𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
958 subscribers
1.02K photos
110 videos
212 files
2.26K links
السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!

📝бот: https://t.me/taammul_bot

‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/tabahhurr

Анонимді сауал жолдау сілтемесі:
🔗t.me/anonaskbot?start=istiftaa
Download Telegram
● Жиырма алтыншы хадис: 'Имран ибн Хусайн (رضي الله عنه): Бір күні ол Құран оқып отырған бір кісінің жанынан өтті. Әлгі адам оқып болған соң адамдардан бір нәрсе сұрай бастады. Сонда 'Имран: "Иннә лиЛләһи уә иннә иләйһи раажиғун⁵²",- деп, өкініш білдірді. Сосын былай деді: Мен Аллаһ Елшісінің ﷺ былай дегенін естідім:
من قرأ القرآن، فليسأل الله به، فإنه سيجيء أقوام يقرأون القرآن يسألون به الناس.

“Кім Құран оқыса, сол арқылы Аллаһтан сұрасын. Өйткені кейін сондай қауымдар келеді: олар Құран оқып, сол арқылы адамдардан дүние сұрайтын болады⁵³”.

• Имам әт-Тирмизи риуаят⁵⁴ етіп: "Хасан хадис",- деген.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


52] Яғни, ол: "Шын мәнінде, біз Аллаһқа тиесіліміз және Оған қайтамыз" деді. Бұлай деуінің себебі - қаридың (Құран оқушының) Құранды пайдаланып адамдардан нәпақа сұрау сынды бақытсыздыққа тап болуы н/е 'Имранның осындай жиіркенішті жағдайды көріп, соған куә болу арқылы сыналуы. Бұл - нағыз қайғы (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).

53] Аллаһтан сол (Құран) арқылы сұрасын" дегені - Құранның құрметімен Аллаһ Тағаладан дүние мен ақыреттің қалаған жақсылығын тілесін деген сөз. Сондай-ақ, бұл "егер рақым (мейірім) аяттарын оқыса, Аллаһтан мейірім сұрасын, ал азап аяттарын оқыса, сол арқылы Аллаһтан пана тілесін" дегенді білдіреді. Не болмаса, Құран оқып болғаннан кейін Пайғамбарымыздан ﷺ жеткен дұғалармен тілек тілеуі керек (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).

54] Имам Ахмад та риуаят еткен.
● Жиырма жетінші хадис: Әбу Һурайра (رضي الله عنه): Аллаһ Елшісі ﷺ:
ليس منا من لم يتغن بالقرآن.

Құранды көркем дауыспен⁵⁵ оқымайтын адам бізден емес.

• Имам әл-Бухари риуаят еткен. Сондай-ақ Ахмад, Әбу Дәуд, Ибн Хиббан және әл-Хаким Са'дтан да риуаят еткен. Ғалымдардың көпшілігі бұл хадистегі "тәғанна" сөзін: "Құранды әсем дауыспен оқу" деп түсіндірген. Ал кейбір ғалымдар: "Құран арқылы өзгенің дүниесіне мұқтаж болмау, онымен қанағаттану" деген мағына берген.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


