл-'Айни (رحمه الله):
Оның сөзі¹: "Мешітте сұраушыға (яғни садақа сұрағанға) беру харам делінген" - бұл Әбу Мути' әл-Бәлхидің пікірі. Ол әл-Хасан әл-Басриден келген мына риуаятқа сүйенеді: "Қиямет күні бір жаршы: “Аллаһқа ең жеккөрінішті болғандар тұрсын!” - деп айқай салады. Сонда мешіттерде садақа сұрағандар тұрады". Ал таңдаулы (дұрысырақ) пікір бойынша: егер сұраушы адамдардың үстінен (мойнынан аттап) өтпесе, намаз оқып тұрған адамның алдынан өтпесе, және қатты қыстап, мазаламай сұраса, онда оған садақа беруге болады. Себебі, Пайғамбарымыз ﷺ дәуірінде де мешітте садақа сұраушылар болған. Оның сөзі²: "Егер сұраушы осы үш істің бірін жасаса", яғни - адамдардың мойнын басып өтсе,
не намаз оқушының алдынан өтсе,
не кісілерді қыстап, мазаласа - онда оған беру харам. Өйткені бұл - адамдарға зиян келтіруге жәрдем беру болып саналады. Осы себепті Халяф ибн Аюб былай деген: "Егер мен қазы болсам, ондай адамға садақа бергеннің куәлігін қабыл етпес едім". Ал Исма'ил әл-Мустамли былай деген: "Бұл — бір-ақ тиын, бірақ оны беру үшін жетпіс тиын көлемінде кәффарат (өтем) қажет болады".
📚Тухфат әс-Сулук.
Canal: https://t.me/taammul
1, 2] Автор "Оның сөзі" деп Имам Зейн әд-Дин ар-Разидің (رحمه الله) "Тухфат әл-Мулук" кітабында айтқанын шархтап жатыр.