𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
958 subscribers
1.02K photos
110 videos
212 files
2.26K links
السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!

📝бот: https://t.me/taammul_bot

‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/tabahhurr

Анонимді сауал жолдау сілтемесі:
🔗t.me/anonaskbot?start=istiftaa
Download Telegram
☑️Мүміндердің әміршісі 'Умар ибн 'Абд әл-'Азиз (رضي الله عنه) халифалыққа келген кезде хұтба жасап, оны Аллаһ Тағаланың мына сөзімен аяқтағаны сенімді түрде жеткен:

🔸{إِنَّ اللَّهَ يَأْمُرُ بِالْعَدْلِ وَالْإِحْسَانِ وَإِيتَاءِ ذِي الْقُرْبَى وَيَنْهَى عَنِ الْفَحْشَاءِ وَالْمُنْكَرِ وَالْبَغْيِ يَعِظُكُمْ لَعَلَّكُمْ تَذَكَّرُونَ}

🔸"Расында, Аллаһ әділдікті, игілік жасауды және туысқа жақсылық етуді бұйырады. Сондай-ақ арсыздықтан, жамандықтан және зұлымдықтан тыяды. Ол сендерге насихат етеді, бәлкім еске аларсыңдар¹".

➖Автор былай дейді: Бұл - маған жеткен Пайғамбардың ﷺ, оның ардақты сахабаларының және ізгі ізбасарларының хұтбаларынан жинақталғаны. "Ұлылық иесі болған Раббың олардың сипаттауларынан пәк. Елшілерге сәлем болсын. Барлық мадақ әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән²" Әмиин.

📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.

Canal:
https://t.me/taammul

1] "ән-Нәхл" сүресі, 90-шы аят.
2] "ас-Саффат" сүресі, 180-ші аят.
❕Ұлы Раббымыздың тауфиғымен бұл кітапшадағы аудармалар бітті. Сансыз мадақтар болсын!

☑️Қосымша (Пайғамбардың ﷺ хұтбалары)¹:

Жұма намазы һижраның екінші жылында парыз етілді. Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Аллаһ Елшісі ﷺ әр жұмада арасына қысқа отырыс жасалатын екі хұтба айтатын. Тек сапарда болған кездері ғана бұлай емес еді. Пайғамбар ﷺ һижраның он бірінші жылына дейін өмір сүрді. Демек, ол сегіз жылдан астам уақыт жұма хұтбаларын оқыды. Әр жылы шамамен елу апта бар. Ал менің есептеуімше, осы кезеңдегі сапарларының жалпы ұзақтығы бір жылға да жетпейді. Сондықтан оның жұма күндері айтқан хұтбаларының саны үш жүз елу хұтбадан кем болмауы керек. Ол бұл хұтбаларды мұсылмандардың көз алдында айтты. Олар оны тыңдауға ерекше ынталы, сөздерін жаттап алып, бір-біріне жеткізуге құмар еді. Ендеше, Аллаһ Елшісінің ﷺ хұтбалары қайда? Бізге"хұтба" ретінде жеткендерінің саны аз ғана. Олар хадис, сира, тарих және әдебиет кітаптарында риуаят етіледі. Біз бұл хұтбаларда айтылған сөздердің көпшілігі кейін қысқа-қысқа, бөлек хадистер түрінде жеткізілгеніне күмәнданбаймыз. Өйткені ол кездегі адамдар хұтбаларды жазып отырмайтын. Сондықтан олардың толық мәтінін жаттап сақтай алмай, тек кейбір сөйлемдерін ғана есте қалдыратын. Сондай-ақ бұл хұтбалардың көп бөлігін тыңдаушылар ұмытып кеткеніне және хадис жеткізушілерге жетпей қалғанына да күмәнданбаймыз². Бұл - құнды әрі қызықты тақырып. Соңғы пайғамбардың ﷺ өмірбаянын зерттеушілер осы мәселеге көңіл бөліп, оның бізге жеткен хұтбаларын түгел жинақтап, санап шығуы керек. Содан кейін олардың мөлшерін зерттеуші шамалап есептеген барлық хұтбаларымен салыстыруы қажет. Одан соң осыны жалпы хадистерге де - хұтбаларға да, басқа сөздерге де - өлшем етіп алып, Пайғамбардың ﷺ сөздерінің қаншасы сақталғанын және қаншасы сақталмай қалғанын анықтауға болады. Бәлкім, мен осы жолдарды жазып отырған сәтте ойлағанымнан да маңыздырақ нәтижелерге бұл зерттеу алып келуі мүмкін.
®Дүйсенбі, Мұхаррам айы, 1369 һ. / Қазан (октябрь), 1950 ж..

📚Мау'изат әл-хабиб уә тухфат әл-хатиб.

Canal: https://t.me/taammul


1] "әш-Шәуәрид (Шашыраңқы ойлар)" н/е "Хатарат Ъаам (Жылдық толғаныстар)" атты кітаптан. Авторы - Абдулуаһһаб 'Аззам, 189-шы бет.

