✅Мәһр төрт нәрсемен толығады. Яғни толыққанды берілуі міндеттеледі. Олар:
➖ төсек қатынасы,
➖ оңаша¹'² қалу³,
➖ әйелге алдыңғы күйеуінен 'идда мерзімін күтуі міндеттелуімен⁴,
➖ ерлі-зайыптылардың бірінің дүниеден озуымен⁵.
____
1] Яғни, ерлі-зайыптылардың бір жерде оларға төсек қатынасына түсуге кедергі келтіретін ештеңенің болмаған күйінде оңаша қалулары. Ол кедергілер хисси, шар'и және таб'и болуы мүмкін. Мысалы;
➖ Хисси себеп: Төсек қатынасына түсетіндей жасқа жетпеген кішкентай болуы н/е екеуінің бірінің бойында төсек қатынасына түссе зияны туындайтын ауруы болуы. Және 'афал/импотенция (пәктігі бұзылмаған қызда импотенция болмайды) сынды дүниелер де хисси себеп болып саналады,
➖ Шар'и себеп: Уақытылы өтеліп жатқан Рамазан айының оразасы (Қаза ретінде өтеліп жатқан Рамазан айының оразасы, нәзір оразасы, кәффарат оразасы және нәпіл оразалар себеп ретінде қарастырылмайды),
➖ Таб'и себеп: Хайыз және нифас қанының молынан келіп жатқан кезі (қаны жоқ кезі себеп ретінде қарастырылмайды), жандарында үшінші бір адамның болуы (егер ол адам есінен танып жатқан, ақыл есі ауысқан, есеймеген бала н/е екеуінің бірінің күңі болмаған болса) және қабаған иттің болуы (жуас ит себеп ретінде қарастырылмайды).
2] (Жоғарыда айтылған сипаттағы) оңаша қалу тек неке сахихта ғана мәһр мен 'идданы міндетті қылады. Яғни, неке сахих болып оңаша қалу фасид (яғни, жоғарыдағы сипаттар сақталмаған) болған кезінде мәһр мен 'идданы міндеттемегені сияқты неке фасидте де олар міндеттелмейді. Жалпы неке фасидте мәһрдің міндетті болуы оңаша қалу н/е екеуінің бірінің дүниеден озуымен емес, тек төсек қатынасының орын алуымен ғана міндетті болады.
3] Бірақ, егер (жігіт) әйелінің талағын онымен оңаша қалуға байлаған болса, онда тек мәһрдің жартысы ғана міндетті болады. Өйткені талақ оңаша қалумен іле шала жүзеге асады. Яғни, төсек қатынасына түсуге үлгеретіндей болмайды. Сондықтан да бұл хәлдегі оңаша қалуы төсек қатынасының орнына жүрмейді. Ал енді осындай суретте 'идда міндетті болады ма дегенге қатысты Хуласат әл-фәтауада "міндетті емес" деп келсе, Тәнуир әл-әбсар ма'а әд-Дурр әл-мухтар кітабында "ихтиятан міндеттеледі" деп келеді.
4] әл-Фәтауа әл-Бәззазияда бұндай жағдай орын алатын он шақты сурет келтірілген. Соның бірі "Бір әйелмен неке сахихпен некелеседі. Араларында төсек қатынасы (н/е оңаша қалу) орын алғаннан кейін талақ береді. Сосын ол әйел 'идда мерзімінде қайта некелеседі. Бірақ төсек қатынасы (н/е оңаша қалу) орын алмастан қайтадан талақ алады. Осы кезде күйеуіне (онымен төсек қатынасына түспесе де (н/е оңаша қалмаса да)) мәһрді кәміл түрде беруі міндетті болады. Бұл Имам Ағзам мен Имам Әбу Юсуфтың (رحمهما الله) көзқарасы бойынша. Жалпы барлық суреттің асылы "Бірінші некедегі төсек қатынасының (н/е оңаша қалудың) орын алуы екінші некеде де төсек қатынасының (н/е оңаша қалудың) орын алуы болып қарастырылады. Сол себепті мәһрдің толық берілуі міндеттеледі.
