𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
958 subscribers
1.02K photos
110 videos
212 files
2.26K links
السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!

📝бот: https://t.me/taammul_bot

‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/tabahhurr

Анонимді сауал жолдау сілтемесі:
🔗t.me/anonaskbot?start=istiftaa
Download Telegram
Ақылдымен сөйлессең асыл сөздің қаймағын айтады.
Ақылсызбен сөйлессең миға қонбайтын қай қайдағыны айтады.
➖Әз-Захирия кітабында зина арқылы туған қызды да (яғни, адамның зинадан туған қызын) махрамдар қатарына енгізді. Бұл - харам қатынастан туған бала арқылы да махрамдықтың бекитіндігінің дәлелі... Бірақ Шарх әл-Лубабта: әл-Һидая шархын жазушы Қиуам әд-Дин (رحمه الله) "Егер махрамдығы зинамен бекіген болса, онда кейбір ғұламалардың пікірінше әйел адам онымен бірге сапарға шықпайды" - деп айтқан. Қудури де осы пікірді ұстанған және біз де осыны аламыз. Бұл - діндегі ең сақ жол. Әрі айып пен күдіктен алысырақ болудың амалы... Сәид Әбу Су'уд (رحمه الله) Нафақат әл-Баззазиядан мына сөзді жеткізген: “Біздің заманымызда әйел адам сүт арқылы туысқан (яғни, сүт бауыры) ағасымен сапарға шықпайды” - сөз соңы.. Яғни, бұзақылықтың басым болуы себепті.

📚Радд әл-Мухтар.

Canal:
https://t.me/taammul
❕يقول هذا فعل النبي ﷺ وأنا لا أفعله فحينئذ يكفر.

❕"Бұл Пайғамбарымыз ﷺ істеген іс, ал мен оны істемеймін" деп айтса, онда кәпір болады.


✅ Сүннет-муәккәдаларды қалдыру үкімі.

Туынды мәселелер: Егер бір адам таң намазының алдындағы екі ракағат сүннетті н/е зуһр намазынан бұрынғы не кейінгі сүннеттерді және осы секілді муәккәд сүннеттерді қалдырса, ол туралы "Оған жамандық (исә-әт) таңылмайды,өйткені Имам Мухаммад (رحمه الله) оны нәпіл деп атаған" делінген. Бірақ егер адам оны менсінбей "Бұл Пайғамбарымыз ﷺ істеген іс, ал мен оны істемеймін" деп айтса, онда кәпір болады. "Нәуәзилде": "Бес уақыт намаздың сүннеттерін біреу оларды (діни тұрғыдан) хақ деп есептемей тастаса - кәпір болады. Ал егер олардың хақ екеніне сене тұра қалдырса, онда күнәға батады деп те, батпайды деп те айтылған. Дұрысы күнәға бататыны. Өйткені оларды тастағаны үшін уә'ид (қатаң/қатерлі ескерту) келген" - делінген. Шейх Камал әд-Дин ибн әл-Хумам (رحمه الله): "Айып (исә-әт) деген нәрсе уәжіпті қалдырумен байланысты екені жасырын емес. Пайғамбарымыз ﷺ жаңадан Ислам қабылдаған адамға: “Сені ақиқатпен жіберген Аллаһ Тағалаға серт етемін, мен бұған (парыздарға) ештеңе қоспаймын, тек соны ғана орындаймын”, - дегенде, “Егер айтқанына шынайы болса, құтылады” - деді. Иә, сүннеттерді қалдыру кемшілікке, сондай-ақ Пайғамбарымыз ﷺ сүннеттеріне байланысты болған көптеген сауап дәрежелерінен және ақыреттік пайдалардан мақрұм қалуға себеп болады. Бұл тастау ісі менсінбеуден ада болып, әдеп пен құрмет бекем болған жағдайда айтылады. Ал егер әдеп пен тағзым болмаған жағдайда, адамның қалдыру себебіне қарай бұл іс күпірлік пен күнә арасында ауытқып тұрады" деді.

📚 Ғунят әл-Мутәмәлли.


