☑️Ну'айм: Хазірет Әбу Бәкр әс-Сыддық (رضي الله عنه) хұтбасында:
🔹أما تعلمون أنكم تغدون وتروحون لأجل معلوم فمن استطاع أن ينقضي الأجل وهو في عمل الله فليفعل، ولن تنالوا ذلك إلا بالله، إن أقوامًا جعلوا آجالهم لغيرهم فنهاكم الله أن تكونوا أمثالهم {وَلَا تَكُونُوا كَالَّذِينَ نَسُوا اللَّهَ فَأَنْسَاهُمْ أَنْفُسَهُمْ}.
أين من تعرفون من إخوانكم؟ قدموا على ما قدموا في أيام سلفهم، وحلوا فيه بالشقاوة والسعادة.
أين الجبارون [الأولون] (2) الذين بنوا المدائن وحففوها بالحوائط؟ قد صاروا تحت الصخرة والآثار.
هذا كتاب الله لا تفنى عجائبه فاستضيئوا منه ليوم الظلمة، وانتصحوا بشفائه وبيانه، إن الله عز وجل أثنى على زكريا وأهل بيته فقال {كَانُوا يُسَارِعُونَ فِي الْخَيْرَاتِ وَيَدْعُونَنَا رَغَبًا وَرَهَبًا وَكَانُوا لَنَا خَاشِعِينَ}.
لا خير في قول لا يراد به وجه الله، ولا خير في مال لا ينفق في سبيل الله، ولا خير فيمن يغلب جهلُهُ حلمَهُ، ولا خير فيمن يخاف في الله لومة لائم.
🔹Сендер белгілі бір мерзім үшін таңды атырып, кешті батырасыңдар емес пе? Ендеше кімнің шамасы келсе, ажалы жеткенше Аллаһтың ісінде (Оған құлшылық пен бойсұнуда) болсын. Бірақ бұған тек Аллаһтың жәрдемімен ғана жетесіңдер. Кейбір адамдар өз өмірлерін өзге нәрселер үшін өткізіп жіберді. Сондықтан Аллаһ сендерді олар секілді болудан қайтарып, “Аллаһты ұмытқан, сонда Аллаһ та оларға өздерін ұмыттырған адамдар секілді болмаңдар”- деп айтты.
➖Өздерің танитын бауырларың қайда? Олар бұрынғы күндерінде алдын ала жіберген амалдарына барды. Сөйтіп біреулері бақытқа, біреулері бақытсыздыққа түсті.
➖Алғашқы зорлықшыл алыптар қайда? Қалалар тұрғызып, оларды қорғандармен қоршағандар қайда? Бүгінде олар тастар мен қирандылардың астында қалды.
➖Міне, бұл - Аллаһтың кітабы. Оның ғажайыптары таусылмайды. Қараңғылық күні үшін одан нұр алыңдар. Оның шипасы мен түсіндірулерінен насихат алыңдар. Ақиқатында, Ұлы әрі Дәрежелі Аллаһ Зәкәрияны және оның отбасын мақтап: “Олар игі істерге асығатын, Бізге үмітпен әрі қорқынышпен жалбарынатын және Бізге іштей мойынсұнушы еді”,- деген.
➖Аллаһтың разылығы көзделмеген сөзде қайыр жоқ. Аллаһ жолында жұмсалмайтын малда қайыр жоқ. Надандығы сабырын (жұмсақтығын) жеңген адамда қайыр жоқ. Аллаһ жолында кез келген айыптаушының айыбынан қорқатын адамда да қайыр жоқ.
📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.
Canal: https://t.me/taammul

🖋Хазірет Әбу Бәкр әс-Сыддық (رضي الله عنه):
(Аллаһ Тағала) сендерден аз әрі өткінші нәрсені көп әрі мәңгілік нәрсеге айырбастап алды.
📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.
Canal: https://t.me/taammul
(Аллаһ Тағала) сендерден аз әрі өткінші нәрсені көп әрі мәңгілік нәрсеге айырбастап алды.
📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.
Canal: https://t.me/taammul
☑️Ибн әз-Зубайр: Хазірет Әбу Бәкр әс-Сыддық (رضي الله عنه) хұтбасында:
🔸يا معشر الناس استحيوا من الله، فوالذي نفسي بيده إني لأظل حتى أذهب إلى الغائط في الفضاء مغطيًا رأسي -وفي لفظ: مقنعًا رأسي- استحياء من ربي.
🔸Уа, адамдар! Аллаһтан ұялыңдар. Жаным Қолында болғанмен ант етемін, мен тіпті түзге дәрет сындыруға шыққанымда да Раббымнан ұялғандықтан басымды жауып/бүркеп аламын.
📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.
Canal: https://t.me/taammul
🔸يا معشر الناس استحيوا من الله، فوالذي نفسي بيده إني لأظل حتى أذهب إلى الغائط في الفضاء مغطيًا رأسي -وفي لفظ: مقنعًا رأسي- استحياء من ربي.