5] Ерлі-зайыптылардың бірінің дүниеден өтуі мәһрдің толық берілуін міндеттейді. Бұл егер неке сахих болған болса. Жоғарыда айтқанымыздай неке фасидте мәһр тек төсек қатынасының орын алуымен ғана міндеттеледі.
Canal: https://t.me/taammul

✅Әкесіне баласын¹ ұруға болатын себептер;
➖ намаз оқуды тәрк етсе,
➖ Құран Кәрімді үйренуі үшін,
➖ ілім үйренуі үшін,
➖ әдеп-ахлақ қалыптастыру үшін
Өйткені ата-анаға балаларына қатысты бұл нәрселер парыз болып табылады.
❕Егер баласын² ұр деп басқаға бұйырса, онда бұйырылушыға оның баласын ұруы рұқсат емес. Ұстазы ұратын болса, иелік еткені себепті рүқсат. Себебі әкесі баласының игілігі үшін оны ұстазына табыстайды. Ал жаңағы өзге бұйырылушыға рұқсат болмау себебі оның әрекеті баланың емес, әкесінің игілігі үшін болғандықтан.
____
1] Баласын ұруға ақылы болған нәрседе (қарамағындағы) жетімді де ұруына болады. Оған қатысты келген хабарлар бар.
2] Егер құлын ұр деп бұйырса, ұруға болады. Бірақ азат адамды ұру рұқсат емес.
📚Ғамз 'уюн әл-Басаир.

Ассаляму алейкум уа рахматуллахи уа баракатуху.
Сестраларда атқа отырған суреттерін желіге жариялау мода болып кеткен. Соған шариғатымыз не дейді? Насихат айтасыз ба
↩️ و عليكم السلام ورحمة الله وبركاته.
Мұсылман әйелге атқа мінуге болады ма дегенге қатысты ғалымдарымыз "Жоқ, болмайды" деп фәтуа¹ берген. Себебі Пайғамбарымыз ﷺ әйел затын атқа мінуден тыйған. Бұл сөзіміз Пайғамбарымыздың ﷺ
🔹لعن الله الفروج على السروج"
🔸 "Аллаһ Тағала ертоқымдағы (жылқы үстіндегі) әйелді лағынеттеді²" деген хадисіне сай келеді. Тиымның мәні екі тараптан;
1⃣ Бұл істе ерлерге тәшәббуһ/ұқсастық қылу бар. Әйелдер ол нәрседен тиылған.
2⃣ Ерлерді ашық түрде еліктіру бар. Ал әйелдер жасырын, көзден таса болуға бұйырылған.
❕"Бұл егер жас қыз болса ғана хадиске сай "ركبت السرج و الفرج" мағынасы шығады. Ал егер қарт/егде жастағы болса н/е жас болғанымен күйеуімен бірге соғысқа қатысу сынды үзірмен мінген болса онда айыптылығы жоқ" деп айтқан ғалымдарымыз да бар. Өйткені әйелдерде соғысқа, қажылыққа, ұмраға бару сынды қажеттіліктер туындайды. Сол қажеттіліктерінде барынша бүркенген хәлінде атқа мінсе айыбы жоқ. Себебі сахих хабарларда келгеніндей муһажирлердің әйелдері атқа мініп, жиһадқа шыққан уағында Пайғамбарымыз ﷺ оларды көрді, бірақ ол істерінен қайтармады. Тура солай Халид ибн әл-Уалидтің қыздары да атқа мініп, соғысқа шыққан еді. Әрі сапта тұрған муджаһидтерге су ұсынып, жарақат алғандарға емдік көмек көрсететін болған. Аллаһ Тағала баршасынан разы болсын. Ал енді қазіргі таңдағы әпке-қарындастарымыздың қылықтары ұяларлықтай екені нақ. Атқа мінгендері аздай, оны фото/видеоға түсіріп әлеуметтік желіге салып ерлерді еліктіруде айла жасаулары имандылыққа жарасатын қылықтан емес. Насихат ретінде ертеректе каналда жазылған сөзімді келтірейін:
Әйел затының бұл үммет үшін ең үлкен фитнә екені турасында аят-хадистерден бастап, ғалымдарымыздан қаншама хабар бар. Соған қарамастан, жаратылысында әйел бола тұра, өздерінің зиянынан сақтамаған әйелдердің "үммет, үммет" деулері қаншалықты қисынды?
