𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
958 subscribers
1.02K photos
110 videos
212 files
2.26K links
السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!

📝бот: https://t.me/taammul_bot

‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/tabahhurr

Анонимді сауал жолдау сілтемесі:
🔗t.me/anonaskbot?start=istiftaa
Download Telegram
Ораза айт мүбәрак!!!
Йа Аллаһым ﷻ! Біздердің қаншалықты тырысып жатқанымыз бір Өзіңе мәлім. Ықыласымыздың әлсіздігі және бар. Бірақ Сенің жолыңда жұтқан қорлықтарымызды қабыл етіп, Қиямет күнінде орны толмас өкініштің ащы дәмін күйіне жұтуымыздан сақтап қал, Йа Рабб ﷻ! Жүректеріміздің тілімдері Өзіңе ғана аян, сол дерттеріміз Өзіңе ғана болған толассыз махаббаттан шипа тапсын! Әлсіздігіміз және бар. Сондықтан біздерге дін қызметінде шыдап кетуге жігер бер. Сеннен өзгеге сүйене алмайтындай есеңіреткен сынағымыздың Саған қарай бағыт алдырғанына көңіліміз жайланып, жүрегіміз тыныштық табатындай қуана алуымызға тауфиқ бер, Йа Рабб ﷻ!!!

🩶
أيّ شاة لا تحلّ بالتسمية مرة بل لا بد أن يسمّى عليها مرّتين؟

қандай қой бір тәсмиямен бауыздалса адал болмай, тек екі мәрте тәсмия айтылғанда ғана адал болады?
Сен мені табалама, сабалама,
Жылу іздеп өзгені жағалама.
Саған да қамқоршы ғой,
Қамқоршы маған Аллаһ!

©НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul
жұма мүбәрак!
✅ Көп қойылып жатқан сауал: Құрбан шалуы уәжіп болмаған адам қой сатып алса, онда оған сол қойды құрбандыққа шалуы уәжіп болып қалады ма? Және оның барлық етін таратуы керек пе? Өзіне жеуіне болмайды деп жатыр ғой.


📌 Шәмс әл-Әиммә әл-Халуани: "Мәзһаб имамдарымыздың заһир риуаятында ондай жағдайда құрбан шалу уәжіп болмайды" дейді. Сондай-ақ Шәмс әл-Әиммә әс-Сарахи да өз шархында осы көзқарасқа ишара етеді.

Ал Шейх әл-Ислам Жауаһир Задаһ Китаб әл-Удхияның шархында: "Мәзһаб имамдарымыздың заһир риуаятында ондай жағдайда құрбан шалу уәжіп болады" деп жеткізеді.

Фәтуа сол уәжіп болады деген көз қараспен берілді. Яғни сатып алуымен өзіне нәзір қылып алған іспетті болды деген мағынада. Бірақ имамдарымыз бірауыздан келіскен мәселе "Егер бір адам "Аллаһ үшін мына қойды құрбан шаламын" деп тілімен айтпастан тек жүрегінде сол қойды құрбандыққа шаламын депниет етсе, онда оған ол қойды құрбандыққа шалуы уәжіп болмайды" деген хәл.

Нәзір іспетті міндетті болды деген сөз нәзірдің етінің үкімін де алады деген сөз емес. Яғни, тілімен айтып нәзір етпегені себепті сатып алуымен құрбандыққа шалуы міндетті болған қой етінен өзінің жеуі адал. Себебі ол әдеттегі нәзір құрбандығы емес.

Оған келген міндеттілік нәзір себепті емес, құрбандыққа деп сатып алу әрекеті арқылы жүзеге асты. Сондықтан бұл жерде айырмашылық бар. Аллаһу Тағала жақсырақ білуші. Баршаңыздың құрбандықтарыңызды қабыл етіп, күнәларыңыздан тазартсын!

Canal:
https://t.me/taammul