55] Бұл жердегі мақсат - кімде-кім Құранды көркем дауыспен оқымаса біздің жолымызбен, сүннетімізбен жүрушілерден емес. Өйткені, көркем дауыс жанға қаттырақ әсер етеді, тыңдауға ыңғайлы, әрі зейінді баурап алады. Бұл жердегі басты шарт - (дауысты көркемдеймін деп) сөз жүйесін бұзбау, әріптерді жасырып қалмау н/е артық әріп қоспау. Олай істеу бірауыздан (ижма' бойынша) харам болып табылады. Ибн Әбу Муләйкә айтқан: "Егер адамның дауысы табиғатынан көркем болмаса, оны барынша жақсартуға тырыссын". Әбу 'Убайд "йатәғанна" сөзіне "қанағаттану (бай болу)" деп тәпсір беріп: "Бұл араб тілінде рұқсат етілген мағына",- деді. Ал Бухари болса, бұл сөзді "басқа кітаптардан тыйылып, тек сонымен (Құранмен) қанағаттану" деп таңдаған. Тағы бір пікірде: "Мақсат - кімге Құран иман тұрғысынан жеткілікті болмаса, ондағы уәделер мен ескертулерге сенбесе..." және т.б. делінген. Ибн әл-Жәузи "йатәғанна (يتغنى)" сөзінің мағынасы туралы төрт түрлі пікірді атап өткен:
• Біріншісі: Дауысты көркемдеп оқу.
• Екіншісі: Қанағаттану (басқа нәрсеге мұқтаж болмау).
•Үшіншісі: Мұңданып оқу (әл-Шафиғи айтқан).
•Төртіншісі: Онымен шұғылдану. Арабтар бір жерде тұрақтап қалса "тәғанна бил-мәкән" дейді. Хафиз айтады: Ибн әл-'Анбари "әз-Заһир" еңбегінде тағы бір пікірді келтірген: "Мұндағы мақсат - Құраннан ләззат алу, оны жағымды санау, тура әншілердің әннен ләззат алатыны сияқты". Тағы бір жақсы пікір бар: Бұл - адамның Құранды өзінің тұрақты әдетіне (серігіне) айналдыруы. Саяхатшының әнді өзіне серік еткені сияқты. Ибн әл-'Араби айтады: "Арабтар түйеге мінгенде, аулаларында отырғанда н/е көптеген істерінде әндетіп (өлең айтып) жүретін. Құран түскенде, Пайғамбарымыз ﷺ олардың ән айтқанның орнына Құранды серік еткенін қалады". Ең дұрысын Аллаһ Тағала біледі (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).
● Жиырма сегізінші хадис: Бурайда (رضي الله عنه): Аллаһ Елшісі ﷺ:
من قرأ القرآن يتأكل به الناس، جاء يوم القيامة ووجهه عظم ليس عليه لحم.
Кім Құранды адамдардан дүние табу үшін оқыса, Қиямет күні оның жүзі ешбір ет қалмаған құр сүйек қана болып келеді⁵⁶.
• Әл-Бәйһақи риуаят⁵⁷ еткен.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal: https://t.me/taammul

56] Яғни, оны (дінді н/е білімді) дүниелік билеушілерге қол жеткізу үшін сылтау және құрал қылды. Кімде-кім солай істесе, Қиямет күні қорлықпен жазаланады және осы қорлық пен төмендікті көрсететін бейнеде келеді (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).

57] "Шу’абта": әл-Мунауи "Файд аль-Қадир" еңбегінде (6/196) былай деген: Ибн Әбу Хатим: "Аллаһ Елшісінің ﷺ хадистерінің ішінде бұның негізі жоқ", - деді. Ибн әл-Джаузи былай деді: "Оның ішінде (жеткізушілер тізбегінде) 'Али ибн Қадим бар, оны Яхья әлсіз (сенімсіз) деп санаған. Сондай-ақ Ахмад ибн Дәмбир де бар, оны әл-Дарақутни әлсіз деген. әз-Зәһәби оны "хадистері алынбайтындардың (мәтрук) тізіміне қосқан және: "Оны Ибн Ма’ин әлсіз деп атаған, ол шектен шыққан шиит болған",- деді. Шейх әл-Альбани "Да'иф әл-Джами’" жинағында (5775) бұл хадисті: "Ойдан шығарылған (мәуду’)",- деп бағалаған (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).
● Жиырма тоғызыншы хадис: 'Айша анамыз (رضي الله عنها): Аллаһ Елшісі ﷺ:
قراءة القرآن في الصلاة أفضل من قراءة القرآن في غير الصلاة،

Намаздағы Құран оқу - намаздан тыс уақытта Құран оқудан артық.

وقراءة القرآن في غير الصلاة أفضل من التسبيح والتكبير،

Намаздан тыс уақытта Құран оқу - тәсбих пен тәкбир айтудан артық.

والتسبيح أفضل من الصدقة،

Тәсбих айту⁵⁷ - садақа беруден артық.

والصدقة أفضل من الصوم،

Садақа беру - оразадан артық.

والصوم جنة من النار.

Ал ораза - тозақтан қорғайтын қалқан⁵⁸".

• Имам әд-Дарақутни "әл-Әфрад" еңбегінде және әл-Бәйһақи "Шу'абул-иман" кітабында риуаят еткен.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


57] "уәт-Тәсбих (және тәсбих айту)" сөзі қолжазбада жоқ, оны "әл-Жами' ас-Са"ир" жинағынан алдық.
● Отызыншы хадис: Аус ибн Әби Аус әс-Сақафи (رضي الله عنه) жеткізген риуаятта:
قراءة الرجل القرآن في غير المصحف ألف درجة، وقراءته في المصحف تضاعف على ذلك إلى ألفي درجة.