2] Бұл пікірге қатысты ескерту бар. Өйткені үкімдерді жеткізу, халал мен харамды баяндау мәселесінде мұндай сөз дұрыс болмайды. Себебі мұның бәрі бізге толық жеткізілген. Пайғамбар ﷺ хұтбаларында көбіне "Қаф" сүресін оқитын және оны қайталап тұратын. Сондай-ақ басқа сүрелерді де оқитын. Кейде адамдарға қайта-қайта айтуды және бекітуді қажет ететін насихаттар жасайтын. Қалай болғанда да, егер оның кейбір сөздері бізге нақ сол күйінде жетпей қалған болса, олардың мазмұнына ұқсас, мағынасы жағынан сәйкес келетін әрі соларды қамтитын сөздер жеткізілген. Бұл пікірде асығыстық бар. Аллаһ қаласа, бір күні "Пайғамбарлық хұтбалар энциклопедиясы" құрастырылған кезде, мәселенің көрінісі әлдеқайда айқын болмақ (таққиқ қылушы Шамдық Шейх 'Абд әл-Хаким әл-Әнистің пікірі).
☑️Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһтың атымен! Уа, Жомарт Раббым! Ілімімді арттыра гөр! Барлық мадақ пен мақтау Фурқанды түсірген, Құранды нәзіл еткен, бізге иман нығметін сыйлаған, әрі Өзінің кең жақсылығымен игілігін толықтырған Аллаһқа тән. Жаратылыстың мырзасы, ақиқаттың тірегі, 'Аднан ұрпағынан шыққан Мухаммад ибн 'АбдуЛлаһқа ﷺ, сондай-ақ оның ардақты әулетіне және барлық заман мен мекендегі абзал сахабаларына толық әрі кемел салауат пен сәлем болсын! Ал енді (мадақ пен салауаттан кейін):

➖Аллаһтың ежелгі Кітабының және Оның ардақты Елшісінің ﷺ хадистерінің қызметшісі, Раббысының мейірімі мен жақсылығына мұқтаж болған 'Али ибн Сұлтан Мухаммад әл-Қари былай дейді: Бұл - Құранның артықшылықтары және оны шамасы келгенше көркем түрде оқитын адамның қадірі туралы жиналған қырық хадис.


● Бірінші хадис: 'Усман ибн 'Аффаннан (رضي الله عنه): Пайғамбарымыз ﷺ:
قال:خيركم من تعلم القرآن وعلمه.

"Сендердің ең жақсыларың - Құранды үйреніп, оны өзгелерге үйреткендерің",

- деді.

• Имам Ахмад және алты¹ хадис жинағының авторлары риуаят еткен. Ибн Мәжә Са'дтан жеткізген риуаятта: "خياركم/Сендердің таңдаулыларың...",- деп келген. Ал Ибн Әби Дәуд Ибн Мас'удтан жеткізген риуаятта:
خياركم من قرأ القرآن وأقرأه².
"Сендердің таңдаулыларың - Құран оқып, оны өзгелерге үйреткендерің",- деп айтылған.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


1] Имам Муслимнің жинағында келмеген.
2] Мағынасы: Қасиетті Құран - білімдердің ішіндегі ең ардақтысы. Сондықтан оны үйренген және өзгелерге үйреткен адам Құраннан өзге ілімді үйреніп, оны үйреткен адамнан абзалырақ болады. Ал Құранды әрі үйреніп, әрі өзгелерге үйреткен адамның өз нәпсісін де, өзгені де кемелдікке жеткізетіні күмәнсіз. Өйткені ол өзіне ғана тиесілі пайданы да, өзгеге өтетін пайданы да біріктірген болады. Сол себепті ол ең абзал адам саналады. Аллаһ Тағала былай деген: "Аллаһқа шақырған, ізгі амал жасаған әрі: "Мен мұсылмандарданмын",- деген адамнан сөз жағынан кім жақсырақ?" (Фуссиләт сүресі, 33-шы аят). Аллаһқа шақыру көптеген жолдармен жүзеге асады. Солардың бірі - Құранды үйрету. Тіпті бұл олардың ішіндегі ең абзалы. әл-Қари "әл-Мирқат" кітабында былай дейді: "Бұл жерде амал ету үйрену мен үйретуден тыс қалған деп ойланбау керек. Өйткені шариғат бойынша амалға жеткізбейтін білім - нағыз білім болып саналмайды. Себебі ғалымдар бірауыздан: “Кім Аллаһқа қарсы келсе, ол - надан”,- деген". Хафиз (Ибн Хаджар) "Фатх әл-Бәри" еңбегінде былай дейді: "Егер: "Олай болса, Құран үйретуші (мұқри) фақиһтан абзалырақ болып шығады ғой?"- деп сұралса, былай деп жауап беріледі: Жоқ. Өйткені бұл хадистегі сөз ең алдымен жүректері мен жандарының фақиһтары болған алғашқы мұсылмандарға қатысты айтылған. Себебі олар араб тілінің иелері еді. Сондықтан олар Құранның мағыналарын табиғи қабілетпен, туа біткен тілдік түйсік арқылы кейінгі адамдардың үйрену және іздену арқылы түсінгенінен әлдеқайда жақсырақ түсінетін. Фиқһ пен түсінік олар үшін табиғи қасиет болатын. Сондықтан кім олардың жағдайына ұқсаса, солардың артықшылығына ортақ болады. Ал тек Құран оқушы н/е өзгелерге оқытушы болып, өзі оқып жүрген, не оқытып жүрген нәрсесінің мағыналарынан ештеңе түсінбейтін адам бұл дәрежеге кірмейді (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).
●Екінші хадис: 'АбдуЛлаһ ибн Мас'удтан (رضي الله عنه): Аллаһ Елшісі ﷺ:
من قرأ حرفاً من كتاب الله، فله به حسنة، والحسنة بعشر أمثالها، لا أقول الم حرف، ولكن، ألف حرف، ولام حرف، وميم حرف.

