➖Тағдыр.. Заңдылық.. Уақыт.. Кейде жәй ғана күту керек тұсымызда сабырлық таныта алмай, несібенің Раббысы ﷻ иелігіндегі күллі нәрсені өз тарапымызға жығуға тырысып, уақытты асықтырып, заңдылықты бұзып, тағдырға несібемізді өзіміз жазғымыз келетіні қызық.
Асты қолмен жеу - Ардақты Пайғамбарымыздың ﷺ сүннетінен. Айтпағымызға бұның қандай қатысы және оның қандай тәрбиесі бар деп те ойлап қалуыңыз мүмкін. Бірақ іс барысында ыссылығына қолыңыз шыдамаған асты ауызыңызға саласыз ба? Әлбетте, жоқ. Оның ыссылығын тамақпен емес, қолмен сезіну әлдеқайда қайырлы екені рас. Бірақ біздер қосымша себептер арқылы астың дәмін тезірек сезінгіміз келіп, қасыққа жүгінеміз. Нәтижесінде ауыз күйеді.
➖"Ауызы күйген үрлеп ішеді" дегеннің сабағын алғаннан кейін қайтадан қолына жүгінеді. Бірақ пенде ұмытшақ, әрі бір тараптан алған сабағын өмірінің басқа тараптарына қолданып біле бермейді. Нәтижесінде әр тараптан ауызы бірнеше мәрте қайталана күйеді. Солай, ең соңғы хәлінде ауызына толған топыраққа күйінумен жан қиналысына қауышады...
➖Сол себепті тағдырдың саған қатыссыз тұстары мен өмір заңдылығының саған қатысты тұстарында уақыттың өз арнасында жүзуіне шамалы сабыр қылуды үйрен. "Өй, ана бір тәрбиелі опық жепті ғой" дегенді естімедік. Құлдың ең сүйкімдісі - тәрбиелісі ғой. Ал Пайғамбарымыздың ﷺ сүннетінен тәрбие алғаны қандай болмақ?!.. #НиязӘбуРумейса
Canal: https://t.me/taammul

➖ қолыңмен қылынбаса да үндеуіңмен жақсылыққа себеп болуға тауфиқ нәсіп етіп және сол тауфиғымен жүзеге асқан амалға сауабын да беріп, күнәларға да кәффарат қылып, әрі Қияметте дәрежеңнің артуына да себеп қылатын Раббымыздың ﷻ құлдарына деген мейірім рақымы қандай еді 🤍..
Canal: https://t.me/taammul
Canal: https://t.me/taammul
➖'Айша (رضي الله عنها):
"Расында, Аллаһ елшісі ﷺ: “Аллаһтың бір құлын тозақтан азат етуі ең көп болатын күн - 'Арафа күні. Шын мәнінде, Ол ﷻ жақындайды да, кейін періштелердің алдында олармен мақтанып: "Мыналар не қалап тұр?"-дейді"- деп айтты".
📚Сахих Муслим 1348, Сунан Ибн Маджа 3014, Сунан ән-Насаи 3003.

☑️"Ең абзал күні әйеліме бір талақ" деп жалпылама айтылса, фақиһтардың бір көзқарасында талағы 'Арафа күні түседі делінген. Расымен де жылдың ең абзал күніне есендікте жетуге мүмкіндік берілуде. Қадірін ұғынып ғапылдықта өткізіп алмайық. Қажылықта жүрмесек ораза тұтайық. Және дұғада да сараңдық танытпайық. Себебі Пайғамбарымыз ﷺ "Ең жақсы дұға 'Арафа күніндегі дұға"-деген (Жами' әт-Тирмизи 3585).
➖Хазірет Әбу Қатада (رضي الله عنه): Аллаһ Елшісі ﷺ:
📚Жами' әт-Тирмизи 749.
Canal: https://t.me/taammul
➖Хазірет Әбу Қатада (رضي الله عنه): Аллаһ Елшісі ﷺ:
"'Арафа күнінің оразасы жайлы оның өзінен бұрынғы бір жыл мен өзінен кейінгі бір жылдың күнәларына кәффарат болуын Аллаһтан үміт етемін"-деді.
