𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
958 subscribers
1.02K photos
110 videos
212 files
2.26K links
السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!

📝бот: https://t.me/taammul_bot

‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/tabahhurr

Анонимді сауал жолдау сілтемесі:
🔗t.me/anonaskbot?start=istiftaa
Download Telegram
☑️әл-Хасан: Мүміндердің әміршісі 'Умар әл-Фаруқ (رضي الله عنه) хұтбасынан:

🔹أكثروا ذكر النار، فإن حرها شديد، وإن قعرها بعيد، وإن مقمعها¹ حديد.

🔹Тозақты көп еске алыңдар. Өйткені оның ыстығы өте қатты, түбі тым терең, ал (ұратын) тоқпақтары темірден.

📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.

Canal:
https://t.me/taammul

1] Бүлдіршіндерге мәқ-мәқ дейін бе деп жататын еді ғой. Бұл жердегі сөз исм әл-әлә сиғосында келіп тұрса да сол сөз есіме түсіп кетті неге екенін) бәрібір бір байланысы бар сияқты болып

📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.

Canal:
https://t.me/taammul
☑️Әбу Һурайра (رضي الله عنه): 'Умар ибн әл-Хаттаб (رضي الله عنه) хұтбасында айтты:

🔸أفلح منكم مَنْ حفظ عن الهوى والغضب والطمع، ووفق إلى الصدق في الحديث، فإنه يجره إلى الخير، من يكذب يفجر، ومن يفجر يهلك، إياكم والفخر، وما فخر من خلق من التراب، وإلى التراب يعود؟! اليوم حي وغدًا ميت، اعملوا عمل يوم بيوم، واجتنبوا دعوة المظلوم، وعدوا أنفسكم من الموتى.

🔸Нәпсіқұмарлықтан, ашудан және дүниеқоңыздықтан сақтанғандарың құтылды. Сондай-ақ сөзде шыншыл болғандарың да құтылды. Өйткені шындық адамды жақсылыққа жетелейді. Кім өтірік айтса - бұзықтыққа барады, ал кім бұзықтыққа барса - опат болады. Тәкаппарлықтан сақ болыңдар! Топырақтан жаратылып, кейін қайтадан топыраққа оралатын адамның несіне мақтануы бар?! Бүгін тірі, ертең өлі. Әр күннің ісін сол күні атқарыңдар. Зұлымдыққа ұшырағанның қарғыс-дұғасынан сақтаныңдар. Өздеріңді өлілердің қатарында санаңдар.

📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.

Canal:
https://t.me/taammul
☑️Әбу Фурас: 'Умар әл-Хаттаб (رضي الله عنه) хұтбасынан:

🔹يا أيها الناس ألا إنما كنا نعرفكم إذ بين ظهرانينا النبي صلى الله عليه وسلم، وإذ ينزل الوحي وإذ ينبئنا الله من أخباركم، ألا وإن النبي قد انطلق وانقطع الوحي، وإنما نعرفكم بما نقول لكم: من أظهر منكم خيرًا ظننا به خيرًا وأحببناه عليه، ومن أظهر لنا شرًّا ظننا به شرًّا وأبغضناه عليه، سرائركم [بينكم و] بين ربكم. ألا إنه قد أتى علي حين وأنا أحسب أن من قرأ القرآن يريد الله وما عنده، فقد خيل لي بأخرة أن رجالًا قد قرءوه يريدون به ما عند الناس، فأريدوا الله بقراءته، وأريدوه بأعمالكم. ألا وإني والله ما أرسل عمالي إليكم ليضربوا أبشاركم، ولا ليأخذوا أموالكم، ولكن أرسلهم إليكم ليعلموكم دينكم وسنتكم، فمن فعل به سوى ذلك فليرفعه إلي، فوالذي نفسي بيده إذًا لأقصنه منه. ألا لا تضربوا المسلمين فتحموهم، ولا تجمروهم فتفتنوهم، ولا تمنعوهم حقوقهم فتكفروهم، ولا تنزلوهم الغياض¹ فتضيعوهم. رواه أحمد وجماعة.

🔹Уа, адамдар! Араларымызда Пайғамбар ﷺ болып, уахи түсіп тұрған кезде әрі Аллаһ сендердің жағдайларыңнан бізге хабар беріп тұрған кезде біз сендерді жақсы танушы едік. Енді Пайғамбар ﷺ дүниеден өтті, уахи да тоқтады. Енді біз сендерді өздеріңнің сыртқа шығарған амалдарың арқылы ғана танимыз. Кім жақсылығын көрсетсе, біз ол туралы жақсы ойда боламыз, әрі оны сол үшін жақсы көреміз. Ал кім жамандығын көрсетсе, біз ол туралы жаман ойда боламыз, әрі оны сол үшін жек көреміз. Ал ішкі сырларың өздерің мен Раббыларыңның ﷻ арасында.

➖Біліп қойыңдар! Бір кезде мен Құран оқыған әрбір адам тек Аллаһты және Оның қасындағы сауапты қалайды деп ойлайтынмын. Бірақ кейінірек маған кейбір адамдардың Құранды адамдардың дүниесін, мақтауын көздеп оқитыны мәлім болды. Сондықтан Құранды оқығанда Аллаһты ғана көздеңдер, әрі амалдарыңда да Оны ғана мақсат етіңдер.

➖Біліп қойыңдар! Аллаһпен ант етемін, мен қызметкерлерімді сендерді ұрып-соғу үшін н/е мал-мүліктеріңді тартып алу үшін жібермеймін. Керісінше, оларды сендерге діндерің мен сүннеттеріңді үйрету үшін жіберемін. Кімде-кім бұдан өзге бір жәбір көрсе, оны маған жеткізсін. Жаным қолында болған Аллаһпен ант етемін, мен міндетті түрде оның есесін алып беремін.

➖Мұсылмандарды ұрып қорламаңдар. Оларды ұзақ уақыт әскери жорықтарда ұстап, бүлікке түсірмеңдер. Құқықтарын бермей қойып, күпірлікке итермелемеңдер. Сондай-ақ оларды ну орман-тоғайларға¹ түсіріп, құртып жібермеңдер.

📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.

Canal:
https://t.me/taammul

1] Ғийад/الغياض - ғайда/غيضة сөзінің көпше түрі. Ол - қалың өскен, бір-біріне шырмалған ағаш-тоғай дегенді білдіреді. Өйткені әскер сондай жерге қонса, олардың қатары бытырап кетеді де, дұшпан оларды оңай басып ала алады (Лисан әл-'Араб, 7/202).
❕Хазіреті 'Умардың (رضي الله عنه) Хазіреті Әбу Бәкр (رضي الله عنه) айтқан сияқты дәлме дәл айтқан сөздері бар. Ғалымдарымыз Хазіреті 'Умар (رضي الله عنه) Хазіреті Әбу Бәкрдің (رضي الله عنه) хұтбасын жаттап алып, қайта айтқандай дейді. Сонда ой түйесің: арасына бір неше жыл салып қайта айтып бере алу үшін өз уақытында мұқият тыңдап, және естігеніне амал қылып жүру үшін әркез жадында ұстаған ғой деп. Ықыластың күші сондай ғажап амалдардың туындауына себеп екен. Аллаһ Ұлық!!!
☑️Муса ибн 'Уқба: Мүміндердің әміршісі 'Умар әл-Фаруқтың (رضي الله عنه) хұтбасынан:

🔸Ал енді сөздің жалғасына келсек, мен сендерге мәңгі қалатын, ал Одан өзгенің бәрі өткінші болған Аллаһтан қорқуды өсиет етемін. Ол - Өзінің әміріне бойсұнған достарын абыройлы ететін, әрі Өзінің күнәсіне барған дұшпандарын қор қылатын Аллаһ. Адасуды тура жол деп ойлап жасаған адасуында да, ақиқатты адасу деп ойлап тәрк еткен хақ ісінде де опат болған адамның ешбір ақтауы (үзірі) жоқ.

➖Расында, басшының қарамағындағы халқына қатысты ең үлкен міндеттерінің бірі - оларды Аллаһ өздеріне парыз еткен дін істерімен тәрбиелеп, қадағалап отыруы. Аллаһ оларды сол дінге туралаған. Бізге жүктелген міндет - сендерге Аллаһ бұйырған бойсұнуды әмір ету, Аллаһ тыйған күнәлардан қайтару, әрі араларыңдағы жақынға да, алысқа да Аллаһтың үкімін орнату. Бұл жолда ақиқатты айтқан адамнан именбейміз.

➖Мен кейбір адамдардың өз діндарлығын алға тартып: “Біз намаз оқушылармен бірге намаз оқимыз, мужәһидтермен бірге соғысқа шығамыз, һижрет жасаушылардың қатарынанбыз”,- деп мақтанатынын білемін. Алайда осы істерді көптеген адамдар орындайды, бірақ оны шынайы түрде, лайықты дәрежесінде атқармайды. Өйткені иман - сыртқы сән-салтанатпен н/е құр ұранмен өлшенбейді.

➖Намаздың Аллаһ белгілеген белгілі уақыттары бар, ол уақыттарсыз намаз дұрыс болмайды.

• Таң намазының уақыты - адамның түні кетіп, ораза ұстаушыға ішіп-жеу харам болатын кез. Сондықтан оған Құран оқудан өз үлестеріңді беріңдер.

• Бесін намазының уақыты жаздың аптабында күн көкжиектен ауып, көлеңкең өзіңнің бойыңмен теңескенге дейінгі мезгіл. Бұл - адамдар күннің ыстығынан тығылатын шақ. Ал қыста күн көкжиектен ауғаннан кейін басталады. Мұнымен бірге дәреттің, рукуғ пен сәжденің Аллаһ қойған шарттарын толық орындау қажет.

• Екінті намазы - күн әлі аппақ, әрі нұрлы болып, сарғая қоймаған уақытта оқылады. Ол - күн батуға дейін ауыр жүк артылған түйемен екі фарсахтай жол жүріп үлгеретін мезгілден бұрынғы уақыт.

• Ақшам намазы - күн батып, ораза ұстаушы ауыз ашатын кезде.

• Құптан намазы - түн қоюланып, көкжиектегі қызыл шапақ жоғалып, түннің үштен бірі болғанға дейінгі уақыт. Кім осы уақыт кірмей жатып ұйықтап қалса, Аллаһ оның көзін тынықтырмасын!

➖Міне, намаз уақыттары осы. Аллаһ Тағала:
{إِنَّ الصَّلَاةَ كَانَتْ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ كِتَابًا مَوْقُوتًا}
“Расында, намаз мүміндерге белгілі уақыттарда парыз етілген” - деген.

➖Кей адам: “Мен һижрет жасадым”,- дейді. Алайда шын мәнінде һижрет жасамаған болады. Өйткені нағыз муһажирлер - күнәларды тәрк еткендер.

➖Тағы біреулер: “Біз жиһад жасадық”,- дейді. Алайда Аллаһ жолындағы жиһад - дұшпанмен күресу, әрі харамнан сақтану. Кей адамдар соғысады, бірақ тек олжа мен сыйлықты ғана қалайды. Басқалары атақ-даңқ үшін соғысады. Негізінде өлім - тағдырдағы өлімдердің бірі ғана. Әр адам не үшін соғысса, соның үкімінде болады.

➖Кей адам жаратылысынан батыр келеді: танысын да, танымасын да қорғауға ұмтылады. Ал кейбірі табиғатынан қорқақ болады: тіпті әке-шешесін де тастап кетуі мүмкін. Тіпті иттің өзі де иелерінің сыртынан үріп қорғайды.

➖Біліп қойыңдар: ораза - адамның тамақтан, сусыннан және әйелден тыйылғаны секілді, мұсылмандарға зиян беруден де сақтануы. Міне, толыққанды ораза - осы.

➖Сондай-ақ Аллаһ Елшісі ﷺ парыз еткен зекетті адамдар ықыласпен, көңілдері разы күйде берсін, әрі оны біреуге жасаған жақсылығымыз деп есептемесін.

➖жалғасы төменде...

📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.

