𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
958 subscribers
1.02K photos
110 videos
212 files
2.26K links
السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!

📝бот: https://t.me/taammul_bot

‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/tabahhurr

Анонимді сауал жолдау сілтемесі:
🔗t.me/anonaskbot?start=istiftaa
Download Telegram
☑️ Ибн 'Аббас (رضي الله عنه): Аллаһ Елшісі ﷺ иғтикаф жасаушы туралы:
"Ол (иғтикаф арқылы) күнәлардан тыйылады¹. Әрі оған барлық игі істерді жасаған адамның сауабындай сауап жазылады".

📚Сунан Ибн Мәжаһ 1781.
_ _ _ _ _ _ _ _

❕1] Яғни, иғтикаф күнәларды тоқтатады. Сондықтан ол жерде күнә жасау оңай болмайды. Егер "үнемі тосқауыл қою" мағынасы меңзелсе, онда иғтикафтың әсерлерінің бірі - Аллаһу Тағала иғтикаф жасаған адамға күнәлардан сақталуына тауфиқ беруі мүмкін.

📚Хашия әс-Синди.

Canal:
https://t.me/taammul
𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
☑️ Ибн 'Аббас (رضي الله عنه): Аллаһ Елшісі ﷺ иғтикаф жасаушы туралы: "Ол (иғтикаф арқылы) күнәлардан тыйылады¹. Әрі оған барлық игі істерді жасаған адамның сауабындай сауап жазылады". 📚Сунан Ибн Мәжаһ 1781. _ _ _ _ _ _ _ _ ❕1] Яғни, иғтикаф күнәларды тоқтатады.…
Сонымен, Ей, иғтикаф қылушы!Сізге екі сүйінші бар. Бірі Аллаһу Тағаланың үйінде қонақ болып отырғаныңызда барлық игі істерді жасап жатқандай сауапқа кенелесіз. Ал екіншісі қылған иғтикафыңыз себепті арғы қарайғы тіршілігіңізде күнәға бой алдырмауға жәрдем беріледі. Қандай керемет. Әлдекім істес болғысы келсе, Раббысымен ﷻ істес болсын. Мұқтажсыз байлықтың Егесімен болған саудада сәттіліктен басқа серігіңіз болсын ба?! Уақытын жіберіп алмаңыз.. #НиязӘбуРумейса
➖Әбу Һурайра (رضي الله عنه): Пайғамбарымыз ﷺ:
Әрбір нәрсенің зекеті бар, ал дененің зекеті - ораза.


📚Мусаннаф¹ Ибн Әби Шәйбаһ, 8908.

Canal:
https://t.me/taammul

1] الكتاب المصنّف في الأحاديث والآثار.
➖Сағд ибн Ибраһим:
"Көп ораза ұстайтындардың қатарында 'АбдуЛлаһ ибн 'Умар, 'Айша бинт Әби Бәкр және Са'ид ибн әл-Мусаййб (رضي الله عنهم) бар еді".

📚Мусаннаф Ибн Әби Шәйбаһ, 8906.

Canal:
https://t.me/taammul
➖ барлық етістіктер өздерінің бастауышын көтереді, ал махаббат қана өзінің толықтауышын көтереді.

➖ барлық әрекеттер әрекет етушіні биіктетеді, ал махаббат болса - әрекет бағытталған адамды биіктетеді.

➖ махаббатта биіктейтін - сүйетін адам емес, сүйілген адам 🤍.

Canal:
https://t.me/taammul
➖Анас (رضي الله عنه): Аллаһ Елшісі ﷺ қандайда бір үйде ауыз ашса, былай дейтін:
"Сендердің үйлеріңде ораза ұстаушылар ауыз ашсын¹, тағамдарыңды ізгі (жақсы) адамдар жесін, әрі сендерге періштелер түссін²".

➖أَفْطَرَ عِنْدَكُمُ الصَّائِمُونَ، وَأَكَلَ طَعَامَكُمُ الْأَبْرَارُ، وَنَزَلَتْ عَلَيْكُمُ الْمَلَائِكَةُ.


📚Мусаннаф Ибн Әби Шәйбаһ, 9745.

1] Бұл сөз не - Аллаһтан тауфиқ сұрап жасалған дұға. Яғни: "сендердің үйлеріңде ораза ұстаушылар ауыз ашатын болсын" деген мағынада. Н/е оларға жеткен игілік туралы сүйінші хабар мағынасында айтылған. Ал "الصائمون/ораза ұстаушылар" сөзіндегі "әл/ال" жалғауы жыныс мағынасында (жалпылықты білдіру үшін) келген. Бұл көптік мағынаны шектемейді. Сондықтан бұл сөз Пайғамбар ﷺ өзі және оның сахабалары бірге ауыз ашқан болуы мүмкін деген мағынаны да білдіруі ықтимал.

📚Хашия әс-Синди ъаля ибн Мәжаһ.

2] Яғни, сендерге береке мен дұға болсын.

Canal:
https://t.me/taammul
➖"Ал жақыны: “Юсуфты өлтіріңдер¹”, - деді.


➖Ал бөтені: “Оған жақсы орын бер² (оны құрметтеп орналастыр)”, - деді.


☑️ Сен өз несібеңнің қай жүректе екенін білмейсің".


❕Кейде саған жамандықты жақындарың тілеп, ал жақсылықты бөтен адамдар жасап жатады. Сондықтан адамның несібесі қай адамның жүрегі арқылы келетінін ешкім білмейді. Өзіңе ұмтылыс қылған жүректі тапсаң оның иесін жаралама. Яғни, өз ризығыңды өзің тарылтпа.
#НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul

1] Юсуф сүресі 9-шы аят.
2] Юсуф сүресі 21-ші аят.
Сопы Мәуләнә Абдул-Хамид (Аллаһ оның сырын қасиетті етсін) айтты:

"Біз дінді қоғамға емес, керісінше қоғамды дінге бұруымыз керек".
Йа Раббым ﷻ қызыма Кәламыңды танытқаныңдай Өзіңді де таныт! Жүрегін Құран нұрымен шуақтандыр! Әрі Пайғамбарымыздың ﷺ мақтанышы ет! 🤍
Зуһд (дүниені тәрк ету) дегеніміз - рахаттануды рахаттану үшін тәрк ету.
Рамазан айы қош алақанын бұлғағанында жанымды тырмалаған дауысқа көңіл бұрып едім.. Бір монолог ақтарылып шыққандай болды.. Сырын суытпай жазып алдым.. Бірде бөлісермін.. ин шәә Аллаһ. #НиязӘбуРумейса
➖ менің қолымда сондай бір бағалы зат бар..
➖ қолыңнан бағалы емес сияқты..

Canal:
https://t.me/taammul