𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
958 subscribers
1.02K photos
110 videos
212 files
2.26K links
السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!

📝бот: https://t.me/taammul_bot

‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/tabahhurr

Анонимді сауал жолдау сілтемесі:
🔗t.me/anonaskbot?start=istiftaa
Download Telegram
🖋Шейх 'Аляуд-дин 'Абидин (رحمه الله):

Пессимизм арам. Оптимизм жақсы.

📚әл-Һәдият әл-'Аляийя.

Canal:
https://t.me/taammul
🖋Шейх Уәһби Сулайман(رحمه الله):

Нашар адамдар (أهل السوء) жайлы нашар ойлау (күмәндану) арам емес.

Canal:
https://t.me/taammul
🖋Шейх 'Аляуд-дин 'Абидин (رحمه الله):

Өзге жайлы көзіңмен көрмейіңше н/е алдыңда басқаша жорамалдау мүмкін болмайтын деңгейде айқын көрініс таппайынша өзге (мұсылман бауырың) жайлы нашар ойға илануың арам болып табылады.

📚әл-Һәдият әл-'Аляийя.

Canal:
https://t.me/taammul
🖋Шейх 'Аляуд-дин 'Абидин (رحمه الله):

Түнгі ғибадатты атқаруды ниет еткен адам үшін тал түстің алдында қайлулаһ жасап (мызғу) алуы мустахабб. Күннің алғашқы бөлігінде ұйықтамайды. Тура солай ақшам мен құптан намазының арасында және екінті намазынан кейін де ұйықтамайды. Күндіздің ортасында ұйықтау мустахабб.

📚әл-Һәдият әл-'Аляийя.

Canal:
https://t.me/taammul
🖋Муфти Даниал Шариф (حفظه الله):

Джарх пен та'дил мәселесінде тек 'АбдуЛлаһ ибн әл-Мубәракқа (رحمه الله) қатысты джарх жоқ. Ол кісі жайлы сөйлегендердің барлығы мақтау сөздерін ғана айтты.

Canal:
https://t.me/taammul
🖋'АбдуЛлаһ ибн Дәуд әл-Хориби (رحمه الله):

▪️Адамдар Имам Әбу Ханифаға (رحمه الله) қатысты екі топқа бөлінеді:
➖Оны жөнді танымағандар.
➖Оған қатысты хасад қылушылар.

Canal:
https://t.me/taammul
✅Көп отбасының шағымы шаңырақтағы жылылықтың жоғалуы..


🔸Оған кінәлі әйелі н/е ері. Көпшілік жағдайда (өздері мойындамағанмен) екеуі де кінәлі болып табылады. Енді әр адам әр түрлі болғасын, әртүрлі адамнан қосақталған шаңырақтар тіптен әртүрлі болғасын және сол шаңырақтардағы салқындықты туындатқан себеп салдары да әртүрлі болғасын көпшілігіне ортақ болған бір тұсын түртіп айтып кеткім келеді.

🔹Жігіттер әйеліне жасаған ең алғашқы мәмілесін еш ұмытпағаны жөн. Себебі жарыңыздың сол мәмілеңізге жараса сізге деген сезімі мен құрметі артқан болатын. Қашан сіз сол мәмілеңізді жоғалтасыз, тиесілінше алғашқы сәттегі берекелі, ыстық ықыласқа толы, махаббат төрелік еткен шаңырағыңызды шайқайсыз. Оның сізге бар жан тәнімен берілгеніне масаттанып, соқырлыққа салынып кетпеңіз. Сол күйді жоғалтып алмауға әркез сақтық танытыңыз. Кез келген салада солай. Небір чемпиондар жеткен жетістік жолындағы еңбегіне салғырттық танытып бастамайынша чемпиондықтан құлдыраған емес. Сол себепті өзіңізге жаққан отбасылық аураға қол жеткізген сәтте ең кемі сол мәміледе тұрақты болыңыз.