📚Жами' әт-Тирмизи 749.
Canal: https://t.me/taammul
𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢 pinned «🔹قُلۡ إِنَّ صَلَاتِی وَنُسُكِی وَمَحۡیَایَ وَمَمَاتِی لِلَّهِ رَبِّ ٱلۡعَـٰلَمِینَ. 🔸"Менің намазым да, өзге құлшылықтарым да, тіршілігім де, өлімім де әлемдердің Раббысы Аллаһқа арналады" де. 🖋️ Әр жылы Құрбан айт мерекесі келуімен осы аятты жиі естиміз.…»
𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
✅ Көп қойылып жатқан сауал: Құрбан шалуы уәжіп болмаған адам қой сатып алса, онда оған сол қойды құрбандыққа шалуы уәжіп болып қалады ма? Және оның барлық етін таратуы керек пе? Өзіне жеуіне болмайды деп жатыр ғой. 📌 Шәмс әл-Әиммә әл-Халуани: "Мәзһаб имамдарымыздың…
☑️ Егер бір адам құрбандық ниетімен (бірнеше) қойлар сатып алып, кейін олардың бірін сатып жіберсе, онда бай болсын, кедей болсын, уақыты (айт күндері) әлі бар болса соның орнына сондай бір қой союы міндет болады. Өйткені бір қойдан артығына қатысты бай мен кедейдің үкімі бірдей.
Ал егер кедей адам құрбандық ниетімен жеті қой сатып алып, кейін олардың бірін сатып жіберсе, онда оның орнына сондай бір қой сатып алып, уақыт (айт күндері) өткенше оны союы керек. Егер уақыт өтіп кетсе, олардың құнын садақа етеді. Дәл осы жерде де үкім сондай (әл-Мухит әл-Бурһани). Яғни, құрбан ниетімен бірден асырып қой алған бай мен бір ғана болсын қой алған кедейдің үкімде айырмашылығы жоқ. Ешкім айтпайды "Егер бай адам құрбан ниетімен бірнеше мал алса, онда оның біріншісінің ғана етін жесе болады. Ал қалған құрбандарының етін жеуге болмайды. Өйткені ниетіне бола нәзір іспетті міндетті болды"-деп. Және "кедей адам неше мал сатып алып құрбан шалса да, ешбір малының етін жеуіне болмайды. Себебі нәзір үкімінде кетті" деп те айтпайды. Жалпы иә, алған малын құрбандыққа шалуға міндеттілік бар. Бірақ ол нәзір үкімінде емес. Сол себепті шалған малының етінен (тіпті толықтай болса да) өзі жей алады.
➖ Тағы бір мысал ретінде "Сондай-ақ онда былай делінген: бір кедей адам құрбан айт күндерінде құрбандық үшін қой сатып алып, оны сойды. Кейін айт күндерінің өзінде байып кетсе, шейх фақиһ Әбу Мұхаммад әл-Жумайни: “Оған қайтадан құрбан шалу міндет болады”- деген. Ал кейінгі (мутәәххир) ғалымдардың басқалары: “Қайта шалмайды”- деген. Біз де осы пікірді аламыз (әл-Мухит әл-Бурһани)" деп келетін мәселе бар. Бұл жерден де аңғаруға болатын нәрсе егер кедейдің алғашқы шалған құрбаны нәзір үкімінде кетсе, онда ол негізгі уәжіп құрбанның орнына саналмаған болар еді. Сәйкесінше қайта құрбан шалуы міндетті болған болар еді. Ал міндетті деген ғалымдар себепке тәклифті алып айтқан. Бірінші құрбандығы нәзір болып кетті деп емес. Аллаһу а'лям.
❕Сол үшін құрбан шалу міндетті болмаған күйімізде құрбан шалсақ оны таратып беру міндет екен. Одан да шалмай-ақ қояйық деместен құрбан шалуға ынталы бола беріңіздер. Алғаш тамған қанынан күнәларыңыз кешіріліп, ұлы мерекедегі ұлы ғибадатты атқарып қалыңыздар! Аллаһу Тағала шаңырақтарыңызға береке шаттық орнатсын!

