𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
958 subscribers
1.02K photos
110 videos
212 files
2.26K links
السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!

📝бот: https://t.me/taammul_bot

‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/tabahhurr

Анонимді сауал жолдау сілтемесі:
🔗t.me/anonaskbot?start=istiftaa
Download Telegram
🖋Шейх 'Аляуд-дин 'Абидин (رحمه الله):

🔹إذ ظلم الدابة أشد من ظلم الذمي، وظلم الذمي أشد من المسلم

📚әл-Һәдият әл-'Аляийя.

Canal:
https://t.me/taammul
🖋Шейх 'Аляуд-дин 'Абидин (رحمه الله):

Тіленшінің (попрашайка) сәлеміне жауап қайтару (оныкі амандасу үшін болмағандықтан) уәжіп емес.

📚әл-Һәдият әл-'Аляийя.

Canal:
https://t.me/taammul
🖋Шейх 'Аляуд-дин 'Абидин (رحمه الله):

..риядан болып табылады: ақысына (ақшаға) Құран оқу және сол сынды амалды қылу. Себебі ол амалымен Аллаһу Тағаланың разылығын емес малды (ақшаны) қалады. Сол үшін де ғалымдарымыз "Құранды оқушыға да, мәйітке де сауабы жоқ. Әрі ақыны алушы да, беруші де күнәһар" деп айтты.

📚әл-Һәдият әл-'Аляийя.

Canal:
https://t.me/taammul
🖋Шейх 'Аляуд-дин 'Абидин (رحمه الله):

[Пендеге] ақыретке ұмтылыс қылып, өлімді еске алушылармен отырыс қылуы мустахабб. Ал дүние адамдарымен отыру мәкруһ. Өйткені олар оның жүрегін, өмір салтын, әрі дінін бұзады.

📚әл-Һәдият әл-'Аляийя.

Canal:
https://t.me/taammul
🖋Шейх 'Аляуд-дин 'Абидин (رحمه الله):

Табиғиндер мен мутақаддиминдердің көпшілігі истибра жасауда тым әсірелеуді (зәкәрін сығу) мәкруһ санады. Олар бұнф қой сүтін сауғанмен теңестіріп, олай қылудан қайтарды. Және уәсуәс пен қиындықтың алдын алу үшін зәкәрді жөтелгеннен кейін үш мәрте сығып, әрі оны сүртумен шектелуді бұйырды. Ал енді кейбір уәсуәсқа түсушілердің зәкәрін алақандарымен сығып, ұзақ уақыт бойына сауып жүргендері адамдар арасында айқын. Бұны ізгілер (саляф) мен парасатты және өнегелі тұлғалардың ешбірі істемеді.

📚әл-Һәдият әл-'Аляийя.

Canal:
https://t.me/taammul
🖋Шейх 'Аляуд-дин 'Абидин (رحمه الله):

➖Әйел адамның ер адамға, ер адамның әйел адамға шәһуатпен қараулары рұқсат емес.

➖Әйел денесінің сұлбасын көрсетіп тұратын киімге (тіпті ол қалың болса да) қарау (тіптен шәһуатсыз болса да) рұқсат емес.

➖Киімі әуретінің сұлбасын көрсететіндей жабысып тұрған өзге ер адамның әуретіне қарау рұқсат емес.

➖Бөтен әйелдің жүзі мен алақандарына (тіпті ол кәпір болса да) қарау тек зәрулік кезінде ғана рұқсат.

➖Бойжеткен қызға фитнә қаупі болғандықтан жүзін ашуына тиым салынады.

➖Некеге ниетті ер бойында шәһуаты болса да болашақ жарының жүзіне шәһуатын қанағаттандыру үшін емес, бәлки сүннетті орындау ниетімен қарауы керек.

➖Денедегі қарауға тиым салынған барлық мүшеге денеден ажырағаннан кейін де қарау рұқсат емес. Тіпті қайтыс болғаннан кейін де. Мысалы дене түктері мен шаштарына.