_ _ _
1] Китәб әс-Сияр әл-Кәбир, әл-Мухит әл-Бурһани, әл-Бахр ар-Райқ, әд-Дурр әл-Мухтар, Радд аль-Мухтар және т.б. кітаптарда.
2] Хадис мәтінінде идтираб болғанымен, мағынасын фақиһтарымыз бекітті.

🖋Хазіреті 'Али (كرم الله وجهه):
📚Раби' әл-Әбрар уә Нусус әл-Әхияр.
Canal: https://t.me/taammul
Әйелдің жиһады - (ерінің ақысына қатысты) көркем бойұсынушылық танытуында.
📚Раби' әл-Әбрар уә Нусус әл-Әхияр.
Canal: https://t.me/taammul
Сақал қыруға болады деген бар ма осы?
↩️السلام عليكم.
Иә, "Егер сақал өсетін болса, қырып тастауы сүннет" деп келеді кітаптарымызда. Яғни, кітаптарымыздағы أحكام الأنثى/әйелге қатысты үкімдер деген бапта). Ерлерге қатысты қыруы арам дегенді ғана оқып көрдік.

🖋Сәһл ибн Му'аз (رضي الله عنه):
📚Раби' әл-Әбрар уә Нусус әл-Әхияр.
Canal: https://t.me/taammul
Кім Аллаһ үшін жақсы көрсе және Аллаһ үшін жек көрсе, әрі Аллаһ үшін берсе және Аллаһ үшін үйленсе, онда ол иманын кәміл/толық қылды.
📚Раби' әл-Әбрар уә Нусус әл-Әхияр.
Canal: https://t.me/taammul
🧖♂Моншаға түсуге қатысты үммет ғалымдарының арасында төрт түрлі пікір бар екенін Хафиз ибн Кәсир (رحمه الله) өзінің "әл-Әдаб уәл-ахкам әл-Мута'аллиқат би-духул әл-хаммам" атты еңбегінде келтіреді. Яғни;
1⃣ Ерлерге де, әйелдерге де рұқсат емес¹.
2⃣ Ерлерге рұқсат. Ал әйелдерге рұқсат емес².
3⃣ Ерлер мен науқас және нифас хәліндегі әйелдерге рұқсат³.
4⃣ Жалпылама ерлер мен әйелдерге (белгілі шарттарымен) рұқсат⁴.
_ _ _
1] Ибн Шәйба (رحمه الله) тізбекпен жеткізеді: 'Али Ибн Әби Талиб (كرم الله وجهه) "Ең нашар үй - монша" деп айтты.
'Абд әр-Раззақ (رحمه الله) өзінің мусаннифінде Нәфи'тен (رحمه الله): "Бірде Ибн 'Умар (رضي الله عنهما) изар киген хәлде моншаға кіріп, оның ішіндегі адамдардың жалаңаш екенін көреді де жүзін қабырғаға қаратады. Солай өзінің киімін алып келуді (Нәфи'ке) бұйырып, (алып келген киімді) бетіне жабады. Нәфи' оның қолын ұстап сыртқа шығарады. Және ол моншаға қайтып кірген емес" дегенін жеткізеді.
Әрі Ибн 'Умардан (رضي الله عنه) "Өз әуретің жабық болады ғой. Сонда не себепті моншаға кірмейсің?" деп сұралғанында Мен өзгелердің әуретін көруді қаламаймын" деп жауап бергенін Ибн 'Уйейна жеткізеді.
Ибн Сирин мен әл-Хасан да моншаға кіруді мәкруһ санады.