Canal:
https://t.me/taammul
➖Өздеріңе айтылған насихатты терең түсініңдер. Өйткені Аллаһтың дініне қарсы соғысқан - шын мәнінде өзіне қарсы соғысқан болады. Адамның бақыттысы - өзгенің тағдырынан ғибрат алғаны. Ал нағыз сорлы - анасының құрсағында-ақ сорлы болып жазылған адам.

➖Істердің ең жаманы - дінге кейіннен енгізілген жаңалықтар. Сүннетке сай болған орта жол - бидғаттағы артық құлшылықтан әлдеқайда жақсы.

➖Адамдардың билеушілерінен үркіп, безінетінін де білемін. Аллаһтан тілерім - сондай заманға тап қылмасын.

➖Сендерге бір-біріңе деген кек сақтаудан, нәпсіге еруден әрі ақыреттен дүниені артық көруден сақ болуды ескертемін. Мен сендердің залымдарға бейім болып кетулеріңнен қорқамын. Сондықтан мал-дүние берілген адамдарға сүйеніп, көңілдеріңді байлап қоймаңдар.

➖Осы Құраннан ажырамаңдар! Өйткені онда - нұр мен шипа бар. Ал одан өзге жолда - бақытсыздық бар.

➖Аллаһ маған сендердің істеріңе қатысты жүктеген міндетімді орындадым. Сендерге шынайы насихат айттым. Сендерге ризықтарыңды белгілеттік, әскерлеріңді дайындадық, жорықтарыңды әзірледік, мекендеріңді бекіттік, қолдарың жеткен мүмкіндіктерді кеңейттік. Сендер қылыштарыңмен қорғаған нәрселеріңе ие болдыңдар. Ендеше сендердің Аллаһқа қарсы ешқандай дәлелдерің жоқ. Керісінше, дәлел толықтай Аллаһтың сендерге қарсы.

➖Осы сөзімді айттым. Енді өзім үшін де, сендер үшін де Аллаһтан кешірім тілеймін.

📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.

Canal:
https://t.me/taammul
☑️әш-Ша'би : 'Умар ибн әл-Хаттаб (رضي الله عنه) халифа болып тағайындалғанда мінберге көтеріліп: “Аллаһ менің өзімді Әбу Бәкір әс-Сыддық (رضي الله عنه) отырған орынға лайық көргенімді қаламайды”,- деді де, мінберден бір саты төмен түсті. Содан кейін Аллаһқа мадақ айтып, Оны дәріптеді де:

🔹اقرءوا القرآن تعرفوا به، واعملوا به تكونوا من أهله، وزنوا أنفسكم قبل أن توزنوا، وتزينوا للعرض الأكبر يوم تعرضون على الله لا تخفى منكم خافية، إنه لم يبلغ حق ذي حق أن يطاع في معصية الله، ألا وإني أنزلت [نفسي] من مال الله بمنزلة ولي اليتيم إن استغنيت عففت، وإن افتقرت أكلت بالمعروف.

🔹Құран оқыңдар - сонда сол арқылы танылатын боласыңдар. Онымен амал етіңдер - сонда Құран әһлінен боласыңдар.

➖Өздерің өлшенбей тұрып, өздеріңді есепке тартыңдар. Ұлы есеп күні Аллаһтың алдына шығарылуға дайындалыңдар. Ол күні сендерден ешбір нәрсе жасырын қалмайды.

➖Ешбір ақылы адамның хақысы Аллаһқа қарсы келу арқылы орындалмайды.

➖Біліп қойыңдар! Мен өзімді Аллаһтың мал-мүлкіне қатысты жетімнің қамқоршысы секілді санадым: егер мұқтаж болмасам - одан тыйыламын, ал мұқтаж болып қалсам - шариғатқа сай мөлшерде ғана аламын,-деді.

📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.

Canal:
https://t.me/taammul
☑️Әбу 'Убайд мәула Ибн Азһар: Мен 'Умар ибн әл-Хаттабпен (رضي الله عنه) бірге айт намазына қатыстым. Ол келіп намаз оқыды, кейін қайтып адамдарға хұтба айтты да:

🔸إن هذين يومان نهى رسول الله ﷺ عن صيامهما، يوم فطركم عن صيامكم، والآخر يوم تأكلون فيه من نسككم. والمراد به جنس اليوم الشامل لجميع أيام النحر، والتشريق وهي أربعة أيام.

🔸"Расында, бұл екі күнде ораза ұстауға Аллаһ Елшісі ﷺ тыйым салған: бірі - оразаларыңды аяқтап ауыз ашатын күндерің, екіншісі - құрбандықтарыңнан жейтін күндерің”, деді. Мұндағы “күн” деген сөзге құрбан айттың барлық күндері мен тәшриқ күндері кіреді. Яғни барлығы төрт күн.

📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.

Canal:
https://t.me/taammul
☑️'Абдуллаһ ибн 'Амир ибн Раби'а: Умар ибн әл-Хаттаб (رضي الله عنه) заманында айт күні жаңбыр жауды. Сол себепті ол адамдарды ораза айт пен құрбан айт намазы оқылатын ашық алаңға шығармай, мешітке жинады да, намазды сонда өткізді. Кейін мінберге көтеріліп:

🔹يا أيها الناس إن رسول الله صلى الله عليه وسلم كان يخرج بالناس إلى المصلى يصلي بهم لأنه أرفق بهم، وأوسع عليهم، وإن المسجد كان لا يسعهم، فإذا كان هذا المطر فالمسجد أرفق بهم.

🔹“Уа, адамдар! Аллаһ Елшісі ﷺ адамдарды айт намазына арнайы намаз оқылатын алаңға шығаратын. Өйткені бұл олар үшін жеңілірек, әрі кеңірек еді. Ал мешіт олардың бәрін сыйдырмайтын. Ал мынадай жаңбырлы күні мешітте оқу - олар үшін ыңғайлырақ”, - деді.

📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.

