𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
958 subscribers
1.02K photos
110 videos
212 files
2.26K links
السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!

📝бот: https://t.me/taammul_bot

‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/tabahhurr

Анонимді сауал жолдау сілтемесі:
🔗t.me/anonaskbot?start=istiftaa
Download Telegram
𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
Video
Кәнз әд-Дәқаайқ кітабы бойынша дәрістер Раббымыздың ﷻ тауфиғыменен толықтай аяқталды. Күллі мақтау мадақтар Оған ғана тән 🩶.
Қай бағытта қозғалмасаң да мақсатыңнан адаспа. Шынтуайтында өмір жолы толассыз тарау тармақтан тұрады. Әр сәт әр тараптан табыласың. Бұл заңдылық. Бастысы мақсатыңды жоғалтпа. Қайда қадам басып, қайда бас сұқпасаң да мақсатыңмен бірге үңіл. Мақсатыңнан ажырауың өміріңді заяға кетіруің.
Аллаһу Тағаланың тауфиғыменен бүгін таң намазынан кейін тағы бір кітапты аяқтадық. Раббымыз ﷻ талапкерлердің ынтасын арттыра берсін!
✅Омыраудағы Мұса (عليه السلام) ең әлсіз хәлінде бола тұра суға батпады. Ал Перғауын (لعنة الله عليه) ең қуатты хәлінде бола тұра батып кетті. Кім Аллаһ Тағаламен бірге болса, оған өзінің әлсіздігі ешқашан зиян бермейді. Ал кім Аллаһ Тағаламен бірге болмаса, оған өзінің қуаты ешқашан пайда бермейді. Сол үшін өзіңе таянба. Әрі жұмысың өзгемен емес, өзіңмен болсын. Егерде өзгемен жұмыс қылуға тура келсе, онда Раббың ﷻ үшін қыл. Өзгемен болып жатқан мәмілеңде өзіңнің Раббыңмен ﷻ орын алып жатқан байланысыңды жадыңда ұста. Мақсатың өзгенің өзегіне өзіңдікін салу емес, өзің мен Раббыңның ﷻ арасындағы өзекті болған ахуалдарыңды ретке келтіруің екенін ескер. Әрбір жан иесі "нәфси, нәфси" деп айтатын күнге жететініне сенімі нық болған құл ең бірінші ақыреттегі өз есендігін ескереді. Сондықтан бір тараптан сүрінген пендені жөнге саларда өзінің басқа бір тараптан сүрініп кетпеуіне зер салып қадам жасайды. Себебі оның жан дүниесі құтылуды мақсат қылған. Ол мақсаты болмысына сіңіскен. Соның нәтижесінде өзгенің бағы үшін өзін айыпты іске итермелемейді. Егерде итермеленіп кетсе, онда тіліне тиек еткен ықыласы жүрегінде шынайылығын тауып, болмысына сіңісе қоймаған. Демек ниетіндегі проблемасымен бетпе бет келуі керек. Бұның барлығы жоғарыда "Кім Аллаһ Тағаламен бірге болса, оған өзінің әлсіздігі ешқашан зиян бермейді" деп айтқанымыздың төркініне барып тоғысады. Яғни, әлсіздік тек физикалық тұрғыдан ғана меңзелмеді. Осы хәлімде есіме жақында 'Алляма Мулла 'Али әл-Қаридың (رحمه الله) "Нузһат әл-хатыр әл-фатир фи тәржумат әш-Шейх 'Абд әл-Қадир" атты рисалясында келтірген Имам ән-Нәуауидің (رحمه الله) "Тақуа - дүние мен оның кесапаттарынан сақтанған адам" дегені түсіп отыр. Раббымыз ﷻ тақуалықты лайықты деңгейінде таныта алмай жатқан баршамызды жарылқап, панасына алсын! #НиязӘбуРумейса

📚Күн сәулесіндегі түнгі толғаныс..

Canal:
https://t.me/taammul
т-табандылық..