"Кімде-кім Аллаһтың Кітабынан бір әріп оқыса, оған бір сауап жазылады. Ал бір сауап он еселенеді. Мен "Әлиф, Ләм, Мим" бір әріп деп айтпаймын. Керісінше, Әлиф - бір әріп, Ләм - бір әріп, Мим - бір әріп³",
- деді.

• Имам Тирмизи риуаят⁴ етіп: "Хасан-сахих хадис",- деген.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


3] Мағынасы: Кімде-кім Қасиетті Құраннан бір әріп оқыса, Аллаһ Тағала сол әрпі үшін оған бір жақсылық (сауап) жазады, сосын Раббымыз ﷻ оны он есе арттырады. Бұл - Аллаһ Тағаланың: "Кімде-кім бір жақсылық әкелсе, оған оның он есесі беріледі, Аллаһ қалаған адамына оны еселеп арттырады" деген сөзінде уәде етілген ең аз еселену мөлшері. Ардақты Пайғамбарымыз ﷺ бұл мәселені түсініксіз қалдырмау үшін "әріп/харф" сөзінің мағынасын түсіндіріп кеткен. Өйткені "әріп" сөзі қолданыста әліппедегі әріпті, мағынаны, толық сөйлемді, оқылуында айырмашылық бар сөзді және жалпы кез келген сөзді білдіруі мүмкін. Сондықтан ол: "Мен "Әлиф-Ләм-Мим"-ді бір әріп деп айтпаймын, бірақ..." деді (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).
4] Имам әд-Дәрими де риуаят еткен.
●Үшінші хадис: 'Умар ибн әл-Хаттабтан (رضي الله عنه): Пайғамбарымыз ﷺ:
إن الله تعالى يرفع بهذا الكتاب أقواماً، ويضع به آخرين.

"Ақиқатында, Аллаһ Тағала осы Кітап арқылы кейбір қауымдарды жоғарылатады, әрі кейбіреулерді төмендетеді⁵",
- деді.

• Имам Муслим мен Ибн Мәжә риуаят⁶ еткен.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


5] Мағынасы: Аллаһ Тағала осы Құранға иман келтірген, оның мәртебесін ұлықтаған, оны үйренген және үйреткен, сондай-ақ ондағы бұйрықтарға амал етіп, адалын адал, арамын арам деп білген жандардың дәрежесін көтереді. Оларды дүние мен ақыретте абыройлы етеді. "Аллаһ араларыңыздағы иман келтіргендер мен білім берілгендердің дәрежесін көтереді". Ал оған иман келтірмеген, амалдарында ықыласты болмаған, бұйрықтарын орындамай, тыйымдарынан тыйылмағандарды Аллаһ ең төменгі дәрежеге түсіреді. "Кімде-кім Менің зікірімнен (Құраннан) бет бұрса, оған тар өмір болады және Біз оны Қиямет күні соқыр күйінде тірілтеміз. Ол: "Раббым! Мені неге соқыр қылып тірілттің, мен көретін едім ғой?"- дейді. Аллаһ: "Солай, саған Біздің аяттарымыз келген еді, бірақ сен оларды ұмытқансың. Дәл солай бүгін сен де ұмытыласың",- дейді" (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).

6] Имам Ахмад пен Имам әд-Дәрими де риуаят еткен.
●Төртінші хадис: Әбу Са'ид әл-Худриден (رضي الله عنه): Аллаһ Елшісі ﷺ:
يقول الرب تبارك وتعالى: من شغله القرآن عن ذكري، ومسألتي، أعطيته أفضل ما أعطي السائلين. وفضل كلام الله تعالى على سائر الكلام، كفضل الله تعالى على خلقه.
"Ұлы әрі Берекелі Раббы былай дейді: "Кімді Құран оқу Мені зікір етуден және Менен сұраудан бөгеп қойса, оған Мен сұраушыларға бергенімнен де артық сый беремін. Аллаһтың сөзінің өзге барлық сөздерден артықшылығы - Аллаһтың Өз жаратылыстарынан артықшылығы сияқты"⁷",
- деді.

• Имам Тирмизи риуаят⁸ етіп: "Хасан-ғариб хадис",- деген.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


7] Мағынасы: Кімде-кім Құран оқумен шұғылданып, зікір мен дұға етуге уақыты болмаса, Аллаһ Тағала оған сұрағандары мен мақсаттарынан да артық береді. Ол өз қажеттіліктерін сұраушыларға беретіннен де абзалын береді. Өйткені Аллаһ Тағаланың сөзі барлық сөзден жоғары және онымен шұғылданушының сауабы барлық сауаптан жоғары. Имам әш-Шәукани "Тухфат әз-Закирин" еңбегінде (325-326 б.) былай деген: "Бұл хадистің әлсіздігі болмағанда, ол Құран оқумен шұғылданудың зікір мен дұғадан (артық екеніне) және оның иесіне үлкен сауап болатынына дәлел болар еді" (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).