Canal:
https://t.me/taammul
❕Алғаш намазға келген кезімде кемі бір, ұзағы екі үш сағаттық уағыздарды тыңдағанды жақсы көретін едім (қазіргідей көп емес еді бірақ аудио жазбалар). Қысқа үзінділерді тыңдауға әуестігім болмады. Қай тақырыпта болмасын айтушының сол тақырыпқа қатысты айтқысы келгенін түсініп алуды қалап тұратын едім. Медресеге барғанға дейін бес жүзден астам (қазақ, қырғыз, орыс тілдерінде) кітап оқыдым. Әр аудио дәріс, әр кітап өзіндік түсінік қалдырып, санамда өзгеріс жасап отыратын. Кейін араб тілінен басқа кітап оқу, әрі телефоннан уағыз тыңдау деген нәрсе мүлде жайына қалды. Бастапқыда фиқһ пен грамматикаға қатысты кітаптарды ғана жалықпай оқи бересің. Сосын бір кездері хадиске, бір кездері тәпсірге ауысасың. Бірақ амал қылуға деген шабытты амалдардың құндылықтары жинақталған кітаптардан аласың. Ал қамшылап жіберетін әсерді осы ізгілеріміздің хұтбаларынан табатын едім. Жарты айдан асты Раббымыздың ﷻ қалауымен төсек режимінде жатып қалған едім.. Қазір жақсарып бастадық, шүкір. Алаңдайтындай емес.. Сол жатқанымда заметкаға түртіп қойған дүниелеріме көз жүгіртіп келіп осы кітапты аудару керек ниетіме көзім түсті. Жалпы солай ниеттенген дүниелерімді түртіп қоя беретін әдетім. Тіпті бір аяттың, фиқһи мәселенің н/е бір оқиғаның төңірегінде бірдеңе тұрғызу ойлары келсе де қысқа нұсқа жазып қоя саламын. Ондай ойлар ұзын жолда кетіп бара жатқанда және фитнес залында өзіңмен өзің айналысып жатқанда жиі келеді. Солай сол ниетті қолға алып жоқ дегенде каналға аударып салып қояйын деп, бастап кеткен едім. Сіздерді де қамшылап жіберсе қуаныш болатын еді. Өйткені пенде ғапылдыққа әуеспіз.

Раббымыздың ﷻ тарапынан ең сүйікті құлының жанына таңдалынып алынған, және күллі мұсылман үмметіне әмірлікті жалғастырған ұлы тұлғалардың тарапынан айтылған бұл насихаттар жүректерді сөзсіз сілкіп алады. Тіл байлығы мен иман деңгейі және Раббымызға ﷻ қатысты танымның төмендігіне қатысты ол кісілердің айтқанын деңгейіне жараса жеткізуде дәрменсіздігіміздің бары сөзсіз. Дегенмен де үмметке титтей болсын пайдасы тиюінде Ұлы Ғаршының Раббысына ﷻ үміт қылып аударуға бекіндік. Ақысыз қылған істерімізде Аллаһу Тағаладан кешірім тілеп, тауфиқ сұраймыз.
☑️Мүміндердің әміршісі Хазірет 'Усман (رضي الله عنه) хұтбасында былай дейтін:

🔸إذا قام الإمام يخطب يوم الجمعة فاستمعوا وأنصتوا، فإن للمنصت الذي لا يسمع من الحظ مثل ما للمستمع المنصت.

🔸Жұма күні имам хұтбаға тұрған кезде тыңдаңдар, әрі үндемеңдер. Өйткені құлағы естімесе де үндемей отырған адамның үлесі, тыңдап әрі үндемей отырған адамның үлесіндей болады.

📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.

Canal:
https://t.me/taammul
☑️әл-Хасан әл-Басри: Хазірет 'Усман (رضي الله عنه) хұтбасында Аллаһқа мадақ айтып, Онф дәріптеп, кейін былай деді:

🔹أيها الناس اتقوا الله فإن تقوى الله غنم، وإن أكيس الكيس من دان نفسه، وعمل لما بعد الموت، واكتسب من نور الله نورًا لظلمة القبر، وليخش عبد أن يحشره الله أعمى وقد كان بصيرًا، وقد يكفي الحكيم جوامع الكلم، والأصم ينادى من مكان بعيد. واعلموا أن من كان الله له لم يخف شيئًا، ومن كان الله عليه فمن يرجو بعده؟!

🔹Уа, адамдар! Аллаһтан қорқыңдар. Расында, тақуалық - олжа.

➖Адамдардың ең ақылдысы/парасаттысы - өзін есепке тартқан, өлімнен кейінгі өмір үшін амал жасаған және Аллаһтың нұрынан қабір қараңғылығына нұр жинаған адам.

➖Құл бұл дүниеде көзі көретін бола тұра Аллаһ оны (Қияметте) соқыр күйінде тірілтіп жіберуінен қорықсын.

➖Данагөй адамға аз сөзбен айтылған терең мағыналы сөздер жеткілікті. Ал саңырауға алыстан дауыстап шақырылса да пайдасы жоқ.

➖Біліңдер! Кімге Аллаһ жәрдемші болса, ол ешнәрседен қорықпайды. Ал кімге Аллаһ қарсы болса, Одан кейін ол кімнен үміт күтеді?!

📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.

Canal:
https://t.me/taammul
☑️ Ал Хазірет 'Усман (رضي الله عنه) халифа болғаннан кейінгі алғашқы жұмадағы хұтбасы туралы риуаятқа келсек, онда оның мінберге көтеріліп: "әл-Хамду лиЛләһ" деп бастағаны, кейін толқып қалып сөзін жалғастыра алмай қалғаны айтылады. Сонда ол:
"Әбу Бәкір мен 'Умар (رضي الله عنهما) бұл орынға алдын ала сөз дайындайтын еді. Сендерге көп сөйлейтін басшыдан гөрі, іс атқаратын басшы көбірек қажет. Хұтбаларды кейін еститін боласыңдар. Мен өзім үшін де, сендер үшін де Аллаһтан кешірім тілеймін",- деп мінберден түсіп, адамдарға намаз оқытқан екен. Алайда Ибн әл-Һумам бұл жайында: "Бұл хабар хадис кітаптарында белгілі емес. Керісінше, фиқһ кітаптарында ғана кездеседі¹",- деп айтқан.

📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.

