𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
958 subscribers
1.02K photos
110 videos
212 files
2.26K links
السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!

📝бот: https://t.me/taammul_bot

‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/tabahhurr

Анонимді сауал жолдау сілтемесі:
🔗t.me/anonaskbot?start=istiftaa
Download Telegram
Сұрақ:
Ас-Саламу 'алейкум уа рахматуЛлаһи уа бәракәтуһ, ұстаз! Бұрын Астанадағы бір мәжілісте сізден қатты суықта дәрет алу үшін мұздай суды қолданудан зиян көруден қорыққан адамның тәяммум жасауына болмайтынын естіген едім. Сол кезде мәжіліс адамға толы болғандықтан, дәлелін сұрауға ұялдым. Оған дейін біз мұндай жағдайда тәяммум жасауға болады деп естіп жүргенбіз. Тіпті сол мәжілістен кейін екі-үш ұстаздан сұрағанымда: "Бұл өте ғариб пәтуа екен. Бәлкім, ұстаздың тілі жаңылып кеткен шығар н/е қателесіп айтқан болар",- деді. Егер мүмкін болса, айып етпей, осы пікірдің дәлелдерін келтіріп берсеңіз.

Жауап:
Уа 'алейкум ас-Салам уа рахматуЛлаһи уа бәракәтуһ! Иә, мен дәл солай жауап берген едім. Өйткені мәзһабтағы муғтамад (негізге алынған) пәтуа - осы. Менің ойымша, жамағат арасында оған қайшы пікірдің кең таралуының себебі - адамдар салқын суды қолданудан зиян көруден қорыққан кезде ғұсылға қатысты тәяммум жасау үкімін дәретке де жалпылап қолданған. Ал әлгі ұстаздардың бұл пікірді тосын пәтуа деп санауының себебі - олар мәзһаб ғалымдарының мәсх ету мерзімі аяқталғаннан кейін мәсх етілген мәсіні шешсе, суықтан зиян көруден қорқатын адамға қатысты айтқан пікіріне сүйенген болуы мүмкін. Кейбір ғалымдар мұндай жағдайда: "Мәсіні шешпей, тәяммум жасап намаз оқиды",- деген. Содан кейін осы үкімді біздің мәселеге де қияс жасап, бұл жерде де тәяммум жасауға болады деген. Алайда көпшілік ғалымдар бұл қиясқа жауап беріп, оның дұрыс емес екенін түсіндірген. Ин шәә Аллаһ, оның дәлелдерін дереккөздер бөлімінде келтіремін. Жекеге хабарласып, мәселені анықтап, дәлелін сұрағандарыңыз үшін Аллаһ Тағала сізге қайырлы сауап жазсын.
#НиязӘбуРумейса
☑️ Сүріп жатқан өміріңе, оның ішінде қылып жатқан ісіңе, отырған мәжілісіңе, ішкенің мен жегеніңе, айтқаның мен естігеніңе, ұмтылысың мен талпынысыңа қара. Кідір бір сәтке. Дұрысынан қара. Зер сал. Аллаһу Тағала сенікі қылып беріп қойған ішкі және сыртқы қабілеттеріңді қайда жұмсап жатырсың? Аллаһ Елшісінің ﷺ сағынған, уайым қылған, кездесуді аңсаған, шапағатын уәде еткен үмметі сенсің бе? Осы кейпіңде сол теңдессіз нығметке үміттімін деп ойлайсың ба? Жоқ, жалпы ойланасың ба өзі? Әлде, сен үшін уәде етілген нәрсені осы дүниенің болымсыз нәрселеріне айырбастап жібергеніңді тиімді сауда, нағыз жетістік, сарпылмас табыс деп бағалайсың ба? Сен иланған күн бүгінгі көзің көрген күнің бе? Әлде шүбәсіз орын алатындығы уәде етілген Қиямет күні ме? Көңіл қалауың иланғанына емес сау жүрегің иман қойған күн үшін өмір сүр. #НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul
🖋#НиязӘбуРумейса:

Жан дүниесі шошқамен еш уақытта арпалысуға болмайды. Арпалыстың себебінен ол сіздің адамдығыңыздан әсер алмайды. Оның бір ғана нәтижесі бар - ластығының сізге жұғып жатқандығынан ләззаттанады. Болды. Басқа ештеңе. Себебі оның бар болмысы сол.

📚Үн.