➖Бөтен әйелдердің сырт киімдеріне шәһуатпен қарау арам. Ал ішіндегіні және де денесінің сұлбасын көрсетпейтін киіммен әуреті жабылып тұрғанда шәһуатсыз қараса, проблемасы жоқ.

➖Әйел мен әйел жүздескенде немесе қоштасарда бірін бірі шәһуатпен сүюлері мәкруһ тахрим. Ал егер ізгілікпен (сүйіспеншілік) болса, онда рұқсат.

➖Екі еркектің изармен (бұт киім/штаны) ғана болған кездерінде құшақтасулары мәкруһ. Ал егер әрқайсысының үстінде қамис немесе жубба (жеңі кең сырт киім) болған кезде шәһуатсыз құшақтасса рұқсат.

➖Ер мен ердің және әйел мен әйелдің бір ғана киіммен араларында тосқауыл болатын ештеңе болмаған күйде бірге жатулары рұқсат емес.

📚әл-Һәдият әл-'Аляийя.

Canal:
https://t.me/taammul
🖋Шейх 'Аляуд-дин 'Абидин (رحمه الله):

Егер бір адамнан басқа адамдардың көзінше садақа сұрап, ол өз кезегінде ұялғанынан берсе, онда алушыға берілген мал адал емес. Сондықтан сұраушыға кімнен болсын шын жүректен берілмеген садақасын алуы адал емес.

📚әл-Һәдият әл-'Аляийя.

Canal:
https://t.me/taammul
🖋Шейх 'Аляуд-дин 'Абидин (رحمه الله):

▫️Имам Әбу Ханифа (رحمه الله تعالى) мешітте аяқ киімін қаққан (стряхивать) кісіге қарап "Онымен сақалыңды сүрткеніңде, сен үшін қайырлы болмақ еді " деді.

📚әл-Һәдият әл-'Аляийя.

Canal:
https://t.me/taammul
🖋Шейх 'Аляуд-дин 'Абидин (رحمه الله):

Кімде-кім өзін мұқтаж, ілім иесі немесе бір құрметті адам қылып көрсетіп (бірақ асылында ондай емес бола тұра) өзгелерден ақша алса, онда алған малы арам.

📚әл-Һәдият әл-'Аляийя.

Canal:
https://t.me/taammul
🖋Шейх 'Аляуд-дин 'Абидин (رحمه الله):

Жүніп хәлде денедегі түктерді кетіру - мәкруһ.

📚әл-Һәдият әл-'Аляийя.

Canal:
https://t.me/taammul
🖋Шейх 'Аляуд-дин 'Абидин (رحمه الله):

🔸Есігіне қол жайып келгенді айқайлап қууына болмайды. Егер беретін ештеңе таппаса "Аллаһу Тағала бізге және сізге ырзық нәсіп етсін" деп айтсын.

🔹Сұраушыға бергенін санамайды.

🔸Кімге садақа берсе, одан қайырымын, дұға қылуын, алғыс білдіруін немесе мақтау айтуын тоспауы керек (дәм ету).

🔹Тек адал мүлкінен садақа қылуы керек. Егер бір кедейге арамнан садақа қылып, әрі сауап үміт етсе, онда күпірге түсті. Ал кедей берілген дүние арамнан екенін біле тұра оған дұға тілесе және беруші "қабыл болсын" десе, онда екеуі де күпірге түсті.

🔸Базарларда Құран оқып тіленшілік қылатындарға істерінен қайтару мақсатында садақа берілмейді. Тасбих, тахмид айтып тіленушілерге қатысты да солай.

📚әл-Һәдият әл-'Аляийя.

Canal:
https://t.me/taammul
🖋Шейх 'Аляуд-дин 'Абидин (رحمه الله):

Тұрмыс тіршілігінің тарлығына немесе дұшпанының қаһарына бола өлім тілеу мәкруһ. Ал егер заманның өзгеріп күнәлардың ашық істеліп жатқанында соған бой алдырып қоямын ба деген қорқынышымен тілесе, онда мәкруһ емес.