8] Имам әл-Байқаһи мен Имам әд-Дәрими де риуаят еткен.
● Бесінші хадис: Әбу Мұса әл-Аш'ариден (رضي الله عنه): Аллаһ Елшісі ﷺ:
مثل المؤمن الذي يقرأ القرآن كمثل الأترجة، ريحها طيب، وطعمها طيب، ومثل المؤمن الذي لا يقرأ القرآن كمثل التمرة لا ريح لها، وطعمها حلو، ومثل المنافق الذي يقرأ القرآن كمثل الريحانة، ريحها طيب، وطعمها مر، ومثل المنافق الذي لا يقرأ القرآن كمثل الحنظلة ليس لها ريح وطعمها مر.
"Құран оқитын мүміннің мысалы хош иісті, әрі тәтті дәмді тәтті лимонға (цитрон) ұқсайды. Оның иісі де жақсы, дәмі де жақсы. Ал Құран оқымайтын мүміннің мысалы құрмаға ұқсайды: иісі жоқ, бірақ дәмі тәтті. Құран оқитын мұнафықтың мысалы райхан гүліне ұқсайды: иісі жақсы болғанымен, дәмі ащы. Ал Құран оқымайтын мұнафықтың мысалы колоквинтке (ханзала) ұқсайды: иісі жоқ әрі дәмі ащы⁹",

- деді. Басқа бір риуаятта:
"Бұзақы (фәджир) адамның мысалы..."- деп, "мұнафық" сөзінің орнына "фәджир" сөзі келген.

• Имам Ахмад, әл-Бухари, Муслим, Әбу Дәуд, Тирмизи, ән-Нәсаи және Ибн Мәжә риуаят¹⁰ еткен.


📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


9] Мағынасы: Құран оқуды әдетке айналдырған және оның үкімдерімен амал ететін, сондай-ақ оны басқаларға үйрететін мүміннің мысалы - тәтті лимон (утруджжа) тәрізді. Оған қарау көз қуантады, иісі хош иісті, өзі тек жақсы сөз сөйлейді. Онымен араласып, бірге болсаң, оның ең көркем мінезді жан екенін көресің. Ал Құран оқымайтын, бірақ онымен амал ететін мүмін құрмаға ұқсайды. Оның иісі сезілмейді, сондықтан сезім мүшелерің оның жұпарынан ләззат ала алмайды, бірақ ол Құранның үкімдерін іс жүзінде орындағаны үшін дәмі тәтті болып келеді. Құран оқитын мұнафық (екіжүзді) болса, ол райхан (хош иісті гүл) тәрізді. Ол өзінің (сыртқы) жағымды иісімен адамдарды алдауы мүмкін, бірақ оның дәмін татып көрсең, өте ащы. Мұнафық туралы Құранда былай делінген: "Адамдардың арасында осы дүние тіршілігіне қатысты сөзі сезіміңді баурап алатындар бар. Ол жүрегіндегісіне Аллаһты куә етеді, негізінде ол - жауласушылардың ең қаталдысы" (Бақара сүресі, 204-ші аят). Ал Құран оқымайтын мұнафық ханзала (колоквинт/ащы қарбыз) сияқты. Оның иісі де жоқ, дәмі де өте ащы. Аллаһтан кешірім мен есендік тілейміз, Ол бізді алауыздықтан, екіжүзділіктен және жаман мінез-құлықтан сақтасын (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).

10] Имам әд-Дәрими де риуаят еткен.
●Алтыншы хадис: Әнас ибн Мәликтен (رضي الله عنه): Аллаһ Елшісі ﷺ:
مثل المؤمن الذي يقرأ القرآن، كمثل الأترجة ريحها طيب، وطعمها طيب،

"Құран оқитын мүміннің мысалы - иісі де, дәмі де жақсы тәтті лимон секілді.

ومثل المؤمن الذي لا يقرأ القرآن، كمثل التمرة لا ريح لها، وطعمها طيب،

Құран оқымайтын мүміннің мысалы - иісі жоқ, бірақ дәмі жақсы құрма секілді.

ومثل الفاجر الذي يقرأ القرآن كمثل الريحانة ريحها طيب، وطعمها مر،

Құран оқитын бұзақының мысалы - иісі жақсы, бірақ дәмі ащы райхан секілді.

ومثل الفاجر الذي لا يقرأ القرآن، كمثل الحنظلة طعمها مر، ولا ريح لها،

Құран оқымайтын бұзақының мысалы - дәмі ащы әрі иісі жоқ колоквинт (ханзала) секілді.

ومثل الجليس الصالح، كمثل صاحب المسك، إن لم يصبك منه شيء أصابك من ريحه،

Ал ізгі жолдастың мысалы - жұпар иіс сатушыға ұқсайды: одан ештеңе сатып алмасаң да, оның хош иісінен саған бір нәрсе тиеді.

ومثل الجليس السوء، كمثل صاحب الكير، إن لم يصبك من سواده، أصابك من دخانه.

