𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
958 subscribers
1.02K photos
110 videos
212 files
2.26K links
السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!

📝бот: https://t.me/taammul_bot

‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/tabahhurr

Анонимді сауал жолдау сілтемесі:
🔗t.me/anonaskbot?start=istiftaa
Download Telegram
жол әркімге де бірдей-ақ.
айырмашылығы тек жолаушының аяқ алысында..
▪️Хайыз хәліндегі әйелдің денесіне тиген су дәретті адамның денесіне тиген су тәрізді болады.

📚 Муният уль-мусолли.

Canal:
https://t.me/taammul
▪️ وَقَالَ ابْنُ مَسْعُودٍ: مَا كَرَبَ نَبِيٌّ مِنَ الْأَنْبِيَاءِ، إِلَّا اسْتَغَاثَ بِالتَّسْبِيحِ.


▪️ 'АбдуЛлаһ ибн Мас‘уд (Аллаһ оған разы болсын):
"Әрбір пайғамбарға бір қиындық (қайғы, таршылық) келгенде, ол тек тәсбих (Аллаһ Тағаланы пәктеу) арқылы көмек сұраған".


📚الداء والدواء.


Canal:
https://t.me/taammul
● өзіңе лайық болмаған іске өзіңді мәжбүрлеу түсініксіз хәл.. сол үшін қандай іске бас сұғайын деп жатпасаң да Раббың ﷻ берген абыройды сақтап қалуды ескер.
#НиязӘбуРумейса



Canal:
https://t.me/taammul
✅ Хадиджа (رضي الله عنها) анамыздың дәлел келтіру тәсілі.


🔘 Имам Ибн Хаджар (رحمه الله):
Хадиджа (رضي الله عنها) анамыз "Аллаһ сені ешқашан қор етпейді" деген сөзіне дәлел ретінде Пайғамбарымыздың ﷺ бойындағы сипаттарды атап өтті. Ол бұл арқылы өз сөзін тәжірибелік дәлелмен негіздеді. Яғни Пайғамбарымыздың ﷺ өмірінде көрініс тапқан игі істерді еске салып, соған сүйенді. Бұл сипаттар адамның бойындағы барлық игі мінездің негіздерін қамтиды. Себебі жақсылық пен мейірімнің түрлері негізінен былай бөлінеді:

☑️ Жақсылық туыстарға бағытталуы мүмкін - бұл "تصل الرحم" (туыстық қатынасты үзбей, туысқандарға жақсылық жасау).

☑️ Жақсылық бөтен адамдарға бағытталуы мүмкін - бұл "تقرِي الضيف" (қонақ күтіп, өзгені сыйлау).

☑️ Жақсылық дене еңбегімен жасалуы мүмкін - бұл "تحمل الكل" (әлсізді, өз ісін өзі істей алмайтын адамды қолдау, оның ауыртпалығын көтеру).

☑️ Жақсылық мал-мүлік арқылы жасалуы мүмкін - бұл "تكسب المعدوم" (мүлде кедей, ешнәрсесі жоқ адамға көмек беру, оның қажетіне жарайтын нәрсе табу немесе оны қамтамасыз ету).

☑️ Жақсылық жалпы істерде, әділ істерде көмек көрсету түрінде болуы мүмкін - бұл "تعين على نوائب الحق" (ақиқат жолындағы қиыншылықтарда, қоғамдық істерде, әділ істерде қолдау көрсету).

📌 Сонымен, Хадиджа (رضي الله عنها) анамыз атап өткен осы сипаттар ізгіліктің барлық саласын - туысқа, бөтенге, тәнмен, малмен, және жалпы істерде жасалатын көмекті - түгел қамтиды. Сондықтан ол Пайғамбарымыз ﷺ жайында:
"Жоқ, Аллаһ сені ешқашан қор етпейді!"

- деп нық сеніммен айтты.

❗️Өйткені осындай жоғары адамгершілік қасиеттерге ие адамды Аллаһ Тағала ешқашан қорламайды және тастамайды.

Canal:
https://t.me/taammul