𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
958 subscribers
1.02K photos
110 videos
212 files
2.26K links
السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!

📝бот: https://t.me/taammul_bot

‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/tabahhurr

Анонимді сауал жолдау сілтемесі:
🔗t.me/anonaskbot?start=istiftaa
Download Telegram
ифтада жазған пәтуаларымызды дар уль 'улюм Карачидің директоры Хазірет Муфти Зубайр (حفظه الله) өзі тексеріп жатқанын көргендегі сезім бөлек екен😍🤭)
🎙Бүгінгі дәрістен үзінді: Фәида)
🎙Тағы бір фәида.
🎙 Және бір фәида:

وإذا تزوجها بشرط التحليل فالنكاح مكروه لقوله عليه الصلاة والسلام "لعن الله المحلل والمحلل له" وهذا هو محمله


Егер оған (әйелге) тахлил (яғни, бұрынғы күйеуіне қайта адал ету мақсаты) шартымен үйленсе, онда мұндай неке - (Пайғамбарымыздың ﷺ)
"Аллаһ мухаллилді (әйелді қайта адал етушіні) және оған халал етілген адамды лағынет етті" деген сөзінің негізінде мәкруһ болып табылады. Міне, осы хадис оның мән-мағынасына дәлел болып саналады.
𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
Photo
☑️ Имам әл-Кәусари "ән-Низамияға" жазған түсіндірмесінде былай дейді:
"Бұл ашық түрде айтылған айыптау (жәбр мәселесінде) тек құлдың құдіретін мүлде жоққа шығаратын нағыз жәбрияларға, мысалы, жәһмияға және олардың ізбасарларына ғана қатысты. Ал құдіретті н/е ерікті құлға телу, не құлдың құдіретінің әсерін істің өзінде емес, оның сипатында деп санау, н/е кейбір кәлам ғалымдарының (матуридилер мен кейбір аш'арилердің) пікірлері бойынша істің негізіне Аллаһтың құдіретінің жәрдемімен әсер етеді деп айту - бұлардың ешқайсысы жоғарыдағы айыптауға кірмейді. Аллаһ Тағала Өзінің шексіз кеңшілігімен құлдың қалауына байланысты нәрсені жаратуды әдет еткен. Яғни құлдың еркі бір нәрсеге байланысқаннан кейін, оған шынайы таңдау еркіндігі мен жауапкершілігін бекіту үшін, Аллаһ сол қалаған нәрсені жаратады. Өйткені Аллаһ Тағала Өз кітабында құлдың амалдарын оның өз еркіне байланысты етіп баян еткен. Сондай-ақ қудси хадисте: "Сендердің барлығың адасқансыңдар, тек Мен тура жолға салғандардан басқа. Сондықтан Менен тура жол сұраңдар, сонда сендерді тура жолға саламын",- делінген. Бұл хадисте һидаят (тура жол) оны сұрауға, яғни оны қалауға және талап етуге байланыстырылған. Құл һидаятты сұрап, оны қалаған кезде, Аллаһ Тағала Өзінің ұлы уәдесіне сай һидаятты жаратады. Ал Ол уәдесіне қайшы келмейді. Міне, бұл - матуридилердің мәзһабы. Мұны мухаққиқ әл-Баядый өзінің "Ишаратул-марам" атты еңбегінде келтірген. Сондай-ақ ол кітапта бұл мәселе кең әрі терең түрде жан-жақты зерттелген.

❕13.02.2023 ж. аударып каналға саламын деп сол күйі қалып кетіпті.
𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
Photo
☑️ Имам Әбу Шәкур әс-Сәлими "әт-Тәмһид" кітабында: "Егер біреу: "Аллаһ Тағаланың барлық сипаттары бір ғана сипат па, әлде әрбір сипат өз алдына бөлек сипат па?"- деп сұраса,
біз былай дейміз: Біздің ғалымдарымыздың кейбірі: "Аллаһ Тағала тіршілік, құдірет, білім және басқа да сипаттармен сипатталған, әрі әрбір сипат өз алдына жеке сипат",- деген. Ал кейбіреулері: "Барлық сипаттар бір ғана сипат:,- деген. Дұрысы - Аллаһ Тағаланың сипаттары ақиқатында бір, әрі олар санның аясына кірмейді деп айту. Ал олардың әсерлері мен атаулары саналады. Өйткені Аллаһтың қандай да бір сипатын жоққа шығарған адам кәпір болады. Сондықтан олар атау, әсер және иман тұрғысынан саналады, әрі барлығына иман келтіру міндетті. Аллаһтың барлық сипаттары ақиқатында бір. Тіпті біреу: "Аллаһтың құдіреті мен тіршілігі екі нәрсе, екі сан немесе екеу",- десе, кәпір болады. Біз: "Тіршілік - Аллаһтың сипаты, құдірет - Аллаһтың сипаты",- дейміз. Бірақ құдірет тіршіліктің дәл өзі емес, сондай-ақ одан басқа да емес. Сондықтан: "Ол -сол емес, әрі одан басқа да емес",- дейміз.
Сол сияқты білім мен ерік, есту мен көру және әрбір сипаттың басқа сипатпен арақатынасы туралы да: "Ол - сол емес және одан басқа да емес",- дейміз. Өйткені бұл сипат пен заттың арақатынасы секілді. Аллаһтың сипаттары саналатын нәрселер қатарына жатпайды. Сондықтан біз: "Аллаһ Өз сипаттарымен бірге Бір",- дейміз. Міне, әһл әс-сунна уәл-жама'аның мәзһабы осы".