🔸Уа, адамдар! Аллаһтан ұялыңдар. Жаным Қолында болғанмен ант етемін, мен тіпті түзге дәрет сындыруға шыққанымда да Раббымнан ұялғандықтан басымды жауып/бүркеп аламын.
📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.
Canal: https://t.me/taammul
☑️Муса ибн 'Уқба: Хазірет Әбу Бәкр әс-Сыддық (رضي الله عنه) хұтбасында:
🔹Барлық мадақ әлемдердің Раббысы болған Аллаһқа тән. Оны мадақтаймын, Одан жәрдем тілеймін, әрі өлімнен кейінгі өмірде абырой мен игілік беруін сұраймыз. Ақиқатында, менің де, сендердің де ажалдарың жақындап қалды. Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ, Ол жалғыз, Оның серігі жоқ. Сондай-ақ Мұхаммед ﷺ - Оның құлы әрі елшісі. Аллаһ оны хақ дінмен қуандырушы, ескертуші әрі нұр шашушы шам етіп жіберді:
"Тірі жүректерді ескертуі және кәпірлерге қарсы сөздің орындалуы үшін"- деп куәлік етемін. Кім Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұнса, расында тура жол тапты. Ал кім екеуіне қарсы келсе, анық адасушылыққа түсті.
➖Сендерге Аллаһтан қорқуды, әрі Аллаһ сендер үшін заңдастырып, тура жол етіп көрсеткен әміріне бекем жармасуды өсиет етемін. Ақиқатында, "лә иләһа иллаЛлаһ (كلمة الإخلاص)" сөзінен кейін Исламның ең ұлы негіздерінің бірі - Аллаһ сендердің істеріңе басшы етіп қойған адамға құпталған істерде бағыну және мойынсұну. Кім жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыю жолында билік иесіне бойсұнса, ол құтылып, өзіне міндет болған хақты орындаған болады.
➖Сендерді нәпсі қалауының соңынан еруден сақтандырамын. Өйткені нәпсіқұмарлықтан, ашкөздіктен және ашудан өзін қорғай алған адам ғана шын мәнінде табысқа жетеді.
➖Сондай-ақ менмендік пен мақтаннан сақ болыңдар. Топырақтан жаратылып, кейін қайтадан топыраққа айналатын, артынан құрт жейтін адам несіне мақтанбақ?! Бүгін тірі, ертең өлі болатын пенденің мақтануы қандай орынсыз!
➖Әр күнді қадірлеп өмір сүріңдер, әр сәттің бағасын біліңдер. Зұлымдыққа ұшыраған жанның қарғыс-дұғасынан сақтаныңдар. Өздеріңді өлілердің қатарында санаңдар. Сабыр етіңдер, өйткені барлық іс сабырмен жүзеге асады. Сақ болыңдар, расында сақтық пайда береді. Амал етіңдер, өйткені амал қабыл етіледі.
➖Аллаһ сендерді Өз азабынан қалай ескерткен болса, сол нәрседен сақтаныңдар. Сондай-ақ Ол уәде еткен рақым мен сауапқа асығыңдар. Түсінуге тырысыңдар - сонда түсінесіңдер. Тақуалық етіңдер - сонда қорғаласыңдар.
➖Расында, Аллаһ сендерге бұрынғыларды қандай себеппен опат еткенін де, құтылғандарды қандай себеппен құтқарғанын да анық баяндап берді. Ол сендерге Өз кітабында халал мен харамды, жақсы көретін амалдарын және жек көретін істерін түсіндірді. Мен сендерден де, өз нәпсімнен де насихатты аяп тұрғаным жоқ. Жәрдем тек Аллаһтан. Күш-қуат та тек Аллаһтың қалауымен болады.
➖Біліңдер: Аллаһ үшін ықыласпен жасаған әрбір амалдарың арқылы Раббыларыңа бойсұнған боласыңдар, өз несібелеріңді сақтап, нағыз қуанышқа кенелесіңдер. Ал ерікті түрде жасаған игі амалдарыңды алдарыңа жіберілген қор етіңдер. Сонда мұқтаждық пен кедейлік күні келгенде, олардың сауабын толық табасыңдар.
➖Уа, Аллаһтың құлдары! Өздеріңнен бұрын өткен бауырларың мен достарың жайында ойланыңдар. Олар бұл дүниеде не дайындап кетті - соған қауышты. Өлімнен кейін бірі бақытқа, бірі қасіретке түсті.
➖Ақиқатында, Аллаһтың серігі жоқ. Сондай-ақ Оның ешбір жаратылысымен туыстық байланысы жоқ: сол туыстық үшін біреуге жақсылық беріп немесе жамандықты қайтарып қоймайды. Бұл тек Оған бойсұну және әміріне еру арқылы ғана болады. Өйткені соңы тозақпен аяқталатын жақсылықта қайыр жоқ. Ал соңы жәннатпен аяқталатын қиындықта жамандық жоқ.
➖Осы айтқан сөзіммен тоқтаймын. Өзім үшін де, сендер үшін де Аллаһтан кешірім тілеймін. Пайғамбарларыңа ﷺ салауат айтыңдар. Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын. Уа, бауырларым, сендерге Аллаһтың сәлемі, рақымы әрі берекесі болсын!