🔸Бірде бір бауырымыздың сұраған кеңесіне қатысты "Әйеліңіздің тарапынан шашылған нұрға бөлене беруден шаршамаңыз, жалықпаңыз" деген болатынмын. "Ол қалай?" дегеніне "Әйел заты айна сияқты. Алдына не нәрсенің бейнесі келмесін бойына жасырып қалмайды. Сондықтан одан нені күтсеңіз, соны оған да беруден шаршамаңыз" деп айтқаным бар-тын.

🔹Еркектің басшылығын бұйрық беріп, шешім қабылдаумен шектеп алу үлкен қателік. Тіпті жауапсыздық десе болар. Ерлігіңізді шаңырақтағы берекені сақтауда, шайқалған тұстарын ретке келтіруде танытыңыз. Отбасылық түсініспеушілік туындап қалған сәтте әйеліңізге итере салмаңыз. Соның кінәсі, өзі ретке келтірсін деп. Егерде осы тұста ерлігіңізді танытып, өз басшылығыңызбен, даналығыңызбен мәселені жүйелі түрде үйлестіре алмасаңыз, онда ерлігіңізге үлкен сын. Отбасылық отанның ең басты жауаптысы сізсіз. Ал енді жауапты жаннан басқа кінәлі жан болатын ба еді?
#НиязӘбуРумейса

📔Кемелділікке саяхат..

Canal:
https://t.me/taammul

16.11.2022 архив.
✅Естіп есің шығады.. Қазіргі таңда адамзат баласының жаратылысындағы мақсаты екі түрлі жыныстағылардың бір төсекте бас қосулары сияқты. Әрі сонау заманнан осы күнге дейінгі адам баласы бұл тақырыпта сауатсыз болғанын көрсетіп әлдекімдердің халықтың көзін надандықтың шелінен тазартып жатқандай жар салулары тағы бар. Қай заттың жарнамасын шығармаса да әйел затының тәнін жарнама құралы ретінде пайдаланатындары да бар. Айнала толған осындай айуандық болып жатқанда кейбір адамдардың төсектен өмірлік ләззатын іздеп кетулерін сөгу де орынсыз сияқты көрінуі мүмкін. Бұл жазбаның кіші көгілдірлік қылудан жиіркенбегендер жайлы естіп, ес шығып жазылып жатқан жайы бар.

Иә, иә, әйелдің артқы жағынан жақындаушыларды сахабалардың (رضي الله عنهم) "кіші көгілдірлік" деп атағандықтары турасында әсәрлар жеткен. Себебі бұл дүниеде ләззат алудың адалдығы шәһуат құмарын өтеу үшін ғана бекітілмеген. Себебі шәһуатты тояттандырудың негізгі мекені арғы дүние (жәннат). Ал бұл дүниедегісі қажеттілік себепті. Яғни дүние таусылғанға дейін ұрпақ қалдырып, тұқымын жалғастыру. Ал енді ұрпақ дәнегін артқы егістікке себетін бе еді? Сол арттан жақындасу адал болған жағдайдың өзінде ол тек мақсатты қажеттілікті өтеу үшін ғана болмақ еді. Ал дүние ләззат алу мекені ретінде жаратылмады. Сондықтан табиғи фитраттарыңызға қайтып, адами болмыстарыңызды жоғалтпай, саналарыңызды төсек қатынасы ләззатының құлдығынан азат қылыңыздар. Бұрынғылар сауатсыз болмаған, олар тек жаратылуларындағы мақсаттарын білді. Ненің алғы, ненің соңғы қажеттілік екенін ұқты. Қазіргілерде ғой барлық уайымдары хайуандар сияқты асқазан мен бұттың арасында болып қалған. Бұл дүниенің болмысы ләззат алу үшін емес екенін естен шығармаңыздар.

Canal:
https://t.me/taammul
🖋Муфти Даниал Шариф (حفظه الله):

Ұстазымыз (حفظه الله) "Егер ілімнен бір келі меңгергеннен кейін халыққа пайдаңды тигізгің келсе, онда қырық келі ақыл қажет" деп айтқан еді. Яғни, қай жерде қайсы нәрсе айтылуы немесе айтылмауына қатысты ақылды қолдану керек болады.

📚Усул әл-ифтәә уә әдәбуһу дәрісінен үзінді.