Адамның Құранды жатқа оқуы үшін мың дәреже сауап бар. Ал Құранды мусхафқа (Құран кітабына) қарап оқуының сауабы бұдан да еселеніп, екі мың дәрежеге жетеді⁵⁸.
• ат-Табарани және әл-Бәйһақи риуаят еткен.
📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


58] әл-Мунауи: Құранды (кітаптан) қарап оқу - оған қарау, оны ұстау, қолға алу, сондай-ақ мағынасына терең бойлап, одан ғибрат алуға мүмкіндік беретіндігімен артық саналды (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).
● Отыз бірінші хадис: 'АбдуЛлаһ ибн 'Амр ибн әл-'Астан (رضي الله عنهما) жеткен риуаятта:
اقرإ القرآن في كل شهر، اقرأه في عشرين ليلة، اقرأه في عشر، اقرأه في سبع، ولا تزد على ذلك.

Құранды бір айдың ішінде толық оқып шық.

Оны жиырма түнде оқып шық.

Оны он күнде оқып шық.

Оны жеті күнде оқып шық. Бірақ бұдан да жылдам оқуға тырыспа⁵⁹.

• Бұл хадисті имам әл-Бухари, имам Муслим және Әбу Дәуд риуаят⁶⁰ еткен.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


59] Бұл хадисте бір күн мен бір түнде оқылуы тиіс ең аз мөлшердің баянына дәлел бар. Әбу Дәуд (1349), Тирмизи және Нәсәи келтірген Ибн 'Амрдың хадисінде ең аз мөлшер - қырықтан бір бөлігі (джуз) екені айтылған. Бұл Исхақ ибн Раһауайһ пен ханбалилерден жеткен пікір. Алайда, Бухари бұл баптың хадисіне "Құран қанша уақытта оқылады?" деген тақырып беріп, соңынан Аллаһ Тағаланың: "Құраннан жеңіл келгенін оқыңдар" деген сөзін келтірген. Демек, бұл олардың айтқандарынан да аз. Кімде-кім нақты бір шектеу бар десе, оған дәлел келтіруі керек. Хадисте: "Кімде-кім "әл-Бақара" сүресінің соңғы екі аятын бір түнде оқыса, оған жеткілікті болады" делінген. Сондай-ақ, Құранды оқудың ең аз мерзімі жеті күн екені туралы да баян бар. Әбу Дәуд (1348), Тирмизи, Нәсәи және Ибн Мәжә келтірген Ибн 'Амрдың хадисінде (Тирмизи бұл хадисті хасан-сахих деген): "Құранды үш күннен аз уақытта оқыған адам оны түсінбейді" делінген (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).

60] Хадис мұнда қысқаша келтірілген, оның мәтіні: "Құранды бір айда оқып шық",- деді. Ол: "Менің күш-қуатым жетеді...",- деді (хадистің соңына дейін). Онда сан айтылғаннан кейін: "Шын мәнінде, менің күш-қуатым жетеді",- делінген. Фатх аль-Бари (9/95), Муслим (3/162-163), "Өмір бойы ораза тұтуға тыйым салу..." бабы, Мухтасар Әби Дәуд (1342). Айтарым: Оны ән-Насаи де шығарған (4/210), "Бір күн ораза ұстап, бір күн ауыз ашу" бабы. Сондай-ақ Ибн Маджа (1346) осыған ұқсас нұсқасын келтірген. Бұл хадисті әс-Суюти мен әл-Мунауи 'АбдуЛлаһ ибн 'Умар ибн әл-Хаттабтың хадистерінен деп санаған, бірақ дұрысы - бұл 'АбдуЛлаһ ибн 'Амр ибн әл-'Астың хадисі. Аллаһ Тағала жақсырақ білуші (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).
● Отыз екінші хадис: 'АбдуЛлаһ ибн 'Амр (رضي الله عنهما): Аллаһ Елшісі ﷺ:
اقرإ القرآن ما نهاك، فإذا لم ينهك فلست تقرأه.

Құранды сені (күнәдан) тыйып тұрғанында оны оқи бер. Ал егер ол сені тыймаса, онда сен Құранды шынайы түрде оқып жүрген жоқсың⁶¹.