Canal: https://t.me/taammul
❔Егер: "Қалайша Аллаһ Тағала: “Міне, сол жерде (яғни Қиямет күні, ақырет жағдайында) билік Аллаһқа ғана тән, хақ (нағыз) түрде” деді? "الولاية” сөзі кәсралы уау әрпімен (الوِلاية) айтылса билік пен үстемдік мағынасын, ал фатхамен (الوَلاية) айтылса қамқорлық пен жәрдем мағынасын білдіреді. Ал бұлардың барлығы дүние мен ақыретте де Аллаһ Тағалаға тән емес пе? Ол қалағанын азиз (ардақты) етеді, қалағанын қор етеді, қалағанына жәрдем береді, қалағанын көмексіз қалдырады, қалағанын қорғап-қадағалайды. Онда не үшін Қиямет күнін арнайы атап көрсетті?" - деп сұралса,

❕Біз айтамыз: оның пайдасы мынада: дүниеде (Аллаһтан басқаға қатысты) көптеген бейнелі, шартты талап-даулар бар, ал Қиямет күні олардың барлығы тоқтайды да, билік Аллаһ Тағалаға ешбір қарсылассыз толықтай тән болып қалады. Бұл сұрақтың ұқсасы бұған дейін "Ән'ам" сүресінде Аллаһ Тағаланың:
“Оның сөзі - хақ. Сүр үрленетін күні билік те Оған тән” - деген аятында айтылып өткен.
_ _ _ _ _

❔Егер: "Неліктен “Оның сөзі - хақ, әрі билік те Оған тән, сүр үрленетін күні” деп Қиямет күнін ғана атап өтті? Ал оның сөзі әрқашан хақ емес пе, билік те әр заманда Оған тән емес пе?" - деп сұралса,

❕Біз айтамыз: себебі ол күні Одан басқа ешкімде ешбір тұрғыдан/тараптан билік болмайды. Ал дүниедегі өзгелердің билігі Оның атынан берілген өкілдік н/е Оның сыйы мен нығметі ретінде ғана болады. Бұған Аллаһ Тағаланың Дәуітке (عليه السلام) қатысты:
“Аллаһ оған билік пен даналық берді” - деген сөзі, сондай-ақ:
“Аллаһ Өз билігін қалағанына береді” - деген аяты дәлел. Ал сол күні Аллаһтың сөзі құлдардың ешқайсысы қайтара алмайтын, қасарысқандардың ешбірі күмән келтіре алмайтын хақ болады. Өйткені ол күні перде ашылады, барлық даулар мен тартыстар тоқтайды. Мұның ұқсасы Аллаһ Тағаланың: “Ол күні әмір Аллаһқа тән” - деген сөзі. Негізінде әмір әр заманда да Оған тән. Сол сияқты Оның: “Бүгін билік кімге тән?” – деген сөзі де (осы мағынаны білдіреді).

📚Әнмузәдж жәлил фи әсиләтин уә әджуибәтин мин ғарāиб әәий әт-Тәнзил.

Canal:
https://t.me/taammul
❔Егер: "Аллаһ Тағаланың: “Ібілістен басқа. Ол жындардан еді” деген аяты оның жын екендігін білдіреді, ал басқа бір аяттағы: “Сол кезде Біз періштелерге: "Адамға сәжде қылыңдар", - дедік. Сонда олар сәжде қылды, тек Ібіліс қана сәжде қылмады” дегені оның періштелерден екенін көрсетеді. Екі аяттың арасы қалай үйлестіріледі?" - деп сұралса,