Canal:
https://t.me/taammul
🖋Нияз Әбу Румейса:

алып ұшқан көңілдің қанатын-ай,
жебесіз жүректен дөп қағатындай..

📚Аққуым неге көлде емес..

Canal:
https://t.me/taammul
медресеміздің қазіргі сәті😍
✅Имам Муслимнің (رحمه الله) Сахих жинағында¹ Әбу Һурайраһтан (رضي الله عنه) Пайғамбарымыздың ﷺ былай дегені жетеді:

▫️Әлдекімге райхан² гүлі ұсынылса, онда оны қайтармасын³. Себебі ол алып жүруге жеңіл, әрі хош иісті.
___

1] Және бұл хадис Имам Әбу Дәудтың Сунанында, Имам Насаидың Сунанында және Имам Ахмадтың (Аллаһу Тағала баршасын рақымына бөлесін) Муснадында да Хазіреті ӘбуҺурайраһтан (رضي الله عنه) "райхан" сөзінің орнына "хош иіс/әтір" сөзімен риуаят етіледі.

2] Тіл ғалымдары: Иіскелетін хош иісті барлық өсімдік жатады (әл-Минһадж).

3] Имам ән-Науауи (رحمه الله) шариғи үзірсіз райханды берушінің қолын қайтару мәкруһ болып саналады.

📌Сол себепті ғалымдарымыз қазіргі таңда қалыптасқандай (әйел затынан) өз махрамдарына гүл сыйлаудың еш әбестігі жоқ екенін айтады. Әрі бұл сыйлық нәзік жандылардың (тіпті ол сіздің немере-шөбере сүйіп отырған анаңыз болса да) көңіліне қуаныш сыйлайтыны сөзсіз. Әрі ерлі-зайыптылардың арасындағы мәмілені нығайтып, көңілдерін жарастырып, өзара түсініспеушілікті арттыра түседі.

❗️Әлбетте ысырапшылдыққа жол берілместен орын алу қажеттілігін естен шығармау ләзім. Сонымен қатар ғайр мұсылмандардың мерекелерінде арнайы сыйламауы керек.

❕Әрі біреудің отбасына сыйлаған гүлін сөгіс қылуға ақыңыздың жоқ екенін ескеріңіз.

Canal:
https://t.me/taammul
❕Ханафиттер расымен де қиясты хадистен жоғары қояды ма?

✅ Жауап мәзһабымызға дұшпандық қылушы бауырлардың өздері аттарын жамылған имамдардың сөзімен келтірейік.

🖋Хафиз Ибн Тәймия (رحمه الله) өзінің фәтәәуасында (20/304) айтты:

▪️Имам Әбу Ханифа және өзгеде мұсылмандардың имамдары (رحمهم الله جميعا) жайлы "Олар сахих хадиске қияс немесе басқа үшін біле тұра (көздеген хәлде) қарсы келді" деп ойлаушылар имамдарға қатысты қате тұжырым жасады. Мүмкін олар құр оймен, мүмкін көңіл қалауымен (нәпсі) сөйледі.
_ _ _ _ _

🖋Имам ибнул-Қойюм (رحمه الله) "И'лам әл-Мауқи'ин" атты еңбегінде айтты:

▪️Имам Әбу Ханифаның сахабалары (رحمهم الله جميعا) Имам Әбу Ханифаның мәзһабында да'иф хадис қияс пен ойдан жақсырақ екеніне, әрі оның мәзһабы осы негізде құрылғандығын бір ауыздан жеткізді (келісті).
_ _ _ _ _

❕Имам Ибн Хазм (رحمه الله) да жоғарыдағыдай сөздерді айтқан.

❗️Ғасырлар бойы үмметтің басым бөлігі ұстанып келе жатқан мәзһабтың құрылым негізіне қатысты сөз қозғар алдын сол мәзһабтың усул кітаптарын оқыған жөн болар. Жоқ дегенде сол мәзһабтан қиянатсыз хабар берушілерге құлақ асу қажет.