☑️Мүміндердің әміршісі Хазірет Әбу Бәкр әс-Сыддықтың (رضي الله عنه) хұтбаларынан үзінділер:
🔸Адамның ең парасаттысы - тақуа адам. Ал ең ақымағы - күнәға батқан адам. Біліңдер! Ақиқатында, шыншылдық - аманатқа адалдық, ал өтірік - қиянат.
🔹Есепке тартылмай тұрып, өз нәпсілеріңнен есеп алыңдар. Қандай да бір қауым Аллаһ жолындағы күресті тастаса, Аллаһ оларды кедейлікке душар етеді. Ал бір қауымда арсыздық ашық жайылса, Аллаһ олардың бәрін бәле-жаламен қамтиды.
🔸Кім олардың біреуіне зұлымдық жасаса, расында Аллаһтың қорғауын бұзған болады. Ал кім адамдардың ісінен бір нәрсеге басшылық етіп, оларға Аллаһтың кітабы бойынша үкім бермесе, оған Аллаһтың лағынеті болсын».
🔹Уа, адамдар! Дүниеден сақ болыңдар, әрі оған сеніп қалмаңдар. Өйткені ол - алдаушы әрі опасыз. Ақыретті дүниеден артық көріңдер және оны сүйіңдер. Себебі екеуінің бірін сүйген адам екіншісін жек көре бастайды.

☑️Мүміндердің әміршісі 'Умар әл-Фаруқ (رضي الله عنه) хұтбасынан:
🔸Мейірім етпегенге мейірім етілмейді. Кешірмеген адам кешірілмейді. Тәубе етпегеннің тәубесі қабыл болмайды. Ал тақуалық етпеген адам қорғалмайды.
📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.
Canal: https://t.me/taammul
🔸Мейірім етпегенге мейірім етілмейді. Кешірмеген адам кешірілмейді. Тәубе етпегеннің тәубесі қабыл болмайды. Ал тақуалық етпеген адам қорғалмайды.
📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.
Canal: https://t.me/taammul
☑️әл-Бәһили: Мүміндердің әміршісі 'Умар әл-Фаруқ (رضي الله عنه) Шамға кіргенінде Жәбияда адамдарға айтқан хұтбасынан:
🔹Құранды үйреніңдер, сол арқылы абырой табасыңдар. Онымен амал етіңдер, сонда оның иелерінен боласыңдар. Өйткені Аллаһқа қарсы келетін істе бағынуға лайық ешбір ақы иесінің дәрежесі соншалықты биік болмайды. Ақиқатты айту мен ұлы насихат ажалды жақындатпайтынын да, ризықты алыстатпайтынын да біліңдер.
➖Тағы біліңдер: Құл мен оның ризығының арасында бір перде бар. Егер сабыр етсе, ризығы оған келеді. Ал егер асығыстық жасап, әлгі пердені жыртып өтпек болса, өзіне жазылған рызықтан артығын бәрібір ала алмайды.
➖Аттарды (жылқы) баптаңдар, садақ атып жарысыңдар, аяқ киім киіңдер, мисуак қолданыңдар, тәмәъдуд (яғни ержүрек, шыныққан арабтардың тұрмыс-салтын ұстану) қылыңдар. Парсылардың ('ажам) мінез-құлқынан, сондай-ақ зорлықшылдардың көршісі болудан сақтаныңдар. Орталарыңда айқыштың көтеріліп тұруынан, үстінде арақ ішілетін дастарқанда отырудан, моншаға белдіксіз (изар) кіруден және әйелдеріңді моншаға кіргізуден сақтаныңдар. Өйткені мұның бәрі адал емес.
➖Сендерге ескертемін: Бөтен жұрттың жеріне қоныстанған соң, солардың келісім-шарттарынан сендерді олардың жерінде ұстап қалатын дүние таппаңдар. Өйткені жуық арада өз елдеріңе қайта оралатын боласыңдар.
➖Мойындарыңа қорлық пен төмендікті артпаңдар. Арабтардың мал-мүлкін - қай жерге қонсаңдар да бірге алып жүретін мал шаруашылығын ұстаныңдар.
➖Біліңдер: Ішімдіктер үш нәрседен жасалады: мейізден, балдан және құрмадан. Соның мастандыратын, ашып кеткені - харам болған шарап (хамр).
➖Тағы біліңдер: Аллаһ қиямет күні үш адамды ақтамайды, оларға назар да салмайды, жақындатпайды, әрі олар үшін күйзелтуші азап бар:
• Имамына (басшысына) тек дүние үшін ғана бай'ат берген адам.
• Егер дүниесін алса - уәдесінде тұрады, ал алмаса - уәдесін бұзады.
• Екінті намазынан кейін тауарын шығарып: "Мынаған осынша берді" деп Аллаһпен жалған ант ішіп, сөйтіп біреуге саттырған адам.