❕Былай деп жауап береміз: Бұл мәселеде екі пікір бар.
➖Бірінші пікір: Ібіліс - жындардан. Бұл осы аяттың сыртқы мағынасына сай. Сондай-ақ оның ұрпағы бар. Аллаһ Тағала: “Сонда сендер Менен өзге оны және оның ұрпағын дос тұтасыңдар ма?” - деді. Ал періштелердің ұрпағы болмайды. Бұған қоса, Ібіліс кәпірлердің ең кәпірі, пасықтардың ең пасығы. Ал періштелер үлкен күнәлардан пәк, өйткені олар Аллаһтың ﷻ елшілері. Әрі жалпы күнәлардан да пәк, себебі олар құмарсыз, таза ақыл иелері. Ал күнә тек құмарлық арқылы ғана болады. Мұны Аллаһ Тағаланың мына сөздері де қуаттайды: “Олар Аллаһтың өздеріне бұйырғанына қарсы келмейді және бұйырылғанды орындайды”. Сондай-ақ Аллаһ Тағала айтты: “Оның қасындағылар (періштелер) Оған құлшылық етуден тәкәппарланбайды да, жалықпайды. Олар түн мен күндіз үздіксіз тасбих айтады” - яғни бұл періштелер туралы. Ендеше Ібіліс қалайша солардан болып, сәждеге бұйырылып, кейін бас тартсын? Осыған сәйкес, оның періштелерден тыс қалдырылып айтылуы (истиснә) тектес емес ерекшелеу (истисна мунқати‘) н/е періштелердің жынысынан емес, сәждеге бұйырылғандардың жынысынан тыс қалдыру болып табылады. Яғни мағынасы: “Біз періштелерге және Ібіліске: "Адамға сәжде қылыңдар", - дедік. Олар сәжде қылды, тек Ібіліс қана сәжде қылмады”. Бұл: "Інілеріме және құлыма мынаны істеуді бұйырдым, олар орындады, тек құлым ғана орындамады" деген сөз секілді. Құл інілерден емес, бірақ бұйрыққа бірге кіргені үшін солармен қатар аталған. Бұл да дәл сондай.

➖Екінші пікір: Ібіліс бастапқыда періштелерден болған, кейін Аллаһ Тағалаға қарсы келген соң шайтанға айналдырылған. Бұл Ибн Аббастан (رضي الله عنه) риуаят етілген. Осыған сәйкес, Аллаһ Тағаланың “жындардан еді” дегені - “жындардан болды” деген мағынада, яғни "болды" мағынасында қолданылған. Кейбіреулер: бұл Аллаһ Тағаланың алдын ала ілімінде жындардан еді дегенді білдіреді, - деді. Бұл екі түсіндірме де оның күнәға дейін періштелерден болғанын меңзейді. Тағы бір риуаятта Ибн Аббас (رضي الله عنه): ол жәннаттың сақшыларының бірі болған, ал олар "джин" деп аталатын періштелер тобы, - деген. Осыған сәйкес “жындардан” деген сөз жәннат сақшылары болған періштелерді білдіреді. “Сонда ол Раббысының әмірінен шықты” - яғни қарсы келуі арқылы. Бұл жағдайда ерекшелеу тектес (истиснә муттасыл) болады. Ал Имам Замахшари (رحمه الله) "Бақара" сүресіндегі “Сонда олар сәжде қылды, тек Ібіліс қана сәжде қылмады” деген аятқа қатысты: "Бұл - тектес ерекшелеу, өйткені Ібіліс періштелердің мыңдаған тобының арасында болған жалғыз жын еді, олар оны басып тұрғандықтан, “олар сәжде қылды” деп айтылды", - деді. Мен айтамын: бұл уәжде ойланатын тұс бар. Содан кейін ол: "Оны тектес емес ерекшелеу деп түсіндіруге де болады", - деді.

📚Әнмузәдж жәлил фи әсиләтин уә әджуибәтин мин ғарāиб әәий әт-Тәнзил.

Canal:
https://t.me/taammul
❔Егер: "Аллаһ Тағала: “Сонда сендер Менен өзге оны және оның ұрпағын дос тұтасыңдар ма?” - деді. Ал әулия (достар) деген сөз дос-жаран, сүйікті деген мағынада. Олар дұшпандарға қарама-қарсы ұғым. Мұны Аллаһ Тағаланың: “Ал олар сендерге дұшпан” деген аяты да қуаттайды. Ал адамдардың ішінде Ібілісті және оның ұрпағын жақсы көріп, олармен достасатын ешкім жоқ қой. Бұл қалай?" - деп сұралса,

❕Былай деп жауап береміз: Мұндағы мууәләт (дос тұту) дегеннен мақсат адамдардың олардың күнәларға шақырған бұйрықтарына жауап беруі, көкіректеріне салған азғыруларына еріп, сол істерде оларға мойынсұнуы. Яғни бұл жердегі дос тұту тура мағынада емес, астарлы (мәджаз) мағынада қолданылған. Өйткені бұл әрекеттер дос тұтудың ажырамас салдарлары болып табылады.