Canal:
https://t.me/taammul
🖋Нияз Әбу Румейса:

Әлдекім ақты қара, ал қараны ақ деп көрсе немесе нанды су, ал суды нан деп білсе әлгі заттардың атауы өзгерген болады ма? Әлбетте жоқ. Тек қана сол сөз егесінің білмегенсіп сөйлегеніне бола, онымен санаспау керектігін қорытындылаймыз. Ислам тарихында кейбіреулердің жануармен жыныстық қатынасты әйелмен болған қатынас қатарына атаудың негізінде ғана теңестіріп нәтижесінде аятқа сүйеніп жаза қылуды тұжырымдау немесе нәбизді қияспен хамр деп атап нәтижесінде аятқа сүйеніп арам қылулары сияқты қателесулері болған. Ілім майданында сондай дүние болып жатқаннан кейін классикалық кітаптарға тісі тұрмақ көзі түспеген кейбіреулердің (өздерін интеллектуалды сезініп) құр ақылының негізінде шариғи түсінік бергілері келіп тыраштануына мән беріп қажет емес. Бұл сипаттың егелері "Аллаһу Тағаланың жалпыға болған шариғаты бір жанның ішкі қабылдауының (эмоция) негізінде сараланбайтынын" ұғынулары ләзім.

📚Сөз сені тапқанымен саған айтпағым емес.

Canal:
https://t.me/taammul
✅ الخلاصة في قبول أخبار الآحاد من كتاب أصول الحديث للإمام السرخسي (رحمه الله).

❕الإمام السرخسي (رحمه الله تعالى) جاء في كتابه ببيان أخبار الآحاد و تكلّم في قبولها و العمل بها.

▪️أولا، أتى بأقوال من يعتدّ بقوله و من لا يعتدّ. و هم ثلاثة فِرق. فبيّن مذهبهم في هذا الباب. ثم أخبر عن حجة مذهبهم من كل الفريق و كذلك عن حجة بعضهم على البعض. و يشعر من مبحثه أنه في الحقيقة أهل لهذا الفن. يعني، كيف قدّم الأدلة دعامة لمذهبنا من النقل و العقل. وكيف لم يقتصر على تقديم الأدلة بل ردّ أيضًا على الاعتراضات المحتملة. وكيف أوضح الفرق الدق (الرفيع) بين سكون النفس و طمأنينة القلب و بين علم اليقين. و كيف أبطل القول للنظّام بأن خبر الواحد عند اقتران بعض الأسباب به موجب للعلم ضرورة. و أيضا يمكننا أن نلاحظ إذا تحدّث الإمام عن أن بعض الصحابة عندما أمروا للمخبر أن يأتي بشاهد آخر وهو لو لم يأت به هل كان يقبل حديثه أم لا؟ فهو على علم بأقوال العلماء المتأخرين أيضآ وكذلك بالأصح منها. و في الخلاصة أن حكم خبر الواحد أنه يجب العمل به (ما لم يكن مخالفا للكتاب و السنة) ولا يوجب علم اليقين لوجود الشبهة في طريقه.

РМ: 01:08, 9 Раджаб 1446 һ.ж

Canal:
https://t.me/taammul
𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
✅ الخلاصة في قبول أخبار الآحاد من كتاب أصول الحديث للإمام السرخسي (رحمه الله). ❕الإمام السرخسي (رحمه الله تعالى) جاء في كتابه ببيان أخبار الآحاد و تكلّم في قبولها و العمل بها. ▪️أولا، أتى بأقوال من يعتدّ بقوله و من لا يعتدّ. و هم ثلاثة فِرق. فبيّن مذهبهم…
Имам Сарахсидің (رحمه الله) Усул әл-хадис кітабынан кейбір тақырыптарға мазмұндама/түйіндеме жазу ұстазымыздың тарапынан тапсырылған еді. Сол кезде жазғанымнан. Соны архив ретінде каналға салып қойғанды жөн көрдім. Алдағы уақытта басқа да хулясаларды салып қалармын ин шәә Аллаһ.
وما التوفيق إلا بالله.
🖋Имам әс-Сарахси (رحمه الله):

🔹لا خياطة إلا بالإبرة.
🔸(Тігін) инесінсіз тігіншілік жоқ.


📚Усул әл-хадис.

Canal:
https://t.me/taammul