➖ Мұсылманды балағаттау - пасықтық, ал онымен соғысу - күпірлік. Үш күннен артық бауырыңмен қатынасты үзуің саған адал емес. Кімде-кім сиқыршыға, балгерге н/е көріпкелге барып, оның айтқанын рас десе, онда Мұхаммадке ﷺ түсірілген нәрсеге күпірлік келтірген болады.

☑️ Саиб ибн Михжаннан (Шам тұрғындарынан болған, әрі сахабаларды көрген): 'Умар (رضي الله عنه) Шамға кірген кезде Аллаһқа мадақ айтып, Оны дәріптеді, насихат айтып, еске салды, жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыйды. Сосын былай деді:
🔸Расында, Аллаһ елшісі ﷺ біздің арамызда мен сендердің араларыңда тұрғанымдай хұтба оқып тұрып: Аллаһқа тақуалық етуді, туыстық байланысты жалғауды және адамдар арасын жарастыруды бұйырды да, былай деді:
➖Жамағаттан айырылмаңдар, - басқа бір риуаятта: "естіп-бағынуға берік болыңдар",- өйткені Аллаһтың қолдауы жамағатпен бірге. Ал шайтан жалғыз адаммен бірге, ал екі адамнан алысырақ болады.
➖Ешбір еркек бөтен әйелмен оңаша қалмасын. Өйткені олардың үшіншісі - шайтан.
➖Кім жасаған жамандығына қайғырса, әрі жасаған жақсылығына қуанса - бұл мұсылман мүміннің белгісі. Ал мұнафықтың белгісі - жамандығы оны қапаландырмайды, әрі жақсылығы оны қуантпайды. Егер бір жақсылық істесе, сол жақсылығы үшін Аллаһтан сауап үміт етпейді, ал жамандық істесе, сол жамандығы үшін Аллаһтың жазасынан қорықпайды.
➖Дүниені талап етуде байыптылық сақтаңдар. Өйткені Аллаһ сендердің ризықтарыңа кепіл болған. Әркім істейтін ісін толық орындайды (н/е әркімге істеп жүрген ісі толық аяқтатылып беріледі). Істеріңде Аллаһтан жәрдем сұраңдар. Өйткені Ол қалағанын өшіріп, қалағанын бекітеді. Негізгі кітап (Ләухул-Махфуз) Оның қасында.
➖Аллаһ Пайғамбарымыз Мухаммадке, оның әулетіне салауат етсін. Оған сәлем, Аллаһтың рақымы мен берекесі болсын. Сендерге де сәлем болсын.

☑️әл-Хасан: Мүміндердің әміршісі 'Умар әл-Фаруқ (رضي الله عنه) хұтбасынан:
🔹أكثروا ذكر النار، فإن حرها شديد، وإن قعرها بعيد، وإن مقمعها¹ حديد.
🔹Тозақты көп еске алыңдар. Өйткені оның ыстығы өте қатты, түбі тым терең, ал (ұратын) тоқпақтары темірден.
📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.
Canal: https://t.me/taammul
1] Бүлдіршіндерге мәқ-мәқ дейін бе деп жататын еді ғой. Бұл жердегі сөз исм әл-әлә сиғосында келіп тұрса да сол сөз есіме түсіп кетті неге екенін) бәрібір бір байланысы бар сияқты болып

☑️Әбу Һурайра (رضي الله عنه): 'Умар ибн әл-Хаттаб (رضي الله عنه) хұтбасында айтты:
🔸أفلح منكم مَنْ حفظ عن الهوى والغضب والطمع، ووفق إلى الصدق في الحديث، فإنه يجره إلى الخير، من يكذب يفجر، ومن يفجر يهلك، إياكم والفخر، وما فخر من خلق من التراب، وإلى التراب يعود؟! اليوم حي وغدًا ميت، اعملوا عمل يوم بيوم، واجتنبوا دعوة المظلوم، وعدوا أنفسكم من الموتى.
🔸Нәпсіқұмарлықтан, ашудан және дүниеқоңыздықтан сақтанғандарың құтылды. Сондай-ақ сөзде шыншыл болғандарың да құтылды. Өйткені шындық адамды жақсылыққа жетелейді. Кім өтірік айтса - бұзықтыққа барады, ал кім бұзықтыққа барса - опат болады. Тәкаппарлықтан сақ болыңдар! Топырақтан жаратылып, кейін қайтадан топыраққа оралатын адамның несіне мақтануы бар?! Бүгін тірі, ертең өлі. Әр күннің ісін сол күні атқарыңдар. Зұлымдыққа ұшырағанның қарғыс-дұғасынан сақтаныңдар. Өздеріңді өлілердің қатарында санаңдар.