Жалпы бұл пікір иелерінің рұқсат көрмеудегі себептері шайтан малғұндарлың мекені, әуреттер ашылатын жер, әрі нәжістің араласып кетуі жиі орын алатын жері болғандықтан.
2] Хазіреті Әбу Һурайраһ (رضي الله عنه) Пайғамбарымыздың ﷺ: Кімде-кім Аллаһқа ﷻ және Қиямет күніне иман келтірген болса, зайыбын (әйелін) моншаға кіргізбейді" дегенін жеткізнді. Хазіреті 'Умар (رضي الله عنه) жан-жаққа "Мұсылман әйелінің науқастарынан басқасы моншаға кірмесін. Және әйелдеріңе ән-Нур сүресін үйретіңдер" деп хабар жазып жіберді. Тағы бір хабарда Хазіреті 'Умар Әбу 'Убайдаға (رضي الله عنهما) "Маған мұсылман (н/е муһаджир) әйелдері кітап иелері әйелдерімен бірге моншаға кіреді екен деген хабар жетті. Оларға (ерлеріне) бұл турасында зекіп бер және ол әрекеттеріне тиым сал" деп жазғаны жеткенінде Ол (Әбу 'Убайда) бұрынды соңды ашуланбаған күйде ашуланып "О, Аллаһым! Қандайда-бір әйел сырқаты н/е үзірі болмаған хәлде жүзін ағартамын деп моншаға кірсе, онда (кейбір) жүздер ағаратын (Қиямет) күнінде Аллаһ Тағала оның жүзін қарайтсын!" деді.
Имам Ахмад Ибн Ханбал Әбу Рабахтан (رحمهما الله) жеткізеді: Бірде әһл Химс әйелдері 'Айшаға (رضي الله عنها) келді. Сонда 'Айша (رضي الله عنها) оларға "Сендер әлгі моншаға кірушілерденсіңдер ме" деді. Олар "Иә" деп жауап қатқандарында, 'Айша (رضي الله عنها) оларға "Пайғамбарымыздың ﷺ "Қандайда-бір әйел кимін күйеуінің үйінен өзге үйде шешкен болса, онда өзімен Аллаһтың ﷻ арасындағыны жыртты" дегенін естідім деді.
Халифа 'Умар Ибн 'Абд әл-'Азиз (رضي الله عنه) халифалығында (жоғарыда айтылған) Пайғамбарымыздың ﷺ хадисі расталғанында әйелдерге моншаға кіруге тиым салуды бұйырған.
3] 'АбдуЛлаһ ибн 'Амр ибн әл-'Ас (رضي الله عنه) Пайғамбарымыздың ﷺ "Сендерге өзге ұлттардың жерлері ашылады. Ол жерлерден хамам/монша деп айтылатын үйлерді табасыңдар. Ол үйге ерлер тек изармен кірсін. Ал әйелдеріңнің науқастары мен нифас еместеріне онда кіруге тиым салыңдар" дегенін жеткізеді.
Хазіреті 'Умар (رضي الله عنه) әскер әмірлеріне "Ерлер моншаға изарсыз кірмесін. Ал әйелдердің науқастарынан басқасы кірмесін" деп бұйрық жазғаны жеткен.
4] Бұл пікірдің дәлелдерін жеке, әрі кеңірек келтіруге тырысамыз, ин шәә Аллаһ.

