Сұрақ:
Бес жылдық некеден кейін кейбір себептермен ажырастық. Арамызда үш жастағы ұлымыз бар. Қазір күйеуім: "Бала кіммен қалғысы келсе, өзі таңдасын", — дейді. Мен бұдан қорқамын, өйткені бала әкесіне жақын, егер оны таңдаса, қараусыз қалуы мүмкін деп алаңдаймын. Еліміздің заңына сәйкес, мен оны өзімде қалдыруға құқылымын. Біздің мәзһабымызда бұл мәселенің үкімі қандай? Күйеуімнің ұсынысына бағынуым керек пе? Сондай-ақ жағдайымызға сай насихат айтсаңыздар.
Жауап:
Біздің мәзһабымызда балаға таңдау құқығы берілмейді. Себебі ол шын мәнінде өзіне не пайдалы екенін түсінбейді. Шариғатымыз баланың мүддесін ескеріп, қай кезеңде анасының қарауында болғаны дұрыс, ал қай кезде әкесінің тәрбиесіне өткен дұрыс екенін нақтылаған. Әкесінің қарауына өтетін жасқа жеткенге дейін ол сенің қасыңда болады. Осы уақыт ішінде оның нәпақасы әкесіне жүктеледі.
Яғни: ер бала өзі ішіп-жеп, әрі истинжасын (тазалығын) өзі орындай алатын деңгейге жеткенде, анасының қарауынан әкесінің тәрбиесіне өтеді. Кейбір ғалымдарымыз бұл жасты жеті жас деп белгілеген. Пәтуа да осыған берілген.
Насихатым: ажырасуларыңыз балаға кері әсер етпеуі керек. Баланы бір-біріңе деген ашу н/е ренішті білдіру құралы етулеріңізге болмайды. Әрқайсыларыңыз шариғи құқықтарды сақтауға тырысыңыздар және бала үшін орынсыз таласқа түспеңіздер. Шариғаттың хикметіне бойсұныңыздар. Мүмкіндік болса, қайтадан отбасы болып қосылуға тырысыңыздар. Ал егер бұл мүмкін болмаса, онда ажырасу ақылмен әрі абыроймен болсын. Себебі дұрыс түрде болған талақ та діннен. Әрқайсыңыз бір-біріңіздің айыбын жасырыңыздар және болашақта бір-біріңіздің бақытына кедергі болмаңыздар. Бұл насихат сіздерді танитындықтан н/е жаман ойлағандықтан емес, адамдар жиі жіберетін қателіктерден сақтандыру үшін айтылып отыр. Басқалар сияқты зиянға ұшырап қалмауларыңыз үшін. Аллаһ Тағала сіздерге Өз дінінде тұрақтылық нәсіп етсін!
☑️ Ұстаздарымыздың тарапынан пәтуаның дұрыстығы расталды. Жауап беруші #НиязӘбуРумейса

