☑️من وسع على عياله في يوم عاشوراء وسع الله عليه السنة كلها
☑️Кімде-кім 'Ашура күні отбасына кеңшілік қылса, онда Аллаһ Тағала оған жыл бойына кеңшілік етеді.
❕хадистің асылы бар және әлсіз болғанымен бірнеше жолдан жеткен.
Canal: https://t.me/taammul
➖لأن المقصود الأصلي من النكاح الولد وقصد الولد بالوطء يدل على استبقاء الملك في الموطوءة صيانة للولد أما الأمة فالمقصود من وطئها قضاء الشهوة دون الولد فلا يدل على الاستبقاء.
➖Өйткені некенің негізгі мақсаты - бала сүю. Сондықтан әйелмен жақындасу арқылы бала сүюді көздеу - сол әйелге қатысты некені (иелікті) сақтап қалуды білдіреді. Бұл баланың тегі сақталуы үшін қажет. Ал күңге келсек, онымен жақындасудағы негізгі мақсат - бала сүю емес, шәһуатты қанағаттандыру. Сондықтан мұндай жақындасу оны иелікте қалдыруды білдірмейді.
📚әл-Һидая.
☑️Мән бергізгім келген нәрсе "Күңмен жақындасудағы негізгі мақсат - шәһуатты қанағаттандыру, бала сүю емес" деген тұсы. Қазіргі таңда өздеріне күң іздегендер біршама. Әрбір азат әйел заты өзіне берілген ардақтылықты қадір тұтып, күң әйелдің сипатына өтуіне жол бермесін!
Canal: https://t.me/taammul
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
➖Неге дәрістерді толық жүктемейсіз?
☑️ толыққанды тыңдау үшін күніне төрт бес сағат уақытын тұрақты бөлуге даяр тыңдарман жоқ ау сірә..

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
Voice message
☑️ Ілімнің өлшемі - оқылған/жатталған кітаптың саны емес, өзгерген жүрек пен түзелген амал.
Бүгінгі күні кітапты көп оқығанды ілімнің шыңы деп қабылдайтындар көбейді. Алайда шынайы ілімнің жемісі - тақуалық, көркем мінез және әдеп. Егер ілім адамның тәкаппарлығын арттырып, өзгелерді менсінбеуге, дау-дамай мен айыптауға итермелесе, онда оның жүрекке толық орнықпағанын аңғартады. Сондықтан өзін "толибпын", "ұстазбын" деп танытатын кейбір жандардың бойынан діндарлықты, тіпті ілімнің жартысы саналатын қарапайым әдепті де көре алмай жатамыз. Өйткені амалсыз ілім - дәлел ғана, ал амал етілген ілім - нұр.
Қарапайым мұсылмандардың да әртүрлі идеологиялардың жетегінде кетуінің басты себептерінің бірі - күнәдан тыйылмау. Күнә көбейген сайын жүрек қарайып, ақиқаттың нұрын қабылдау қиындайды. Сол кезде адам шариғаттың таразысымен емес, өз нәпсісінің, сезімінің н/е өзгенің ұранының таразысымен өмір сүре бастайды.
Шариғатқа сай өмір сүрудің кілті - тақуалық. Осы кілттен айырылған жан ақиқаттан алыстап, адасушылықтың алаңында ғапылдықтың көрпесіне оранып, надандықты жастанып, қас-қағым сәттей болған ғұмырын босқа өткізіп алады.
Сол себепті бізге ең әуелі ілімді көбейтуден бұрын, сол ілімнің жүрекке әсер етуін ойлау қажет. Себебі Аллаһтың ﷻ алдында адамның қадірі - көп білгенімен емес, білгеніне қаншалықты амал еткенімен өлшенеді. #НиязӘбуРумейса
📚Кемірілген ғұмыр..

Video
☑️ Ұстаздың мақсаты - өз көшірмесін шығару емес.
Шариғаттағы әрбір мәселе біржақты бола бермейді. Ғұламалар арасында ихтилаф болған, ижтиһадқа ашық мәселелер аз емес. Мұндай мәселелерде шәкірттің ізденуіне тосқауыл қою емес, керісінше, ізденуге ынталандыру қажет деп ойлаймын.
Ұстаздың таңдаған пікірі шәкірт үшін міндетті түрде жалғыз дұрыс жолға айналмауы керек. Егер мәселе біржақты болмаса, жүрек белгілі бір пікірмен тынышталғанның өзінде, өзгелерді сол пікірге ілестіріп, оның жауапкершілігін арқалауға асықпаған жөн. Өйткені әрбір құл ең алдымен өз жүгін жеңілдетіп, Қиямет күні Аллаһтың ﷻ алдында қалай құтылатынын ойлауы керек.
Шәкірттің санасын тұсаулау емес, оның еркін ойлауына, дәлелді сүюіне және ақиқатқа ұмтылуына жол сілтеу - ұстаздың міндеті. Белгілі бір тұлғаға н/е мәзһабымызды оқыту жүйесіндегі бір мектепке байланып қалудан бұрын, дәлелге байланып үйренген шәкірттің танымы да, болмысы да берік болады.
Ұстаздың мақсаты - өз көшірмесін шығару емес. Сол үшін шейховать етіп өз жақтастарыңды жинақтап жатқан партияға ұқсас болмау керек. Керісінше, өзі жете алмаған кемелдікке шәкіртінің жетуіне көпір, баспалдақ болу қажет. Яғни шәкіртті барлық тараптан сау қылып жетілдіру керек. Ұясынан ұшқанында тәуелсіз болмайтындай. Сонда шәкіртінің артықшылығын көріп, өз кемшілігін түзеу деген шынайы ұстаздықтың белгісі саналған нығметке бөлену мүмкіндігі туындайды.
Өйткені ұстаздың ең үлкен жетістігі - өзіне ұқсайтын емес, ақиқатқа адал, дәлелге құрметпен қарайтын шәкірт тәрбиелеу. #НиязӘбуРумейса