Canal:
https://t.me/taammul
"Наданмен сөз таластырсаң надандығын арттырасың, ал сөз таластырмасаң ол құса болады" деген нақыл да бар екен.
☑️Надандықтан арылса да, ғапылдықтан шыға алар емес бұл үммет.
Мүміндердің әміршісі Хазіреті 'Умардың (رضي الله عنه) жүрегіндегі сезімінің ұшқынын болса да сезіне алғанымызда әттең. "Расында, біз ең қор (әлсіз, беделсіз) қауым едік, Аллаһ Тағала бізді Исламмен абыройлы (ізгі) етті. Егер біз Аллаһ Тағала бізге берген абыройдан басқа нәрседен ізгілік (құрмет, күш) іздесек, онда Аллаһ Тағала бізді қайтадан қор етеді" деген сөз қандай жүректен, қандай санадан шығуы керек? Біздегі проблема осы. Яғни, абыройды діндарлықтан емес дінсіздіктен іздейміз. Солай қор болудамыз. Жетістікке жетудің қарапайым формуласы осы ғой. Бірақ біздер имансыздықтың шырмауында ой жүгіртетініміз себепті бұл негізді ескерусіз қалдырамыз.
#НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul
әйел адамның сәждеде аяғын қою үлгісі (Ханафи мәзһабы бойынша).
Сәжде приложениесінде осылай көрсетілген екен. Иә, бұл жақта аяғын тік қоймайтындығы ескерілген екен. Бірақ бақайлар құбыла тарапына бағыт алуы керектігі ескерілмепті. Сондықтан алдыңғы жіберілген суреттегідей қою дұрысы болады.
𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
әйел адамның сәждеде аяғын қою үлгісі (Ханафи мәзһабы бойынша).
السلام عليكم!
Осыған таңқалыс білдірушілер көп болуда. Өз басым да ең алғаш 2018-ші жылы кітаптан оқып жолығып таңқалыс білдіргенім бар. Себебі оған дейін ер мен әйелдің сәждеде аяқ қоюында айырмашылық барын білмедік. Отбасыма да сол жылы алғаш жеткізіп, намазын түзеп қойдық. Содан кейін сұрағандарға айтып та жүрдік. Бірақ ойыма да келмепті қоғам үшін бұның таңсық мәселе екені. Әрқандай талқылау жасап артымнан сөз қылып та кетіп жатыр екен. Егер берілген пәтуаны қате деп таныған жандардың қолында қалай дұрыстығына қатысты дәлелдері болса, сол нәрсесімен келсін. Қателескен жеріміз болса, дұрыстап алайық. Бірақ "бізде қанша уақыттан бері былай қылып келеміз, сол үшін оның айтқаны қисынсыз дүние" деген сынды құр сөзбен қайтара салу дұрыс емес. Әрбіріңізге өтініш болсын ілімнің ұшқыны қонған және әдебіңіз бар жан болсаңыз, онда тікелей өзіме шығып түзетіп жіберіңіз н/е сол өзгелер арқылы дәлеліңізді жолдап жіберіңіз. Адамдардың өзіңізге артылған сенімімен ойнап дәлел емес дүниені дәлел сияқты көрсетіп қиянат қылмаңыздар. Бұл бір ғана емес сөз қылып жүрген кез келген әңгімелеріңізге қатысты. Ислам ахлағы, жалпы ер жігіттік түсінік ретінде де ескере алмай жүрсеңіздер, онда қайта бы біздің тараптан болған өтініштің негізінде көңіл бұрып қойыңыздар осы тұсқа.
❕Фиқһ өте кең. Таласты пән. Сол себепті әлсіз көзқарастарға сүйеніп н/е үстіртін зерттеудің салдарынан да қателесіп қалу ықтималдығы әркез орын алып тұрады. Бізді сондай хәлде тапқан болсаңыз түзетіп жіберуіңіз үшін есігіміз әрдайым ашық. Мүмкін жабық деп ойлап жүрген боларсыздар).
☑️ кеше мазалаған уайымыңды бүгінгі одан да сан қырлы уайымменен, ал бүгінгіні келер күндікімен ұмыттыру процесі жалғасын тапқан жылдардың жиынтығы өмір ағысы деп аталатын тәрізді.. бұл ағысты тек өмір өткелдеріне көз жүгірте алғандары ғана аңғарса керек-ті.. болмаса бәз біреулер үшін өмір - салдары мен есебі жоқ, әрі көңіл қалауы ескерусіз қалдырылмайтын қазіргі сәт қана. #НиязӘбуРумейса
ара тұра Шейх Чубак (Шуақ) ажыны (رحمه الله تعالى) еш себепсіз де сағынып кете беру неден екен..
● Раббың ﷻ мен өз хәліңе қарайсың да мүмкін емес нәрселердің барлығының мүмкін екенін түсініп, ал мүмкін нәрселердің барлығы арман екеніне көз жеткізесің.. #НиязӘбуРумейса

📚Сыр емес, сүр..

Canal:
https://t.me/taammul