Жаман жолдастың мысалы - көрікшіге (ұста/кузнец) ұқсайды: оның күйесінен саған тимесе де, түтіні тиеді¹¹",
- деді.

• Әбу Дәуд риуаят¹² еткен.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


11] Мағынасы: Жоғарыдағы хадистегідей, бұған жақсы жолдастың мысалы қосылады; ол мускус (жұпар иіс) иесіне ұқсайды. Одан келер пайда аз емес, ең азы - одан хош иіс шығады. "Ей, иман келтіргендер! Аллаһтан қорқыңдар және шыншылдармен бірге болыңдар" (Тәубе сүресі, 119-шы аят). Ал жаман жолдас болса, көрік басушы ұстаға ұқсайды, одан тек жамандық көресің: не бетің мен киіміңді күйе басады, не оның түтінінен ішің (денсаулығың) зардап шегеді. Уа, Аллаһым! Бізді тек мүмінмен дос болатын және асын тек тақуалар жейтін жандардан ете гөр (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).

12] Имам ән-Нәсаи да риуаят еткен.
● Жетінші хадис: 'Айша анамыздан (رضي الله عنها): Аллаһ Елшісі ﷺ:
الماهر بالقرآن مع السفرة الكرام البررة، والذي يقرأ القرآن، ويتتعتع فيه، وهو عليه شاق، فله أجران.

"Құранды жетік/шебер¹³ меңгерген адам құрметті¹⁴ әрі игі¹⁵ періштелермен бірге болады. Ал Құранды оқығанда кідіріп, қиналып¹⁶ оқитын әрі оған оқу ауыр келетін адамға екі сауап бар",

- деді. Басқа бір риуаятта: "Құран оқуы өзіне қиын түсетін адамға екі сауап беріледі¹⁷",- деп келген.

• әл-Бухари, Муслим (мәтін соныкі), Әбу Дәуд, Тирмизи, ән-Нәсаи және Ибн Мәжә риуаят¹⁸ еткен.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


13] Шебер (әл-Мәһир): Ол - Құранды толық әрі өте жақсы жаттаған, оқығанда мүдірмейтін, жаттау сапасы мен шеберлігінің жоғары болуына байланысты оқу барысында қиналмайтын адам.

14] Сафара (السفرة): "Мусафир" сөзінің көпше түрі. Олар - "құрметті де игі (әл-кирам әл-барара)" деп сипатталған періштелер. Ибн әл-Мәлик: "Бұл жерде пенделердің амалдарын жазып, оларды сақтайтын періштелер меңзеледі"'- деген. Олармен бірге болудың мағынасы: Құранды жетік білетін адам Ақыретте Кітапты тасушы және оған сенімді болу сипатымен ерекшеленгені үшін олармен бір деңгейде, бірге болады.

15] әл-Барара (البررة): "әл-Барр" сөзінің көпше түрі, игілік жасаушы және бойұсынушы дегенді білдіреді.

16] Тұтығып қалу (يتتعتع فيه): Яғни, оқу барысында тілі күрмеліп, кідіріп қалу н/е шеберлігінің аздығынан оқуда қиналу.

17] Мағынасы: Кімде-кім Құранға көңіл бөліп, оны шебер меңгерген, жатқа білетін және оқуға машықтанған деңгейге жетсе, Аллаһ Тағала оның дәрежесін құрметті де жақын періштелер мен елшілердің қатарына қояды. Ал кімде-кім Құран оқуда қиындық көріп, ауырлық сезініп, бірақ соған сабыр етіп, оқуын жалғастыра берсе, оған екі сауап жазылады: бірі - оқығаны үшін, екіншісі - қиналғаны үшін. Өйткені сауап қиындықтың мөлшеріне қарай беріледі, ал ең қайырлы ғибадат - ең қиыны (ыждағатты талап ететіні). Бұл оның сауабы Құранды шебер меңгерген адамның сауабынан көп болады дегенді білдірмейді. Аллаһ Тағала бәрін (жақсырақ) Білуші (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).

18] Имам Ахмад және Имам әд-Дәрими де риуаят еткен.
● Сегізінші хадис: Әбу Зәррдан (رضي الله عنه): Ол: Уа, Аллаһтың Елшісі ﷺ! Маған өсиет айтыңыз,- дедім. Пайғамбарымыз ﷺ:
عليك بتقوى الله. فإنها رأس الأمر كله.

"Саған Аллаһтан қорқуды өсиет етемін. Өйткені ол - барлық істің басы"',

- деді. Мен: Тағы да өсиет айтыңыз, Уа, Аллаһтың Елшісі ﷺ!- дедім. Сонда Ол ﷺ:
عليك بتلاوة القرآن، فإنه نور لك في الأرض، ونور لك في السماء.

"Саған Құран оқуды өсиет етемін. Өйткені ол сен үшін жерде де, көкте де нұр болады¹⁹",

- деді.

