𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
958 subscribers
1.02K photos
110 videos
212 files
2.26K links
السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!

📝бот: https://t.me/taammul_bot

‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/tabahhurr

Анонимді сауал жолдау сілтемесі:
🔗t.me/anonaskbot?start=istiftaa
Download Telegram
Дереккөздер:
● "Әйелдерге мұқтаж болмайтын болғанға дейін" — яғни өзі ішіп-жей алатын, өзі тазалана (истинжа) алатын деңгейге жеткенше. Истинжа дегеніміз — толық тазалану, яғни суды пайдаланып, ешкімнің көмегінсіз тазару. Тағы бір пікірде: жай ғана нәжістен тазару жеткілікті, тіпті толық дәрежеде тазалана алмаса да. Аз-Зәйлағи: яғни дәретпен қоса толық тазалық. 'Жеті жас деп белгіленді" — бұл алдыңғысымен шамалас, тіпті соның өзі. Өйткені осы жаста бала өзі истинжа жасай алады. Пайғамбар ﷺ: "Балаларыңа жеті жасында (намазды) бұйырыңдар" деген. Бұйыру тек тазалыққа қабілетті болғаннан кейін болады. Аз-Зәйлағи. "Пәтуа осыған беріледі". Тағы бір пікірде: тоғыз жас. "Өйткені бұл көбіне солай болады" — яғни көбіне тәуелсіздік осы жаста болады… "Бізде балаға таңдау жоқ" — яғни анадан алынатын жасқа жеткенде, оны әкесі алады. Кішкентай балаға таңдау берілмейді, себебі ақылы толық болмағандықтан, ол ойын бар жерді таңдайды. Сахабалардың да таңдау бермегені сахих түрде келген (Радд әл-Мухтар ‘аля әд-Дурр әл-Мухтар, 3/567, Дар әл-Фикр, Бейрут, 1412 һ.).

● "Бізде балаға таңдау жоқ, мейлі ұл болсын, қыз болсын". Имам Шафиғи: оларға таңдау беріледі деген, өйткені Пайғамбар ﷺ таңдауға рұқсат берген. Ал біз айтамыз: ақылы толық болмағандықтан, ол жайлылық пен еркіндік бар жерді таңдайды, өйткені оған ойнауға мүмкіндік беріледі. Сондықтан шынайы пайдасы ескерілмейді. Сахабалар таңдауға рұқсат бермегені сахих. Ал хадиске келсек, Пайғамбар ﷺ: "Уа, Аллаһ, оны тура жолға сал" деген, сондықтан ол дұрысын таңдауға бағытталған. Немесе бұл хадис балиғат жасына қатысты (әл-Бахр әр-Раиқ, 4/186, Дар әл-Китаб әл-Ислами).

● "Балаға кім лайық" тарауы. "Егер ерлі-зайыптылар ажырасса, анасы балаға көбірек лайық". Себебі бір әйел: "Уа, Аллаһтың Елшісі, бұл балам — менің құрсағым оған орын болды, құшағым панасы болды, емшегім азығы болды. Ал әкесі оны менен алмақшы", — деді. Сонда Пайғамбар ﷺ: "Сен оған көбірек лайықсың, тұрмысқа шықпағаныңша", — деді. Өйткені ана мейірімдірек әрі тәрбиелеуге қабілетті. Әбу Бәкір (رضي الله عنه): "Оның сілекейі оған сендегі бал мен қанттан да жақсы, Уа, Омар", — деген (ажырасу кезінде).
"Нәпақа әкеге жүктеледі". "Ана мәжбүрленбейді", өйткені кейде шамасы келмеуі мүмкін…
Егер ана тұрмысқа шықса, бұл құқығы түседі. Себебі өгей әке бөтен болса, балаға жаман қарауы мүмкін. "Бірақ егер күйеуі атасы болса", онда ол әке орнына жүреді. "Сондай-ақ махрам туыс болса", онда мейірім бар.
"Егер неке тоқтаса, құқығы қайта оралады".
"Ана мен әже ұл балаға лайық, ол өзі ішіп-жеп, киініп, тазалана алатынға дейін»". "Әл-Жами‘ әс-Сағирде": тәуелсіз болғанға дейін. Мағынасы бір — толық тәуелсіздік истинжамен анықталады. Себебі содан кейін еркектік тәрбиені үйрену керек, ал әке оған қабілетті. Әл-Хассаф жеті жас деп белгілеген.
"Қыз балаға анасы мен әжесі хайыз көргенге дейін лайық". Себебі кейін әйелдік тәрбиені үйрену керек. Кейін қорғау қажет болады, әке бұған қабілетті. Имам Мұхаммад: шәһуат жасына жеткенде әкесіне беріледі деген.
"Басқалар қыз балаға белгілі жасқа дейін ғана лайық".
"Ұлға да, қызға да таңдау жоқ" (әл-Һидая, 2/283, Дар Ихъя ат-Турас әл-‘Араби).

Canal:
https://t.me/taammul
басқаның көзімен әлемді көре алу - оған аяушылықпен қарау емес, бәлки оны терең түсіну.

осындай тыңдау тәсілі қарым-қатынастардың сипатын түбегейлі өзгертеді..
ой орныққан кезде сезім де орнығады.
ой орнығуы жүрекке тыныштық, ақылға сабыр сыйлайды.
өмірдің қайта жаңғыруы осы болар кім білсін..

Canal:
https://t.me/taammul
әркім өз деңгейінен жоғарыны көрмейді.. өзінде қанша бар болса, өзгеден де соншасын ғана байқап, сол шамада түсінеді..

Canal:
https://t.me/taammul
➖ذو الأصل الشريف حتى في عدواته الشريف.


➖Текті адам, тіпті дұшпандық жасағанда да — текті.
Forwarded from Ahmad Abu Yahya
Каналы с актуальными уроками: обновляются по мере выхода новых уроков:

1. «Аш-Шифа би таʼриф хукук аль-Мустафа» («Исцеление через изучение прав Пророка Мухаммада, мир ему и благословение Всевышнего») имама Кади ʼИяда (ум. в 544 г. х.)

https://t.me/shifa_sharif_qadi_iyad

2. «Халяби Сагыр шарх Мунья аль-мусолли». Ханафитский фикх - продвинутый уровень.

https://t.me/halabi_saghir

3. «Аль-Мунира фи мава'из ва аль-'акаид» имам Ибн Камаль Паша (ум. в 940 г. х.) — книга по акыде с полезными наставлениями.

https://t.me/almunira_ibnkamalpasha

4. «Тасхиль ад-дарури ли масаиль аль-Кудури» шейха Мухаммада Ашика Иляхи (ум. в 1422 г. х.) — ханафитский фикх начального уровня, «Мухтасар аль-Кудури» в форме вопросов-ответов.

https://t.me/tashil_ad_daruri
𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
_«Хукм_относительно_запасания_мяса_Курбана_»_Нияз.pdf
➖عندما كنت في جنوب أفريقيا، علمتُ أن مؤسس مدرستنا، مولانا عبد الحميد (قدس سره) كان له هذا العمل؛ حيث كان يسعى إلى أن يأكل من لحم الأضحية طوال السنة. بينما نحن نهتم بكون اللحم طازجا، فإن مشايخنا يهتمون بكونه مباركا. وكان هذا بالنسبة لي تربية عظيمة في طريق السعي إلى الله تعالى، وقد تأثرتُ به كثيرا. وبشكل عام كانت نصائح أستاذتنا الكرام دائما توجّه إلى التمسّك الكامل بالدين🤍.

➖ОАР-да болғанымда медресеміздің негізін қалаушысы, Хазіретіміз Мәуляна 'Абдул-Хамид (قدس سره) шейхтың мынадай амалы болғанын білдім: Ол кісі құрбандық етін жыл бойы жеуге тырысады екен. Біз еттің балғын болуына мән берсек, біздің шейхтарымыз оның берекелі болуына мән береді екен. Бұл мен үшін Аллаһ Тағалаға ұмтылу жолындағы үлкен тәрбие болды. Әрі бұл оқиғаға қатты әсерлендім. Жалпы алғанда, біздің құрметті ұстаздарымыздың насихаттары әрқашан дінге толықтай берік болуға бағытталатын еді🤍.

Canal:
https://t.me/taammul