• Әд-Дәйләми "Муснад әл-Фирдаус" кітабында риуаят еткен.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


61] Мағынасы: Кімде-кім Құранды сырттай көркем оқуып, бірақ іштей терең ой жүгіртіп, мағынасын түсінумен бет бұрмаса және оның үкімдеріне амал етіп, тыйымдарынан тыйылмаса, ол Құранды тиісті деңгейде оқушы болып саналмайды. Ал ат-Табарани келтірген хадиске келетін болсақ, оның мәтіні: "Қаншама фиқһты (білімді) алып жүрушілер бар, бірақ өздері фақиһ (терең түсінуші) емес. Кімге білімі пайда бермесе, надандығы зиян келтіреді. Құран оқыңдар... (хадистің соңына дейін)" .әс-Суюти: "Әлсіз (даиф) хадис",- деген. әл-Мунауи: "әл-Мунзири: оның ішінде Шахр ибн Хаушаб бар (сенімділігіне қатысты сөз бар жеткізуші)",- деген. Шейх әл-Альбани "Даиф әл-Жами’" жинағында (3089): "Әлсіз (даи'ф)",- деп айтқан.
● Отыз үшінші хадис: Бурайда (رضي الله عنه): Аллаһ Елшісі ﷺ:
اقرأوا القرآن بالحزن، فإنه نزل بالحزن.

Құранды мұң мен ықыласқа толы көңіл-күймен оқыңдар. Өйткені ол мұңмен (жүректерді толқытатын, ойландыратын үндеумен) түскен⁶².

• Әбу Я'ла, ат-Табарани "әл-Аусат" кітабында және Әбу Ну'айм "әл-Хилья" еңбегінде риуаят⁶³ еткен.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


62] Мағынасы: Құранды нәзік дауыспен, қорқынышпен және жылағандай кейіпте, мұңды дауыспен оқыңдар. Ибн Хаджар былай деген: "Әбу Дәуд жақсы (хасан) иснадпен Әбу Хурайрадан жеткізген: "Ол ﷺ бір сүрені оқығанда, оны жоқтауға ұқсатып мұңмен оқыды". Шүбәсіз, бұл жүректің жұмсаруына көбірек әсер етеді. Расында, Құран қайғы-мұңмен түскен: яғни, ол кәпірлердің адасушылық пен жала жабуда жүргендері үшін оларға ажал хабарын жеткізуші ретінде түсті; оларды адасулары мен шектен шығуларының соңы не болатынын айтып ескертті. Оқу кезінде мұңды таңдаудың себебі: оқырман Құрандағы қатаң ескертулерді, уәделерді және соңғы нәтижені ой елегінен өткізуі тиіс. Сондай-ақ, өзінің қателіктері мен күнәларын ойлап, өз жаны үшін жылауы керек (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).

63] "әл-Жами' ас-Са'ир (1335)": әс-Суюти оның әлсіздігіне ишара еткен. әл-Мунауи "Файд әл-Қадир" кітабында (2/63) былай деген: "Автор (әс-Суюти) оның әлсіздігін толтыру үшін оны (хадисті) шығарғандарға көбірек ишара жасауы керек еді. Оны әл-'Уқайли "ад-Дуафа (әлсіз жеткізушілер)" кітабында, Ибн Мардауайх өзінің тәпсірінде және т.б. келтірген. Қараңыз: "әл-Маджма' (7/169-170)". әл-Хайсәми былай деді: "Оның ішінде Исма'ил ибн Сайф бар, ол - әлсіз". Ал "әл-Мизан" кітабында Ибн 'Адидің: "Ол хадистерді ұрлайтын (басқаның атынан айтатын) еді",- дегені айтылған. "әл-Лисан" кітабында әл-Баззар оның әлсіздігін айтқан. әл-Мунауи айтты: "Оның ішінде 'Аун ибн 'Амр бар, оны әз-Захаби "ад-Дуафа" кітабында атап өткен. Ибн Ма'ин ол туралы: "Ол ештеңе емес (сенімсіз)",- деген. Қараңыз: "Хильят әл-аулия (6/196)". Мен (автор) айтамын: ат-Табаранидегі Ибн 'Аббастан жеткен мына хадис оны қуаттайды: "Адамдардың ішіндегі Құранды ең көркем оқитыны - оқыған кезде мұңайып (жүрегі езіліп) оқитыны". әл-Хайсәми (7/170) бұл туралы: "Оның ішінде Ибн Лахиға бар, ол хадисі жақсы (хасан), бірақ оның бойында әлсіздік бар",- деген (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).
❕Аллаһ Тағалаға мадақтар болсын!
аударма толықтай бітті.
ертең кешке дейін каналға салынып шығады, ин шәәАллаһ.
● Отыз төртінші хадис: Жундуб (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген риуаятта, Аллаһ Елшісі ﷺ былай деген:
اقرأوا القرآن ما أتلفت عليه قلوبكم، فإذا اختلفتم فيه فقوموا.