✅ Көптеген тәпсір және тарих ғұламалары "Ең алғаш монша салынып берілген адам Дәуд Пайғамбардың ұлы Сүлеймен Пайғамбар (عليهما السلام) деп келтіреді. Оның салыну себебі Балқистың оған келген кезінде аяғындағы жүндерді байқап қалғандықтан, жындардан оны қалай кетіруге болатындығын сұраған. Сол кезде олар Сүлеймен Пайғамбарға (عليهما السلام) хаммам/монша салып берді. Аллаһу Тағала а'лям. Сүлеймен Пайғамбарға (عليهما السلام) алғаш моншаға кіргенінде оның ыстық екенін көріп "Аһ¹, (Моншадағы ыстықтың) Пайдасы тиер алдын аһ, Аллаһ Тағаланың азабынан пана сұраймыз, аһ" деп айтты деген де хабарлар айтылған. Сол заманнан бері гректер мен копттар сынды араб емес ұлттар пайдаланып келген. Арабтарға келер болсақ, Хижаз сынды қала тұрғындарында монша пайдалану қажеттілігі туындамады. Пайғамбарымыз ﷺ дүниеден өтіп, сахабалардың уағы жеткенге дейін моншадан хабарсыз болды. Фиқһ кітаптарымыздың бірнешеуінен Пайғамбарымыз ﷺ моншаға кірген² деген хабарларды оқыдым. Бірақ Ибн Кәсир (رحمه الله) хадис ғалымдарының бірауызды сөзімен бұл хадис ойдан шығарылған, сахих емес деп келтіреді. Хафиз Ибн Әби Шәйба (رحمه الله) өз еңбегінде Жарир Ибн 'АбдиЛлаһ әл-Бәжли, Хусейн Ибн 'Али ибн Әби Толиб, Ибн 'Аббас, Әбу Һурайраһ (رضي الله عنهم أجمعين) хазіреттеріміздің моншаға кіргенін жеткізеді. Фәтауа Қадый Ханда Халид ибн әл-Уалидтің (رضي الله عنه) де моншаға кіргендігі жайлы айтылған.
▪️Көпшіліктен моншаға кіру белгілі шарттармен рұқсат екендігіне ижма' жеткен. Сонымен қатар Пайғамбарымыздың ﷺ кейбір хадистері мен сахабалардың моншаға қатысты айтқан сөздерін де келтіре кетейік.
▫️Ибн Әби Шәйба (رحمه الله) келтірген хадисте:
▫️Ибн 'Аббас³ (رضي الله عنه):
▫️Са'ид ибн Джубейр⁴ (رضي الله عنه):
▫️Әбу әд-Дәрда мен Әбу Һурайраһтан (رضي الله عنهما) мағынасы ортақ мына сөздер жеткен:
_ _ _
1] Аһулеу, уһілеу
2] Муфтиіміз Бәна Исхақтан (حفظه الله) "әт-Тахқиқ әл-Бәһир кітабында Пайғамбарымыз ﷺ моншаға кірді деп келтірген хабарға қатысты күмәнде қалдым. Соның растығы қаншалықты?" деп сұраған болатынмын. Бірақ басқа сауалдардың ішінде жауапсыз қалып кеткен еді. Кейін тағы бір сұрағанымда жауап қылса, хабарын берермін, ин шәә Аллаһ.
3] Хафиз әл-Бәззар (رحمه الله) өз муснадында келтірген бұл хадис жайлы Әбу Мухаммад 'Абд әл-Хаққ әл-Ишбили (رحمه الله) өзінің әл-Ахкам әш-Шар'ия еңбегінде "Осы баптағы ең сахих хадис деп баға береді.
4] 'Абд әр-Раззақ (رحمه الله) мусаннифінде жеткізген.
Canal: https://t.me/taammul
▪️Көпшіліктен моншаға кіру белгілі шарттармен рұқсат екендігіне ижма' жеткен. Сонымен қатар Пайғамбарымыздың ﷺ кейбір хадистері мен сахабалардың моншаға қатысты айтқан сөздерін де келтіре кетейік.
▫️Ибн Әби Шәйба (رحمه الله) келтірген хадисте:
Сендердің қайсыбірің моншаға кірсеңдер әуреттеріңді жабыңдар!
▫️Ибн 'Аббас³ (رضي الله عنه):
Пайғамбарымыз ﷺ "Хаммам деп айтылатын үйге кіруден сақтаныңдар" дегенде, олар Уа, Аллаһтың елшісі ﷺ "Ол ластықты кетіреді" деді. Сонда Пайғамбарымыз ﷺ "Онда әуреттеріңді жауып кіріңдер" деді.
