𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
958 subscribers
1.02K photos
110 videos
212 files
2.26K links
السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!

📝бот: https://t.me/taammul_bot

‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/tabahhurr

Анонимді сауал жолдау сілтемесі:
🔗t.me/anonaskbot?start=istiftaa
Download Telegram
🎙сол институтта имамдарға өткен дәрістен (записьтің басым бөлігін өткізіп жібердік) үзінді (архив).
🖋Әбу әл-Асуад (رحمه الله):
Ілімнен қуатты ештеңе жоқ. Патшалар адамдарға билік қылса, ғалымдар патшаларға билік қылады.

📚әл-Ихья.

Canal:
https://t.me/taammul
🖋Сәлим ибн Әби әл-Жа'д¹ (رحمه الله):

Мені қожайыным үш жүз дирһамға сатып алды да, азат етіп жіберді. Сосын қандай іспен шұғылдансам болады дедім де, іліммен айналыстым. Кейін арада жыл өтпестен қаланың әмірі маған зиярат етіп келді. Ал мен оған (кіруге) рұқсат бермедім.

📚Радд әл-Мухтар.

1] Куфалық табиғиндердің қатарынан. Әрі хадис жазушылардың алғашқыларынан.

Canal:
https://t.me/taammul
Даруль Ифта - Сокрытие лица.pdf
4.9 MB
👋 Ассаляму алейкум!

🤲 Хвала Аллаху Господу миров за то, что сделал нас из числа мусульман и одарил нас благом Имана и Ислама.

В связи с последними обсуждениями и шумихой вокруг Никаба, мы решили выпустить фатву на эту тему. Было много разговоров и высказываний за и против. И поэтому было принято решение разобрать этот вопрос более подробно и с разных сторон, чтобы у человека была полноценная картина в отношении Масали покрытия лица и, как следствие, не было недопонимания в этом вопросе.
Фатва рассчитана на людей любого уровня в знаниях. Каждый может почерпнуть для себя нужное из материала. Постарались затронуть все источники Шариата и истории народов. Всем кто любит читать много и ОСОБЕННО тем, кто не любит читать много, рекомендуется к прочтению. Чтобы не отвлекаться от чтения, мы остановим на время публикации Масаилей на канале.

🤲 Просим Ваше Дуа, чтобы Аллах принял и распространил наш труд, и сделал причиной устранения недопониманий между людьми, и исправил нас в лучшую сторону.
▫️Имам Әбу Ханифаға (رحمه الله) "Аллаһтан қорық!" деп айтылған кезінде денесі қалтырап, басын төмен салбыратып барып "Уа, бауырым, Аллаһ Тағала саған жақсылығын берсін! Әр уақыттың адамдары Аллаһ Тағаланы естеріне салатын жанға аса мұқтаж" деп айтатын еді.

📚Радд әл-Мухтар.

Canal:
https://t.me/taammul
🖋'АбдуЛлаһ ибн әл-Мубәрак (رحمه الله):
Оның ізінен ілескенге Әбу Ханифадан лайықтырақ ешкім жоқ.


Canal:
https://t.me/taammul
▪️Бірдеңеге деген махаббатың соқыр әрі керең қылады.

📚Сунән Әби Дәуд, Муснад Ахмад, әт-Тарих әл-Кәбир лил-Имам әл-Бухари, әл-Әусат лил-Имам әт-Табарани.

➖Шарх: Мухаддис Шәмс әл-Хаққ әл-'Азим Абади (رحمه الله):
Яғни, санасын махаббат сұлтаны билеп алғандықтан жақсы көрілген нәрсенің айыбын көре алмайтын соқыр және оның жаман қылықтарын ести алмайтын керең қылады.


➖Фәидә: Имам әл-Мунзири (رحمه الله):
Махаббат қоюдың қажеті болмағанға деген махаббатты әсірелеп жіберуден тосылу.


Canal:
https://t.me/taammul
🖋Мухаққиқ Ибн 'Абидин (رحمه الله):
Зиянды соқырлық - көздің емес жүректің соқырлығы.

📚Радд әл-Мухтар.

Canal:
https://t.me/taammul
➖Имам Мухаммад ибн әл-Хасан Имам Шафи'идың (رحمهما الله) анасына үйленген¹.

📚әд-Дурр әл-Мухтар.

1] Осы хабарды алғаш әд-Дурр әл-Мухтардан көргенімде бұрын соңды оқып, не естіп көрмегендіктен таң қалған едім. Бүгін Усул әл-ифтәә дәрісінде Муфти Зияуд-дин (نفعنا الله بعلمه) ұстазымыздан және бір естігесін рас болса керек-ті деген ұйғарыммен сіздермен бөлісудемін.

Canal:
https://t.me/taammul
▪️Шейх Қасым (رحمه الله) өзінің тасхихында айтқандарының қорытындысы:
Муфти мен қазының арасында ешқандай айырмашылық¹ жоқ. Тек муфти үкімнің хабарын жеткізсе, қазы сол үкімді міндетті қылады. Және марджух² қоулмен фәтуа беру³ надандық, әрі иджма'қа қарсы іс.
📚әд-Дурр әл-Мухтар.