Жүректерің бірлік тауып, ықыласпен қабылдап тұрған кезде Құран оқыңдар. Ал егер оның төңірегінде келіспеушілікке түссеңдер, онда тоқтаңдар⁶⁴.

• Имам Ахмад, әл-Бухари, Муслим және ән-Нәсаи риуаят⁶⁵ еткен.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


64] Мағынасы: Құранды сергек кезіңізде, түсінуге, зерделеуге және ұғынуға дайын болғанда оқыңыздар. Және бұл іске жүректеріңіз толық берілгенше жалғастырыңыздар. Егер бойларыңызды зерігу билеп, тек тілдеріңізбен ғана оқып, ал жүректеріңіз басқа жаққа бұрылып кетсе, онда тұрып кетіңіздер де, оқуды жүректеріңіз қайтадан соған ұйығанша тоқтата тұрыңыздар (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).

65] Имам әд-Дәрими де риуаят еткен.
● Отыз бесінші хадис: Әбу 'Умәма (رضي الله عنه): Пайғамбарымыз ﷺ:
اقرأوا القرآن، فإن الله تعالى لا يعذب قلبا وعى القرآن.

Құран оқыңдар! Ақиқатында, Аллаһ Тағала Құранды жаттап, жүрегіне сақтаған жүректі азаптамайды⁶⁶.

• Таммам риуаят⁶⁷ еткен.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


66] Құранды сақтаған: оны жаттау, мағынасына үңілу (тәпсірлеу) және ондағы нәрселерге амал ету. Сәһл былай деді: "Аллаһты жақсы көрудің белгісі - Құранды жақсы көру. Құранды жақсы көрудің белгісі - Пайғамбарды ﷺ жақсы көру. Пайғамбарды ﷺ жақсы көрудің белгісі - Сүннетті жақсы көру. Сүннетті жақсы көрудің белгісі - Ақыретті жақсы көру. Ақыретті жақсы көрудің белгісі - дүниені жек көру (оған байланбау). Ал дүниені жек көрудің белгісі - одан тек өзіне жетерлік қажеттісін ғана алу".

67] Имам әд-Дәрими де риуаят еткен.
● Отыз алтыншы хадис: Әнас ибн Мәлик (رضي الله عنه): Аллаһ Елшісі ﷺ:
القرآن غنى لا فقر بعده، ولا غنى دونه.
Құран - сондай бір байлық: оны иеленгеннен кейін кедейлік болмайды. Ал одан айырылған адам үшін шынайы байлық жоқ⁶⁸.
• Әбу Я'ла риуаят еткен.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal: https://t.me/taammul


68] Мағынасы: Құран - мүміннің жүрегі үшін байлық. Кім оған еріп, оның үкімдерін ұстанса, өзге үкімдерге мұқтаж болмайды. Оның нұрымен апаттардан (құрдымнан) жол табады, ал басқа ештеңе оның орнын баса алмайды. Сондай-ақ, бұл жердегі мақсат - материалдық (көзге көрінетін) кедейліктен арылуды білдіруі де мүмкін. Оқиға: әл-Ғазали былай дейді: "Бір кісі 'Умардың (رضي الله عنه) есігінің алдынан кетпей жүреді. Сонда 'Умар оған: "Әй, пенде! Сен 'Умарға хижрет жасадың ба, әлде Аллаһқа ма? Құран үйрен, ол сені менің есігіме мұқтаж болудан құтқарады",- дейді. Әлгі кісі көзден таса болып, 'Умар оны жоғалтып алады. Кейін оны құлшылық үстінде тауып: "Сені бізден не алыстатты?",- деп сұрайды. Ол: "Мен Құран оқыдым, ол мені 'Умарға мұқтаж болудан құтқарды",- деп жауап береді. 'Умар: "Одан не таптың?",- дегенде, ол: "Сендердің ризық-несібелерің де, сендерге уәде етілген нәрселер де көкте ("әз-Зәрият" сүресі, 22-ші аят)"- деген аятты оқиды. Мұны естіген 'Умар (رضي الله عنه) жылап жіберді.
● Отыз жетінші хадис: 'Умар ибн әл-Хаттаб (رضي الله عنه): Аллаһ Елшісі ﷺ:
القرآن ألف ألف حرف، وسبعة وعشرون ألف حرف، فمن قرأه صابراً محتسباً كان له بكل حرف زوجة من الحور العين.