• Ибн Хиббан ұзақ хадистің құрамында риуаят етіп, оны сахих деген. Сондай-ақ Ибн әд-Дурәйс пен Әбу Я'лә да риуаят²⁰ еткен. Әбу Сағидтен келген басқа риуаятта:
عليك بتقوى الله، فإنها جماع كل خير، وعليك بذكر الله، وتلاوة القرآن، فإنه نور لك في الأرض، وذكر لك في السماء، واخزن لسانك إلا من خير، فإنك بذلك تغلب الشيطان.
"Саған Аллаһтан қорқуды өсиет етемін. Өйткені ол - барлық жақсылықтың жиынтығы. Аллаһты көп зікір етуді және Құран оқуды ұстан. Өйткені ол жерде сен үшін нұр, көкте сен үшін абырой болады. Тіліңді тек жақсылық үшін ғана сақта. Сонда сен шайтанды жеңесің",
- делінген.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


19] Мағынасы: Бұл екі хадисте Пайғамбарымыздың ﷺ сахабаларына орындауды жүктеген өсиеттері бар. Олар:
➖Саған тақуалықты (Аллаһтан қорқуды) өсиет етемін, өйткені ол - барлық істің басы және барлық жақсылықтың жиынтығы.
➖Саған Құран оқуды өсиет етемін. Оны ұстану иесі үшін жер бетінде жолын жарық қылатын нұр болады, осылайша ол құрдым мен апатқа түспейді. Оны көктегілер қалай қабылдаса, жердегілер де солай қабылдайды (жақсы көреді). Аллаһ Тағала оны жақсы көреді де, періштелеріне де оны жақсы көруді бұйырады. Сондай-ақ пенделерінің жүрегіне де оған деген сүйіспеншілік ұялатады.
➖Тіліңді тек жақсылықта ғана қолдан... Адамдарды тозаққа бетімен құлататын нәрсе - тілдерінің жиған-тергені (жаман сөздері) емес пе? Кім тілін жамандықтан тыйса, ол шайтанды жеңгені.
➖Саған Аллаһты еске алуды (зікір етуді) өсиет етемін: "Біліп қойыңдар, жүректер Аллаһты еске алумен тыныштық табады". Кім Аллаһты еске алса, Аллаһ оның қалаған нәрселеріне бейжай қарамайды (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).

20] Имам Ахмад, ат-Табарани, әл-Хаким, Әбу әш-Шейх және Ибн Әби әд-Дунья да риуаят еткен.
● Тоғызыншы хадис: Жәбирден (رضي الله عنه): Пайғамбарымыз ﷺ:
القرآن شافع مشفع، وماحل مصدق، من جعله أمامه قاده إلى الجنة، ومن جعله خلف ظهره ساقه إلى النار.

"Құран - шапағаты қабыл болатын шапағатшы әрі сөзі расталатын айыптаушы²¹. Кім оны алдына жетекші етсе, ол оны жәннатқа бастап барады. Ал кім оны арқасына тастап қойса, ол оны тозаққа қарай сүйрейді²²",

- деді.

• Ибн Хиббан өзінің "Сахихында", сондай-ақ әл-Бәйһақи "Шу'аб әл-иман" еңбегінде Жәбирден және әл-Бәйһақи Ибн Мәс'удтан да риуаят²³ еткен.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


21] Мәхил (ماحل): Сөз таластырушы (айтысқыш) және қорғаушы. Сондай-ақ: "біреудің үстінен сұлтанға (билеушіге) арыз айтып, оны жамандау арқылы зиян келтіруге тырысушы" дегенді де білдіреді. Яғни: Кімде-кім оған (Құранға) ерсе және ондағы нәрселермен амал етсе, ол (Құран) оған шапағаты қабыл болатын шапағатшы болады. Ал кім онымен амал етуді тастаса, оның жамандықтарын (Аллаһқа) жеткізуші болады.

22] Мағынасы: Кімде-кім оны (Құранды) өзіне басшы етіп алса және онымен амал етсе, ол оған жол бастаушы әрі Жәннатқа жетелеуші болады. Ал кім оны артына тастап, оны оқуды және онымен амал етуді тастаса, ол оны Тозаққа айдайды (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).

23] Мауәрид аз-Зом`ãнда келген және ат-Табарани, Ибн 'Ади, Әбу Ну'айм да риуаят еткен.
● Оныншы хадис: Әбу Умәма әл-Бәһилиден (رضي الله عنه): Мен Аллаһ Елшісінің ﷺ:
اقرأوا القرآن، فإنه يوم القيامة شفيعا لأصحابه....

"Құран оқыңдар! Өйткені ол Қиямет күні өз иелеріне шапағатшы болып келеді²⁴...²⁵",

- дегенін естідім.

• Имам Муслим риуаят²⁶ еткен.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


24] Хадистің жалғасы: "...Екі жарқыраған сүрені: "Бақара" мен "Әли Имран" сүрелерін оқыңдар. Өйткені Қиямет күні бұл екеуі екі бұлт н/е екі көлеңке сияқты, не болмаса сап түзеп ұшқан екі топ құс секілді келіп, өз иелерін (оқығандарды) қорғайды. "Бақара" сүресін оқыңдар, өйткені оны алу (оқу, амал ету) - береке, ал оны тастап кету - қасірет. Және бұған сиқыршылардың/البطلة күші жетпейді". Му'ауия: "Маған жеткен хабар бойынша "батала" - бұл сиқыршылар",- деді.

