𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
959 subscribers
1.02K photos
110 videos
212 files
2.26K links
السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!

📝бот: https://t.me/taammul_bot

‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/tabahhurr

Анонимді сауал жолдау сілтемесі:
🔗t.me/anonaskbot?start=istiftaa
Download Telegram
💠اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِأُمَّةِ مُحَمَّدٍ مَغْفِرَةً عَامَّةً


Аллаһ Тағалаға құлдың: “Уа, Аллаһ Тағала! Мұхаммед ﷺ үмметін жалпы кешіріммен кешіре гөр!” - деп дұға етуінен сүйікті дұға жоқ.

📚 Радд әл-Мухтар.

Canal:
https://t.me/taammul
✅ "Топырақ пен балшықты жеу - арам" деген сөзі: өйткені ол туралы (жеуге) тыйым салынған риуаят бар, әрі ол сарғаюға және зәр қуығының ауруына себеп болады. Әрі "Топырақ жемейтін Перғауын болған емес (барлық Перғауын топырақ жеген)" деп те айтылған. Сосын "Ол (топырақ жеу) барлық жағдайда арам" деген пікір бар. Тағы бір пікірде "Армян балшығы мен Нисабур балшығынан басқасы арам", өйткені олар ем үшін желінеді және оларға табиғат бейім тұрады делінген. Бірақ мұнда қарау керек жайт бар. Егер оның желінуінің себебі емделу болса, онда қажеттілік кезде барлық топырақ түрін жеуге рұқсат болуы керек. Ал егер табиғи құмарлық оған бейім тұруы себеп делінсе, табиғаттың ішінде бәрін өзіне тартатын түрлері де болады.

📚Минхат әс-Сулук.

Canal:
https://t.me/taammul
❕Кейде адамдар белгілі бір адамның біліктілігіне (өз мамандығының маманы ретінде) бола жұмыс тапсырады. Сол кезде сол жұмысты өзі тындырамын деп алып басқа біреуге істетіп жіберуі дұрыс емес. Қазіргі таңда солай лицо қалыптастырып алғаннан кейін көптеген тапсырыс жинау жеңіл болып қалды. Егер өзінің уақыты жетпесе, онда басқа мамандарға істетіп бірақ жұмыс барысын өзі қадағалап отыратындығын айтып келісім қылса болады. Нәпақа табу емес, оның адалдығын, шариғатқа сай болуын қадағалау негізгі міндетіміз. Себебі жұмысты Раббымызды ﷻ разы қылудағы құрал ретінде пайдаланамыз. Жұмыстың өзі мұсылманның асыл мақсаты емес.


✅ Егер шеберге (ұстаға) жұмысты өзі орындау шарты қойылса, онда оған басқа біреуді жұмысқа тартуына болмайды. Өйткені келісімшарт жасалған нәрсе - белгілі бір орында орындалуы тиіс жұмыс, сондықтан дәл сол (адамның) өзі орындауға тиіс, белгілі бір орынға байланысты мүліктің (пайдасының) дәл өзіне міндеттелетіні сияқты. Ал егер оған жұмысты орындау жәй ғана тапсырылса (яғни "өзі орындау" деп шарт қойылмаса), онда ол оны орындау үшін басқа адамды жалдай алады. Өйткені мұнда міндеттелген нәрсе - оның мойнындағы (міндетіндегі) жұмыс, оны өзі орындауымен де, басқа біреудің көмегі арқылы орындауымен де өтей алады. Бұл - қарызды өтеген секілді (қалай өтесе де, міндеттен құтылады).

📚әл-Һидая.

Canal:
https://t.me/taammul
❔Егер: "Аллаһ Тағаланың Өзіне бала иеленуі мүмкін емес нәрсе. Ондай болса, Аллаһ Тағала неге (مَا لَهُمْ بِهِ مِنْ عِلْمٍ) - “Ол туралы олардың ешбір ілімі жоқ” - деді? "Пәленшенің пәлен нәрсе туралы білімі жоқ" деу сол нәрсені басқа біреу біле алатын н/е ол нәрсені білу мүмкін болатын жағдайда дұрыс келеді. Мысалы: "Зәйдтәң араб тілінен білімі жоқ", "есеп туралы білімі жоқ", "өлең туралы білімі жоқ" деу секілді" делінсе


❕Біз айтамыз: "Олар оның жайында ешбір білімге ие емес" дегеннің мағынасы - ол нәрсе білімге жатпайды. Өйткені табиғатының өзі мүмкін емес нәрсе. Себебі бір нәрсе туралы білімнің болмауы кейде оған апаратын жолды білмеуден, ал кейде сол нәрсенің өз мәнінде мүмкін емес, орынсыз болуынан болады. Біз айтып отырған жағдай - осы екінші түрге жатады.

📚Әнмузәдж жәлил фи әсиләтин уә әджуибәтин мин ғарāиб әәий әт-Тәнзил.

Canal: https://t.me/taammul
❔Егер: "Аллаһ Тағала неге (فَابْعَثُوا أَحَدَكُمْ) - “Араларыңда біреулеріңді жіберіңдер” - деді. Неге “واحدكم - біріншілеріңді деген жоқ?" делінсе:


❕Біз айтамыз: Өйткені бұл жерде мақсат - олардың арасынан кім болса да, бір адамды жіберу. Егер "واحدكم" деп айтқан болса, онда олардың басшысы н/е жетекшісін жіберуді білдірген болар еді. Арабтар: "رأيت أحد القوم" / "Қауымның біреуін көрдім" дейді. Мұндағы мағына топ ішіндегі кез келген біреу. Ал "رأيت واحد القوم" / "қауымның біреуін көрдім" деп айтпайды. Мұны олар тек аса құрметті, беделді адамға қатысты қолданады.