📚әл-Һәдият әл-'Аляийя.

Canal:
https://t.me/taammul
🖋Шейх 'Аляуд-дин 'Абидин (رحمه الله):

Кімде-кім қажылық пен сауданы бірге ниет етіп жолға шығып, әрі қажылыққа деген ниетіне қарағанда саудаға деген ниеті басым немесе тең болса, онда ешқандай сауапқа ие болмайды.

📚әл-Һәдият әл-'Аляийя.

Canal:
https://t.me/taammul
почему у некоторых аллергия на логику🤦‍♂
▪️Арқа сүйер азаматым, жан- жарым,
Өзіңізбен атсын арай таңдарым,
Екі өмірде қуанышқа кенелтіп,
Бір Аллаһым нәсіп етсін бар бағын!

▪️Аяулы жар, асыл әке, ардақты,
Ілім сүйген ізгі жансыз, жан- жақты,
Болмысыңыз биік бізге қашанда
Салиқалы, сабырлы да салмақты.

▪️Өмір кейде сыйласа да бізге мұң,
Бірге кештік көктемі мен күздерін,
Сізге деген сыйластық пен құрметтен,
Бір Алланың разылығын іздедім.

▪️Өттік бірге талай сын мен сынақтан,
Қиындықта қолдауыңыз жұбатқан,
Ендігі арман - мәңгі өмірде бірге боп,
Жаратқаным орын берсе жұмақтан!

©Умм Румейса

Canal:
https://t.me/taammul
▪️اللَّهمَّ يا ربي وربِّ كلِّ شيء ومليكه، إني أدعوك باسمك الواحد الأحد الفرد الصمد، وأدعوك باسمك الأعظم الذي إذا دعيت به أجبت، وإذا سُئلت به أعطيت، أن تمنَّ عليَّ بصلاح أحوال أهلي وذريتي.
▪️اللهمَّ حبب إليهم الإيمان وزينه في قلوبهم، وكرِّه إليهم الكفر والفسوق والعصيان، واجعلهم من الراشدين، فضلاً منك ونعمة وأنت خير الرازقين.
▪️اللهمَّ اجعل أهلي من الذين يعيشون عيشًا سعيدًا، واجعل هذه الدنيا جنة لهم، وارزقهم في الآخرة دخول أعلى الجنان برحمتك وفضلك يا منان.
▪️اللهمَّ إنَّ أهلي هم سعادتي في هذه الدنيا، فأسعدهم في دنياهم وآخرتهم يالله، اللهم كما أنعمت علي بوجودهم أنعم علي برؤيتهم سعداء.
▪️اللهمَّ إنك تُقلّب قلوب الخلق كيف تشاء؛ فاقلب هموم أهلي وأحزانهم إلى سعادة وسرور، وأبعد عنهم الهم والحزن وكل ما يؤذيهم يا أرحم الراحمين.
▪️يا رب إنَّ عائلتي هي من أجمل هداياك، ومن أغلى ما رزقتني، فاحفظهم لي وأسعدهم🩶.


Canal:
https://t.me/taammul
🖋Шейх 'Аляуд-дин 'Абидин (رحمه الله):

Ақ түсті киім кию мустахабб. Және қара түсті киімді де. Себебі ол Бәну 'Аббастың белгілерінен (شعار). Әрі Пайғамбарымыз ﷺ екі айт күндерінде артын (арқа жағына) түсіріп қара сәлде орайтын еді. Және Меккеге кірген кезінде басында қара сәлдесі болды.

📚әл-Һәдият әл-'Аляийя.

Canal:
https://t.me/taammul
🖋Шейх 'Аляуд-дин 'Абидин (رحمه الله):

Жануарлардың арасында тахриш жасау харам. Яғни әтеш т.б. сияқтыларды өзара шағылыстырып төбелестіріп қою.

📚әл-Һәдият әл-'Аляийя.

Canal:
https://t.me/taammul