▫️Са'ид ибн Джубейр⁴ (رضي الله عنه):
Моншаға изарсыз кіру арам.
▫️Әбу әд-Дәрда мен Әбу Һурайраһтан (رضي الله عنهما) мағынасы ортақ мына сөздер жеткен:
Үйдің жақсысы хаммам: кірді кетіреді, жанға жайлылық береді және тозақ отын еске салады.
_ _ _
1] Аһулеу, уһілеу
2] Муфтиіміз Бәна Исхақтан (حفظه الله) "әт-Тахқиқ әл-Бәһир кітабында Пайғамбарымыз ﷺ моншаға кірді деп келтірген хабарға қатысты күмәнде қалдым. Соның растығы қаншалықты?" деп сұраған болатынмын. Бірақ басқа сауалдардың ішінде жауапсыз қалып кеткен еді. Кейін тағы бір сұрағанымда жауап қылса, хабарын берермін, ин шәә Аллаһ.
3] Хафиз әл-Бәззар (رحمه الله) өз муснадында келтірген бұл хадис жайлы Әбу Мухаммад 'Абд әл-Хаққ әл-Ишбили (رحمه الله) өзінің әл-Ахкам әш-Шар'ия еңбегінде "Осы баптағы ең сахих хадис деп баға береді.
4] 'Абд әр-Раззақ (رحمه الله) мусаннифінде жеткізген.
Canal: https://t.me/taammul
🖋Имам әс-Сарахси (رحمه الله):
📚әл-Мабсут.
Canal: https://t.me/taammul
Умар (رضي الله عنه) ихрам хәлінде Джухфада (миқат) моншаға кірді.
📚әл-Мабсут.
Canal: https://t.me/taammul
✅Әйелдерге атаулы үзірлермен моншаға кіруге болатындығы айтылды. Нақтырақ, сырқаты себепті рұқсат берілуі моншаның кейбір дерттерді кетіруде септігі бар болғандықтан. Яғни, басқа да ем-шараны қолдануы іспетті. Тіпті кейде бұдан да айыпты саналатын әурет ашу ісі де емделу үшін рұқсат болатын тұстар бар. Сосын нифас себепті рұқсат берілуі оның да бір сырқаттың түрі ретінде қарастырылғандығынан. Кейбір машаихтарымыз хайызды да нифасқа сияқты сырқат деп теңеп рұқсат еткен. Ал енді жоғарыдағы үзірлерсіз моншаға кірулеріне келер болсақ машаихтарымыздың арасында хиляф бар.
❕Рұқсат емес деген көзқарасты Шейх әл-Ислам Хауаһир Задаһ (رحمه الله) қолдады. Бұл сөзді айтушылар "Әйел моншаға кірмейді" дегеннің жалпы мағынасына сүйенді. Әрі Имам Мухаммадтың (رحمه الله) хадисті зікір еткенде оған жауап қылмауы оның көзқарасы да соған сай екендігін білдіреді деп және Пайғамбарымыздың ﷺ "Жилбәбін күйеуінің үйінен басқа жерде шешкен әйелге Аллаһтың, періштелердің және барлық адамзаттың лағынеті болады" деген хадисі мен 'Айша (رضي الله عنها) анамыздың моншаға түсуші әйелдерді шығартып жіберуі, әрі олар отырған жерді жуғызуы осы көзқарасқа сай келеді деп тұжырымдады.
📌Басқа ғалымдарымыз "Егер күйеуінің рұқсатымен ибалылық¹ сақтап, әрі моншаға халатпен кірсе рұқсат" деп санады. Бұл көзқарасты Имам Шәмс әл-Әиммаһ әс-Сарахи (رحمه الله) қолдады. Оның себебі;
➖ Моншаға кіру сәндену үшін болуы мүмкін. Бұл іс ерлерге қарағанда әйелдерге лайықтырақ.