📚Әнмузәдж жәлил фи әсиләтин уә әджуибәтин мин ғарāиб әәий әт-Тәнзил.

Canal:
https://t.me/taammul
❔Егер: Аллаһ Тағала "(لَا مُبَدِّلَ لِكَلِمَاتِهِ) / Оның сөздерін ешкім өзгерте алмайды" деп айтты. Ал басқа бір жерде: "(وَإِذَا بَدَّلْنَا آيَةً مَكَانَ آيَةٍ) / Бір аяттың орнына басқа аятты ауыстырған кезімізде" деді.
Аятты аятпен ауыстыру сөздерді де ауыстыруды қажет етеді. Мұның арасын қалай үйлестіруге болады? - делінсе,

❕Жауап береміз: бірінші аяттағы "ешкім өзгерте алмайды" дегеннің мағынасы ешбір адам баласы Құранды өзгерте алмайды. Бұл олардың Пайғамбарымызға ﷺ: "Мына Құраннан басқа бір Құран әкел н/е оны өзгертіп бер" деген сөздеріне жауап.

Екінші мағына: Аллаһ Тағаланың уәделерінде ешбір қайшылық жоқ және Оның үкімдерін ешкім өзгерте алмайды. Ал "аятты аятпен алмастыру" деген Аллаһ Тағаланың тарапынан болатын насх, яғни белгілі үкімнің күшін жою және оны басқа үкіммен ауыстыру. Сондықтан бұл екі аяттың арасында ешқандай қайшылық жоқ.

📚Әнмузәдж жәлил фи әсиләтин уә әджуибәтин мин ғарāиб әәий әт-Тәнзил.

Canal:
https://t.me/taammul
❔Егер: Аллаһ Тағаланың "(فَمَنْ شَاءَ فَلْيُؤْمِنْ وَمَنْ شَاءَ فَلْيَكْفُرْ) / Кім қаласа иман етсін, кім қаласа кәпір болсын" деген сөзі күпірлікке рұқсат пен еркіндік беріп тұрған жоқ па? – делінсе,

❕Жауап береміз:
1. Ибн Аббас (رضي الله عنهما): Мұндағы мағына кімді Раббыларың қаласа, сол иман етеді. Ал кім туралы Раббыларың қаласа, сол күпір етеді. Яғни иман да, күпірлік те Аллаһ Тағаланың қалауымен ғана болады.

2. Бұл аят ескерту және қорқыту. Яғни "қалағаныңды істе, бірақ оның салдары бар" деген мағынада.

3. Тағы бір мағынасы "сендердің имандарың Аллаһ Тағалаға пайда әкелмейді және күпірліктерің Оған зиян тигізбейді". Бұл Аллаһ Тағаланың абсолютті байлығын, мұқтажсыздығын көрсету, күпірлікке ерік беру емес.

📚Әнмузәдж жәлил фи әсиләтин уә әджуибәтин мин ғарāиб әәий әт-Тәнзил.

Canal:
https://t.me/taammul
✅ Имам Фахр әд-Дин ар-Рази (رحمه الله) Мұса пайғамбардың (عليه السلام) қауымы бұзауға табынып кетуіне қатысты "Бәлкім ол қауым муджассима (Аллаһ Тағаланы дене/джисм деп санайтындар) және хулулия (Аллаһ Тағаланың жаратылыстарға еніп келеді деп сенетіндер) болған шығар. Сондықтан олар Аллаһ Тағаланың кейбір денелерге енуін мүмкін деп санап, сол себепті осындай шубһәға (күмәнді түсінікке) түсіп қалды" дейді. СубханаЛлаһ! Аллаһу Тағала баршамызды бұзақы сенімнен панасына алсын!

Canal:
https://t.me/taammul
Ақылдымен сөйлессең асыл сөздің қаймағын айтады.
Ақылсызбен сөйлессең миға қонбайтын қай қайдағыны айтады.
➖Әз-Захирия кітабында зина арқылы туған қызды да (яғни, адамның зинадан туған қызын) махрамдар қатарына енгізді. Бұл - харам қатынастан туған бала арқылы да махрамдықтың бекитіндігінің дәлелі... Бірақ Шарх әл-Лубабта: әл-Һидая шархын жазушы Қиуам әд-Дин (رحمه الله) "Егер махрамдығы зинамен бекіген болса, онда кейбір ғұламалардың пікірінше әйел адам онымен бірге сапарға шықпайды" - деп айтқан. Қудури де осы пікірді ұстанған және біз де осыны аламыз. Бұл - діндегі ең сақ жол. Әрі айып пен күдіктен алысырақ болудың амалы... Сәид Әбу Су'уд (رحمه الله) Нафақат әл-Баззазиядан мына сөзді жеткізген: “Біздің заманымызда әйел адам сүт арқылы туысқан (яғни, сүт бауыры) ағасымен сапарға шықпайды” - сөз соңы.. Яғни, бұзақылықтың басым болуы себепті.

📚Радд әл-Мухтар.

Canal:
https://t.me/taammul