25] Мағынасы: Қиямет күні Құран адам көзіне көрінетін бейнеде келеді. Ол өзінің иесі үшін (оны түнде ұйықтамай оқыған адам үшін) Раббысынан ﷻ рұқсат сұрап, оған шапағатшы болады.

26] Имам Ахмад та риуаят еткен.
❕Аллаһу Тағаланың тауфиғымен Имам Мулла 'Али әл-Қари әл-Ханафидың (رحمه الله) "Жам' әл-Арба'ин фи фадл әл-Қурãн әл-Мубин" жинағын Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажидің (رحمه الله) тахқиқы мен тахриджына сүйеніп аударып бастадық. Аударып біткесін пдф қылып ретке келтіру ниеті де бар. Әр ісімізді көркем, әрі абыроймен аяқтауға тауфиқ сұраймыз.
● Он бірінші хадис: Сәһл ибн Му'аз әл-Жуһани әкесінен (رضي الله عنه): Аллаһ елшісі ﷺ:
من قرأ القرآن، وعمل بما فيه ألبس والداه تاجا يوم القيامة، ضوؤه أحسن من ضوء الشمس في بيوت الدنيا، لو كانت فيكم، فما ظنكم بالذي عمل هذا؟
Кім Құранды оқып, ондағы үкімдерге амал етсе, Қиямет күні оның ата-анасына бір тәж кигізіледі. Оның нұры, егер күн дүниедегі үйлеріңнің ішінде тұрған болса, сол күннің жарығынан да көркем болады. Ендеше, Құранмен амал еткен адамның өзіне берілетін сый-құрмет туралы не ойлайсыңдар²⁷?!


• Әбу Дәуд пен Хаким риуаят еткен. Хаким: "Иснады сахих",- деген.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


27] Мағынасы: Құран оқудың сауабы тек оқушының өзімен шектелмейді, сонымен қатар оның ата-анасына да жетеді. Қиямет күні оларға нұры күннің нұрынан да көркем тәж кигізіледі. Ал Құранды оқып, онымен амал еткен адамның сыйы одан да зор. Сондықтан кімде-кім Құран жаттау мүмкіндігін жіберіп алса, осындай сауапқа ие болу үшін баласын соған (Құран үйренуге) бағыттауға тырыссын (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).
● Он екінші хадис: Әбу Бурайдадан (رضي الله عنه): Аллаһ Елшісі ﷺ:
من قرأ القرآن، وتعلمه، وعمل به، ألبس والداه يوم القيامة تاجا من نور ضوؤه مثل ضوء الشمس، ويكس والداه حلتان لا تقوم بهما الدنيا، فيقولان: لم كسينا هذا، فيقال: بأخذ ولدكما القرآن.
Кім Құранды оқып, оны үйреніп және соған амал етсе, Қиямет күні оның ата-анасына нұрдан жасалған тәж кигізіледі. Оның жарығы күннің жарығындай болады. Сондай-ақ ата-анасына дүниенің бар байлығы тең келмейтін екі сәнді киім кигізіледі. Сонда ол екеуі: "Бізге бұл не үшін кигізілді?"- деп сұрайды. Екеуіне: "Балаларыңның Құранды ұстануының арқасында",- деп айтылады²⁸.


• Хауим риуаят еткен және: "Муслимнің шартына сай сахих"-, деген.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


28] Бұл хадисте ата-анаға берілетін сауаптың артуы туралы айтылған: оларға бүкіл дүние тең келмейтін (құны жетпейтін) екі киім кигізіледі (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).
● Он үшінші хадис: Әбу Һурайрадан (رضي الله عنه): Аллаһ Елшісі ﷺ:
يجيء صاحب القرآن يوم القيامة، فيقول القرآن: يا رب حله، فيلبس تاج الكرامة، ويقول: يا رب زده، فيلبس حلة الكرامة، ويقول: يا رب ارض عنه، فيرضى عنه. فيقال: اقرأ، وارق، ويزداد بكل آية حسنة.
Қиямет күні Құран иесі келеді. Сонда Құран: "Уа, Раббым! Оны әшекейле!"- дейді. Оған құрмет тәжі кигізіледі. Сосын Құран: "Уа, Раббым! Оған тағы да арттыр!"- дейді. Оған құрмет киімі кигізіледі. Кейін Құран: "Уа, Раббым! Оған разы бол!"- дейді. Сонда Аллаһ оған разы болады. Оған: "Оқы және жоғарыла!"- деп айтылады. Ол әрбір оқыған аяты үшін бір дәрежеге көтеріліп, бір сауапқа ие болады²⁹.


• Тирмизи риуаят еткен және оны хасан деген. Сондай-ақ Ибн Хузайма мен Хаким риуаят еткен. Хауимм: "Иснады сахих",- деген.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


29] Бұл хадисте Қиямет күні Құран иесіне (оны оқып, амал еткенге) берілетін сауаптар баяндалған: құрмет тәжі, құрмет киімі, сондай-ақ Аллаһ Тағаланың разылығынан кейін жәннәттағы дәрежесінің көтерілуі және жақсылықтардың (сауаптардың) артуы (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).
● Он төртінші хадис: 'АбдуЛлаһ ибн 'Амр ибн әл-'Астан (رضي الله عنه): Аллаһ Елшісі ﷺ:
يقال لصاحب القرآن: اقرأ، وارق، ورتل كما كنت ترتل في الدنيا، فإن منزلتك عند آخر آية تقرؤها.