➖Н/е ғұсыл алу қажеттілігі туындағаннан болуы мүмкін. Бұл іс үшін моншаға кіруде әйелдің қажеті ерлердің қажетінен басымырақ. Өйткені әйелдер хауыздар мен өзендерде шомыла алмайды. Ал ерлер үшін ол қолжетімді. Сондықтан әйелдердің ақысы көбірек.
▪️Осы тұрғыдан қарағанда ерлерге моншаға кіру рұқсаты берілгендігі әйелдерге тіптен рұқсат берілуі керектігін аңғартады.
▪️Ал жоғарыда айтылған хадистердің мағынасына қатысты "әл-Мухит әл-Бурһани" кітабында
десе,
▪️"Тәбиин әл-Хақаиқ" кітабында:
▪️Мухаққиқ Ибн әл-Һумам (رحمه الله):
▪️Муният әл-муфти:
▪️Тәбиин әл-Хақаиқ:
1] Жилбәбпен жүрулері жөн. Себебі ол қалың қорғаныш болғандықтан қараған көзге оның астында не жасырынғанын ажыратқызбайды. Одан бөлек ғұламаларымыз әйел адамға жолдың жиегімен жүруі жөн деген. Яғни жолдың хақ ортасымен жүріп алмаулары керек. Тіпті әйелдердің бірінің жанында бірінің сап болуы жүруін мәкруһ деген. Сол себепті олардың бірінің артынан бірі ілесіп жүруі ұятты әрі бүркенішті болып табылады деді.

"Ол күйеуінің рұқсатынсыз, әрі ибалылық сақтамай шыққан әйелдерге қатысты айтылған"
десе,
▪️"Тәбиин әл-Хақаиқ" кітабында:
"(Әйелдердің моншаға кіруі) әуреттерін ашуға алып келетін болғандығынан 'Айша (رضي الله عنها) анамыз сондай іс көрсетті"деген ұғым береді деп келген.
▪️Мухаққиқ Ибн әл-Һумам (رحمه الله):
Моншада көпшілігінің әуреті ашық болатындығы мәлім болғандықтан әйелдерге онда кіруге тиым салу анық нәрсе.
▪️Муният әл-муфти:
Әйелдерге моншаға халатпен кіруде айып жоқ. Ал халатсыз кіру арам.
▪️Тәбиин әл-Хақаиқ:
Моншада көпшілік әйелдердің әуреті ашық болған жағдай білінгенде оларға моншаға кіруге тиым салуда еш талас жоқ._ _ _
1] Жилбәбпен жүрулері жөн. Себебі ол қалың қорғаныш болғандықтан қараған көзге оның астында не жасырынғанын ажыратқызбайды. Одан бөлек ғұламаларымыз әйел адамға жолдың жиегімен жүруі жөн деген. Яғни жолдың хақ ортасымен жүріп алмаулары керек. Тіпті әйелдердің бірінің жанында бірінің сап болуы жүруін мәкруһ деген. Сол себепті олардың бірінің артынан бірі ілесіп жүруі ұятты әрі бүркенішті болып табылады деді.
Canal: https://t.me/taammul
❗️әт-Тәжнис кітабының авторы "Таңғы уақытта моншаға түсу муруат/ерге тән қасиеттен емес" деген. Сонымен қатар Имам Ағзамның Имам Әбу Юсуфке (رحمهما الله) қылған өсиетінде "Моншаға түскі және таңғы уақытта кірме" деп келген. "Ғамз 'уюн әл-Басаир" кітабында "Түскі дегені күннің тең жартысы болған уақыт. Әрі ол кезде күн қатты ыстық болады. Ал таңғы дегені таң намазы мен күн шығатын уақыт аралығы" деп түсіндірілген.
Canal: https://t.me/taammul
Canal: https://t.me/taammul
🔹قُلۡ إِنَّ صَلَاتِی وَنُسُكِی وَمَحۡیَایَ وَمَمَاتِی لِلَّهِ رَبِّ ٱلۡعَـٰلَمِینَ.