Canal:
https://t.me/taammul

1] бірақ бұл қисса фиқһ кітаптарынан басқа да кітаптарда келеді.
☑️Мүміндердің әміршісі Хазіреті 'Али (كرم الله وجهه) хұтбасынан:

🔸Шын мәнінде, сөз бастаушылардың ең лайықты бастайтыны, тілге шешендердің ең әуелі айтатыны, сөйлегендердің ең алдымен ауызға алатыны - Аллаһқа лайықты мадақ айтып, Оны дәріптеу және пайғамбарымыз Мухаммадке ﷺ салауат жолдау. Содан кейін ол былай деді:

➖Барлық мадақ - мәңгілікпен дараланған, билік пен иелікке жалғыз Өзі ие болған Аллаһқа тән. Ұлылық, даңқ, абырой мен асқақтық - түгелдей Оған тиесілі. Оның айбыны алдында құдай деп табынғандардың бәрі - пұттар да, адамдар Одан өзге құлшылық еткен нәрселердің барлығы да - бас иді. Жүректер Оның қорқынышынан діріл қақты. Оның теңі де, ұқсасы да жоқ. Жаратылыстарының ешқайсысы Оған ұқсамайды.

➖Біз Аллаһтың Өзі Өзін қалай куәландырса және жаратылыстарының ішіндегі білім иелері қалай куәлік берсе, солай куәлік етеміз: Одан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ. Оны толық қамтып сипаттайтын сипат жоқ, Оған мысал келтіріп өлшейтін шек жоқ.

➖Ол бұлттарды жаңбырмен айдап, аспаннан мол жауын жаудырады. Содан кейін кең жазықтар мен төбелерді көгертіп, жерді сан алуан көркем өсімдіктермен, көз тартар гүлдермен көмкереді. Нөсер жаңбырдан бұлақ-көздерді жарып шығарады. Сөйтіп құстарға, жәндіктерге, түз тағыларына, адамдар мен мал-жанға тіршілік береді.

➖Сондықтан дініне мойынсұнылатын, ал Оның дінінен өзге ешбір дінге шынайы бойсұнуға болмайтын Аллаһ қандай пәк! Бар болған нәрселердің сипаттарына ұқсамайтын, белгілі бір шекпен шектелмейтін Аллаһ қандай ұлық!

➖Сондай-ақ біз мырзамыз Мухаммадтің ﷺ Аллаһтың таңдаулы құлы, іріктелген пайғамбары, әрі ардақты елшісі екеніне куәлік етеміз.

➖Аллаһ оны бүкіл адамзатқа жіберді. Ол кезде адамдар пұттарға табынып, адасушылыққа бас ұрған еді. Бір-бірінің қанын төгіп, өз балаларын өлтіретін. Жолдарды қауіпті етіп, жұрттың жүріп-тұруына үрей салатын. Өмірлерін зұлымдық билеген, қауіпсіздіктері қорқынышқа айналған, абыройлары қорлыққа ұласқан болатын.

➖Сонда Мухаммад ﷺ рақым болып келді. Аллаһ бізді Ол ﷺ арқылы адасудан құтқарды, Ол ﷺ арқылы надандықтан тура жолға шығарды.

➖Біз, араб қауымы, халықтардың ішінде тұрмысы ең тар, дүние-мүлкі ең жұтаң жұрт едік. Тағамымыздың көбі - колоквинт (редьки) тектес ащы өсімдіктің майы мен дәні секілді жұпыны азықтар болатын. Киіміміздің көбі жүн мен теріден ғана еді. Соған қоса пұттар мен отқа табынатынбыз.

➖Содан кейін Аллаһ Мухаммадке ﷺ нұр шырағын беріп, оның ісін үстем етті. Сол нұрдың арқасында жердің шығысы мен батысы жарыққа бөленді. Кейін Аллаһ оны Өз құзырына алды.

➖Расында, біз Аллаһқа тәнбіз, әрі Оған қайтамыз. Уа, оның қазасы қандай ұлы қаза! Оның дүниеден өтуі қандай зор қайғы болды! Бұл қасіретте барлық мүміндер тең. Өйткені олардың оған қатысты қайғысы - бір, мұңы - ортақ 💔.

📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.

Canal:
https://t.me/taammul
☑️Умм 'Усманның мәуласы (азат етілген құл): Мен Хазіреті 'Алидің (رضي الله عنه) Куфадағы мінбер үстінде былай деп айтқанын естідім:

🔹إذا كان يوم الجمعة غدت الشياطين براياتها إلى الأسواق، فيرمون الناس بالترابيث أو الربائث -أي العلائق والعوائق -، ويذكرونهم الحوائج، ويثبطونهم عن الجمعة، وتغدو الملائكة براياتها فتجلس على أبواب المساجد، فيكتبون الرجل من ساعة، والرجل من ساعتين، حتى يخرج الإمام، فإذا جلس الرجل مجلسًا يستمكن فيه من الاستماع والنظر فأنصت ولم يلغ كان له [كفلان من أجر، وإن جلس حيث لا يسمع فأنصت ولم يلغ كان له] كفل من الأجر، وإن جلس مجلسًا يستمكن فيه من الاستماع والنظر فلغا ولم ينصت كان له كفل من الوزر، ومن قال يوم الجمعة لصاحبه: صه فقد لغا، ومن لغا فليس له في جمعته تلك شيء. ثم يقول في آخر ذلك: سمعت رسول الله صلى الله عليه وسلم يقول ذلك


🔹Жұма күні болғанда шайтандар өз туларымен базарларға ерте шығады. Олар адамдарды түрлі бөгеттермен, байланыстармен және кедергілермен әуре-сарсаңға салып, қажеттіліктерін естеріне түсіріп, жұма намазына барудан тежейді.

➖Ал періштелер де өз туларымен ерте шығып, мешіттердің есіктеріне отырады. Олар келген адамдарды имам мінберге шыққанға дейін: біреуін - бір сағат ерте келген деп, енді біреуін - екі сағат ерте келген деп жазып отырады.

➖Егер адам имамды көріп, әрі сөзін тыңдай алатын жерде жайғасып, үндемей тыңдап, бос сөзге берілмесе, оған екі үлес сауап жазылады.