📚Әнмузәдж жәлил фи әсиләтин уә әджуибәтин мин ғарāиб әәий әт-Тәнзил.

Canal:
https://t.me/taammul
✅"Расында, әйел қабырғадан жаратылған". Кең таралған пікір бойынша, ол сол жақ қабырғадан жаратылған. Мен бір еңбектің авторын көрдім, ол осы жерге келгенде былай деді: Адам (عليه السلام) бірде ұйқысынан оянып, Хауа анамызды сол жағында отырған күйде көреді. Міне, “қабырғадан жаратылған” деген сөздің мағынасы осы. Яғни ол оны сол жақ тұсынан жаратылған күйде көрді. Мен бұл ықтималды тек бір себеппен ғана келтірдім. Өйткені қазіргі замандағы адамдар ақылдары толық қамти алмайтын нәрсенің бәрін жоққа шығаруға әдеттеніп алған. Қандай надандық! Егер Еуропа адамдары оларға құрал-жабдықтар арқылы көрдік деген "жаңалықтарын" айтса, ол қаншалықты қисынсыз әрі алыс болса да, олар соған бір сәт те күмәнданбастан сенеді. Мәселен, адамның шығу тегі маймылдан деген сөздеріне н/е олардың басқа ғаламшарларда, аспан денелерінде қалалар бар деген сөздеріне де сенеді. Ал ең шыншыл сөйлейтін жан өз көзімен көргенін хабарласа, Құранда айтылғандай: "Сонда сендер оның көрген нәрсесі жөнінде онымен таласасыңдар ма?" (ән-Нәжм -12) н/е бұл хабарды оған Ұлы да Құдіретті Раббысы жеткізсе олар теріс бұрылып кетеді. Осындай сәтте адам олардың хәліне күйініп, жаны қиналмай тұра алмайды. Аллаһ Тағала оларды тура жолға салғай!

Бұл сөздерді 'Алляма Әнуар Шах Кәшмири (رحمه الله) өзінің "Файд әл-Бәри" еңбегінде айтады. Өзгелерге емес өзімізге, өз сенімімізге, өз қабылдауымызға қатысты ескеруіміз керек өте өзекті нәзік мәселені қозғап кеткен екен. Аллаһу Тағала ол кісіні рақымына бөлеп, мәңгілік мекенін жәннаттың төрінен етсін!

Canal:
https://t.me/taammul
Халид әл-Хазза 'Икрима арқылы жеткізеді: Әбу Һурайра (رضي الله عنه): "Мен күн сайын он екі мың мәрте Аллаһтан кешірім сұрап, тәубе етемін. Бұл өз күнәмнің мөлшеріне қарай".

📚Тәзкират әл-Хуффаз.

Canal:
https://t.me/taammul
✅Әбу Һурайра (رضي الله عنه): Бірде "Уа, Аллаһтың Елшісі ﷺ! Қиямет күні сенің шапағатыңа ең бақытты болатын адам кім?" деп сұралды. Сонда Аллаһтың Елшісі ﷺ былай деді: "Уа, Әбу Һурайра! Хадиске деген ынтаңды көріп, бұл сұрақты менен ең бірінші болып сен сұрайтыныңды ойлаған едім. Қиямет күні менің шапағатыма ең бақытты болатыны “Аллаһтан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ” деп, оны жүрегінен (н/е жан-тәнімен) шынайы айтқан адам".

📚Сахих әл-Бухари.


❕Қысқаша ықшамдалған түсіндірмесі:

➖"Аллаһтан басқа тәңір жоқ" деу ширк иесін тысқары қалдыру. Яғни мұсылман болудың шарты. Мұнда "Мухаммед - Аллаһтың елшісі" деген куәлік те меңзеледі.

➖"Шынайы" деген сөз - екіжүзділікті (нифақтық) жоққа шығарады.

➖"Ең бақытты" дегені: Пайғамбардың ﷺ шапағаты көп адамға тиеді, бірақ соның ішінде ықыласты, жүрегімен иман еткен мүмін одан ең көп пайда көреді.

➖Хадис тілмен шәһадат айту шарт екенін де білдіреді, өйткені "кім айтса" деп нақты айтылған.

📚Фатх әл-Бәри.