❕13.02.2023 ж. аударып каналға саламын деп сол күйі қалып кетіпті.
☑️ Шейх Ибрахим Десаи (رحمه الله):
Табысыңыз бен бизнесіңізде Аллаһтан қорқыңыз. Халалды Аллаһ қорғайды. Ал харам жойылады және сізді де құртады.

Canal:
https://t.me/taammul
☑️Қайтыс болған ата-ананың қабірінен өтініш.

Менің қымбатты балам. Бұл хатты мен қайтыс болғаннан кейін оқисың. Мұны мен сіздермен қабірден сөйлескендей оқы. Мен қазір ұзындығы екі метр, ені бір метрдей қабірде жатырмын, айналамның бәрі топырақ, тек сол топырақ мені көміп тастамау үшін ұстап тұрған ағаштан басқа. Ол ағаштар да әлсіреп жатыр, көп ұзамай топырақтың бәрі менің үстіме түседі.

Мен сені сүйетінімді біл. Аллаһ Тағала сені менің қолыма тапсырған сәттен бастап менің жүрегім мен жанымды баурадың. Сенің жазықсыз әдемі күлкің маған Құдіреттің сұлулығын еске түсірді. Сенің жылағаның менің жүрегімді ауыртты, мен сені тыныштандыру үшін бәрінен бас тарттым. Сен есейіп, Аллаһтың есімін, Құран және намаз оқып үйрену үшін медресеге түстің - сен мен үшін өзімнен кейін қалдырған дүниежүзіндегі барлық инвестициядан гөрі қымбат инвестиция едің: өйткені мен жасай алмайтын уақытта сен мен үшін дұға жасап, Аллаһтан менің күнәларымның кешірілуін сұрар едің.

Құлыным, бұл уақыт келді. Сен жер бетіндесің, ал мен оның тереңдігінде қозғала алмай жатырмын. Пайғамбарымыздың (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «қабірдегі адам суға батқан адам сияқты - ол жақындарынан көмек күтеді» деген хадисі қаншалықты шындыққа жанасады десең. Ол жақындарынан сауап күтеді. Құлыным, енді мен тіпті «СубханАллаһ» деп те айта алмаймын. Сен менің етім және қанымсың, егер сен мені шынымен жақсы көрсең, онда мен сені келесі 5 нәрсені орындауға шақырамын:

1. Аллаһқа бойсұң. Бұл сенің ең үлкен сыйлығың. Сен жасаған барлық жақсы амалдар маған жетіп тұрады: жақсы амалдарың мені қуантады, ал күнәлі амалдарың мені қайғыртады.

2. Менің өлімім мен жоқтығыма байланысты қайғы біртіндеп басылатынын және сен күнделікті өмірге қайта оралатыныңды білемін. Бұл дүние саған өлімді ұмыттыруға себеп болмасың. Мені үнемі есіңде сақта және сенің күнің де келетінін біл. Өлімді есіңде сақта және оған дайындал. Мен үшін күн сайын «Ясин» сүресін оқып, сауабын бағышта. Мен қабірімде бұл сүренің сауабын сеннен асыға күтетін боламын.

3. Мүмкіндік болса, менің атымнан садақа тарат. Аллаһ Тағала саған дүниені берді, егер мені шынымен сүйсең, садақа бер.

4. Мен қабірімде жалғызбын. Маған зират жасап тұрыңдар, менімен сәлемдесіңіздер. Сен мені көре де, ести де алмайсың, бірақ ин шәә Аллаһ, мен сені көріп, ести аламын, егер сен менің қасымда дұға жасап тұрсаң, онда Аллаһ Тағала екеуімізге де мейірімділік көрсетеді.

5. Барлығымыз Аллаһқа тиесілі екенімізді және оған қайта оралатынымызды ұмытпа. Біз бұл дүниеде бір сәтке келген саяхатшылармыз, бірақ біздің іс-әрекеттеріміз мәңгілік болашағымызды анықтайды.

Құлыным, қайсарлық көрсет. Біз ахіретте кездесеміз ин шәә Аллаһ. Сол үшін шайтанның айла қулықтарынан қорғанып, өмір мен өлімді иманмен қамтамасыз ет.

©Муфти Ибраһим Десай (Оған Аллаһтың рақымы болсын)

Canal:
https://t.me/taammul
ұялмас бетке талмас жақ бітеді..
☑️من وسع على عياله في يوم عاشوراء وسع الله عليه السنة كلها

☑️Кімде-кім 'Ашура күні отбасына кеңшілік қылса, онда Аллаһ Тағала оған жыл бойына кеңшілік етеді.


❕хадистің асылы бар және әлсіз болғанымен бірнеше жолдан жеткен.

Canal: https://t.me/taammul
مرحبا بكما يا ابنيّ محمد حسن ومحمد حسين🤍