➖Ал егер ол ести алмайтын жерде отырып, сонда да үндемей тыңдап, бос сөзге берілмесе, оған бір үлес сауап жазылады.

➖Егер адам имамды көріп әрі тыңдай алатын жерде отырып, бос сөз сөйлеп, хұибаны тыңдамаса, оған бір үлес күнә жазылады.

➖Ал кім жұма күні жанындағы адамға: "Тыныш бол!" десе, ол да бос сөз сөйлеген болады. Ал бос сөз сөйлеген адамның сол жұмасынан (толық сауаптан) еш нәрсе болмайды.

➖Сосын 'Али (رضي الله عنه) сөзінің соңында: "Мен бұны Аллаһ Елшісінің ﷺ айтқанын естідім",- деді.

📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.

Canal:
https://t.me/taammul
☑️'АбдуЛлаһ ибн Салих әл-'Ижли әкесінен: Бір күні 'Али ибн Әбу Талиб (رضي الله عنه) халыққа хұтба қылып, Аллаһқа мақтау-мадақтар айтып, Пайғамбарға ﷺ салауат жолдаған соң былай деді:

🔸Уа, Аллаһтың құлдары! Сендерді мына дүние тіршілігі алдап қоймасын. Өйткені ол - бәлекетпен қоршалған мекен, жоқ болып кететіні белгілі тұрақ, опасыздығымен танылған қоныс. Ондағының бәрі бір күні жоғалады. Оның халқының арасындағы игілік пен билік қолдан-қолға ауысып тұрады. Бұл дүниеге түскен ешбір жан оның жамандығынан аман қалмайды.

➖Бір кезде адамдар шаттық пен молшылықтың құшағында жүргендей көрінеді, бірақ аяқ астынан қиындық пен алданудың ортасына түседі. Бұл дүниедегі өмірдің өзі айыпты, ал оның рахаты мәңгі емес. Адамдар бұл дүниеде нысанаға алынған олжадай ғана. Дүние оларға өз оқтарын жаудырып, ажал соққысымен белдерін үзеді.

➖Уа, Аллаһтың құлдары! Сендер де бұл дүниеде өздеріңнен бұрын өткен адамдардың жолымен келе жатырсыңдар. Олар сендерден ұзақ өмір сүрді, күш-қуаты басым болды, қалалары көркейген еді, артында қалған іздері де алысқа жеткен болатын. Алайда бүгінде олардың дауыстары өшті, ұзақ уақыт сөйлеп-күліп жүрген тілдері үнсіз қалды. Денелері шіріп тозды, үйлері бос қалды, ал іздері жойылды.

➖Олар биік сарайлар мен сәнді мекендерді, жайылған төсек-орындар мен жұмсақ жастықтарды тастап, қабірлердегі тас пен жартасқа сүйенген тар орындарға көшті. Ол қабірлердің аулалары қирау үшін салынғандай, құрылыстары топырақпен көтерілгендей. Тұрағы жақын болғанымен, тұрғындары бөтенсіп кеткен. Олар бұрын халық көп мекендеген жерлердің арасында жатыр, бірақ өздері жалғыздықта. Айналасындағылар тіршілік қамымен жүргенімен, олармен ешкім байланыс орнатпайды. Бір-біріне өте жақын жатқанымен, көршілер сияқты араласпайды. Үйлері қатар тұрғанымен, бір-біріне қатынай алмайды.

➖Олар қалай аралассын?! Оларды тозу жаншып жіберді, тастар мен топырақ денелерін жеп қойды. Кеше ғана тірі жүргендер бүгін өлікке айналды. Балғын денелер сүйекке, кейін үгіндіге айналды. Жақындары олардан айырылып қайғырды. Өздері топырақ мекеніне қоныстанды. Олар көшіп кетті, енді қайтып оралу жоқ.

➖Қайдан болсын оралу?! "Жоқ! Бұл - оның айтатын ғана сөзі. Олардың артында қайта тірілетін күнге дейін бөгет - барзах бар¹".

➖Сендер де көп ұзамай олардың жеткен жеріне жеткендей боласыңдар: жалғыздыққа, тозуға, өлілер мекеніне барасыңдар. Сол қабір сендердің де тұрақтарыңа айналады, сол орын сендерді де құшағына алады.

➖Сонда не болмақ, егер барлық істердің ақыры келіп, қабірлер ақтарылып ашылса? Көкіректердегі барлық сырлар сыртқа шығарылса? Ұлы Патшаның алдында есеп үшін тұрғызылсаңдар?

➖Сол кезде бұрынғы күнәлардан қорыққан жүректер ұшып кетердей болады. Сендердің алдарыңнан перделер мен жамылғылар алынып, барлық кемшіліктерің мен құпияларың әшкереленеді.

➖Міне, сол күні: "Бүгін әрбір жан өз тапқанының қарымын алады²". "Аллаһ жамандық жасағандарға істегендерінің жазасын береді, ал жақсылық жасағандарды ең көркем сыймен марапаттайды³". "Кітап қойылады. Сонда қылмыскерлердің ондағы жазылғандардан қорыққанын көресің. Олар: "Қап бізге! Мына кітапқа не болған? Ол үлкенді де, кішіні де қалдырмай түгел санап жазып қойыпты!"- дейді. Олар істегендерінің бәрін алдарынан табады. Раббың ешкімге зұлымдық жасамайды⁴".

➖Содан кейін ол дұға жасап: Аллаһ бізді де, сендерді де Өз Кітабына амал етушілерден, Оның сүйікті құлдарының жолын ұстанушылардан етсін! Өз кеңшілігімен бізді де, сендерді де мәңгі тұрақ мекені болған Жәннатқа кіргізсін! Ақиқатында, Ол - аса Мақтаулы, аса Ұлық. Әмиин 🤍.

📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.

Canal:
https://t.me/taammul


1] "әл-Муминун" сүресі, 100-ші аят.
2] "әл-Ғафир" сүресі, 17-ші аят.
3] "ән-Нәджм" сүресі, 31-ші аят.
4] "әл-Кәһф" сүресі, 49-шы аят.
☑️Мүміндердің әміршісі Хазіреті 'Али ибн Әбу Талиб (كرم الله وجهه) бір күні халыққа хұтба қылып, Аллаһқа мақтау-мадақтар айтқаннан кейін былай деді:

🔹Ал енді: Шын мәнінде, дүние теріс айналып, кетуге бет алды және қоштасатынын жария етті. Ал ақырет болса бет бұрып келіп, көкжиектен көріне бастады. Бүгін - дайындық пен жаттығу алаңы, ал ертең - жарыс күні.