Құранда бір миллион жиырма жеті мың әріп бар. Кім оны сабыр сақтап, сауабын Аллаһтан үміт етіп оқыса, әрбір әрпі үшін оған хор қыздарынан бір жұбай беріледі.

• ат-Табарани "әл-Аусат" кітабында риуаят⁶⁹ еткен.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


69] Менің айтарым: "Мизанда" былай делінген: "Ол жалған (батил) хабарда тафарруд қылған". Осы хабарды келтіре отырып, ат-Табарани: "Бұл тек осы иснадпен (тізбекпен) ғана жетеді",- деді. әс-Суюти оның әлсіздігіне нұсқаған. Ал шейх әл-Албани "Да'иф әл-Жами'" (4317)" жинағында бұл туралы: "Ойдан шығарылған (мауду')",- деп айтқан.
● Отыз сегізінші хадис: Бір кісі Пайғамбарымыздан ﷺ риуаят еткен хадисте былай делінеді:
القرآن هو النور المبين، والذكر الحكيم، والصراط المستقيم.

Құран - анық нұр. Даналыққа толы ұлық зікір. Тура жолдың өзі⁷⁰.

• әл-Бәйһақи риуаят еткен.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


70] Анық Нұр (ән-Нур әл-Мубин): Тура жолға түсу үшін қажет болатын жарық. Хикметке толы Зікір (әз-Зикр әл-Хаким): Сонымен еске алатын, яғни ғибрат алатын нәрсе. "әл-Хаким" - оның аяттары нық бекітілген дегенді білдіреді. "Аяттары нық бекітілген, содан кейін Хаким (хикмет Иесі), Хабир (бәрінен Хабардар) тарапынан егжей-тегжейлі түсіндірілген Кітап (Хұд сүресі, 1-аят)" (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).
● Отыз тоғызыншы хадис: 'Али ибн Әбу Талиб (رضي الله عنه): Аллаһ Елшісі ﷺ:
القرآن هو الدواء.

Құран - шипа⁷¹.

• әл-Қудағи риуаят⁷² еткен.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


71] Мағынасы: Құран - жүректің барлық ауруларына: бұзық сенімдер мен өлтіруші күмән-күдіктерге шипа болатын дәрі. "Біліп қойыңдар, жүректер Аллаһты еске алумен ғана тыныштық табады". Сондай-ақ, Құран Кәріммен руқия (дем салу) жасау арқылы тән ауруларына да шипа болады. "Біз Құраннан шипа болатын нәрселерді түсіреміз" (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).

72] Ибн Мәжә 3501 және 3533 хадистерінде "Емнің ең қайырлысы - Құран" деген сөзбен жеткізген. Оның ішінде әл-Харис әл-Аъуар есімді әлсіз жеткізуші бар (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).
● Қырықыншы хадис: Әнас ибн Мәлик (رضي الله عنه): Аллаһ Елшісі ﷺ:
أهل القرآن عرفاء أهل الجنة.

Құран иелері - жәннат тұрғындарының басшылары әрі жол көрсетушілері⁷³.

• ад-Дия әл-Мақдиси риуаят еткен.

☑️ Кітаптың авторы (رحمه الله) былай дейді:
تم أحاديث الأربعين، والله حسبي، ونعم المعين.