☑️Әбу Фурас: 'Умар әл-Хаттаб (رضي الله عنه) хұтбасынан:
🔹يا أيها الناس ألا إنما كنا نعرفكم إذ بين ظهرانينا النبي صلى الله عليه وسلم، وإذ ينزل الوحي وإذ ينبئنا الله من أخباركم، ألا وإن النبي قد انطلق وانقطع الوحي، وإنما نعرفكم بما نقول لكم: من أظهر منكم خيرًا ظننا به خيرًا وأحببناه عليه، ومن أظهر لنا شرًّا ظننا به شرًّا وأبغضناه عليه، سرائركم [بينكم و] بين ربكم. ألا إنه قد أتى علي حين وأنا أحسب أن من قرأ القرآن يريد الله وما عنده، فقد خيل لي بأخرة أن رجالًا قد قرءوه يريدون به ما عند الناس، فأريدوا الله بقراءته، وأريدوه بأعمالكم. ألا وإني والله ما أرسل عمالي إليكم ليضربوا أبشاركم، ولا ليأخذوا أموالكم، ولكن أرسلهم إليكم ليعلموكم دينكم وسنتكم، فمن فعل به سوى ذلك فليرفعه إلي، فوالذي نفسي بيده إذًا لأقصنه منه. ألا لا تضربوا المسلمين فتحموهم، ولا تجمروهم فتفتنوهم، ولا تمنعوهم حقوقهم فتكفروهم، ولا تنزلوهم الغياض¹ فتضيعوهم. رواه أحمد وجماعة.
🔹Уа, адамдар! Араларымызда Пайғамбар ﷺ болып, уахи түсіп тұрған кезде әрі Аллаһ сендердің жағдайларыңнан бізге хабар беріп тұрған кезде біз сендерді жақсы танушы едік. Енді Пайғамбар ﷺ дүниеден өтті, уахи да тоқтады. Енді біз сендерді өздеріңнің сыртқа шығарған амалдарың арқылы ғана танимыз. Кім жақсылығын көрсетсе, біз ол туралы жақсы ойда боламыз, әрі оны сол үшін жақсы көреміз. Ал кім жамандығын көрсетсе, біз ол туралы жаман ойда боламыз, әрі оны сол үшін жек көреміз. Ал ішкі сырларың өздерің мен Раббыларыңның ﷻ арасында.
➖Біліп қойыңдар! Бір кезде мен Құран оқыған әрбір адам тек Аллаһты және Оның қасындағы сауапты қалайды деп ойлайтынмын. Бірақ кейінірек маған кейбір адамдардың Құранды адамдардың дүниесін, мақтауын көздеп оқитыны мәлім болды. Сондықтан Құранды оқығанда Аллаһты ғана көздеңдер, әрі амалдарыңда да Оны ғана мақсат етіңдер.
➖Біліп қойыңдар! Аллаһпен ант етемін, мен қызметкерлерімді сендерді ұрып-соғу үшін н/е мал-мүліктеріңді тартып алу үшін жібермеймін. Керісінше, оларды сендерге діндерің мен сүннеттеріңді үйрету үшін жіберемін. Кімде-кім бұдан өзге бір жәбір көрсе, оны маған жеткізсін. Жаным қолында болған Аллаһпен ант етемін, мен міндетті түрде оның есесін алып беремін.
➖Мұсылмандарды ұрып қорламаңдар. Оларды ұзақ уақыт әскери жорықтарда ұстап, бүлікке түсірмеңдер. Құқықтарын бермей қойып, күпірлікке итермелемеңдер. Сондай-ақ оларды ну орман-тоғайларға¹ түсіріп, құртып жібермеңдер.
📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.
Canal: https://t.me/taammul
1] Ғийад/الغياض - ғайда/غيضة сөзінің көпше түрі. Ол - қалың өскен, бір-біріне шырмалған ағаш-тоғай дегенді білдіреді. Өйткені әскер сондай жерге қонса, олардың қатары бытырап кетеді де, дұшпан оларды оңай басып ала алады (Лисан әл-'Араб, 7/202).

❕Хазіреті 'Умардың (رضي الله عنه) Хазіреті Әбу Бәкр (رضي الله عنه) айтқан сияқты дәлме дәл айтқан сөздері бар. Ғалымдарымыз Хазіреті 'Умар (رضي الله عنه) Хазіреті Әбу Бәкрдің (رضي الله عنه) хұтбасын жаттап алып, қайта айтқандай дейді. Сонда ой түйесің: арасына бір неше жыл салып қайта айтып бере алу үшін өз уақытында мұқият тыңдап, және естігеніне амал қылып жүру үшін әркез жадында ұстаған ғой деп. Ықыластың күші сондай ғажап амалдардың туындауына себеп екен. Аллаһ Ұлық!!!
☑️Муса ибн 'Уқба: Мүміндердің әміршісі 'Умар әл-Фаруқтың (رضي الله عنه) хұтбасынан:
🔸Ал енді сөздің жалғасына келсек, мен сендерге мәңгі қалатын, ал Одан өзгенің бәрі өткінші болған Аллаһтан қорқуды өсиет етемін. Ол - Өзінің әміріне бойсұнған достарын абыройлы ететін, әрі Өзінің күнәсіне барған дұшпандарын қор қылатын Аллаһ. Адасуды тура жол деп ойлап жасаған адасуында да, ақиқатты адасу деп ойлап тәрк еткен хақ ісінде де опат болған адамның ешбір ақтауы (үзірі) жоқ.
