𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
958 subscribers
1.02K photos
110 videos
212 files
2.26K links
السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!

📝бот: https://t.me/taammul_bot

‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/tabahhurr

Анонимді сауал жолдау сілтемесі:
🔗t.me/anonaskbot?start=istiftaa
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
➖Неге дәрістерді толық жүктемейсіз?

☑️ толыққанды тыңдау үшін күніне төрт бес сағат уақытын тұрақты бөлуге даяр тыңдарман жоқ ау сірә..
🎙 Діндарлық - көп білуде емес, білгеніне амал етуде.
𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
Voice message
☑️ Ілімнің өлшемі - оқылған/жатталған кітаптың саны емес, өзгерген жүрек пен түзелген амал.

Бүгінгі күні кітапты көп оқығанды ілімнің шыңы деп қабылдайтындар көбейді. Алайда шынайы ілімнің жемісі - тақуалық, көркем мінез және әдеп. Егер ілім адамның тәкаппарлығын арттырып, өзгелерді менсінбеуге, дау-дамай мен айыптауға итермелесе, онда оның жүрекке толық орнықпағанын аңғартады. Сондықтан өзін "толибпын", "ұстазбын" деп танытатын кейбір жандардың бойынан діндарлықты, тіпті ілімнің жартысы саналатын қарапайым әдепті де көре алмай жатамыз. Өйткені амалсыз ілім - дәлел ғана, ал амал етілген ілім - нұр.

Қарапайым мұсылмандардың да әртүрлі идеологиялардың жетегінде кетуінің басты себептерінің бірі - күнәдан тыйылмау. Күнә көбейген сайын жүрек қарайып, ақиқаттың нұрын қабылдау қиындайды. Сол кезде адам шариғаттың таразысымен емес, өз нәпсісінің, сезімінің н/е өзгенің ұранының таразысымен өмір сүре бастайды.

Шариғатқа сай өмір сүрудің кілті - тақуалық. Осы кілттен айырылған жан ақиқаттан алыстап, адасушылықтың алаңында ғапылдықтың көрпесіне оранып, надандықты жастанып, қас-қағым сәттей болған ғұмырын босқа өткізіп алады.

Сол себепті бізге ең әуелі ілімді көбейтуден бұрын, сол ілімнің жүрекке әсер етуін ойлау қажет. Себебі Аллаһтың ﷻ алдында адамның қадірі - көп білгенімен емес, білгеніне қаншалықты амал еткенімен өлшенеді.
#НиязӘбуРумейса

📚Кемірілген ғұмыр..

Canal:
https://t.me/taammul
𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
Video
☑️ Ұстаздың мақсаты - өз көшірмесін шығару емес.

Шариғаттағы әрбір мәселе біржақты бола бермейді. Ғұламалар арасында ихтилаф болған, ижтиһадқа ашық мәселелер аз емес. Мұндай мәселелерде шәкірттің ізденуіне тосқауыл қою емес, керісінше, ізденуге ынталандыру қажет деп ойлаймын.

Ұстаздың таңдаған пікірі шәкірт үшін міндетті түрде жалғыз дұрыс жолға айналмауы керек. Егер мәселе біржақты болмаса, жүрек белгілі бір пікірмен тынышталғанның өзінде, өзгелерді сол пікірге ілестіріп, оның жауапкершілігін арқалауға асықпаған жөн. Өйткені әрбір құл ең алдымен өз жүгін жеңілдетіп, Қиямет күні Аллаһтың ﷻ алдында қалай құтылатынын ойлауы керек.

Шәкірттің санасын тұсаулау емес, оның еркін ойлауына, дәлелді сүюіне және ақиқатқа ұмтылуына жол сілтеу - ұстаздың міндеті. Белгілі бір тұлғаға н/е мәзһабымызды оқыту жүйесіндегі бір мектепке байланып қалудан бұрын, дәлелге байланып үйренген шәкірттің танымы да, болмысы да берік болады.