Қырық хадис трлықтырылды. Маған Аллаһ жеткілікті. Ол қандай жақсы Қамқоршы, әрі қандай жақсы Жәрдемші!
📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


73] Әһл әл-Қуран: Яғни, оны жаттаған және үкімдеріне амал ететіндер. 'Урафа (басшылар): Яғни, көсемдер мен жетекшілер. "'Ариф (басшы)" - имамның қол астындағы адам, оның сұлтаннан (биліктен) үлесі бар. әл-Мунауи айтты: "Бұл жерде жәннатта да имамдар (көшбасшылар) мен 'урафалар (басшылар) болатыны айтылған. Имамдар - пайғамбарлар, олар қауымның имамы, ал олардың басшылары (араларындағы танымалдары) - қарилар (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).
● كلمة العبد الفقير إلى رحمة الله تعالى وعفوه، نياز (هبة الله) أبي فخر الدين، مترجم هذا الكتاب، خريج أكاديمية دار الفلاح تخصص الفقه والإفتاء: ومن فضل الله تعالى وتوفيقه أن يسّر لنا ترجمة هذه الرسالة الصغيرة حجما، العظيمة معنى ومضمونا، راجين أن تجد مكانها في مجالس التربية والتوجيه في بيوتنا وبيوت إخواننا المسلمين، وأن تكون زادا لكل من أراد أن يفتح قلبه لمحبة القرآن الكريم ويتعرّف إلى فضائله وآدابه. ونسأل الله تعالى، مُسبغ النعم ومتمّمها، أن يجعلنا من أهل القرآن الذين يتلونه حق تلاوته، ويفهمون معانيه، ويعملون بأحكامه، وينالون شفاعته يوم القيامة. كما نسأله سبحانه أن يجعل القرآن الكريم شفاء لقلوبنا، ودواء لما يعرض لها من الشكوك والجهالات، وعلاجا لأدوائها الروحية وآفاتها الباطنة. آمين. وحقّا، إن القرآن الكريم ليس كلام بشر، وإنما هو كلام الله رب العالمين، ومصدر السعادة والطمأنينة، لا مصدر المشقة والعناء. ومهما اختلفت الأحوال والظروف، ومهما تعاقبت الأزمنة وتبدّلت الأوضاع، فإن العبد إذا أحسن صلته بالقرآن الكريم، فليوقن أن صاحب هذا الكلام العظيم لن يتركه سدى، بل يمدّه بعونه وتوفيقه، ويأخذ بيده إلى دروب النجاح والفلاح، حتى يكون من أهل السعادة في الدنيا والآخرة، ومن الفائزين برضا الله تعالى وجناته. والله وليّ التوفيق، وهو حسبنا ونعم الوكيل.

📜
١٧ ذو الحجة، يوم الأربعاء، ١٤٤٧ ه.

● Аллаһ Тағаланың мейірімі мен кешіріміне мұқтаж құл, осы кітаптың аудармашысы, Нияз (ҺибатуЛлаһ) Әбу Фахр әд-Дин, Дар әл-Фәлах академиясының фиқһ және ифта мамандығының түлегінен: Өзіміздің және өзгелердің шаңырағындағы тәлім-тәрбие мәжілістерінде, әрі Құран Кәрімге махаббатын ашқысы келген әрбір жанның алдынан табылсыншы деген ниетпен көлемі шағын, қамтыған мағынасы ауқымды кітапшаны аударуға тауфиқ берген Нығметін толық жеткізуші Аллаһу Тағала баршамызды жүректердің шипасы, күмән мен надандықтың емі, рухани аурулардың дауасы болған Құран Кәрімді оқитын, оны түсінетін, оған амал ететін және Қиямет күні Құранның шапағатына бөленетін құлдарының қатарынан етсін. Әмиин. Расында Құран Кәрім - пенденің емес Аллаһтың сөзі. Машақаттың емес рахаттың көзі. Қайсы бір уақытта, қандай жағдайда да болмасын Құран Кәріммен байланыс қылсақ онда білейік, ол Кәламның Иесі байланысымызды аядан тыс жерде қалдырмайды, әрі біз жетістіктің жеңінен ұстап, бақыттың шыңын бағындыратындардың қатарынан табылатынымыз сөзсіз! Аллаһ - табысқа жеткізуші әрі игілікке бастайтын Жалғыз Ие. Ол бізге жеткілікті, әрі қандай жақсы Қамқоршы!

📜17-ші Зул-Хижжа, сәрсенбі, 1447 һ.ж.

Canal:
https://t.me/taammul
Audio
🎙Талақты уақытқа қатысты қылып беру.

📚 әл-Һидая лил-Имам әл-Марғинани.
Audio
🎙Әйеліне "Мен сенен талақпын" десе бөлімі.

📚 әл-Һидая лил-Имам әл-Марғинани.
Audio
🎙Талақты теңеу арқылы айту және оның сипаты туралы бөлім.

📚 әл-Һидая лил-Имам әл-Марғинани.