➖Расында, басшының қарамағындағы халқына қатысты ең үлкен міндеттерінің бірі - оларды Аллаһ өздеріне парыз еткен дін істерімен тәрбиелеп, қадағалап отыруы. Аллаһ оларды сол дінге туралаған. Бізге жүктелген міндет - сендерге Аллаһ бұйырған бойсұнуды әмір ету, Аллаһ тыйған күнәлардан қайтару, әрі араларыңдағы жақынға да, алысқа да Аллаһтың үкімін орнату. Бұл жолда ақиқатты айтқан адамнан именбейміз.
➖Мен кейбір адамдардың өз діндарлығын алға тартып: “Біз намаз оқушылармен бірге намаз оқимыз, мужәһидтермен бірге соғысқа шығамыз, һижрет жасаушылардың қатарынанбыз”,- деп мақтанатынын білемін. Алайда осы істерді көптеген адамдар орындайды, бірақ оны шынайы түрде, лайықты дәрежесінде атқармайды. Өйткені иман - сыртқы сән-салтанатпен н/е құр ұранмен өлшенбейді.
➖Намаздың Аллаһ белгілеген белгілі уақыттары бар, ол уақыттарсыз намаз дұрыс болмайды.
• Таң намазының уақыты - адамның түні кетіп, ораза ұстаушыға ішіп-жеу харам болатын кез. Сондықтан оған Құран оқудан өз үлестеріңді беріңдер.
• Бесін намазының уақыты жаздың аптабында күн көкжиектен ауып, көлеңкең өзіңнің бойыңмен теңескенге дейінгі мезгіл. Бұл - адамдар күннің ыстығынан тығылатын шақ. Ал қыста күн көкжиектен ауғаннан кейін басталады. Мұнымен бірге дәреттің, рукуғ пен сәжденің Аллаһ қойған шарттарын толық орындау қажет.
• Екінті намазы - күн әлі аппақ, әрі нұрлы болып, сарғая қоймаған уақытта оқылады. Ол - күн батуға дейін ауыр жүк артылған түйемен екі фарсахтай жол жүріп үлгеретін мезгілден бұрынғы уақыт.
• Ақшам намазы - күн батып, ораза ұстаушы ауыз ашатын кезде.
• Құптан намазы - түн қоюланып, көкжиектегі қызыл шапақ жоғалып, түннің үштен бірі болғанға дейінгі уақыт. Кім осы уақыт кірмей жатып ұйықтап қалса, Аллаһ оның көзін тынықтырмасын!
➖Міне, намаз уақыттары осы. Аллаһ Тағала:
{إِنَّ الصَّلَاةَ كَانَتْ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ كِتَابًا مَوْقُوتًا}
“Расында, намаз мүміндерге белгілі уақыттарда парыз етілген” - деген.
➖Кей адам: “Мен һижрет жасадым”,- дейді. Алайда шын мәнінде һижрет жасамаған болады. Өйткені нағыз муһажирлер - күнәларды тәрк еткендер.
➖Тағы біреулер: “Біз жиһад жасадық”,- дейді. Алайда Аллаһ жолындағы жиһад - дұшпанмен күресу, әрі харамнан сақтану. Кей адамдар соғысады, бірақ тек олжа мен сыйлықты ғана қалайды. Басқалары атақ-даңқ үшін соғысады. Негізінде өлім - тағдырдағы өлімдердің бірі ғана. Әр адам не үшін соғысса, соның үкімінде болады.
➖Кей адам жаратылысынан батыр келеді: танысын да, танымасын да қорғауға ұмтылады. Ал кейбірі табиғатынан қорқақ болады: тіпті әке-шешесін де тастап кетуі мүмкін. Тіпті иттің өзі де иелерінің сыртынан үріп қорғайды.
➖Біліп қойыңдар: ораза - адамның тамақтан, сусыннан және әйелден тыйылғаны секілді, мұсылмандарға зиян беруден де сақтануы. Міне, толыққанды ораза - осы.
➖Сондай-ақ Аллаһ Елшісі ﷺ парыз еткен зекетті адамдар ықыласпен, көңілдері разы күйде берсін, әрі оны біреуге жасаған жақсылығымыз деп есептемесін.
➖жалғасы төменде...

➖Өздеріңе айтылған насихатты терең түсініңдер. Өйткені Аллаһтың дініне қарсы соғысқан - шын мәнінде өзіне қарсы соғысқан болады. Адамның бақыттысы - өзгенің тағдырынан ғибрат алғаны. Ал нағыз сорлы - анасының құрсағында-ақ сорлы болып жазылған адам.
➖Істердің ең жаманы - дінге кейіннен енгізілген жаңалықтар. Сүннетке сай болған орта жол - бидғаттағы артық құлшылықтан әлдеқайда жақсы.
➖Адамдардың билеушілерінен үркіп, безінетінін де білемін. Аллаһтан тілерім - сондай заманға тап қылмасын.