Дереккөздер:
● "Әйелдерге мұқтаж болмайтын болғанға дейін" — яғни өзі ішіп-жей алатын, өзі тазалана (истинжа) алатын деңгейге жеткенше. Истинжа дегеніміз — толық тазалану, яғни суды пайдаланып, ешкімнің көмегінсіз тазару. Тағы бір пікірде: жай ғана нәжістен тазару жеткілікті, тіпті толық дәрежеде тазалана алмаса да. Аз-Зәйлағи: яғни дәретпен қоса толық тазалық. 'Жеті жас деп белгіленді" — бұл алдыңғысымен шамалас, тіпті соның өзі. Өйткені осы жаста бала өзі истинжа жасай алады. Пайғамбар ﷺ: "Балаларыңа жеті жасында (намазды) бұйырыңдар" деген. Бұйыру тек тазалыққа қабілетті болғаннан кейін болады. Аз-Зәйлағи. "Пәтуа осыған беріледі". Тағы бір пікірде: тоғыз жас. "Өйткені бұл көбіне солай болады" — яғни көбіне тәуелсіздік осы жаста болады… "Бізде балаға таңдау жоқ" — яғни анадан алынатын жасқа жеткенде, оны әкесі алады. Кішкентай балаға таңдау берілмейді, себебі ақылы толық болмағандықтан, ол ойын бар жерді таңдайды. Сахабалардың да таңдау бермегені сахих түрде келген (Радд әл-Мухтар ‘аля әд-Дурр әл-Мухтар, 3/567, Дар әл-Фикр, Бейрут, 1412 һ.).
● "Бізде балаға таңдау жоқ, мейлі ұл болсын, қыз болсын". Имам Шафиғи: оларға таңдау беріледі деген, өйткені Пайғамбар ﷺ таңдауға рұқсат берген. Ал біз айтамыз: ақылы толық болмағандықтан, ол жайлылық пен еркіндік бар жерді таңдайды, өйткені оған ойнауға мүмкіндік беріледі. Сондықтан шынайы пайдасы ескерілмейді. Сахабалар таңдауға рұқсат бермегені сахих. Ал хадиске келсек, Пайғамбар ﷺ: "Уа, Аллаһ, оны тура жолға сал" деген, сондықтан ол дұрысын таңдауға бағытталған. Немесе бұл хадис балиғат жасына қатысты (әл-Бахр әр-Раиқ, 4/186, Дар әл-Китаб әл-Ислами).
● "Балаға кім лайық" тарауы. "Егер ерлі-зайыптылар ажырасса, анасы балаға көбірек лайық". Себебі бір әйел: "Уа, Аллаһтың Елшісі, бұл балам — менің құрсағым оған орын болды, құшағым панасы болды, емшегім азығы болды. Ал әкесі оны менен алмақшы", — деді. Сонда Пайғамбар ﷺ: "Сен оған көбірек лайықсың, тұрмысқа шықпағаныңша", — деді. Өйткені ана мейірімдірек әрі тәрбиелеуге қабілетті. Әбу Бәкір (رضي الله عنه): "Оның сілекейі оған сендегі бал мен қанттан да жақсы, Уа, Омар", — деген (ажырасу кезінде).
"Нәпақа әкеге жүктеледі". "Ана мәжбүрленбейді", өйткені кейде шамасы келмеуі мүмкін…
Егер ана тұрмысқа шықса, бұл құқығы түседі. Себебі өгей әке бөтен болса, балаға жаман қарауы мүмкін. "Бірақ егер күйеуі атасы болса", онда ол әке орнына жүреді. "Сондай-ақ махрам туыс болса", онда мейірім бар.
"Егер неке тоқтаса, құқығы қайта оралады".
"Ана мен әже ұл балаға лайық, ол өзі ішіп-жеп, киініп, тазалана алатынға дейін»". "Әл-Жами‘ әс-Сағирде": тәуелсіз болғанға дейін. Мағынасы бір — толық тәуелсіздік истинжамен анықталады. Себебі содан кейін еркектік тәрбиені үйрену керек, ал әке оған қабілетті. Әл-Хассаф жеті жас деп белгілеген.
"Қыз балаға анасы мен әжесі хайыз көргенге дейін лайық". Себебі кейін әйелдік тәрбиені үйрену керек. Кейін қорғау қажет болады, әке бұған қабілетті. Имам Мұхаммад: шәһуат жасына жеткенде әкесіне беріледі деген.
"Басқалар қыз балаға белгілі жасқа дейін ғана лайық".
"Ұлға да, қызға да таңдау жоқ" (әл-Һидая, 2/283, Дар Ихъя ат-Турас әл-‘Араби).
Canal: https://t.me/taammul

басқаның көзімен әлемді көре алу - оған аяушылықпен қарау емес, бәлки оны терең түсіну.
осындай тыңдау тәсілі қарым-қатынастардың сипатын түбегейлі өзгертеді..

ой орныққан кезде сезім де орнығады.
ой орнығуы жүрекке тыныштық, ақылға сабыр сыйлайды.
өмірдің қайта жаңғыруы осы болар кім білсін..
Canal: https://t.me/taammul
ой орнығуы жүрекке тыныштық, ақылға сабыр сыйлайды.
өмірдің қайта жаңғыруы осы болар кім білсін..
Canal: https://t.me/taammul
әркім өз деңгейінен жоғарыны көрмейді.. өзінде қанша бар болса, өзгеден де соншасын ғана байқап, сол шамада түсінеді..
Canal: https://t.me/taammul
Canal: https://t.me/taammul
➖ذو الأصل الشريف حتى في عدواته الشريف.
➖Текті адам, тіпті дұшпандық жасағанда да — текті.
Forwarded from Ahmad Abu Yahya
Каналы с актуальными уроками: обновляются по мере выхода новых уроков:
1. «Аш-Шифа би таʼриф хукук аль-Мустафа» («Исцеление через изучение прав Пророка Мухаммада, мир ему и благословение Всевышнего») имама Кади ʼИяда (ум. в 544 г. х.)
https://t.me/shifa_sharif_qadi_iyad
2. «Халяби Сагыр шарх Мунья аль-мусолли». Ханафитский фикх - продвинутый уровень.
https://t.me/halabi_saghir
3. «Аль-Мунира фи мава'из ва аль-'акаид» имам Ибн Камаль Паша (ум. в 940 г. х.) — книга по акыде с полезными наставлениями.
https://t.me/almunira_ibnkamalpasha
4. «Тасхиль ад-дарури ли масаиль аль-Кудури» шейха Мухаммада Ашика Иляхи (ум. в 1422 г. х.) — ханафитский фикх начального уровня, «Мухтасар аль-Кудури» в форме вопросов-ответов.
https://t.me/tashil_ad_daruri