Құран иесіне³⁰: "Оқы! Жоғары көтеріл! Дүниеде қалай мәнерлеп оқыған болсаң, дәл солай тәжуидпен оқы! Өйткені сенің дәрежең оқитын ең соңғы аятыңның тұсында болады",- деп айтылады³¹.

• Тирмизи, Әбу Дәуіт, Ибн Мәжә және Ибн Хиббан риуаят³² еткен. Тирмизи: "Хасан-сахих хадис",- деген.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


30] Құран иесі (серігі): Оны үнемі оқып және оған амал қылатын (іс жүзінде орындайтын) адам.

31] әл-Хаттаби: "Деректерде Құран аяттарының саны ақыреттегі жәннат сатыларының (дәрежелерінің) санына тең екендігі айтылған. Құран оқушыға: "Құран аяттарынан қаншалықты оқыған болсаң, сатылармен соншалықты жоғары көтеріл",- делінеді. Кім Құранды толық оқып шыққан болса, ақыретте жәннаттың ең жоғарғы сатысына ие болады. Ал кім оның бір бөлігін оқыса, оның көтерілуі сол оқығанына қарай болады. Демек, сауаптың шегі оқудың аяқталған жерінде болады (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).

32] Имам Ахмад та риуаят еткен.
● Он бесінші хадис: Ибн 'Умардан (رضي الله عنهما): Аллаһ Елшісі ﷺ:
لا حسد إلا على اثنتين: رجل آتاه الله هذا الكتاب، فقام به آناء الليل، وآناء النهار. ورجل أعطاه الله تعالى مالا، فتصدق به آناء الليل، وآناء النهار.
Қызғануға болатын нәрсе екеу ғана:
➖Біріншісі - Аллаһ оған осы Кітапты (Құранды) берген адам. Ол онымен түнде де, күндіз де құлшылық етеді.
➖Екіншісі - Аллаһ оған мал-дүние берген адам. Ол оны түнде де, күндіз де Аллаһ жолында жұмсайды³³.
• Бухари мен Муслим риуаят еткен.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


33] Мен айтамын: Бухари бұған дейін "Ілім мен даналыққа қызығу" деген тарау/бап бергені сияқты, бұл хадиске "Құран иесіне қызығу (ғыбта)" деген тарау атауын берген. Бұл хадисте айтылған "күншілдік (хасад)" сөзінің негізінде "ғыбта" екенін білдіру үшін жасалған. Ал ғыбта дегеніміз - біреуде бар нығметтің жоғалуын қаламай, өзіңде де сондай игіліктің болуын тілеу және соған ұмтылу. Бұл "бәсекелестік (мунафаса)" деп те аталады. Егер бұл құлшылық пен жақсылық жолында болса, онда ол мақтауға лайық іс. Бұған Аллаһ Тағаланың: "Жарысушылар осы (жаннат) үшін жарыссын ("Мутаффифин" сүресі, 26-шы аят)" деген сөзі және (хадистегі) "бір-біріңмен күндеспеңдер (жаман мағынада таласпаңдар)" деген тыйым дәлел болады. Ал күншілдік (хасад) болса - ол нығмет иесінен сол игіліктің кетіп қалуын қалау. Кейбір ғалымдар мұны "ол игіліктің өзіне ғана тән болуын тілеу" деп те түсіндіреді. Мұндай істің иесі жазғыруға/сөгуге лайықты (кінәлі) болып табылады (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).
● Он алтыншы хадис: Әбу Һурайрадан (رضي الله عنه): Аллаһ Елшісі ﷺ:
لا حسد إلا في اثنتين: رجل علمه القرآن، فهو يتلوه آناء الليل، وآناء النهار، فسمعه جار له، فقال: يا ليتني أوتيت مثل ما أوتي فلان، فعملت مثل ما يعمل.
Қызғануға болатын нәрсе екеу ғана: Бір адамға Аллаһ Құранды үйреткен. Ол оны түнде де, күндіз де оқиды. Мұны көршісі естіп: "Әттеген-ай, маған да пәленшеге берілгендей берілгенде ғой! Сонда мен де оның істегенін істер едім",- дейді.

ورجل آتاه الله مالا فهو يهلكه في الحل، فقال رجل: ليتني أوتيت مثل ما أوتي فلان، فعملت مثل ما يعمل.

Және бір адамға Аллаһ мал-дүние берген. Ол оны ақиқат жолында жұмсап жатыр. Сонда басқа біреу: "Әттеген-ай, маған да пәленшеге берілгендей берілгенде ғой! Сонда мен де оның істегенін істер едім",- дейді³⁴.


• Бұхари риуаят еткен.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


34] Бұл хадисте Пайғамбарымыздың (ﷺ): "Оны ақиқат жолында жұмсайды (тауысады)" деген сөзінде шешендікпен айтылған сақтық (ескерту) бар. Мал-мүлікті "жұмсау (түгесу)" деген сөздің жалпы мағынасы ысырапшылық деп қабылданбауы үшін, ол оны "ақиқат жолында" деп шектеген. Аллаһ Тағала (бәрін) жақсырақ білуші (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).