➖Сендерге бір-біріңе деген кек сақтаудан, нәпсіге еруден әрі ақыреттен дүниені артық көруден сақ болуды ескертемін. Мен сендердің залымдарға бейім болып кетулеріңнен қорқамын. Сондықтан мал-дүние берілген адамдарға сүйеніп, көңілдеріңді байлап қоймаңдар.
➖Осы Құраннан ажырамаңдар! Өйткені онда - нұр мен шипа бар. Ал одан өзге жолда - бақытсыздық бар.
➖Аллаһ маған сендердің істеріңе қатысты жүктеген міндетімді орындадым. Сендерге шынайы насихат айттым. Сендерге ризықтарыңды белгілеттік, әскерлеріңді дайындадық, жорықтарыңды әзірледік, мекендеріңді бекіттік, қолдарың жеткен мүмкіндіктерді кеңейттік. Сендер қылыштарыңмен қорғаған нәрселеріңе ие болдыңдар. Ендеше сендердің Аллаһқа қарсы ешқандай дәлелдерің жоқ. Керісінше, дәлел толықтай Аллаһтың сендерге қарсы.
➖Осы сөзімді айттым. Енді өзім үшін де, сендер үшін де Аллаһтан кешірім тілеймін.

☑️әш-Ша'би : 'Умар ибн әл-Хаттаб (رضي الله عنه) халифа болып тағайындалғанда мінберге көтеріліп: “Аллаһ менің өзімді Әбу Бәкір әс-Сыддық (رضي الله عنه) отырған орынға лайық көргенімді қаламайды”,- деді де, мінберден бір саты төмен түсті. Содан кейін Аллаһқа мадақ айтып, Оны дәріптеді де:
🔹اقرءوا القرآن تعرفوا به، واعملوا به تكونوا من أهله، وزنوا أنفسكم قبل أن توزنوا، وتزينوا للعرض الأكبر يوم تعرضون على الله لا تخفى منكم خافية، إنه لم يبلغ حق ذي حق أن يطاع في معصية الله، ألا وإني أنزلت [نفسي] من مال الله بمنزلة ولي اليتيم إن استغنيت عففت، وإن افتقرت أكلت بالمعروف.
🔹Құран оқыңдар - сонда сол арқылы танылатын боласыңдар. Онымен амал етіңдер - сонда Құран әһлінен боласыңдар.
➖Өздерің өлшенбей тұрып, өздеріңді есепке тартыңдар. Ұлы есеп күні Аллаһтың алдына шығарылуға дайындалыңдар. Ол күні сендерден ешбір нәрсе жасырын қалмайды.
➖Ешбір ақылы адамның хақысы Аллаһқа қарсы келу арқылы орындалмайды.
➖Біліп қойыңдар! Мен өзімді Аллаһтың мал-мүлкіне қатысты жетімнің қамқоршысы секілді санадым: егер мұқтаж болмасам - одан тыйыламын, ал мұқтаж болып қалсам - шариғатқа сай мөлшерде ғана аламын,-деді.

☑️Әбу 'Убайд мәула Ибн Азһар: Мен 'Умар ибн әл-Хаттабпен (رضي الله عنه) бірге айт намазына қатыстым. Ол келіп намаз оқыды, кейін қайтып адамдарға хұтба айтты да:
🔸إن هذين يومان نهى رسول الله ﷺ عن صيامهما، يوم فطركم عن صيامكم، والآخر يوم تأكلون فيه من نسككم. والمراد به جنس اليوم الشامل لجميع أيام النحر، والتشريق وهي أربعة أيام.
🔸"Расында, бұл екі күнде ораза ұстауға Аллаһ Елшісі ﷺ тыйым салған: бірі - оразаларыңды аяқтап ауыз ашатын күндерің, екіншісі - құрбандықтарыңнан жейтін күндерің”, деді. Мұндағы “күн” деген сөзге құрбан айттың барлық күндері мен тәшриқ күндері кіреді. Яғни барлығы төрт күн.
📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.
Canal: https://t.me/taammul
🔸إن هذين يومان نهى رسول الله ﷺ عن صيامهما، يوم فطركم عن صيامكم، والآخر يوم تأكلون فيه من نسككم. والمراد به جنس اليوم الشامل لجميع أيام النحر، والتشريق وهي أربعة أيام.
🔸"Расында, бұл екі күнде ораза ұстауға Аллаһ Елшісі ﷺ тыйым салған: бірі - оразаларыңды аяқтап ауыз ашатын күндерің, екіншісі - құрбандықтарыңнан жейтін күндерің”, деді. Мұндағы “күн” деген сөзге құрбан айттың барлық күндері мен тәшриқ күндері кіреді. Яғни барлығы төрт күн.
📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.
Canal: https://t.me/taammul
☑️'Абдуллаһ ибн 'Амир ибн Раби'а: Умар ибн әл-Хаттаб (رضي الله عنه) заманында айт күні жаңбыр жауды. Сол себепті ол адамдарды ораза айт пен құрбан айт намазы оқылатын ашық алаңға шығармай, мешітке жинады да, намазды сонда өткізді. Кейін мінберге көтеріліп:
🔹يا أيها الناس إن رسول الله صلى الله عليه وسلم كان يخرج بالناس إلى المصلى يصلي بهم لأنه أرفق بهم، وأوسع عليهم، وإن المسجد كان لا يسعهم، فإذا كان هذا المطر فالمسجد أرفق بهم.