1] Барлық тараптан айырмашылық жоқ дегенді білдірмейді.
2] Басымдылық берілмеген.
3] Марджух қоул мансух (күші жойылған) болғандықтан тіпті өзіне амал қылуға да алуына болмайды.

▪️'Алляма әш-Шурунбуляли (رحمه الله):
әс-Субки (رحمه الله) айтқанындай шафи'и мәзһабына сай марджух қоулмен амал қылу өзіне рұқсат болып, ал онымен қазылық қылу және фәтуа беру тиым салынған.
📚әл-'Иқд әл-Фәрид фи жауаз әт-тақлид.

▪️Ибн 'Абидин (رحمه الله):
Бірақ бұл дарурат/зәрулік болмаған кездерге қатысты. әл-Бахрдағы хайыз бабының қан түстеріне қатысты бахста да'иф/әлсіз қоулдар келтіріп, кейін айтты: әл-Ми'ражда Фахр әл-Әиммаһтан (رحمه الله) "Егер муфти дарурат кезінде осы әлсіз қоулдардың бірімен жеңілдік болсын деп фәтуа берген болса, жақсы болады" дегені жетті. Сондай-ақ Имам Әбу Юсуфтың (رحمه الله) "Мәнидің шәһуат басылғаннан кейін шығуы ғұсылды міндетті қылмайды" дегені әлсіз қоул. Бірақ (машаихтарымыз) онымен амал қылуды жолаушы мен шүбәден қауіптенген қонақтың ақысында рұқсат қылды.

📚Радд әл-Мухтар.

Canal:
https://t.me/taammul
➖Әбу Мути' әл-Бәлхидің (رحمه الله) қызы 19 жасында әже атанды. Соған байланысты Әбу Мути' "Бұл қыз бізді ұятқа қалдырды" деп айтатын болған.

📚әл-Мухит әл-Бурһани.

Canal:
https://t.me/taammul
➖إذا مات منهم سيد قام سيد¹


Бұл Ибн Сәлләмнің табақатындағы еврейлердің сегіз ақынының бірі Самауал² ибн 'Адияның³ сөзі. Әрі бұл кісі Ардақты Пайғамбарымыздың ﷺ жары, мүміндердің анасы Сафия бинт Хуяйдің (رضي الله عنها) атасы. Яғни анамыз Сафия оның қызы Барра бинт әс-Самауалдың қызы. Бұл өлең жолын соңғы күндері кімнің ауызынан шыққанын білесіздер.. Аллаһу Тағала рақым етіп, рухын фирдаус жәннатымен сүйіншілесін!


1] Әркез солай болып қала береді. Мүміндер Аллаһу Тағаланың дінін қарманды. Және оны басшылыққа алды. Дінмен төрелік қылушылардың Раббысына ﷻ қайтуымен діннің туы жығылмайды. Керісінші Қияметке дейін оны асқақтатушылар табыла беретін болады.
2] Есімінің мағынасы سماه الله яғни, Аллаһ ﷻ оған есім берді деп айтылғаны бар.
3] Оның әкесі де, ағасы да ақын болған.
إلى جنات الخلد يا شهيدنا القائد!!!
🖋Әмир Кәтиб Қаууам әд-Дин әл-Итқани әл-Фараби¹ (رحمه الله):

Имам Мухаммад (رحمه الله) әл-Жами' әс-Сағир кітабында Имам Әбу Ханифа мен Имам Әбу Юсуфтың (رحمهما الله) арасында құрмет (التعظيم) тұрғысынан теңдік болып қалмасы үшін Имам Әбу Юсуфты лақап есімімен емес, өз есімімен атайды. Себебі лақап есіммен құрмет танытылады. Имам Әбу Юсуф (кітапта) Имам Әбу Ханифаны да зікір ететін болғандықтан өзін есімімен айтуды Имам Мухаммадқа (رحمهم الله جميعا) бұйырған. Осыған қатысты Бұхаралық машаихтарымыз "Ұстаз бен шәкірттің арасында құрмет тарапынан теңдік болып қалмасы үшін толибтар бірін бірі ұстаздарының алдында "Мәуләнә" деп шақырмаулары әдептен" деп айтты.

📚Ғоят әл-бәйән.


1] Имам әл-Ләкнәуй (رحمه الله): Ол кісінің еңбектерінен әт-Тәбиин және Ғоят әл-бәйән кітабын қарап шығып әл-Кәфәуйдың ол кісі жайлы "Өз мәзһабында қатты та'ассуб¹'¹ қылады, қарсыластарына қатысты шімірікпей сөйлейді" деп айтқанындай екенін аңғардым.

1.1] Мысалы қолды көтеріп (роф' ул-йадайн) оқыса, намаз бұзылады деген сияқты.

Canal:
https://t.me/taammul