Ұстаздың мақсаты - өз көшірмесін шығару емес. Сол үшін шейховать етіп өз жақтастарыңды жинақтап жатқан партияға ұқсас болмау керек. Керісінше, өзі жете алмаған кемелдікке шәкіртінің жетуіне көпір, баспалдақ болу қажет. Яғни шәкіртті барлық тараптан сау қылып жетілдіру керек. Ұясынан ұшқанында тәуелсіз болмайтындай. Сонда шәкіртінің артықшылығын көріп, өз кемшілігін түзеу деген шынайы ұстаздықтың белгісі саналған нығметке бөлену мүмкіндігі туындайды.

Өйткені ұстаздың ең үлкен жетістігі - өзіне ұқсайтын емес, ақиқатқа адал, дәлелге құрметпен қарайтын шәкірт тәрбиелеу.
#НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul
السؤال: السلام عليكم ورحمة الله وبركاته. هل ورد في جامع الترمذي أنه ﷺ قال: إذا صافحتم فخذوا بالإبهام فإن فيها عرقا تتعرق منها المحبة. هل يُفهم من هذا الحديث فعلُ الضغط على الموضع اللين بين السبابة والإبهام عند المصافحة، كما في الفيديو الذي أرسلناه إليكم؟
☑️Қол алысу (мусафаха) туралы хадис.

Сұрақ:
ас-Саламуғалейкум уа рахматуЛлаһи уа баракатуһ. Жамиғ әт-Тирмизиде Пайғамбарымыздан ﷺ: "Қол алысып амандасқан кезде бас бармақтан ұстаңдар. Өйткені онда махаббат тарайтын тамыр бар" деген сөз келген бе?
Осы хадистен, біз сіздерге жіберген видеодағыдай, қол алысып амандасқанда сұқ саусақ пен бас бармақтың арасындағы жұмсақ жерді басу әрекеті түсініле ме?

Жауап:
Уағалейкум ас-Салам уа рахматуЛлаһи уа баракатуһ.
Сұрақта грамматикалық қате кеткен екен. Араб тілінде "әл-'ирқ (العِرق)" сөзі ер тегінде (мүзәккар) келеді. Сондықтан "фиһи (فيه)" және "минһу (منه)" деп айтылады, "фиһә" және "минһә" деп емес. Ал сұрақтың негізгі жауабына келсек, қолымнан келгенше ізденгенімде бұл хадисті Жамиғ әт-Тирмизиден де, басқа да белгілі хадис жинақтарынан да таба алмадым. Тек Дәр әл-Бушра баспасынан жарық көрген Жамиғ әт-Тирмизидің "Қол алысып амандасу туралы келген хадистер" тарауына жазылған хашиясында, хашия авторы ешбір иснад келтірместен, Тахтауидің хашиясынан мына сөзді жеткізгенін таптым: "Қол алысып амандасқан кезде бас бармақтан ұстаңдар. Өйткені онда махаббат тарайтын тамыр бар". Сондықтан бұл сөзді сахих иснадпен дәлелденбейінше Пайғамбарымызға ﷺ хадис ретінде телуге болмайды. Алайда фиқһ кітаптарында осы мағынаға жақын сөздер келтірілген. Имам Ибн 'Абидин өзінің хашиясында имам Қуһустаниден нақыл етеді. Мен де бұл сөзді оның "Жәмиғ әр-Румуз" кітабынан таптым. Онда былай делінген: "Және бас бармақтан ұстасын. Пайғамбар ﷺ айтты: "Қол алысып амандасқан кезде бас бармақтан ұстаңдар. Өйткені онда махаббат тарайтын тамыр бар"". Алайда бұл сөз де ешбір иснадсыз келтірілген. Ғалымдар "Жәмиғ әр-Румуз" секілді кітаптардағы хадистерге қатысты нақылдарға арнайы тексерусіз сүйенуге болмайтынын айтқан. Сондай-ақ имам Ибн 'Абидиннің бұл мәтінді "Жәмиғ әр-Румуздан" келтіруінің өзі оны сахих деп санағанын н/е күшейткенін білдірмейді. Бар болғаны, ол сол кітаптан тапқанын зерттеусіз жеткізген. Тіпті Ибн 'Абидиннің өзі басқа жерлерде осындай нақылдардың дұрыстығын міндетті түрде тексеру қажеттігін ескерткен. Сондықтан бұл риуаятты Пайғамбарымыздың ﷺ хадисі ретінде дәлел ету дұрыс емес.
Ал мағынасына келсек, тіпті оның сахих екені дәлелденді деп жорамалдағанның өзінде, мәтіннің сыртқы мағынасы - кәдімгі адамдардың қол алысуындағыдай алақанның алақанға тиюі және екі бас бармақтың түйісуі ғана (жоғарыдағы сәреттегідей). Ал сұрақта айтылғандай, сұқ саусақ пен бас бармақтың арасындағы белгілі бір жерді әдейі басу керектігін білдіретін ешқандай нұсқау мәтінде жоқ. Аллаһ Тағала бұл мәтіннің нақты мақсатын жақсырақ біледі. Аллаһу Тағаладан баршамызды Өзінің рақымына бөлеуін тілейміз.
#НиязӘбуРумейса
Сұрақ:
Ханафи мәзһабындағы кейбір шейхтар: "Егер адам шафиғи мәзһабындағы қосып оқудың (жәмғ) шарттарын үйренсе, намаздарды шафиғи мәзһабы бойынша қосып оқуына болады"- деп пәтуа берген. Сондай-ақ жуырда қазіргі заманның ханафи мәзһабының ірі хадис ғалымдарының бірі тәшәһһудте Пайғамбарымызға ﷺ салауат айту мәселесінде шафиғи мәзһабының пікірін таңдағаны айтылды. Бұдан бөлек, ханафи мәзһабынан біраз талапкерлердің де кейбір мәселелерде өз мәзһабынан тыс амал ететіні байқалады. Осындай жағдайларға қатысты ұстанымымыз қандай болуы керек?