🔹“Уа, адамдар! Аллаһ Елшісі ﷺ адамдарды айт намазына арнайы намаз оқылатын алаңға шығаратын. Өйткені бұл олар үшін жеңілірек, әрі кеңірек еді. Ал мешіт олардың бәрін сыйдырмайтын. Ал мынадай жаңбырлы күні мешітте оқу - олар үшін ыңғайлырақ”, - деді.
📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.
Canal: https://t.me/taammul
🔹يا أيها الناس إن رسول الله صلى الله عليه وسلم كان يخرج بالناس إلى المصلى يصلي بهم لأنه أرفق بهم، وأوسع عليهم، وإن المسجد كان لا يسعهم، فإذا كان هذا المطر فالمسجد أرفق بهم.
🔹“Уа, адамдар! Аллаһ Елшісі ﷺ адамдарды айт намазына арнайы намаз оқылатын алаңға шығаратын. Өйткені бұл олар үшін жеңілірек, әрі кеңірек еді. Ал мешіт олардың бәрін сыйдырмайтын. Ал мынадай жаңбырлы күні мешітте оқу - олар үшін ыңғайлырақ”, - деді.
📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.
Canal: https://t.me/taammul
❕Алғаш намазға келген кезімде кемі бір, ұзағы екі үш сағаттық уағыздарды тыңдағанды жақсы көретін едім (қазіргідей көп емес еді бірақ аудио жазбалар). Қысқа үзінділерді тыңдауға әуестігім болмады. Қай тақырыпта болмасын айтушының сол тақырыпқа қатысты айтқысы келгенін түсініп алуды қалап тұратын едім. Медресеге барғанға дейін бес жүзден астам (қазақ, қырғыз, орыс тілдерінде) кітап оқыдым. Әр аудио дәріс, әр кітап өзіндік түсінік қалдырып, санамда өзгеріс жасап отыратын. Кейін араб тілінен басқа кітап оқу, әрі телефоннан уағыз тыңдау деген нәрсе мүлде жайына қалды. Бастапқыда фиқһ пен грамматикаға қатысты кітаптарды ғана жалықпай оқи бересің. Сосын бір кездері хадиске, бір кездері тәпсірге ауысасың. Бірақ амал қылуға деген шабытты амалдардың құндылықтары жинақталған кітаптардан аласың. Ал қамшылап жіберетін әсерді осы ізгілеріміздің хұтбаларынан табатын едім. Жарты айдан асты Раббымыздың ﷻ қалауымен төсек режимінде жатып қалған едім.. Қазір жақсарып бастадық, шүкір. Алаңдайтындай емес.. Сол жатқанымда заметкаға түртіп қойған дүниелеріме көз жүгіртіп келіп осы кітапты аудару керек ниетіме көзім түсті. Жалпы солай ниеттенген дүниелерімді түртіп қоя беретін әдетім. Тіпті бір аяттың, фиқһи мәселенің н/е бір оқиғаның төңірегінде бірдеңе тұрғызу ойлары келсе де қысқа нұсқа жазып қоя саламын. Ондай ойлар ұзын жолда кетіп бара жатқанда және фитнес залында өзіңмен өзің айналысып жатқанда жиі келеді. Солай сол ниетті қолға алып жоқ дегенде каналға аударып салып қояйын деп, бастап кеткен едім. Сіздерді де қамшылап жіберсе қуаныш болатын еді. Өйткені пенде ғапылдыққа әуеспіз.
Раббымыздың ﷻ тарапынан ең сүйікті құлының жанына таңдалынып алынған, және күллі мұсылман үмметіне әмірлікті жалғастырған ұлы тұлғалардың тарапынан айтылған бұл насихаттар жүректерді сөзсіз сілкіп алады. Тіл байлығы мен иман деңгейі және Раббымызға ﷻ қатысты танымның төмендігіне қатысты ол кісілердің айтқанын деңгейіне жараса жеткізуде дәрменсіздігіміздің бары сөзсіз. Дегенмен де үмметке титтей болсын пайдасы тиюінде Ұлы Ғаршының Раббысына ﷻ үміт қылып аударуға бекіндік. Ақысыз қылған істерімізде Аллаһу Тағаладан кешірім тілеп, тауфиқ сұраймыз.

☑️Мүміндердің әміршісі Хазірет 'Усман (رضي الله عنه) хұтбасында былай дейтін:
🔸إذا قام الإمام يخطب يوم الجمعة فاستمعوا وأنصتوا، فإن للمنصت الذي لا يسمع من الحظ مثل ما للمستمع المنصت.
🔸Жұма күні имам хұтбаға тұрған кезде тыңдаңдар, әрі үндемеңдер. Өйткені құлағы естімесе де үндемей отырған адамның үлесі, тыңдап әрі үндемей отырған адамның үлесіндей болады.