➖Біліп қойыңдар! Сендер қазір үміт күндерінде өмір сүріп жатырсыңдар, ал оның ар жағында ажал күтіп тұр. Кімде-кім үміт берілген осы күндерде, ажалы жетпей тұрып амалын толықтырмаса, өз еңбегін зая қылған болады. Сондықтан Аллаһқа деген үміттеріңде қалай құлшылық етсеңдер, Одан қорыққан кездеріңде де дәл солай құлшылық етіңдер.

➖Біліп қойыңдар! Мен Жәннатқа ұмтылған жанның ұйқыда жүргеніндей таңғаларлық нәрсе көрмедім. Сондай-ақ Тозақтан қашып құтылғысы келетін адамның да қамсыз жүргеніндей таңғаларлық нәрсе көрмедім.

➖Біліп қойыңдар! Кімге ақиқат пайда бермесе, оған жалғандық зиян келтіреді. Кімді тура жол түземесе, оны адасушылық сергелдеңге салады. Сендерге бұл дүниеден көшетіндерің хабарланды және сол сапарға қажетті азықтың қайда екені көрсетілді.

➖Уа, адамдар! Бұл дүние - көз алдарыңдағы өткінші бір игілік қана. Одан тақуа да, күнәһар да пайдаланады. Ал ақырет - ақиқат уәде. Онда үкім жүргізуші - Құдіреті шексіз Патша.

➖Біліп қойыңдар! Аллаһ Тағала былай деген: "Шайтан сендерді кедейлікпен қорқытады және арсыздыққа бұйырады. Ал Аллаһ сендерге Өз тарапынан кешірім мен кеңшілік уәде етеді. Аллаһ - кеңшілік иесі, бәрін Білуші¹".

➖Уа, адамдар! Өмірлеріңде ізгілік істеңдер, сонда арттарыңда қалатын ұрпақтарың да қорғалады. Өйткені Аллаһ Тағала Өзіне бойсұнғандарға Жәннатын уәде етті, ал қарсы келгендерге Отын әзірледі.

➖Ол сондай бір От:
• оның күрсінісі ешқашан басылмайды;
• тұтқыны босатылмайды;
• жараланғаны жазылмайды.
• Оның ыстығы аса қатты, түбі тым терең, ал сусыны - ірің.

➖Расында, мен сендер үшін ең қатты қорқатын нәрсе - нәпсіқұмарлыққа еріп кету және ұзаққа созылған бос қиялға берілу².

📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.

Canal:
https://t.me/taammulү


1] "әл-Бақара" сүресі, 268-ші аят.
2] Бұл хұтба әл-Муджаласа 4/116-121, Тарих Димашқ 42/497 және Кәнз әл-'Уммал 16/202-204 кітаптарында келген. әл-Мужаласа кітабының зерттеушісі (мухаққиқ) әд-Динәуәридің иснадына қатысты: "Әлсіз (бір жерде өте әлсіз деп келген). Өйткені Әуфа ибн Дәлһам мен 'Алидің арасында үзіліс (инқита') бар"- деп үкім берген. Содан кейін ол Ибн Кәсирдің әл-Бидәя уән-Ниһая (8/7) кітабындағы сөзін келтіреді: "Бұл хұтба - көркем, пайдалы, жақсылықтың көптеген қырларын қамтыған әрі жамандықтан тыятын уағыз. Оның мағынасын қуаттайтын басқа да жалғасқан жолдармен келген риуаяттары бар. Барлық мақтау мен нығмет Аллаһқа тән". Бұл хұтбаны көптеген ғалымдар өз еңбектерінде келтірген. Мухаққиқ олардың аттарын да атап өткен. Кім қаласа, оның бұл жөнінде жазғандарын қарап шығуына болады.
☑️әл-'Әлә ибн Зияд әл-А'раби: Әкемнің былай айтқанын естідім: Мүміндердің әмірі 'Али ибн Әбу Талиб (كرم الله وجهه) Куфа мінберіне көтерілді. Бұл оқиға бүліктер басылып, Нахрауан шайқасы¹ аяқталғаннан кейін болған еді. Ол Аллаһқа мадақ айтып, Оны дәріптеді. Сол кезде көңілін толқытқан мұң мен тебіреніс тамағына тығылып, көз жасына ерік берді. Сақалы көз жасынан малшынып кеткенше жылады. Жасы сақалынан төмен сырғып ақты. Кейін сақалын сілкіп қалғанда, оның тамшылары халыққа шашырады. Сонда біз өзара: Кімге оның көз жасының тамшысы тисе, Аллаһ оны тозақ отынан қорғайды,- деп айтқанбыз. Содан кейін ол былай деді:

🔸Уа, адамдар! Ақыретті ешбір амалсыз-ақ үміт ететіндердің қатарынан болмаңдар. Тәубені ұзақ арман мен жалған үмітке алданып кейінге қалдыратындардан болмаңдар. Олар:
• дүние жайында тақуаларша сөйлейді, бірақ іс жүзінде дүниеқоңыздардың амалын істейді.
• дүниеден бір нәрсе берілсе, ешқашан тоймайды; берілмесе, қанағат қылмайды.
• өзіне берілген нығметтің шүкірін өтеуге дәрменсіз келеді, бірақ қалғанына тағы да үстеме сұрайды.
• басқаларға жақсылықты бұйырады, бірақ өзі орындамайды; жамандықтан тыяды, бірақ өзі одан тыйылмайды.
• ізгілерді жақсы көреді, бірақ олардың амалдарын істемейді; залымдарды жек көреді, алайда өзі де солардың қатарында.
• нәпсісі оны күмәнді нәрселерге ертіп кетеді, бірақ анық ақиқатты білген істерде нәпсісін жеңе алмайды.
• байып кетсе - сынаққа (фитнәға) түседі; ауырып қалса - қайғырады; кедейленсе - үмітсіздікке беріліп, әлсірейді.
• ол күнә мен нығметтің арасында сенделіп жүреді:
• дерттен аман қалса - шүкір етпейді; сынаққа ұшыраса - сабыр сақтамайды.
• өлім тек өзгеге ғана жазылғандай өмір сүреді.
• ал уәде етілген сауап пен ескертілген жаза өзгеге ғана арналғандай әрекет етеді.