🔸"Менің намазым да, өзге құлшылықтарым да, тіршілігім де, өлімім де әлемдердің Раббысы Аллаһқа арналады" де.
🖋️ Әр жылы Құрбан айт мерекесі келуімен осы аятты жиі естиміз. Осы аяттың төңірегінде бір ойыммен бөлісейін. Өміріңе өзгеріс келуіне себеп болуын Раббымыздан ﷻ үміт етемін.
- Өз өмірім, өзім білемін;
- Өз қатыным, өзім білемін;
- Өз балам, өзім білемін;
- Өз денсаулығым, өзім білемін;
- Өз көлігім, өзім білемін;
- Қызтекелер болса анау "өз артым, өзім білемін" деп жүр. Айта берсек соңы жоқ өзі білгіштердің арасында "өз басым, өзім білемін" деп орамалға орана алмай, "өз иегім, өзім білемін" деп сақал қоя алмай сүріп жатқан өмір ағысы.
🔹Иә, дұрыс-ақ! Өзінікі болғасын өзі біледі ғой енді. Бірақ бұл нәрсе бір тарапта сен, екінші тарапта өзге тұлға тұрған уақытта. Ал енді, қашан бір тарапта сен, екінші тарапта Раббыңның ﷻ әмірі тұратын болса, онда өзің білмекке салынуға ақың жоқ. Раббың ﷻ жақсырақ білуші. Қалай дұрыс болса, солай іс қылуды бұйырды. Сенің білуің керек болғаны-әр нәрсемен болған мәмілеңде Раббыңа ﷻ бойұсынушылық жасауың. Сен және сендегі нәрсенің барлығы-Раббыңның ﷻ мүлкі. Күллі нәрсе Оның ﷻ иелігінде. Тіпті қажетіңді өтейтін кезде де "өз қажетімді қалай өтесем де өзім білемін" деп өктемсіме. Себебі Аллаһ елшісі ﷺ әжетханадағы қажеттің қалай өтелуі керектігін де көркем бейнеде көрсетіп кетті. Денсаулық сенікі, бірақ ол-аманат. Қатын, бала-шаға, мал-мүлік сенікі бірақ олар да аманат. "Олармен не істесең де өз қалауыңда" деп жайыңа қалдырылмадың. Олармен болған мәмілеңде Раббыңның ﷻ бекіткен шариғаты бар. Және солардың ақысында сол құқықтарды сақтау-сақтамауыңнан сұраласың.
🔸Сен мүліксің. Сен құлсың. Ұлы Раббың ﷻ сенімен не қыламын десе де ақылы. Және не қылмаса да саған зұлымдық қылған болмайды. Бірақ соған қарамастан Өте үстем болған Раббың ﷻ саған сондай көркем мәміле жасайды. Ал сен Раббыңның ﷻ саған бағындырған құлдары мен мал-мүлкіне қатысты сондай тәкаппарлықпен зұлымдық жасайсың. Олардың ақысына қол сұғып, құқығын таптайсың. Аллаһ Ұлық. Баршамызды рақымына бөлесін. Көкірек көздерімізді ашсын.
🔹Жоғарыдағы аятты Құрбан айт мерекесі кезінде ғана емес, өміріңіздің әр сәтінде ескеріп, "Өмірімді Раббымның ﷻ жолында Оның ﷻ бойұсынушылығына арнауға толық ақылымын. Өзім де, өзімдегі де барлығы Раббым ﷻ үшін. Сондықтан Раббыма ﷻ тиесілі болған өз өмірімді өзім білемін" деп айтқаның орынды болмақ. Қурайдың өзін Құдайсыз сынбайды деп Раббысының ﷻ ұлықтылығын тани алған ұлы адамдардың ұрпағынан бола тұра, менмендіктің шырмауында осынша адасушылыққа бет бұруың өте қате іс екенін уақытында ұғына біл! #НиязӘбуРумейса
Canal: https://t.me/taammul
السلام عليكم ورحمة الله وبركاته!
Аллаһу Тағала ұлы қылған Құрбан айт мерекесі құтты болсын!