☑️ Ардақты Пайғамбарымыздың ﷺ Медина қаласында жұма күні ең алғаш сахабаларына болған хұтбасынан үзінді:
🔹ومن يتق الله فقد فاز فوزًا عظيمًا، وإن تقوى الله تَوَقِّي مقته، وتَوَقِّي عقوبته وسخطه، وإن تقوى الله تبيض الوجه، وترضي الرب، وترفع الدرجة، فخذوا بحظكم ولا تفرطوا في جنب الله، فقد علمكم كتابه، ونهج لكم سبيله، ليعلم الذين صدقوا، ويعلم الكاذبين، فأحسنوا كما أحسن الله إليكم، وعادوا أعداءه، وجاهدوا في الله حق جهاده، هو اجتباكم وسماكم المسلمين، ليهلك من هلك عن بينة، ويحيى من حي عن بينة، ولا حول ولا قوة إلا بالله، فأكثروا ذكر الله، واعملوا لما بعد الموت، فإنه من يصلح ما بينه وبين الله يكفه الله ما بينه وبين الناس، وذلك بأن الله يقضي على الناس، ولا يقضون عليه، ويملك من الناس، ولا يملكون منه، الله أكبر ولا حول ولا قوة إلا بالله العلي العظيم.
🔹Кім Аллаһтан ﷻ қорықса (тақуалық етсе), расында ұлы бір жетістікке жетеді. Ақиқатында, Аллаһтан қорқу - Оның ﷻ қаһарынан сақтану, азабы мен ашуынан қорғану.
Шын мәнінде, тақуалық жүзді нұрландырады, Раббыны ﷻ разы етеді, әрі дәрежені көтереді. Сондықтан өз несібелеріңді алыңдар да Аллаһтың ﷻ алдындағы міндеттеріңе салғырт қарамаңдар. Расында, Ол ﷻ сендерге Кітабын үйретті. Және шыншылдарды айқындау әрі өтірікшілерді әшкерелеу үшін сендерге тура жолды айқындап берді. Ендеше, Аллаһ ﷻ сендерге жақсылық жасағандай, сендер де игілік жасаңдар. Оның ﷻ дұшпандарына қарсы болыңдар, әрі Оның ﷻ жолында лайықты түрде күресіңдер. Ол ﷻ сендерді таңдап, “мұсылмандар” деген атау берді. Бұл - кім жойылса айқын дәлелден кейін жойылуы, ал кім өмір тапса айқын дәлелден кейін өмір табуы үшін. Күш те, қуат та тек Аллаһпен ғана. Сондықтан Аллаһты ﷻ көп еске алыңдар. Өлімнен кейінгі өмір үшін амал жасаңдар. Кім өзінің Аллаһпен ﷻ арасын түзетсе, Аллаһ ﷻ оның адамдармен арасын да түзетіп береді. Өйткені үкім жүргізуші - Аллаһ ﷻ, ал адамдар Оған ﷻ үкім жүргізе алмайды. Ол адамдарға толық иелік етеді, ал адамдар Оның иелігінен тыс еш нәрсеге ие емес. Аллаһ Ұлы! Күш те, қуат та тек Ұлы әрі Биік Аллаһпен ﷻ ғана.
📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб (лил-Мулла 'Әли әл-Қари).

☑️Әбу Сәләмә ибн 'Абд ар-Рахман бин 'Ауф (رضي الله عنه) жеткізген Ардақты Пайғамбарымыздың ﷺ хұтбасынан:
🔸إن الحمد لله نحمده، أحمده وأستعينه، نعوذ بالله من شرور أنفسنا وسيئات أعمالنا، من يهده الله فلا مضل له، ومن يضلل فلا هادي له، وأشهد أن لا إله إلا الله وحده لا شريك له، وأشهد أن محمدًا عبده ورسوله، إن أحسن الحديث كتاب الله، قد أفلح من زينه الله في قلبه، وأدخله في الإسلام بعد الكفر، واختاره على ما سواه من أحاديث الناس، إنه أحسن الحديث وأبلغه، أحبوا من أحب الله، أحبوا الله تعالى من كل قلوبكم، ولا تملوا كلام الله وذكره، ولا يقسى قلوبكم فقد سماه خيرته من الأعمال والصالح من الحديث، فاعبدوا الله ولا تشركوا به شيئًا واتقوه حق تقاته، واصدقوا الله صالح ما تقولون بأفواهكم، وتحابوا بروح الله عز وجل بينكم، إن الله يغضب أن ينكث عهده. والسلام عليكم ورحمة الله وبركاته!
🔸Расында, барлық мақтау-мадақ Аллаһқа тән. Біз Оны мадақтаймыз, Одан жәрдем тілейміз. Нәпсілеріміздің жамандығы мен амалдарымыздың жаман салдарынан Аллаһқа сиынамыз. Аллаһ кімді тура жолға салса, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді адастырса, оған ешбір жан тура жол көрсете алмайды. Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ, Ол жалғыз, Оның серігі жоқ екендігіне және Мұхаммад - Оның құлы әрі елшісі екендігіне куәлік етемін. Сөздің ең көркемі - Аллаһтың Кітабы. Аллаһ жүрегін иманмен көркейтіп, күпірліктен кейін Исламға енгізген, әрі адамдардың өзге сөздерінің үстінен Аллаһтың сөзін таңдаған жан шын мәнінде құтылды. Өйткені Аллаһтың сөзі - сөз атаулысының ең абзалы, әрі ең әсерлісі. Аллаһ сүйгендерді сүйіңдер. Аллаһты бар жүректеріңмен жақсы көріңдер. Аллаһтың сөзінен және Оны еске алудан жалықпаңдар. Жүректерің қатайып кетпесін. Өйткені Аллаһ оны амалдардың ең қайырлысы әрі сөздердің ең ізгісі деп атады. Ендеше, Аллаһқа құлшылық қылыңдар және Оған ешнәрсені серік қоспаңдар. Одан шынайы түрде қорқыңдар. Ауыздарыңмен айтқан игі сөздеріңде Аллаһқа адал болыңдар. Өзара Аллаһтың ﷻ рухымен сүйіспеншілік пен бауырмалдықта болыңдар. Ақиқатында, Аллаһ Өзінің уәдесінің бұзылғанына қаһарланады. Сіздерге Аллаһтың сәлемі, рақымы және берекесі болсын!
📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.

☑️Хазіреті 'Али (كرم الله وجهه) жеткізген Ардақты Пайғамбарымыздың ﷺ хұтбасынан:
🔹يا أيها الناس كأن الموت على غيرنا كتب، وكأن الحق على غيرنا وجب، وكأن الذي نشيع من الأموات سَفْرٌ عما قليل إلينا راجعون، نبوئهم أجداثهم، ونأكل تراثهم، كأنا مخلدون بعدهم، قد نسينا كل واعظة، وأَمِنَّا كل جائحة، طوبى لمن شغله عيبه عن عيوب الناس، طوبى لمن طاب مكسبه، وصلحت سريرته، وحسنت علانيته، واستقامت طريقته، طوبى لمن تواضع لله من غير منقصة، وأنفق مالًا جمعه من غير معصية، وخالط أهل الفقه والحكمة، ورحم أهل الذلة والمسكنة. طوبى لمن أنفق الفضل من ماله، وأمسك الفضل من قوله، ووسعته السنة، ولم يعد عنها إلى البدعة.
🔹Уа, адамдар! Өлім бізден өзгеге ғана жазылғандай, ақиқат бізден басқаға ғана міндеттелгендей күй кешудеміз. Жаназасын шығарып салып жатқан мархумдарымыз аз уақыттық сапарға кеткендей ғана көрінеді де, көп ұзамай өзіміз де солардың артынан қайтатынымызды ұмытамыз. Оларды қабірлеріне тапсырамыз, артында қалған дүниелерін иемденеміз, ал өзімізді олардан кейін мәңгі қалатындай сезінеміз. Біз барлық насихатты ұмыттық, әрбір пәле-жаладан аманбыз деп бейқам күйге түстік.
➖Адамдардың айыбын термей, өз кемшілігімен айналысқан жанға сүйінші!
➖Табысы адал, ішкі дүниесі таза, сыртқы көрінісі көркем, жолы түзу болған жанға сүйінші!
➖Аллаһ үшін өзін төмен ұстап, бірақ қорлыққа түспеген жанға сүйінші!
➖Күнә жолымен емес, адал жолмен тапқан малын игілікке жұмсаған жанға сүйінші!
➖Ғылым мен даналық иелерімен араласып, әлсіздер мен мұқтаждарға мейірім танытқан жанға сүйінші!
➖Мал-дүниесінің артығын игілікке жұмсап, сөзінің артығын тыйған және сүннет оған кең әрі жеткілікті болып, оны тастап бидғатқа ауыспаған жанға сүйінші!¹
📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.
Canal: https://t.me/taammul
1] Тізбегінде сөз бар. Тоқымашы жеткізген риуаяттардың қатарында деп те баға берілген.

☑️'Абдуллаһ ибн Аббас (رضي الله عنهما): Аллаһ Елшісі ﷺ бізге Хайф мешітінде бізге хұтба айтты. Алдымен Аллаһқа мадақ айтып, Оны лайықты түрде ұлықтады. Содан кейін былай деді:
🔸من كانت الآخرة همه جمع الله شمله، وجعل غناه بين عينيه، وأتته الدنيا وهي راغمة، ومن كانت الدنيا همه فرق الله شمله، وجعل فقره بين عينيه، ولم يأته من الدنيا إلا ما كتب له.
🔸Кімнің бар мұраты ақырет болса, Аллаһ оның ісін жинақы етіп, жүрегіне қанағат байлығын орнықтырады, әрі дүние оған өзі қор болып келеді. Ал кімнің бар уайымы дүние болса, Аллаһ оның ісін шашыраңқы етіп, кедейлікті көз алдынан кетпейтін етеді, әрі оған дүниеден тек өзіне жазылғаны ғана келеді.
📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.
Canal: https://t.me/taammul
🔸من كانت الآخرة همه جمع الله شمله، وجعل غناه بين عينيه، وأتته الدنيا وهي راغمة، ومن كانت الدنيا همه فرق الله شمله، وجعل فقره بين عينيه، ولم يأته من الدنيا إلا ما كتب له.
🔸Кімнің бар мұраты ақырет болса, Аллаһ оның ісін жинақы етіп, жүрегіне қанағат байлығын орнықтырады, әрі дүние оған өзі қор болып келеді. Ал кімнің бар уайымы дүние болса, Аллаһ оның ісін шашыраңқы етіп, кедейлікті көз алдынан кетпейтін етеді, әрі оған дүниеден тек өзіне жазылғаны ғана келеді.
📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.
Canal: https://t.me/taammul
☑️'Ирбад ибн Сәрия (رضي الله عنه):
Аллаһ Елшісі ﷺ бізге жүректерді тебірентіп, жан дүниені толқытқан әсерлі насихат айтты. Сол насихаттан жүректеріміз дірілдеп, көздерімізге жас келді. Сонда біз: -Уа, Аллаһтың Елшісі! Бұл қоштасушы адамның өсиетіне ұқсайды. Бізге өсиет айтыңыз,- дедік. Сонда Ол ﷺ былай деді:
🔹أوصيكم بتقوى الله، والسمع والطاعة وإن تأمر عليكم عبد حبشي، فإنه من يعش منكم فسيرى اختلافًا كثيرًا، فعليكم بسنتي وسنة الخلفاء الراشدين المهديين، عضوا عليها بالنواجذ، وإياكم ومحدثات الأمور، فإن كل بدعة ضلالة.
🔹Сендерге Аллаһтан қорқуды өсиет етемін. Тіпті бастарыңа Хабаши құл басшы болып тағайындалса да, тыңдап, бойсұныңдар. Өйткені сендерден ұзақ өмір сүргендер көптеген қайшылықтарды көреді. Сондықтан сендерге менің сүннетімді және тура жолдағы, туралыққа басталған халифалардың сүннетін ұстану міндет. Оны азу тістеріңмен жабысып ұстағандай берік ұстаныңдар. Дінде жаңадан шығарылған істерден сақ болыңдар. Ақиқатында, әрбір бидғат - адасушылық.

☑️Әбу Зәрр әл-Ғифари (رضي الله عنه): Мен Аллаһ Елшісінің ﷺ хұтба айтып тұрып, "Уа, Дәуіттің әулеті! Шүкіршілік етіп амал қылыңдар. Құлдарымның ішінде шүкір етушілер аз"-деген аятты оқығанын естідім. Содан кейін Ол ﷺ былай деді:
🔸من أوتي ثلاثًا فقد أوتي مثل ما أوتي داود: خشية الله في السر والعلانية، والعدل في الغضب والرضا، والقصد في الفقر والغنى.
🔸Кімге үш қасиет берілсе, расында оған Дәуітке берілген игіліктің ұқсасы берілген болады:
➖ жасырында да, жарияда да Аллаһтан қорқу;
➖ ашу үстінде де, разылық кезінде де әділ болу;
➖ кедейлікте де, байлықта да орта жолды ұстану.
📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.
Canal: https://t.me/taammul
🔸من أوتي ثلاثًا فقد أوتي مثل ما أوتي داود: خشية الله في السر والعلانية، والعدل في الغضب والرضا، والقصد في الفقر والغنى.
🔸Кімге үш қасиет берілсе, расында оған Дәуітке берілген игіліктің ұқсасы берілген болады:
➖ жасырында да, жарияда да Аллаһтан қорқу;
➖ ашу үстінде де, разылық кезінде де әділ болу;
➖ кедейлікте де, байлықта да орта жолды ұстану.
📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.
Canal: https://t.me/taammul
☑️'Абдуллаһ ибн 'Умар (رضي الله عنهما): Аллаһ Елшісі ﷺ Минадағы Хайф мешітінде бізге хұтба айтып былай деді:
🔹نضر الله عبدًا سمع مقالتي فعمد بها يحدث بها أخاه، ثلاثة لا يغل عليهن قلب مسلم: إخلاص العمل لله، ومناصحة ولاة الأمور، ولزوم جماعة المسلمين، فإن دعوتهم تحيط من ورائهم
🔹Менің сөзімді естіп, оны ұғып алып, кейін оны бауырына жеткізген құлдың жүзін Аллаһ нұрландырсын! Мына үш нәрсеге қатысты мұсылманның жүрегінде ешқашан арамдық пен қиянат орнықпайды:
➖ амалын бір Аллаһ үшін ықыласпен істеу;
➖ басшыларға шынайылық таныту;
➖ мұсылмандар жамағатынан ажырамау. Сонда олардың дұғасы өздерінен кейінгілерді де қамтып тұрады.
📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.
Canal: https://t.me/taammul
🔹نضر الله عبدًا سمع مقالتي فعمد بها يحدث بها أخاه، ثلاثة لا يغل عليهن قلب مسلم: إخلاص العمل لله، ومناصحة ولاة الأمور، ولزوم جماعة المسلمين، فإن دعوتهم تحيط من ورائهم
🔹Менің сөзімді естіп, оны ұғып алып, кейін оны бауырына жеткізген құлдың жүзін Аллаһ нұрландырсын! Мына үш нәрсеге қатысты мұсылманның жүрегінде ешқашан арамдық пен қиянат орнықпайды:
➖ амалын бір Аллаһ үшін ықыласпен істеу;
➖ басшыларға шынайылық таныту;
➖ мұсылмандар жамағатынан ажырамау. Сонда олардың дұғасы өздерінен кейінгілерді де қамтып тұрады.
📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.
Canal: https://t.me/taammul
Ол (رضي الله عنه): "Ол "бірігу/(иттихад)" негізінен мүмкін емес нәрсе екенін түсінбеді. Сен "бірігуді" қалап отырған болмыстың мағынасы - сенің ішіңде "мен" деп сөйлеп тұрғанның өзі ғана. Ендеше, бұл ешқандай бірігу емес. Өйткені сенің ішіңнен сөйлеп тұрған - сенің өзің емессің. Сен: "Мен" деген кезде, сен - Ол емессің. Себебі сен не өз "мендігіңмен" айтасың, не Оның "мендігімен" айтасың. Егер өз "мендігіңмен" айтсаң - онда сен Ол емессің. Ал егер Оның "мендігімен" айттым десең, онда "мен" деп айтқан сен болмайсың, қайта Оның "мендігі" арқылы сөйлеген - Сол болады. Сондықтан ешқандай бірігу мүлде жоқ: мағына жағынан да, бейне мен сипат тұрғысынан да.
Ғалымдардың "Мен" деуі де екі жағдайдан аспайды: не ол "һуа/Ол" ұғымын таныған, не танымаған. Егер таныған болса, есі дұрыс хәлде тұрып "Мен" деуі орынсыз. Ал егер танымаған болса, онда оған іздену міндет болады, әрі "мен" дегені үшін күнәһарлардың истиғфар еткендей истиғфар етуі қажет (Расаил Ибн 'Араби, "Рисалатул-Йа, яғни, "әл-Һуа" кітабы, 109-бет)

Ол (رضي الله عنه): "Ол "бірігу/(иттихад)" негізінен мүмкін емес нәрсе екенін түсінбеді. Сен "бірігуді" қалап отырған болмыстың мағынасы - сенің ішіңде "мен" деп сөйлеп тұрғанның өзі ғана. Ендеше, бұл ешқандай бірігу емес. Өйткені сенің ішіңнен сөйлеп тұрған…
кейде бір нәрсенің тізбегінде кітаптардан кітаптарға секіріп сол төңіректегі бөліктерін оқып кететін сәттер орын алады.
нәтижесінде дәлел сияқты болып та көрінеді, емес сияқты болып та көрінеді деп қуа жаздайсың)
сосын бұны түсіну әзірге біз пақырдың үлесінен емес екен деп қайтадан алғаш тақырыбыңа қайтасың..

السلام عليكم ورحمة الله وبركاته!
Аллаһу Тағала ұлы қылған Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

☑️Әбу Мәлик әл-Аш'ари (رضي الله عنه): Ардақты Пайғамбарымыз ﷺ:
🔸إن الله لا ينظر إلى أنسابكم ولا إلى أحسابكم ولا إلى أموالكم، ولكن ينظر إلى قلوبكم، فمن كان له قلب صالح تحنن الله عليه، وإنما أنتم بنو آدم، وأحبكم إليه أتقاكم.
🔸Ақиқатында, Аллаһ сендердің тектеріңе, атақ-абыройларыңа және мал-дүниелеріңе қарамайды. Алайда жүректеріңе қарайды. Кімнің жүрегі ізгі болса, Аллаһ оған мейірім етеді. Сендер бар болғаны Адамның ұрпағысыңдар. Ал Аллаһқа ең сүйіктілерің - тақуаларың.
📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.
Canal: https://t.me/taammul
🔸إن الله لا ينظر إلى أنسابكم ولا إلى أحسابكم ولا إلى أموالكم، ولكن ينظر إلى قلوبكم، فمن كان له قلب صالح تحنن الله عليه، وإنما أنتم بنو آدم، وأحبكم إليه أتقاكم.
🔸Ақиқатында, Аллаһ сендердің тектеріңе, атақ-абыройларыңа және мал-дүниелеріңе қарамайды. Алайда жүректеріңе қарайды. Кімнің жүрегі ізгі болса, Аллаһ оған мейірім етеді. Сендер бар болғаны Адамның ұрпағысыңдар. Ал Аллаһқа ең сүйіктілерің - тақуаларың.
📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.
Canal: https://t.me/taammul
☑️Әбу Бәкр ибн Мұхаммад: Хазірет Әбу Бәкр әс-Сыддық (رضي الله عنه) хұтбасында Ардақты Пайғамбарымыздың ﷺ мына сөздерін жеткізеді:
🔹تعوذوا بالله من خشوع النفاق (قالوا: يا رسول الله وما خشوع النفاق؟) قال: خشوع البدن ونفاق القلب.
🔹Нифақтың (екіжүзділік) құлшылығынан Аллаһқа сыйыныңдар. Сонда Сахабалар: -Уа, Аллаһтың Елшісі ﷺ, нифақтың құлшылығы деген не?- деп сұрады. Сонда Ол ﷺ: "Ол - дененің мойынсұнғандай көрініп, бірақ жүректің екіжүзді болуы",- деді.
📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.
Canal: https://t.me/taammul
🔹تعوذوا بالله من خشوع النفاق (قالوا: يا رسول الله وما خشوع النفاق؟) قال: خشوع البدن ونفاق القلب.
🔹Нифақтың (екіжүзділік) құлшылығынан Аллаһқа сыйыныңдар. Сонда Сахабалар: -Уа, Аллаһтың Елшісі ﷺ, нифақтың құлшылығы деген не?- деп сұрады. Сонда Ол ﷺ: "Ол - дененің мойынсұнғандай көрініп, бірақ жүректің екіжүзді болуы",- деді.
📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.
Canal: https://t.me/taammul
☑️'Әмр ибн Динар: Хазірет Әбу Бәкр әс-Сыддық (رضي الله عنه) хұтбасында:
🔸أوصيكم بالله لفقركم وفاقتكم أن تتقوه، وأن تثنوا عليه بما هو أهله، وأن تستغفروه إنه كان غفارًا، واعلموا أنكم ما أخلصتم لله فربكم أطعتم، وحقه حفظتم، فأعطوا ضرائبكم في أيام سلفكم، واجعلوها نوافل بين أيديكم حتى تستوفوا سلفكم وضرائبكم حين فقركم وحاجتكم.
ثم تفكروا عباد الله فيمن كان قبلكم، أين كانوا أمس وأين هم اليوم! أين الملوك الذين أثاروا الأرض وعمروها؟ قد نُسوا ونُسِي ذكرهم فهم اليوم كلا شيء، فتلك بيوتهم خاوية بما ظلموا، وهم في ظلمات القبور، هل تحس منهم مِنْ أحد أو تسمع لهم ركزًا؟ وأين من تعرفون من أصحابكم وإخوانكم؟ قد وردوا على ما قدموا، فحلوا الشقاوة والسعادة، إن الله عز وجل ليس بينه وبين [أحد من] خلقه نسب يعطيه به خيرًا ولا يصرف عنه سوءًا إلا بطاعته واتباع أمره، وإنه لا خير بخير بعده النار، ولا شر بشر بعده الجنة. أقول قولي هذا وأستغفر الله لي ولكم.
🔸Сендерге кедейліктерің мен мұқтаждықтарың себепті Аллаһтан қорқуды өсиет етемін. Оны лайықты түрде мадақтаңдар, әрі кешірім тілеңдер. Ақиқатында, Ол - Өте Кешірімді. Қашан Аллаһ үшін ықыласты болсаңдар, онда Раббыларыңа бойсұнған, әрі Оның ақысын сақтаған болатындарыңды біліңдер. Ендеше өткен күндеріңде (дүниеде) міндет болған нәрселеріңді орындаңдар және оларды алдарыңа жіберілген нәпіл амалдар етіңдер. Сонда кедейлік пен мұқтаждық күндеріңде бұрын жібергендеріңді толық табасыңдар.
➖Уа, Аллаһтың құлдары! Өздеріңнен бұрын өткендер жайында ойланыңдаршы: Кеше олар қайда еді, бүгін қайда? Жерді қопарып, оны гүлдендірген патшалар қайда? Олар ұмыт болды, аттары да ұмытылды. Бүгін олар еш нәрсе секілді. Міне, олардың үйлері - жасаған зұлымдықтарының кесірінен қаңырап бос қалды. Ал өздері қабірлердің қараңғылықтарында жатыр. Олардан біреуді сезесіңдер ме н/е сыбдырын естисіңдер ме?
➖Сендер танитын достарың мен бауырларың қайда? Олар өздері алдын ала жіберген амалдарына қауышты. Сөйтіп біреулері бақытқа, енді біреулері бақытсыздыққа түсті. Ақиқатында, Ұлы әрі Дәрежелі Аллаһтың жаратылыстарының ешбірімен туыстық байланысы жоқ. Сол арқылы біреуге жақсылық беріп н/е жамандықты қайтармайды. Бұл тек Оған бойсұну және Оның әміріне еру арқылы болады. Отпен аяқталатын жақсылықта еш жақсылық жоқ, әрі жәннатпен аяқталатын жамандықта еш жамандық жоқ. Осы сөзімді айттым, әрі өзім үшін де, сендер үшін де Аллаһтан кешірім тілеймін.