Жауап:
Ханафи мәзһабын ұстанушы адам тек ханафи мәзһабының ұстанымына еріп, пәтуа беруге негіз болған (муфта биһи) пікірден шықпауы тиіс. Біз мәзһаб имамдарының мұндай түрде басқа мәзһабтың үкіміне көшуді рұқсат еткеніне дәлел таппадық. Әсіресе, сұрақта аталған мәселелерде ондай рұқсат жоқ. Кімде-кім ханафи мәзһабының үкімін жеткізетін болса, оны мәзһабтың қағидалары мен онда орныққан пәтуаға сай жеткізуге міндетті. Ал егер өзі жеке басына қатысты өз мәзһабына қайшы пікірмен амал етуді таңдаса (біздің мәзһабымызда бұған рұқсат беретін негізді білмейміз), онда бұл жөнінде адал болуы керек. Яғни, адамдарға оны ханафи мәзһабының ұстанымы ретінде көрсетпей, қайта осы мәселедегі ханафи мәзһабының негізгі әрі қабылданған үкімі өзінің таңдаған пікіріне қайшы екенін ашық айтуы қажет.

Біз ханафи мәзһабы Құран мен сүннетке негізделген мәзһаб деп сенеміз. Сондықтан оның үкімдеріне олар сүннетке негізделген деген сеніммен амал етеміз. Тәшәһһудте Пайғамбарымызға ﷺ салауат айту мәселесінде де Имам Ағзам Әбу Ханифа (Аллаһ оны рақымына бөлесін) Аллаһ елшісінің ﷺ сүннетінен жеткізген тәртіппен орындаймыз. Осы арқылы Аллаһтан ﷻ сауап үміт етіп, Қиямет күні Оның Елшісінің ﷺ шапағатына кенелуді тілейміз.

Біз бұл мәселеде өз мәзһабымыздың ұстанымы дұрыс әрі сүннетке негізделген деп сенгендіктен, басқа мәзһабтағы оған қайшы пікірмен амал етуді өзіміз дұрыс деп білетін сүннетті тәрк ету деп бағалаймыз.

Бұл сөздер мәзһабшылдыққа н/е соқыр жанкештілікке шақыру емес. Керісінше, шариғи дәлелмен бекіген жолда нық тұруға үндейді. Адам сезімге н/е үстірт әсерге ермей, егер әһл әс-сунна уәл-жамағаттың төрт мәзһабының бірін ұстанса, сол мәзһабтың қағидалары мен негіздеріне берік болып, үкімдерді өз қалауынша таңдап алмауы тиіс.
#НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul