𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
958 subscribers
1.02K photos
110 videos
212 files
2.26K links
السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!

📝бот: https://t.me/taammul_bot

‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/tabahhurr

Анонимді сауал жолдау сілтемесі:
🔗t.me/anonaskbot?start=istiftaa
Download Telegram
Адамзат баласы тұтастай ақылмен жаратылды. Бірақ іштерінен ақылды екен деп ерекшелеп жататынымыз бар. Неліктен? Өйткені барлық адам ақымақтыққа бой алдыра алатындығында. Демек ақылдылары ақымақтығын тежей алғандары. Сол себепті де әрбір ақыл есі сау бола тұра ақымақтыққа жол беруші үзірсіз екенін түсінбек керек. Раббымыздың ﷻ "Уа, ақыл иелері" деп қайырылуы да бекер емес. #НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul
❕Біздің елде дінді насихаттап, халыққа ілім үйретіп жүрген кейбір аға-бауырларымыздың әлеуметтік желідегі ұстанымын түсіне алмай ақ қойдым.. Әлде олар "телефонда көрсетілген әурет - әурет болып саналмайды" деген көзқарасты ұстанады ма? Білсеңіздер хабар беріңіздерші. Себебі әуреті ашық әйелдердің суреті мен видеосын еш қысылмастан жариялап жатады. Кейде "күнәға тоқтау айту", "қателігін түзету" н/е "насихат айту" деген мақсатпен бөліседі. Тіпті әуреті ашық әйелдермен сұхбат құрып, оны да көпшілікке таратады. Бірақ осы нәрсе ақылыма да, фиқһқа да сыймайды. Егер хиджабтың парыз екеніне, ал әуретті ашып жүрудің күнә екеніне сенсек, онда неге сол күнәнің таралуына өзіміз себеп боламыз? Неге оны қалыпты нәрседей көрсетеміз? Әлде қоғам үйреніп кеткен нәрсе шариғатта да қалыпты болып кетуі керек пе? Өзгенің қателігін түзетемін деп, өз тарапыңнан басқа бір қателікке жол беру қалай дұрыс болады? Қашаннан бері арам нәрсені құрал ету арқылы дінді жеткізу рұқсат болған? Егер адам расында Раббысының ﷻ алдында күнәні күнә деп танып, жүрегінде оған деген жақтырмаушылық болса, онда қалайша сондай көріністерді өзі таратып, соған аудитория жинап бере алады? Ең түсініксізі және жанға ең бататыны осы іс айналасындағы жамағатты да, шәкірттерді де, оқырмандарды да мазаламайтындығы. Елдің ессіздігін айтып, бірақ өз ісіңдегі ессіздікті байқамау - өте қорқынышты нәрсе. Кейде мәселе ықыластың шынайылығында ма деген ойда қаласың.. Тауфиқ тек Аллаһу Тағаладан.
➖ Осы мәселе - 'Иса ибн Әбанның фиқһ үйренуіне себеп болған. Себебі ол кезде ол хадис ілімін талап етумен айналысып жүрген еді, - деп айтылған. Ол (өзі) былай деген: “Мен Зул-Хижжа айының алғашқы он күнінде бір жолдасыммен бірге Меккеге кірдім. Бір ай тұруға ниет еттім де, намазды толық оқи бастадым. Сонда Әбу Ханифаның кейбір шәкірттері кездесіп: "Қателестің. Өйткені сен Мина мен 'Арафатқа шығасың", - деді. Кейін Минадан қайтқанымда, жолдасымның жолға шығу ойы пайда болды. Мен де онымен бірге шығуға ниет еттім де, намазды қысқартып оқи бастадым. Сонда Әбу Ханифаның әлгі шәкірті: "Қателестің. Сен Меккеде муқимсің. Ол жерден шықпайынша мусафир болмайсың", - деді. Сонда мен: "Бір мәселе жөнінде екі орында да қателестім!" - дедім де, Мұхаммад әш-Шәйбанидың (رحمه الله) мәжілісіне барып, фиқһпен айналыса бастадым”.

● Бадаи' әс-Санаи' кітабында: “Бұл хикаяны тек ілімнің дәрежесі қаншалықты ұлы екенін білінсін, әрі талапкерлерге оны талап етуге себеп болсын деп келтірдік”, - делінген.

📚 Фәтауа Шәмия.

Canal:
https://t.me/taammul
𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
__حكم الشرط مع المهر_ نياز.docx.pdf
Сұрақ:
Ассаляму 'алейкум уа рахматуЛлаһи уа баракатуһ! Құрметті мүфти, (бұл сұрақ қадірлі ұстазыма жолданған еді), келесі мәселені түсіндіріп беруіңізді сұраймыз: бір ер адам бір қызға үйленгісі келеді. Алайда қыздың ата-анасы {қазіргі жастар арасында ажырасу көбейгендіктен} болашақта ер адамның үй сатып алуын және ажырасқан жағдайда сол үйдің қызға тиесілі болуын шарт етіп қоюда. Неке қию кезінде мұндай шарт қою шариғат бойынша дұрыс па? Жауабыңыз үшін Аллаһ сізге игілікпен қайтарым берсін!

Жауап:
Уа 'алейкум ассалям уа рахматуЛлаһи уа баракатуһ! Егер бұл шарт мәһрмен бірге қойылатын болса, онда неке дұрыс, ал шарттың өзі жарамсыз болады. Себебі бұл - халалды харам ететін немесе харамды халал ететін шарттардың қатарына жатады. Сондықтан мұндай шартқа негізінде мән берілмейді. Иә, рұқсат етілген шарттарды ер адам орындауы тиіс. Орындаса - жақсы, ал орындамаса, неке бұзылмайды. Оның есебі Ұлы Аллаһқа тапсырылады.
Біз ата-ананың алаңдаушылығын түсінеміз. Алайда қыздарыңызды ізгі тәрбиемен тәрбиелеп, оларды салихалы отбасына ұзатсаңыздар, өмірдің берекелі болуы - негіз. Яғни тек жігіттің діндарлығына ғана қаралмайды, сондай-ақ оның ата-анасының да діндарлығына назар аудару керек. Өйткені егер жігіт қателессе, оның түзелуіне әрі тура жолға келуіне себеп болатын да ата-анасы болуы мүмкін. Сонда отбасының тұрақтылығы шайқалмайды. Сондықтан некені ауырлатуға емес, оның берекелі болуының себептеріне мән беріп, күш-жігерді сол бағытқа жұмсау қажет.

Canal:
https://t.me/taammul
☑️ Раббымызға ﷻ Ол бұйырғандай ғибадат қылайық, ал Раббымыз ﷻ Өзі уәде еткеніндей ризықтандырады. Көпшілік құлдардың жүрегінде дүние таршылығына қатысты үрей ақырет амалдарына қатысты ынталы болудан тосып жүргені нақ. Бұл дәрменсіздіктен тек қана Раббымызға ﷻ және Оның уәделеріне қатысты дұрыс сенім ояту арқылы ғана арыламыз. Сондықтан иман қуатына назар салайық. #НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul
🖋НиязӘбуРумейса:

Жағымпаздық - әйел қарсы тұра алмайтын қару. Әйелдер қауымы ерлерге ақыры осыны түсіндірді. Олар да түсінгендеріне жараса амалдарын бастады. Бірақ нәтижесінде әйелдерге қарсы ерлердің саны жетіге емес, жетпіске бір болып қалды.

📚Ұттым деп ұтылма, ұтылдым деп ұт!

Canal:
https://t.me/taammul
➖Бәкр ибн 'АбдуЛлаһ әл-Музани (رحمه الله):
Құлдың басына бір іс түсіп, ол Аллаһқа ﷻ дұға етеді де, Аллаһ оны одан қайтарып жібереді. Сонда шайтан келіп, оның шүкірін әлсіретіп: "Бұл іс сен ойлағандай соншалықты ауыр емес еді ғой",- дейді.

Canal:
https://t.me/taammul
➖Тағдыр.. Заңдылық.. Уақыт.. Кейде жәй ғана күту керек тұсымызда сабырлық таныта алмай, несібенің Раббысы ﷻ иелігіндегі күллі нәрсені өз тарапымызға жығуға тырысып, уақытты асықтырып, заңдылықты бұзып, тағдырға несібемізді өзіміз жазғымыз келетіні қызық.
Асты қолмен жеу - Ардақты Пайғамбарымыздың ﷺ сүннетінен. Айтпағымызға бұның қандай қатысы және оның қандай тәрбиесі бар деп те ойлап қалуыңыз мүмкін. Бірақ іс барысында ыссылығына қолыңыз шыдамаған асты ауызыңызға саласыз ба? Әлбетте, жоқ. Оның ыссылығын тамақпен емес, қолмен сезіну әлдеқайда қайырлы екені рас. Бірақ біздер қосымша себептер арқылы астың дәмін тезірек сезінгіміз келіп, қасыққа жүгінеміз. Нәтижесінде ауыз күйеді.
➖"Ауызы күйген үрлеп ішеді" дегеннің сабағын алғаннан кейін қайтадан қолына жүгінеді. Бірақ пенде ұмытшақ, әрі бір тараптан алған сабағын өмірінің басқа тараптарына қолданып біле бермейді. Нәтижесінде әр тараптан ауызы бірнеше мәрте қайталана күйеді. Солай, ең соңғы хәлінде ауызына толған топыраққа күйінумен жан қиналысына қауышады...
➖Сол себепті тағдырдың саған қатыссыз тұстары мен өмір заңдылығының саған қатысты тұстарында уақыттың өз арнасында жүзуіне шамалы сабыр қылуды үйрен. "Өй, ана бір тәрбиелі опық жепті ғой" дегенді естімедік. Құлдың ең сүйкімдісі - тәрбиелісі ғой. Ал Пайғамбарымыздың ﷺ сүннетінен тәрбие алғаны қандай болмақ?!..
#НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul
Audio
🤍محفوظة 🤍
➖ қолыңмен қылынбаса да үндеуіңмен жақсылыққа себеп болуға тауфиқ нәсіп етіп және сол тауфиғымен жүзеге асқан амалға сауабын да беріп, күнәларға да кәффарат қылып, әрі Қияметте дәрежеңнің артуына да себеп қылатын Раббымыздың ﷻ құлдарына деген мейірім рақымы қандай еді 🤍..

Canal:
https://t.me/taammul
➖'Айша (رضي الله عنها):
"Расында, Аллаһ елшісі ﷺ: “Аллаһтың бір құлын тозақтан азат етуі ең көп болатын күн - 'Арафа күні. Шын мәнінде, Ол ﷻ жақындайды да, кейін періштелердің алдында олармен мақтанып: "Мыналар не қалап тұр?"-дейді"- деп айтты".

📚Сахих Муслим 1348, Сунан Ибн Маджа 3014, Сунан ән-Насаи 3003.

Canal:
https://t.me/taammul
☑️"Ең абзал күні әйеліме бір талақ" деп жалпылама айтылса, фақиһтардың бір көзқарасында талағы 'Арафа күні түседі делінген. Расымен де жылдың ең абзал күніне есендікте жетуге мүмкіндік берілуде. Қадірін ұғынып ғапылдықта өткізіп алмайық. Қажылықта жүрмесек ораза тұтайық. Және дұғада да сараңдық танытпайық. Себебі Пайғамбарымыз ﷺ "Ең жақсы дұға 'Арафа күніндегі дұға"-деген (Жами' әт-Тирмизи 3585).

➖Хазірет Әбу Қатада (رضي الله عنه): Аллаһ Елшісі ﷺ:
"'Арафа күнінің оразасы жайлы оның өзінен бұрынғы бір жыл мен өзінен кейінгі бір жылдың күнәларына кәффарат болуын Аллаһтан үміт етемін"-деді.

📚Жами' әт-Тирмизи 749.

Canal:
https://t.me/taammul