➖Содан соң ол адамдарға қарата былай деді: Уа, өлім жебелерінің нысанасына айналғандар!
• Уа, өлімнің тұтқындары!
• Уа, аурулардың мекені болған тән иелері!
• Уа, күндердің олжасы болған пенделер!
• Уа, заманның бір күйден екінші күйге көшіріп отыратын жолаушылары!
• Уа, уақыттың өткінші жемісі!
• Уа, өмір оқиғаларының тез сөніп қалатын сәулесі!
• Уа, дәлел-дәйек алдында тілсіз қалғандар!
• Уа, бүліктер мен сынақтардың ішінде қалып, ақиқатты танудан тосылып қалғандар! Ақиқатты айтып тұрмын: құтылған жан тек өзін танығаны үшін ғана құтылды; ал құрдымға кеткен жан өз қолымен өзін құрдымға жібергені үшін ғана құрыды.

➖Ұлы әрі Құдіретті Аллаһ былай дейді: "Уа, иман келтіргендер! Өздеріңді әрі отбасыларыңды отыны адамдар мен тастар болатын тозақ отынан қорғаңдар²".

➖Соңында ол былай дұға етті: Аллаһ бізді де, сендерді де насихатты естіп қабыл еткендердің, амалға шақырылғанда оған жауап беріп амал еткендердің қатарынан етсін. Әмиин 🤍.

📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.

Canal:
https://t.me/taammul

1] Халифаға және жақтастарына тәкфир қылған хариджиттерді қиратып тастаған шайқас. Бұның төңірегінде де алатын ғибрат көп негізі.
2] "әт-Тахрим" сүресі, 6-шы аят.
☑️Яхья ибн Я'мар: Хазірет 'Али ибн Әбу Талиб халыққа хұтба жасап, әуелі Аллаһқа мадақ айтып, Оны ұлықтады. Содан кейін былай деді:

🔹Уа, адамдар! Сендерден бұрынғы қауымдардың құрып кетуінің себебі - күнәға батуы еді. Оларды дін ғұламалары мен тақуа жетекшілері бұл істерден тыймады. Соның салдарынан Аллаһ оларға Өз жазасын түсірді. Ендеше, сендер де оларға түскен азап өздеріңе түспей тұрып, жақсылыққа бұйырыңдар және жамандықтан тыйыңдар.

➖Біліп қойыңдар: жақсылыққа бұйыру мен жамандықтан тыю ешкімнің ризығын кемітпейді және ешкімнің ажалын жақындатпайды. Расында, тағдыр мен несібе көктен жауған жаңбыр тамшылары секілді әрбір жанға түседі. Әр адамның отбасына, дүниесіне және өз басына қатысты артық-кем несібесі Аллаһтың белгілеген мөлшерімен жетеді.

➖Егер біреулеріңнің отбасысында, мал-мүлкінде н/е өз басында қандай да бір кемшілік не шығын болып, ал басқа біреудің нығметке бөленіп, кеңшілік ішінде өмір сүріп жатқанын көрсеңдер, ол сендер үшін сынаққа әрі қызғанышқа себеп болмасын.

➖Содан кейін ол мұсылманның жағдайын бейнелеп былай деді: Өйткені мұсылман адам ар-намысына дақ түсіретін, айтылған кезде өзі ұялатын, әрі жаман адамдардың оны сөз қылуына себеп болатын төмен қылықтардан аулақ болса, ол ұтып отырған құмарпаз¹ секілді болады. Ол қолындағы ұтыс таяқшаларынан өзіне пайда әкелетін әрі зияннан құтқаратын келесі жеңісті ғана күтеді.

➖Сол сияқты, аманатқа қиянат жасаудан таза болған мұсылман да әрдайым екі игіліктің бірін күтеді. Егер Аллаһқа дұға етсе, онда: не Аллаһтың қасында дайындалған сауап пен сый оған нәсіп болады - ал ол өзі үшін әлдеқайда қайырлы; н/е Аллаһ оған дүние-мүлік береді де, ол отбасы мен дәулет иесіне айналады. Өйткені егін екі түрлі болады:
• бірі - дүние егісі, ол мал-мүлік пен балалар;
• екіншісі - ақырет егісі, ол ізгі амалдар. Аллаһ кейбір адамдарға осы екеуін де бірге нәсіп етеді².

📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.

Canal:
https://t.me/taammul


1] Бұл сөздердің мағынасы мынадай: Мұсылман адам арын былғайтын, ел ішінде масқара болатын істерден сақтанса, ол екі дүниенің де игілігіне үміткер болады. Оның жағдайы ойында ұтып отырған адамның жағдайына ұқсайды: ол енді тек жаңа жеңісті ғана күтеді. Сол сияқты шынайы мұсылман да екі жақсылықтың бірінен құр қалмайды:
• не ақыреттегі мәңгілік сыйға жетеді;
• не дүние мен ақыреттің игілігін қатар көреді. Сондықтан оның дүниедегі қандай да бір несібеден қағылып қалғанына қатты өкінуіне себеп жоқ. Өйткені дүние бақыты қолынан кетсе де, ақыреттегі үлесі жоғалмайды. Ол ризықтың бәрі Ризық Беруші Аллаһтың өлшемімен бөлінетінін біледі. Сол себепті Аллаһ біреуге нәсіп еткен несібе үшін ешкімге қызғанышпен қарамайды (Шейх Мухаммад 'Абдоның Нахдж әл-Бәлағаға жазған шархынан).

2] Хұтбаға қатысты Суфьян ибн 'Уяйна: "Мұндай сөздерді 'Алиден басқа тағы кім осыншалық көркем әрі терең етіп айта алар еді?"- дегені бар екен.