❗️Аллаһу Тағала баршамызға ықыласпен куәлік беріп, әрі соның негізінде өмір сүруімізге тауфиқ берсін! Әмин!

Canal:
https://t.me/taammul
✅ Яхъя ибн Айюб Ибн 'Аджланнан риуаят етеді: Әбу Һурайра (رضي الله عنه): "Мен кейбір хадистерді риуаят етемін. Егер оларды 'Умардың (رضي الله عنه) заманында айтқанымда, сөзсіз басым жарылар еді".

❕(Автор айтады:) 'Умар (رضي الله عنه) осындай еді. Ол: "Аллаһ Елшісінен ﷺ хадисті аз риуаят етіңдер" дейтін. Ол сахабалардың бірқатарын хадисті кеңінен таратуға тыйым салды. Бұл 'Умардың да, өзгелердің де ұстанған жолы.

❗️Ал енді, Аллаһ үшін айтыңызшы: егер 'Умардың билігі кезінде хадисті көп айтуға, риуаят етушілердің шыншылдығы мен әділдігіне қарамастан, әрі ол кезде иснадтар болмаған, хадис әлі араласпаған "жас" күйінде болғанына қарамастан тыйым салынған болса, онда біздің заманда иснадтар ұзарып, қателік пен жаңылыс көбейген кезде, таңсық және теріс риуаяттарды көп таратудың жайы не болмақ? Мұндай жағдайда адамдарды бұдан тыю әлдеқайда орынды. Бірақ, өкінішке қарай, олар тек ғариб пен әлсіз хадистермен шектелмейді. Қайта _Аллаһ атымен ант етейін_ ойдан шығарылған, жалған, ақидада да, үкімдерде де, фитналар мен зуһд мәселелерінде де ақылға сыймайтын нәрселерді риуаят етеді. Аллаһтан амандық тілейміз. Кім мұны жалған екенін біле тұра риуаят етіп, мүміндерді алдаса, ол өзіне зұлымдық жасаған, сүннет пен асарларға қиянат жасаған адам. Ондай адам тәубеге шақырылады. Егер тәубе етіп, тоқтаса жақсы, ал тоқтамаса пасық болғаны. Адамға күнә ретінде естігенінің бәрін айтуының өзі жеткілікті. Ал егер білмесе, сақтық жасасын, әрі өз риуаяттарын сүзгіден өткізуге көмектесетін адамдардан жәрдем сұрасын. Аллаһтан амандық тілейміз. Расында, бәле жалпыға жайылды, ғапылдық кең тарады, мұсылмандар сүйенетін хадисшілердің арасына бөтен нәрсе кіріп кетті. Сондықтан фиқһ ғалымдары мен кәлам иелерін кінәлауға болмайды.

➖Мухаммад ибн Яхъя әз-Зуһли:
Мухаммад ибн 'Иса бізге риуаят етті, ол Язид ибн Юсуфтан, ол Салих ибн Әби әл-Ахдардан, ол әз-Зуһриден, ол Әбу Сәләмадан, ол Әбу Һурайрадан (رضي الله عنه) риуаят етіп: "'Умар (رضي الله عنه) қайтыс болғанға дейін біз: “Аллаһ Елшісі ﷺ айтты” деп айта алмайтын едік. Қамшыдан қорқатынбыз" - деді.

➖Халид ибн 'АбдуЛлаһ Яхъя ибн 'УбайдуЛлаһтан, ол әкесінен, ол Әбу Һурайрадан (رضي الله عنه) риуаят етті: "Менің риуаяттарым 'Умарға жетті. Ол мені шақыртып алып: “Аллаһ Елшісі ﷺ бір күні пәленшенің үйінде болғанда, сен де бізбен бірге емес пе едің?” - деді. Мен:
“Иә, не үшін сұрап отырғаныңызды білемін”, - дедім. Ол:
“Неге?” - деді. Мен:
“Өйткені сол күні Аллаһ Елшісі ﷺ:
"Кім маған әдейі түрде өтірік жала жапса, тозақтағы орнын дайындай берсін", - деген”, - дедім. Сонда ол:
“Жарайды, онда бар да риуаят ет”, - деді".

📚Сияр а‘лям ән-Нубаля.

Canal:
https://t.me/taammul